Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Орындаған: Махмет Карина
Тексерген: Садыкова А. С.
Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж.
Жоспар
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
I-тарау. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі.
1. 1. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі.
1. 2. Талан-тараждың нысандары.
II-тарау. Талан-тараждың түрлері.
2. 1. Талан-тараждың белгілері жоқ, меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар.
2. 2. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар.
Қорытынды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың мешнігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөнінднгі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін:қылмыстық заң біріншіден-әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғатын ұқсас іс-әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден-меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін -қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Меншікке қарсы қылмыс деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың топтық обьектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған бтлік ету құқығын құрайтын менікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей обьектісі-меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып-азаматтық құқық бойынша меншік обьектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген матреиалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына-ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың обьективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қоюы арқылы сипатталады.
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың обьективтік жағы негізінен белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою емесе бүлдіру құрамының кейюір тәсілдері ғана әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық қылмыс құрамын құрайды, олардың обьективтік жағы заңда көрсетілген үш элеметтен:құқыққа қайшы іс-әрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сонлай-ақ құқыққа қайшы әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.
Қарақшылық (192-бап), қорқытып алу (194-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-бап) формалбдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субьективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (204-бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Меншікке қарсы қылмыстардың субьективтік жағының міндетті белгілеріне-пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субьектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Бұған жататындар:ұрлық (188-бап) , тонау(191-бап), қарақшылық(192-бап), қорқытып алу(194-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың 2, 3, 4-тармақтары ), ауырлататын мән жайлар кезінде бөтеннің мүлікін қасақана жою немесе бүлдіргені (202-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырлыған бқтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таржға салу (189-бап) ; алаяқтық (190-бап) ; ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-бап) ; алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап) ; көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (196-бап) ; автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеоеніп алу (200-бап) ; жерге заттай құқықтарды бұзу (201-бап) ; ауырлатпайтын жағдайда бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (202-бап) ; бөтенің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (204-бап) ; қылмыс құрамдарын істегені үшін қылмыс субьектісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екіге бөлінеді:
Талан-таражға-ұрлық (188-бап) ; тонау(191-бап) ; қарақшылық(192-бап) ; алаяқтық (190-бап) ; сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-бап) ; жатады.
Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193- бап) ; қорқытып алу (194- бап) ; автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу(200-бап) ; алдау немесе сенімд теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап) ; көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу(196-бап) ; жерге заттай құқықтарды бұзу (201-бап) ; жатады.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру(202-бап) ; бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (204-бап) ; құрамдары жатады.
I-тарау. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі.
- Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі.
Заңға сәйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескеруінде арнайы көрсетілген.
Осы анықтамаға сәйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.
Талан-тараждың топтық обьектісі болып меншіктің нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей обьектісі болып меншіктің нақты нысандары, мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.
Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істеоген материалдық тұрғыдағы бұйымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жатады.
Талан-тараждың заына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған әр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.
Талан-тараждың обьективтік жағының белгілеріне:1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігіне шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуә, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бнтінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету немесе басқа қылмыс құрамын құрайды.
Талан-тарждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы құнын төлеу арқылы, құнын бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы-меншік иесіне немесе өзге де заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен есептелінед.
Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескеруінде:
Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе талан-таражға салу жолымен ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кінәлі адам заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасаған кезде Қазақстал Республикасының заңдарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек жымқыру деп танылады, -делінген. Осыған орай заңмен белгіленген 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан іс-әрекеттер ғана меншік нысандарына жататын қылмыс болып табылады.
Талан-тарждың міндетті белгілерінің бірі-негізінен заңға қайшы іс-әрекеттермен келтірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.
Талан-тараждың субьективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады.
Субьективтік жақтың міндетті белгілеріне-пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен мақсаттың орын алмауы-іс-әрекеттері талан-таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол бермейді.
Талан-тараждың субьектісі-14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырып ету арқылы талан-таражға салудың субьектісі болып 16-ға тол, ан арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен ) адам танылады.
Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке-нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда талан-тараждың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен:ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да талан-тараждың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы өылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
1. 2. Талан-тараждың нысандары.
Ұрлық (188-бап)
Ұрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу, меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.
Обьективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады.
Бөтен мүлікті жасрын алу екі түрлі-обьективтік және субьективтік белгілері бойынша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істкуі арқылы мүлікті жасырын алуы - обьективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі жіне осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтінігі субьективтік белгіге, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді.
Осыған байланысты жәбірленуші үйде болмауы себепті оның пәтеріндегі заттарын алу, жәбірленушіге сездірмей оның қалтасына түсу, мас адамның, ұйықтап жатқан адамның немесе өте жастығына, психикалық аурулығына, басқадай аурулық жағдайларына байланысты олардың заттарын алу ұрлық болып табылады. Егер мұндай реттерде жәбірленуші немесе басқа адам бұл әрекеттерді көріп қалып, ол жағдайды кінәлі адам сезгенімен қылмысты іс-әрекетін одан әрі жалғастыра, онда оның әрекеті тонауға, ал қылмысты әрекеті кінәлі адам күш қолданумен немесе қолданбақшы болып жалғастырса қарақшылыққа ауысып кетуі мүмкін.
Заңдылық құрлысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады. Сондықтан да қылмыс құрамының обьективтік жағының белгісі - қылмыстың қауіпті зардабы -мүліктік залал келтіру болып табылады. Осыған байланысты кінәлінің бөтеннің мүлкін алумен бірге, оған бтлік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Мекеме, ұйым аумағынан немесе күзетілген обьектілерден мүлікті, затты жасырын алып шығу әрекеті ұолық жасауға оқталғандық деп саналады. Осындай тәсілмен ұрлаған заттарды күзетілетін обьектілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа қатысушылар ретінде танылады.
Ұрлық субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз, тегін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін біледі және сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілейді. Қылмыс пайдакүнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады.
Қызметті субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады.
Кылмыстық занда ұрлықты ауырлатын және өте ауырлататын құрамдары корсетілген.
Олар мыңдар:
а) адамдар тобын алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) Тұрғын, кызметтік немесе өңдірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық -ауырлататын, ал мынадайы:
а) ұймдаскан топ;
б) ipi мөлшерде;
в) ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық - өте ауырлататын ұрлык құрамдары болып табылады.
Осы қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын-уағдаласкан екі немесе одан да көп адамдар катысса, ол адамдар тобы алдын ала ала ұрлықты сөз байласып жасау, адамдар тобының алдын сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық деп (188-бап - 2-тармағының "а" тармақшасы ) танылады.
Бірнеше рет жасалған ұрлык. Қызметті бірнеше мәрте жасалуының түсінігі. Қылмыстық кодекстің 11-бабында берілген. Қылмыстық кодекті 188-194-баптарындағы бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарды, сондай - ақ Қылмыстық кодекстің басқа да баптарында көзделген бір немесе одан да көп қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады. Бұрынғы істеген қылмысының аякталғаны немесе қылмыска даярлангандығы, оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез келген рөлді атқаруға бірлесіп катысуы да қылмысты бірнеше мәрте істегендік деп танылады. Созылмалы, жалған қылмыстар бірнеше рет жасалған қылмыс деп саналмайды.
Тұрғын, кызметтік немесе өңдірлік үй-жайларға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.
Тұрғын жай дегенімізді адамдардың тұрақты немесе уақытша тұруына арналған немесе олардың демалуға, мүлікті сақтауға, адамдардың баска да мұқтаждықтарын өтеуге арналған (қойма, балкон, әйнектелген дәліз) құрылыстарды айтамыз. Адам тұруға арналмаған құрылыстар тұрғын жай деп танылмайды) . Мысалы: шаруашылық қоймалары, мал қамайтын сарай, по - греб жене т. б. ) . Қызметтік немесе өңдірістік үй-жай дегенімізді адамдарды немесе материалдық игіліктерді уақытша немесе тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар болып табылады.
Бұған жататындар: зауыт, цех, корабль, сақтық кассалары, мұражай, байланыс бөлімшесі, магазин, театр, оқу орындары, спорт құрылымдары жэне т. б. Қоймаға - тұрақты немесе уақытша материалдық игіліктерді сақтайтын, қоршалған немесе қоршалмаған күзетпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы (сейф, вагон, кассалық аппараттар, контейнер) жарқыраған объектілер жатады. Көрсетілген объектілерге заңсыз кіру деп тұрғын, қызметтік немесе өңдірістік үй-жайға бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатымен кіруді айтамыз. Бұл жерде бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында көрсетілген объектілерге заңсыз кіруідің итермелеуші күші болуы керек. Тұрғын, қызметтік немесе өңдірістік үй - жайға, қоймаға, өзінің қызмет бабына немесе аткаратын жұмысына, сол объектілерге яки біржолғы кіруге заңды негізгі болуына байланысты кіріп, ұрлық жасау заңсыз кіру ретінде саналмайды.
Ұрлықтың аса аурлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлык болып табылады.
Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдаскан топ жасаған ұрлық деп танылады (KK-тін 31-бабын 3-тармағы) .
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі "Ботенің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы" №9 қаулысында "Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ жатады, сонымен бірге олар қылмыс істеуге жоғарғы денгейдегі ұйымшылдығымен, мұқият дайындығымен, катысушылардың өзара рөлдерден белісуімен айрықшаланған" деп көрсетілген. Ұйымдасқан топ болып ұрлық жасағандардың әрекеті топқа кіргендердің аткарған рөлдеріне қарамастан, қылмыстың қоса орындаушылары болып танылып, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 31-бабына сілтеме жасалмастан, тікелей Қылмыстық кодекстің, 188-бабы 3-тармағына "а" тар мақшасымен сараланады.
Ұрлықтың аса ауырланатын тағы бір түрі -ірі мөлшердегі ұрлық болып табылады. Ірі мөлшердегі ұрдықтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-тармағында арнайы берілген. Осыған орай 6-тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасау сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады.
Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі-ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық болып табылады.
Алаяқтық (190-бап)
Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады.
Қылмыстық заңда Алаяқьық, яғни бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу, -деп көрсетілген (ҚК- тің 190-бабы)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz