Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚАЗАҚ ЭТИМОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақ этимологиясы: зерттелу деңгейі жəне қазіргі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. .5
1.2 Қазақ тіліндегі этимологиялардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Құрамында -дай, -дей жұрнағы бар атаулардың этимологиясы ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты атаулардың этимологиясы ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл курстық зерттеу жұмысымызда қазіргі қазақ тіліндегі этимологиялың ғылыми ізденістердің жүйесі қарастырылады.
Əрбір өркениетті ел өз тілінің мəдениетін көтеріп, танымдық қасиеттерін арттырып отыруды - жалпы мəдениеті мен өркендеп өсуінің, міндетті түрдегі игілікті істерінің бірі деп санайды. Себебі жұртшылықтың жалпы сауатын арттыру, сөйлеу, пікір айту, жазу мен ауызекі сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтау, сөздің мазмұн-межесін терең түсіне білу, сондай-ақ əрбір сөздің шығу, қолдану төркінінен хабардар болу - əрбір тілдік ұжымның міндеті болып саналады.
Осы арада көптеген өркениетті елдердің өмірінен көзге ұрып, көңілге жағымды болып тұратын жақсы əдеттерінің бірегейлеріне, мəселен, ана тіліндегі сөздердің шығу, таралу, даму төркінімен жақыннан таныс болып отыруын жатқызуға болады. Тілдің бұл мəселесін арнайы қарастырып, зерттеуге бағытталған этимологиялық ізденістерді бір жүйеге түсіріп, жөн-жосық көрсету үшін этимологиялық зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау - қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ тіл білімінде сөздің шежіресіне айналған этимология ғылымы саласының зерттелу деңгейі жəне қазіргі бағыттарын жан-жақты зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді алға тартамыз:
- қазақ этимологиясының зерттелу деңгейі жəне қазіргі бағыттарын талдау;
- қазақ тіліндегі этимологиялардың түрлеріне зерттеу жүргізу;
- құрамында -дай, -дей жұрнағы бар атаулардың этимологиясын зерделеу;
- қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты атаулардың этимологиясын анықтау.
Зepттeу ныcaны. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау.
Зepттeу жұмыcының дepeккөздepi. Зерттеліп отырған тақырыпты тереңнен зерттеу мақсатында қазақ тілі білімі ғалымдарының зерттеулері негізге алынды. Бұл тұрғыда этимология ғылымының салалары бойынша: көне лексика - І. Кеңесбаев, Ə. Қайдаров, Р. Сыздықова, А. Махмутов, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Ғ. Əнесов; топонимия - Ə. Абдрахманов, Е. Қайшыбаев, Р. Қонқашпаев; этнонимия жəне этнотопонимика - Т. Жанұзақов, Ə. Абрахманов, Е. Керімбаев, Қ. Рысбергенова; диалектілік лексика - Ш. Сарыбаев, Ə. Нұрмағанбетов, О. Нақысбеков, С. Омарбеков, Ғ. Қалиев, М. Абаева; кірме лексика - Л. Рүстемов, Н. Қарашева, А. Құрышжанов; түбір лексика - Ə. Қайдар, М. Томанов, А. Ибатов, Е. Қажыбеков, Б. Сағындықұлы, Ж. Манкеева, А. Салқынбай; біріккен жəне қос сөздер - І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ə. Қайдаров, Г. Жəркешова сынды тіл білімінің білікті ғалымдарының зepттeу еңбектерін aтaп өтугe бoлaды. Сондай-ақ А. Ысқақов құрастырған Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі мысалдар жинау үшін негізге алынды.
Зepттeу әдic-тәciлдepi. Зepттeу бapыcындa тeopиялық-әдicтeмeлiк нeгiз peтiндe aнтpoпoцeнтpиcтiк жәнe кoгнитивтiк лингвиcтикaның ғaлaмның тiлдiк бeйнeci тeopияcының қaғидaлapы бacшылыққa aлынды. Қaжeтiнe қapaй cипaттaмa, тapиxи-caлыcтыpмaлы, этнoлингвиcтикaлық тaлдaу, жүйeлeу, тoптaу, caлыcтыpу, жинау тәciлдepi қoлдaнылды.
Жұмыcтың тeopиялық жәнe тәжірибелік маңызы. Зepттeу бapыcындa aлынғaн тұжыpымдap мeн нәтижeлep лeкcикoлoгия, ceмacиoлoгия, cөзжacaмның жaлпы тeopиялық нeгiздepiн, этнoлингвиcтикaны, кoгнитивтiк лингвиcтикaны дaмытуғa ceптiгiн тигiзe aлaды. Жұмыcтың нәтижeлepiн лeкcикoлoгия, этимология, cөзжacaм, этнoлингвиcтикa, лингвoмәдeниeттaну, eлтaну бoйыншa apнaйы куpcтapдa, қaзaқ тiлiн aнa тiлi дeңгeйiндe oқитын aудитopиялapдa, пpaктикaлық қaзaқ тiлi куpcындa, әpтүpлi oқулықтap, cөздiктep (түciндipмeлi, диaлeктoлoгиялық, этимoлoгиялық, жиiлiк т.б.) жacaудa пaйдaлaнуғa бoлaды.
Зepттeу жұмыcының құpылымы. Куpcтық жұмыc кipicпeдeн, eкi тapaудaн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.

1. ҚАЗАҚ ЭТИМОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТƏЖІРИБЕЛІК СИПАТЫ

1.1 Қазақ этимологиясы: зерттелу деңгейі жəне қазіргі бағыттары

Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық ізденістер тарихының бастауында Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев және т.б. ғалымдар тұрғаны белгілі. Кейінгі тіл білімін зерттеген ғалымдар мол деректер мен келелі дəстүрге сүйеніп, олардың ісін жалғастыруда.
Қазақ этимологиясының қазіргі дəрежесі оның іштей түрлі салаларға жіктелуімен, мамандануымен сипатталады: көне лексика - І. Кеңесбаев, Ə. Қайдаров, Р. Сыздықова, А. Махмутов, С. Исаев, Е. Жанпейісов, Ғ. Əнесов; топонимия - Ə. Абдрахманов, Е. Қайшыбаев, Р. Қонқашпаев; этнонимия жəне этнотопонимика - Т. Жанұзақов, Ə. Абрахманов, Е. Керімбаев, Қ. Рысбергенова; диалектілік лексика - Ш. Сарыбаев, Ə. Нұрмағанбетов, О. Нақысбеков, С. Омарбеков, Ғ. Қалиев, М. Абаева; кірме лексика - Л. Рүстемов, Н. Қарашева, А. Құрышжанов; түбір лексика - Ə. Қайдар, М. Томанов, А. Ибатов, Е. Қажыбеков, Б. Сағындықұлы, Ж. Манкеева, А. Салқынбай; біріккен жəне қос сөздер - І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ə. Қайдаров, Г. Жəркешова т.б.
Кейбір кемшіліктеріне қарамастан, қазақ тілі ғалымдарының арнайы этимологиялық ізденістерінің алғашқы нəтижесі жəне басталуына жол ашқан қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін құрастыруға он шақты адам қатысты. Сол кезде осы сөздік жарық көргеннен кейін қазақ əріптестеріне жазған хатында көрнекті лексикограф-ғалым К.К. Юдахин былай деп жазды. Қазақтар - батыр халық, этимологиялық сөздік те шығарды. Бірақ кейде өзінің атының құлағын да бірге шауып жіберетіні бар.... Бұл объективті берілген баға еді. Содан бері бері біраз уақыт өтті, тілші-ғалымдардың да кəсіби деңгейі өсті жəне бүгінде этимологияның пəні туралы жоғары деңгейде сөз қыла алады.
Осыған орай, Қазақстан этимологтарының алдында мынадай мақсатты түбегейлі шешуі тиіс көзделген болатын: Қазақ тілі материалы негізінде этимологиялық реконструкцияның əдістемесі мен қағидаларының мəселелерін белгілейтін ғылыми-теориялық іргелі зерттеулер жүргізу. Осымен байланысты оның мынадай болашақ міндеттері айқындалады:
1. Қазақ тілі дамуының қыпшақтық жəне ататүркілік күйін анықтау мақсатында базистік лексиканы барынша тереңірек зерттеу.
2. Барлық түркі тілдерінің мамандарының күшін біріктіретін кең түрдегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізілді. Соның нəтижесінде жалпытүркілік жəне тек жеке түркі тіліне тəн бірбуынды түбірлер мен негіздер жаңғырту. Моносилабикалық түбір морфемаларды екібуынды жəне көпбуынды негіздер құрамындағы этимологиялық жіктелуге келмейтін арнайы зерттеу.
3. Қазіргі қазақ этимологиясының алдында құрған өзекті міндеттердің бірі - этимологиялық сөздік жасау. Ол үшін, ең алдымен, қазақ тілінің түбір сөздерінің этимологиялық сөздігін құрастыру. Оны Түбірлес лексемалардың этимологиялық сөздігі деп те атауға болады. Бұл тектес сөздіктің этимологиялық реконструкциясын жасаудың қағидалары мен əдістері А. Қайдаров Структура односложных корней и основ в казахском языке [1, 10-б.], Е. Кажибеков Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках [2, 41-б.], Ж. Манкеева Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту [3] т.б. атты еңбектерде негізделіп, дəйектелген.
Этимология мəселесі мен түбегейлі айналысу төмендегі міндеттердің шешімін қажет етеді:
а) тек қана қазақ тіліндегі ғана емес, басқа да түркі тілдеріндегі этимологиясы ашылған ортақ лексикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалардың толық тізімін жасап, оларды сыни тұрғыдан бағалау жəне бірегейлендіру;
ə) түркі этимологиясының проблемасы бойынша толық библиография құрастыру;
б) Этимологиялық реконструкцияның қазіргі ғылыми əдістері мен қағидаларын толық терген жас ғалым-мамандарды даярлау.
Осы мақсат пен міндеттердің орындалу барысының нəтижесінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының перспективалық жоспарында іргелі зертеулердің нəтижесі ретінде қазақ өкілінің толық этимологиялық сөздігін жасау деп белгіленуі - бұл мəселенің шешімін табуы тиіс өзекті мəселе ретінде танылуының дəлелі.
Оның ғылыми-əдіснамалық деңгейдегі алғышартының жасалуы бүгінгі таңда қазақ тіл біліміндегі қазақ тілі тарихи лексикологиясының көптеген мəселелерінің жан-жақты қарастырылуымен қатар тіл арқылы ұлт болмысын танытатын, төл мəдениетін сипаттайтын этнолингвистикалық, лингвомəдениеттанымдық, əлеуметтанымдық салалары мен бағыттарына сай яғни тілді зерттеудің кешенді сипаттағы зерттеулері арқылы дəйектелуімен тығыз байланысты.
Нақты тіл деректеріне сүйенген кешенді зерттеулер, əсіресе, лексикология мен лексикография жұмыстарының картотека қорынсыз жүзеге аспайтыны белгілі. Осыған орай қазақ тіл біліміндегі этимологиялық ізденістердің ғылыми-əдістанымдық негізі жасалған алғашқы нəтижесі іспетті болашақ Қазақ тілі этимологиялық сөздігінің картотека қоры өте ерте дəуірдегі ата тіл (праязык), жалпытүркілік кезеңнен бастап, аралықтағы қыпшақ тілдерінің сəйкестігін көрсететін материалдарды ұштастыра отырып, қазіргі қазақ əдеби тілі мен оның говорларын түгел қамтитын ұшан-теңіз тілдік фактілерден, мысалдардан мысқалдап жинақталды. Осымен байланысты алдынала мынадай маңызды жұмыстар істелді: қазақ тіл біліміндегі арнайы этимологиялық зерттеулерді, ғалымдарымыздың пікірлерін жинақтау, бір ізге салу; этимологиялық талдауға ұшыраған сөздердің тізімін алып, ол зерттеулердің библиографиясын жасау. Туыстас түркі тілдеріндегі арнайы этимологиялық, тарихи-салыстармалы зерттеулердегі Советская тюркология журналында жарияланған мақалалардағы əртүрлі жи нақтар мен монографиялардағы болашақ Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі үшін қажетті құнды пікірлер, ғылыми-талдамалық сараптама жасау, ой-таным таразысынан өткізу сөздікшілер шама-шарқынша осы пікірлердің бəріне сілтеме жасап, өз ой-тұжырымдарын айтпаса, бұл бүгінгі күннің талабына сай еңбек болып шықпас еді.
Бұл материалдар жоғарыда аталған картотека қорының құрамдас бір бөлімі ретінде, алфавиттік қатаң тəртіпке түсіп, сөздікшінің алдында тұрады. Осы жұмыс барысында тілді тұтынушы халықтың болмысына жақын халықтық этимология да ескіріп, өзіндік заңдылығы бар қызық та сырлы құбылыс, дəйеккөз ретінде назардан тыс қалмады. Сонымен, қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулерге қатысты атқарылған ізденістердің айғағы ретінде 1966 жылы жарық көрген Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінің12 орны ерекше. Бұл түркология ғылымында жеке бір тілдің материалдары негізінде жасалған алғашқы этимологиялық сөздіктердің бірі еді13. Ал жалпы түркология ғылымындағы этимологиялық сөздіктер саны санаулы-ақ [4, 240 б.] екендігін еске алсақ, солардың бірі ретінде түркологиялық əдебиеттерде үнемі ҚТҚЭС көрсетіліп, сілтеме беріліп жүргендігін қазақ тіл білімпаздары- ның озық табыстарының бірі ретінде бағалауға болады.
Бұл кітапта 337 сөз бен сөз тіркестері реестрге алынып, арнайы этимологиялық талдау жасалды. Ал кітаптағы мақалаларды түгелдей карточкаларға түсірген кезде авторлардың бұлардан өзге 182 яғни барлығы жарты мыңнан астам сөзден түп-төркінінің ашылғандығы анықталды. Бұлардың көбі бір түбірден өрбіген, көпшілік жағдайда о бастағы тұлғасы мен мағынасы əбден күңгірттенген сөздер болып келеді. Талдау барысында авторлар осы ұялас, түбірлес сөздерді де көрсетіп отырады. Ал кей жағдайда айтылған пікірді дəлелдеу мақсатымен сол сөзге ұқсас, жасалу жолдары бірдей модельдер салыстырылады. Сөйтіп, реестр сөзге алынбаса да, екінші бір сөздің этимологиясы келіп шығады.
Қазақ тілінің тұңғыш этимологиялық сөздігіне арналған талдаулар жасауға талаптанған авторлар ұжымы бірсыпыра қиыншылықтарға кездесті, - деп кітаптың Алғы сөзінде Р. Сыздық жазғандай, бұл тұңғыш еңбектің жарыққа шығуы, жазылуы оңай болған жоқ. Кезінде жұртшылық жылы қабылдаған бұл сөздік кейінгі жылдардағы көптеген зерттеулерге мұрындық болды [4, 6-б.]. Сөздікті құрастырушылардың еңбектеріне кейінірек жеке-жеке арнайы тоқталған сəтте сөздіктегі ма- қалалардың сапасы жөнінде арнайы тоқталуға тырысамыз.
Жалпы алғанда, жүз жылдан астам тарихы бар [4, 6-б.] қазақ тіл біліміндегі барлық этимологиялық зерттеулер мен талдауларды паспорттап шығу тез біте қоятын, оңай шаруа емес [5, 21-б.].
Қазақ этнонимінің шығу төркіні жөнінде бірнеше ондаған пікірлер айтылды. Революциядан бұрын айтылған пікірлер көбінесе ол сөздің сол халық тілінде айтылуын, мағынасын, шет жұрттықтардың ол сөзді бұзып айтуы (қайсақ, киргиз т.б.) жөнінде болса, бертін келе əуелі халықтық этимологиясы жасалды.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде бұл сөзге нақты этимологиялық талдау жасап, дұрыс қорытындыға келу үшін қазақ сөзінің түп-төркіні туралы бұрын-соңды айтылған пікірлерді ғылыми этимологияның, этнолингвистиканың барлық соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, ой елегінен өткізіп, асылын алып, жасығын тастау көзделді. Сонда ғана əлі күнге даулы бұл мəселенің бір ортақ шешімі табылып, бір ұштығына жетеріміз ақиқат. Ол үшін, сол кезеңдегі қазақ этнонимі туралы қолда бар пікірлер, деректер түгел жиналып, мынадай көрініс табады: қазақ сөзіне жасалған этимологиялық библиографиясы: Бір фактінің көптеген этимологиялық ізденістерге нысан болуы тəжірибеде жиі кездеседі [6, 34-б.]. Əрине, бұл жағдайда ғылыми дəйектер мен ғылыми емес дəйектер араласып жатады. Осы жайттың нақты үлгісі - қазақ этнонимінің этимологиясына қатысты 100-ден аса нұсқалар.
Оларды былайша топтастыруға болады:
1) қазақ - этноним, антропоним, топоним, мифтік түсінік, тотемдік белгі, географиялық, этникалық немесе əлеуметтік ұғым;
2) қазақ мынадай ұғымдарды білдіреді: кезбе, қаңғыбас, тексіз, қашқан құл, бассыз, қаруланған сарбаз, салтатты, жалдамалы жауынгер, елінен кеткен шекарашы, қарулы күзет, жеңіл қаруланған жауынгер, əскери күзет, қарақшы, батыл, берілген адал, бастаушы, ер мінезді, қызба, Кавказдағы тайпа, таулық,
3) Хазардың бір түрі, орыс казактарының құарымандағы түркі тілді тайпалар, славяндардың батырының аты, түркітілді черкестер т.б. Мағынасы əртүрлі түсіндірілетін қазақ сөзінің екі сыңары: қаз-аз - а) тайпаның аты, ə) қаз, аққу; б) қос - орыс тіліндегі қашу мағынасындағы оморфтың етістіктен; д) қас - нағыз, таза, қос- пасыз; е) қаз - биіктік, тау (Қазығұрт - ?); ж) қос - екі, пар т.б.
а) сақ - сақ тайпасының атауы; ə) сақ - садақ, жебе, б) оқ - тайпа, ру, халық; в) ақ-ық - этнонимдер тудырушы аффикс қараңыз: печееч, урақ, қыпшақ т.б. г) ақ - белый жəне ауысу таза; д) оқ - оқ, жебе (қосоқ - тайпа таңы) жəне тіл. Мұндай пікірлер этнонимдер атауларының жалпы алғанда Он шақты нұсқасын құрайды. Өкінішке орай қазақ этнонимі əлі күнге дейін шын мəніндегі ғылыми түсініктемеге ие болған жоқ [6, 35-б.].
Жалпы тіл білімінде Этимология - грек тілінің etymos - ақиқат жəне logos білім деген сөздерінің бірігуінен жасалған деп анықталады. Осыған сай тарихи лексикологияның арналы да арнаулы саласы ретінде жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, кейде тіптен сөйлем сияқты жайылыңқы болып келетін фразеологизмдер мен мақал-мəтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың даму жолдары мен қазіргі тілдердегі көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимология, əрине, тіл тарихы, тарихи грамматика сияқты пəндерді айырбастай алмайды.
Ол пəндер тіл білімінің барлық соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, тілдің жалпы даму заңдылықтарын сипаттаса, ал этимология көбінесе осы пəндердің жетістіктерін пайдалана отырып, жеке сөздер, жеке тұлғалар дамуын, тарихын əңгімелейді. Сонымен қатар, тіл білімінде бұл сөз тар мағынада сөздің шығу тегі, түп-төркіні дегенді де білдіреді.
Бір сөзбен осылайша қорытып анықтама бергенімізбен, этимологиялық зерттеулер өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сай əртүрлі болып келеді. Сондықтан түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне қатысты этимологиялық ізденістердің негізгі мақсатын біз былай деп белгіледік: а) түркі тілдерінің өте көне дəуіріне тəн ортақ түбірлерді анықтау; ə) түркі тілдерінің ішінде өз ара жақын топтарға ортақ лексикалық элементтердің сыр-сипатын ашу; б) əрбір тілдің, мəселен, қазақ тілінің сөздік қорындағы жалпы түркі тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жататын тілдерге ортақ, сондай-ақ тек қазақ тілінің өзіне ғана тəн əсіресе бір буынды түбірлер мен туынды түбірлердің табиғатын ашу; в) қазақ тіліне əртүрлі тарихи, мəдени, саяси, географиялық себептерге байланысты сырттан (араб, парсы, моңғол, қытай, орыс т.б. тілдерден) енген лексика-грамматикалық элементтерді анықтау, олардың дыбыстық тұлғалық жəне мағыналық өзгерітерін белгілеу; г) лексикалық элементтердің өз ара қатыстығы мен алшақтығы тілдің даму процесіне байланысты заңды құбылыс екенін дəлелдеу т.б. [7, 21-б.].
Этимологиялық зерттеулердің бірі сөздің ілкі, түпкі түбірін тауып, оған қосылған қосымшаларды анықтап, негізгі жəне туынды түбірлердің ара жігін ашып береді. Кейбір этимологиялық зерттеулер өз алдына тіліміздегі мағынасы күңгірттенген, тіл иесі сөйлеу үдерісінде ол сөзді қолданғанымен, мағынасын жете түсіне бермейтін сөздер тобын арнайы бөліп алып текереді. Бұндай сөздер көбіне-көп қос сөздердің, біріккен жəне кіріккен сөздердің, мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің құрамында көп кездеседі. Өйткені, ғасырлар бойы ауыздан-ауызға кө- шіп, атадан балаға мирас болып қала беретін бұл сөздер құрамында ескінің көзі есептес көне сөздер, грамматикалық тұлғалар сақталып қалған, тіл иесі бұл сөз комбинацияларын жаттанды түрде, мағынасын тек ішкі интуициямен сезіп қана қолдана береді.
Этимологиялық зерттеу нысандарының, əдістері мен алдына қойған мақсатының күрделілігіне байланысты мынадай қиыншылықтарды атап өтуге болады:
Біріншіден, этимология - тіл білімінің қызық та қиын саласы. Əсіресе, қиындығы басым. Сондықтан да болса керек, этимологиямен арнайы айналысып жүрген ғалымдар саны саусақпен санарлықтай. Сөз төркіні туралы өз ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан бүгінгі таңда академик Ə. Қайдаров, Ғ. Мұсабаев, Р. Сыздықова, Ə. Нұрмағамбетов, Қ. Өмірəлиев, Е. Жанпейісов, Ө. Исаев, Н. Уəлиев секілді бірнеше ғалымды ғана атап өтуге болады.
Екіншіден, кейде сол тілші ғалымдарымыздың өздері дəлелі аз, бір қайнауы ішінде жатқан дүниелерді де жариялап жібереді. Жалпы этимологиялар бұл жағынан қысқа қайырылған жəне ұзын-сонар, шұбатылма деп екіге бөлінеді. Мəселе зерттеудің ұзын-қысқа, үлкенкішілігінде емес, қайта сол түп-төркіні əңгімеленіп отырған сөздің о бастағы тұлғасынан қазіргі тілімізде кездесетін күйіне дейін жүріп өткен баспалдақтары көрсетіліп, этимологиялық зерттеудің барлық принциптері сақталуында. Кейбір шағын ғана мақаланың ішінде бірнеше ондаған, тіпті жүздеген сөздердің этимологиясы сөз болып жатады. Əрине, бұндай қысқа қайырған, бір ауыз сөзбен айта салған этимологиялар əрі ешкімнің есінде қалып жатпайды, əрі сөздің тарихын ашуға да еш көмегін тигізбейді.
Үшіншіден, Қазақ тіл біліміндегі этимологиялық зерттеулерді жинастырғанда көзге ұрып тұрған тағы бір кемістік - ғалымдарымыздың кейбір сөздер төркінін бірін-бірі қайталай, еш жаңалық, өзгеріссіз, бір шиырлап, дайын этимологиялық штамптар жасап алуы. Мəселен, тіліміздегі СЕКСЕН (сегіз+он), ТОҚСАН (тоғыз+он) сан есімдері мен ШАҒА (бала-шаға), ТОРЫМ (тоқты-торым), ҚЫРҚЫН (қыз-қырқын), ЖЕЛЕҢ (жігіт-желең) т.с.с. мағынасы күңгірт қос сөз сыңарлары ондаған мақалада бір сарындас этимологиялық талдауға алынған. Əрине, баспасөз бетінде бұлайша жиі əңгіме болған сөздер тарихы халық құлағына сіңіп, олардың түп-төркіні қалың бұқараға барынша белгілі болады. Бірақ, бір жағынан пайдалы болып көрінген бұл құбылыс, дайын штамп күйінде мақалаға еніп, тарихы ашылып, дамуы сөз болар басқа сөздің орнын иемденеді.
Мысал ретінде қазақ тілінде кездесетін абысын сөзінің түп төркінін қарастырып көрелік. Ажын да, абысын да, абысын-ажын да (жаңа сөз жасалып тұр ғой) арнайы зерттеуді қажет ететін, бір-екі ауыз сөзбен тарихы, сыры ашыла қоймайтын сөздер.
Біріншіден, бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналарын саралап алған орынды секілді. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігінде: Абысын зат. Бірге туған, ағайынды адамдардың үлкенінің əйелі келіндеріне абысын болады. Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп (Мақал).
Абысын-ажын. Зат. Туыс, ағайындас адамдардың əйелдері [8, 8-б.]. Ал көп томдық түсіндірме сөздікте:
Абысын зат. ағайынды адамдардың əйелдері.
Абысын-ажын зат. Туыс, ағайындас адамдардың əйелдері [9, 40-б.]. Енді моңғол тіліндегі мағыналарына көз жіберейік:
Абысын сөзі қарақалпақ, қырғыз тілдерінде, башқұрт тілінде Апһын, өзбек тілінде Овсин түрінде қолданылады. Мағынасы - ағайынды, туыс адамдардың əйелдері. Хакас тілінде Абызын - сноха.
Абысын-ажын қос сөзі жинақтау мəнін (значение обобщности, собирательности) білдіреді. Э.В.Севортянның сөздігінде бұл сөздердің этимологиясы берілмеген. Сондықтан бұл сөздерді моңғол тілінен ауысқан деген пікір белең алуда.
Ажын сөзі түркі тілдерінде жеке қолданылмайды. Əзірге моңғол тілінің фактілері қолымызда жеткілікті болмағандықтан, ажын сөзі туралы кесімді пікір айту қиын (Тек Ай дер ажа, қой дер қожа жоқ деген мақалағы ажа сөзімен бір байланысы болмаса...).
Сөз қазынасының тереңдігі көмулі тарихты көтеріп, сөз тарихы мен асылын аршып алар лингвист-этимологтарды археологтарға теңеу профессор Қ. Жұбановтың тілдің терең құрылымын зерттеу барысында қолданылған палеонтология сияқты терминімен тамырлас [10, 21-б.].

1.2 Қазақ тіліндегі этимологиялардың түрлері
Қазақ тіліндегі этимологияларды (кітап, мақала, жеке пікірлер т.б.) жинақтап, саралай келе үлкен-үлкен үш топқа бөлеміз:
1. Халықтық этимологиялар
2. Қызықты этимологиялар
3. Ғылыми этимологиялар.
Енді осылардың əрқайсысына қысқаша тоқтала кетейік.
Халықтық этимологиялар. Білмегенді білуге ұмтылу, өмірдегі жұмбақ құбылыстардың сырына үңілу адам табиғатына тəн қасиет. Адамдар айналасын қоршаған заттар атауының қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын үнемі қызықтап, үнем зерттеген, өз шама-шарықтарынша дəлелдеуге тырысқан. Бұл сатыны тіл білімінің іргетасы, алғашқы баспалдағы деп қараушылар да бар. Орхон-енисей ескерткіштерінің алғаш кілтін табушы В. Томсен Москвада 1938 жылы жарық көрген кітабының [11, 159-б.] Этимология у древних и ее ошибки деген тарауында былай деп жазады: Античная этимология ищет в слове известное, заранее созданное представление о предмете, которое оно обозначает, прибегая к произвольным ассоциациям и к столь же произвольному применению чисто логических фигур, как равенства, аналогии, противоречия и т.п. [11, 27-б.]
Өнер алды - қызыл тіл дейтін қазақ халқы да сөз сырына үңілуден жалықпаған. Ел, жер, жұрт атаулары, сырттан енген түсініксіз кірме сөздер т.с.с. жүздеген, мыңдаған сөздер халық санасында қайта жаңғырып, талай аңыз-əңгімелерге арқау болып, ауыздан ауызға көшіп жүрген. Түсініксіз сөздерді халық өзі түсінетін сөздерге туыстырып, солардан төркіндетіп отырған. Сондықтан, көп жағдайда халықтық этимология жалған (ложная) этимология деп те аталады.
Халықтық этимологияға мысалды алыстан іздемей-ақ, бала күннен жаттап өскен ауыз əдебиеті нұсқаларынан табамыз. Соның бірі - көне жырларымыздың бірі Қозы Көрпеш-Баян сұлу. Ата-бабаларымыз өздері кіндік кесіп, кір жуған талай жер атауларын осы жыр кейіпкерлерімен сабақтастырады. Мысалы, Қорқау ойлы Қарабай аударыла көшкен сəтте, абыр-сабырда сабасы жарылып, қымызы төгіл ген жер Ақкөл, Жайылма атанады. Қозыны аңсай күткен Баян шыдамай, алтын сандыққа сəлемдеме толтырып, Айбасты ұзақ жолға шығарып салып, содан Домбыралы, Моншақты, Қарқаралы деген жерлер сол сандықтан түсіп қалған нəрселер болса, Жауыртауға келгенде аты титықтап, сол жерде амалсыздан Алтын сандық та қалған-мыс.
Жазушының əртүрлі стильдік мақсатқа пайдалануына қарай бұл дəстүр бүгінгі əдебиетімізде де үзіліп қалған жоқ. Б. Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді романынан мынадай үзінді келтіруге болады: ...Мен саған айтып берейін, біліп ал, дүние жүзіндегі елдердің көпшілігін біздің қазақтар ашқан. Оған дəлел: көп ел, көп жердің аты қазақша. Мəселен Азия деген атау қазақтың аз ұя деген сөзінен шыққан, яғни ата мекен деген сөз. Ұқсай ма? Мен ұқсайды екен дедім. Дүйсен əрі қарай түсіндіре бастады: Африка қазақтың қапырық деген сөзінен шыққан, яғни ыстық деген сөз. Жапон халқы жұпыны дегеннен, Бразилия мынауың біраз ел, ə дегеннен шыққан [12, 134 - 135 бб.].
Бүгінгі таңда халықтық этимологиялардың авторлары көбіне-көп ақын-жазушы, журналистер болып келеді. Əрине, бұлардың арасында оқушысын күлдіру мақсатында, əншейін, жеңіл күлкіге құрылғандары да баршылық. Негізінен бізді қызықтырары - аңыз-əңгіме, шежіре түрінде болып келетін халықтық этимологиялар. Халық творчествосы іспеттес бұл көне шежіре-сырлар халық тарихына сəулесін түсіріп, бағзы заман елестерінен деректер береді.
Қызықты этимологиялар. Біз бұл атауды əзірге шартты түрде, орыс тіліндегі занимательная сөзінің баламасы ретінде алып отырмыз. Бұл топқа негізінен газет, журнал (ғылыми журналдардан басқасы) беттерінде жарық көрген материалдар жатады. Бұл мақалалар қалың көпшілік қауымға арналғандықтан, ондағы материалдың берілуі, терминологиясы, ғылыми аппараты ғылыми басылымдағы еңбектерден өзгешеленіп тұрады. Сөздіктер мен түрлі жазба ескерткіштерге сілтеме беру, өзінен бұрын айтылған пікірлерге сүйеніп, олардан сілтеме келтіру жағы өте аз, шектеулі болады. Сондықтан бұл еңбектер автордың өз тілімен көпшілікке түсінікті түрде жазылады. Əрине, бұл еңбектерден ғылыми тереңдік іздеп, оны талап ету мүмкін нəрсе емес. Бұдан қызықты этимология қажетсіз дүние деген де ұғым тумау керек. Біз халықтық этимологияны ғылыми этимологияға қарама-қарсы қойып, көбінше, оны мансұқ қылсақ, ал қызықты этимология ғылыми этимологияның көкжиегін кеңейтіп, оның жетістіктерін үлкен айналымға шығарып, қалың бұқара арасына таратар, өте қажетті елші сала. Осындай мақсатта жазылған қызықты, ғылыми-көпшілік қолды туындыларға (занимательная, научно-популярная литература) жастар, əсіресе мектеп оқушылары сусап отыр. Бұл салада Р. Сыздықтың Сөздер сөйлейді [13, 126-б.] атты кітабынан басқа еңбектің атын да атай алмаймыз. Этимолог-ғалымдарымызды осы салада да жүрілмеген жолдар мен көтерілмеген тыңдар күтіп тұр. Бұл салада орыс тіл біліміндегі атқарылып жатқан шаруалар баршылық.
Ғылыми этимологиялар. Қазақ тіл білімінде этимологиямен арнайы айналысып жүрген ғалымдар саны санаулы-ақ екенін жоғарыда атап өттік. Ұзақ жылдар бойы осы қиын да қызық салада талмай тер төгіп, қазақ тіл білімінде этимологияны арнайы пəн дəрежесіне көтеріп, қалыптастыру жолында көшбасшысы ретінде абыройлы міндетті атқару қызықты да қиын тіл əлемінің тереңіне бойлауды қажет ететін аса жауапты да күрделі шаруа. Басынан таратып айтар болсақ, этимология саласындағы алғашқы ізденістеріміз ұйғыр тіліндегі қос сөздерді зерттеген кандидаттық диссертацияға байланысты зерттеулерден бас- талады. Сол ізденістердің жемісі ретінде 1958 жылы Парные слова в современном уйгурском языке деген кітабымыз жарияланды [14, 167-б.]. Осы кітаптың үшінші тарауы (Семантико-этимологическая характеристика категории парных слов деп аталады) түгелдей ұйғыр тіліндегі қос сөздердің семантикасы мен олардың көмескі сыңарларының табиғатын ашуға арналған, атап айтқанда, басқа да түркі тілдері фактілері мен ескерткіштердің деректерін пайдалана отырып, қазақ тілінде жиі кездесетін бірнеше қос сөздердің көмескі сыңарларының ұмыт болған мағыналары қалпына келтірілді. Мысалы: Тұрақ - второй компонент казахского парного слова арық-тұрақ тощий, худой, истощенный (о скоте). Ср. киргизское арык-торык. Это слово мы находим в тексте Памятника в честь Тонюкука как самостоятельное слово в значении тощий, худой: turuqbuqa тощий бык, а также в кашгарских песнях, помещенных в Диване турецких языков Махмуда Кашгарского - (арабша жазылған) - печаль сделала меня тощим.
Из современных языков мы встречаем его в узбекском: тырық - тощий, худой; в бурят-монголском: туранхай - тощий, истощенный, слабый, худой; в урянхайском языке: тору - тощий, худой. Отсюда надо полагать, что одна из производных форм тұрақ - торығу сохранилась в казахском языке, которая получила некоторую семантическую дифференциацию, т.е. торығу - отчаиваться, терять всякую надежду, удариться в пессимизм [14, 107-б.].
Зерттеу жұмысымыздың барысында тарихи-салыстыру əдісі арқылы қазақ тіл білімі ғалымдарының ғылыми тұжырымдарын тереңнен қарастырдық.

2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

2.1 Құрамында -дай, -дей жұрнағы бар атаулардың этимологиясы

Тілдегі сөз байлығының белгілі бір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін ақтауына екі түрлі себеп болады: бір жағынан ол жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-түйіс сөздер арқылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Тілдің табиғатына тəн осы бір толассыз қимыл-қозғалысты, өзгерісті мүжілуді ағза клеткаларындағы болып тұратын өлу-тірілу, жаңалану процесімен салыстыруға болатын тəрізді.
Көнерген, ескірген сөздердің бəрі бірдей біржола қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұлғасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті өз нақыш-сəнімен, өз жарасымдылығымен көпке дейін сақталып қала береді. Бүгінгі буындардың біле бермейтін ана тіліміздің сыр-жұмбағы дегенде, біз оқырмандарды тілдік қордың осы жақтарына мегзейміз, оның осындай ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Демек, тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тілде бір қыдыру сөздер ескіріп, қолданыстан шығып жатса, кейбір сөздер тілге еніп оны толықтырады. Біздің күнделікті тілдік қорымызда өткен өмірді бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездесетіні белгілі. Бірақ та олардың біразы күнделікті қарым-қатынаста айтылса да, бəрі бірдей бүгінгі ұрпаққа айқын бола да бермеуі мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы тарылып, о бастағы мағынасының күңгірттеніп, не мүлдем ұмыт болғандары да аз емес. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, дəстүрлік қолданысын зерттеу этнолингвистиканың үлесіне тисе, тілдік табиғаты мен даму заңдылықтарын этнолингвистика деректеріне сүйене отырып тарихи лексикология анықтайды.
Ұлттық болмыстың нышанын танытатын тіл деректерінің ана тілі төріндегі құндылығын тілші-ғалым Р. Сыздық өз еңбектерінде жан-жақты талдап көрсеткен. Автор: Көнеден келе жатқан образдарды пайдалануға, ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи да заңды. Сондай сөздердің сырын біліп, қолданылған жеріндегі мағынасын түсіну, олардың түп-төркінін танып отыру өте қажет деп білеміз [15, 5-б.] - дейді.
Кейбір сөздердің тілдегі қолданыс белсенділігі, заманға сай өзектілігін жоғалтып жатады, тіпті қолданыстан шығып қалып жатады. Уақыт талабына, заман ағымына байланысты кейбір сөздерді өте жиі естіп жатамыз.
Қазіргі тіліміздің нормасы тұрғысынан қарағанда мұндай сөздердің құрамында бірқыдыру лексикализацияланған элементтер кездеседі. Лексикализация процесінде дербестігінен айрылған сөздер қазіргі уақытта өзінің заттық мағынасынан мүлдем қол үзіп, алшақтап кеткендігі байқалады.
Бірақ соған қарамастан, олардың тіліміздегі белгілі бір құрылымы арқылы ғана сақталып қалатынын, мысалы, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы жасалған теңеулік сипаттағы атаулардан көреміз.
-тай, -тей, -дай, -дей в казахском языке, так же как и другие, подвергает консервации односложные корневые морфемы: түй - түйдей (жасты) одногодки, ровня; дың - дыңдай (сау) здоровенький, целехонький; дар - дардай (жігіт) верзила, великовозрастное дитя; нарт - нарттай (қызыл) красный как рак и др.
Ғ. Қалиев пен Ə. Болғанбаевтың Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы еңбегінде де көнерген сөздердің көнеру дəрежесінің үш түрлі болатынын атап көрсетеді:
1. Əбден ұмтылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер: Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (мақал). Асабасы жоқ - асқа жарымас (мақал).
2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер: баданадай (бадана), сүйріктей (сүйрік), дардай (дар), абажадай (абажа) т.б.
3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мəтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында əлі де қолданыла беретін көнерген сөздер: торқа - жібек, жарақ - қару, азар - өкпе т.б. [16, 173-б.]
Ғалымдардың көрсеткен екінші түрін басшылыққа алып, тілімізде мағынасы ұмыт болған немесе күңгірттенген сөздер мен сөз тіркестерінің сырын ашуда теңеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Сөздіктің түрлері
Қайын жұрты
Лексикография туралы жалпы түсінік
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
Пәндер