Инфляцияның экономикалық салдарлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы инфляция: себептері, сипаты, болашағы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Инфляция ұғымы және оған әсер етуші факторлары ... ... ... ... ... .

1.2 Инфляцияның экономикалық салдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..

1.3 Инфляцияны алдын алудын және тежеудің шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Елдегі инфляциялық жағдайдың әлеуметтік - экономикалық салдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Қазақстандағы қазіргі инфляциялық процесін болжау және туындау себептерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫҢ ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... .

3.1 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты шараларды ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.2 Елде инфляцияға қарсы саясатты тиімді жүргізу жолдары ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..

Кіріспе

Экономика саласында инфляция ұғымы көп қолданылады. Инфляция - кең мағынада ақшаның құнсыздануы болып есептелінеді. Бұл процесс осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыруда.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: инфляцияның құрамы мен құрылымына, әсер етуші факторларына тоқталу, елдегі әлеуметтік-экономикалық салдарын табу және олардың алдын алу немесе тежеу тәжірибелерін қарастырып, анализ жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстандағы инфляцияның жалпы сипаттамасын және болашақтағы жағдайын анықтау.

Курстық жұмыстың өзектілігі: елдегі ақшаның құнсыздануының алдын алу шараларын қарастырып, еліміздегі экономикалық рөлін айқындау.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші тарау "Инфляцияның мәні түрлері және теориялық аспектілері". Бұл тарауда жалпы инфляция ұғымын, оған әсер етуші факторларын, оның экономикалық салдарын, сонымен қатар, алдын алу шараларын және тежеудің шетелдік тәжірибелерін ашып талқылау.

Екінші тарау "Қазақстанда қазіргі инфляциялық жағдайдын ерекшеліктерін талдау". Бұл тарауда еліміздегі осыған дейінгі және қазіргі кездегі ақша құнсыздану мәселесінің салдарын анализдейтін боламыз, осыған қоса, болашақта туындау мүмкін себептерін анықтаймыз.

Үшінші тарау "Қазақстан Республикасында инфляцияның өсу қарқының төмендету және өсу салдары". Бұл тарауда мемлекеттегі инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын шараларды нақты анықтау және ұсыну. Сонымен қатар, ақша құнсыздануына қарсы саясатты тиімді жүргізу жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы - инфляцияға экономикалық жоғары оқу студенттерінің теориялық тұрғыдан да, ақша құнсыздануының болдырмауы, онадағы шараларын қарастыруға байланысты практикалық тұрғыдан да қызығушылығын туғызады.

1. Инфляцияның мәні түрлері және теоряилық аспектілері.
1.1 Инфляция ұғымы және әсер етуші факторлары.
Инфляция латыншадан "inflation" аударғанда "қампию" дегенді білдіреді. Инфляция түсінігі 1861-1865 жж. Азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байналысты ежелгі Рим мен ежелгі Қытайда болып тұрған. Жоғарыда айтқанымыздай, алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндірді. Сонымен, инфляция тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақшамен артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің жатүсуіне мән беретін әлеуметтік-экономикалық феномен. Онда экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер ұштады. Инфляция-табиғи апаттар және қоғам сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін тәжірибеде көрсетеді.
"Инфляция" дегеніміз не? Әр түрлі экономистер бұл сұраққа әр түрлі жауап береді.
:: Инфляция-ақша айналымы арналарынаң алтынға, тауарларға,шетел валютасына қатысты құнсыздануына әкелетін,нақты бұрынғы құндылығын сақтайтын немесе аз дәрежеде құнсызданған артық қағаз ақшамен толуы.
:: Инфляция-бағаның өсуінде көрінетін сұраныс пен ұсыныстың, ұлттық экономиканың басқа пропорцияларының теңгерімсіздігі;
:: Инфляция-бұл біржақты түсіндірмесі жоқ көп факторлы процесс.

Қазіргі экономикалық энциклопедия инфляцияға келесі анықтама береді: "Инфляция-халық шаруашылығының нақты қажеттіліктерін артық қағаз ақшамен айналым арналарының толып кетуі және қоғамдық өндірістің бүұзылуына байланысты олардың құнсыздануы. Инфляция-бұл ақша айналымының бұзылуы және бағаның айқын немесе жасырын өсіруінен көрінеді". Осының бәрін қорыта келе, инфляция дегеніміз- айналымдағы ақша массасының артуынан туындаған бағаның тұрақты және үздіксіз өсуінде көрінетін ақша құбылысы. Басқаша айтқанда, бұл проблема кәсіпкерлер мен тұтынушылардың қолма-қол ақшасы нақты қажеттіліктен асатын жағдайда туындайды.

Жалпы инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестіруде. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа елдерде бұл мәселе 19 ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар ағылышын экономисі:О.Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономистері: Р.Солоу және П.Самуэльсон, М.Фридмен. Сонымен қатар швед экономист ғалымдары: Еста Рен мен Рудельф Майднерлер. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздің А.Әубәкіров, А.Жүнісов, С.Сахариев, Қ.Шеденов, Н.Кәрібаев, Қ.Қабдиев сынды экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға береді.

Инфляцияның түрлері.
Экономистер инфляцияның екі түріне ажыратады.
Олар:

1-сызба. Инфляцияның түрлері.

Сұраныс инфляциясы. Дәстүр бойынша, ьаға деңгейіндегі өзгерістер шамадан тыс жиынтық сұраныспен түсіндіріледі. Экономика өндіре алуына қарағанда, көп ақша жұмсауға тырысуы мүмкін. Өндіріс секторы бұл артық сұранысқа өнімнің нақты көлемін ұлғайту арқылы жауап бере алмайды, өйткені қолда бар барлық ресурстар толығымен пайдаланылған. Сондықтан, бұл артық сұраныс тұрақты нақты өнім көлемінің өымбаттауына әкеледі және сұраныстың инфляциясын тудырады. Сұраныс инфляциясының мәні кейде бір сөйлеммен түсіндіріледі. "Тым көп ақша тым аз тауарларды іздейді".

Ұсыныс инфляциясы. Өндіріс шығындарының өсуіне немесе жинынтық ұсыныстың төмендеуіне байланысты болатын инфляция түрі. Шығындардың өсуіне байланысты инфляция теориясы бағаның өсуін өнім бірлігіне шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіріледі. Өнім бірлігіне шығындар-өндірістің белгілі бір көлеміндегі орташа шығындар, сонымен қатар шығындардың жалпы шығындарын өндірілген өнім санына бөлу арқылы алуға болады:

Өнім бірлігіне шығындар=жалпы шығындарөнім бірлігінің саны.

Экономикада өнім бірлігіне шығындардың артуы фирмалар қазіргібаға деңгейінде ұсынуға дайын пайда мен өнім көлімін азайтады, нәтежиесінде бүкіл экономика ауқымында тауарлар мен қызметтерді ұсыну азайды. Бұл ұсыныстың төмендеуі, өз кезегінде, баға деңгейін арттырады.

Критерийлерге байланысты инфляцияның әртүрлі түрлері бөлінеді.

2-сызба. Инфляцияның критерийлерге байланысты түрлері.

Бағаның өсу қарқынына қарай:
Баяу инфляция - бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың бірітіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция. Инфляцияның бұл түрі қазіргі экономика үшін қалыпты болып саналады және тіпті өндіріс көлемін ұлғайтуға ынталандыру болыпи саналады.
Орташа инфляция - баға өсуінің ораташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция. Дамыған елдер үшін маңызды экономикалық проблема болып табылады.
Қарқынды инфляция - бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляция, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады. Бұл көптеген дамушы елдерде және өтпелі экономикалы елдерде байқалады.

Пайда болу сипатына қарай:
Әкімшілік инфляция - "әкімшілікті" басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.
Шығын инфляциясы - ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығындар мен тауарлардың бағалары өседі.
Сұраным инфляциясы - ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артыунан туындайтын инфляция.
Ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуәнен туындайтын инфляция.
Кредиттік инфляция - шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.
Импортталған инфляция - сыртқы факторлар әркетінен туындаған инфляция.

Инфляция формалараның көрінісі бойынша:
Ашық - тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция.
Жабық - мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.

Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес шығын инфляциясын білдіреді. Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады.
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:

3-сызба. Инфляцияның факторлары.

- ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе қндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
- қазыналық факторлар - ақша эмиссиясы есебінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.
- ақшалай факторлар - ұлттық валютаның валюталық бағамның құлдырауы үнемі сипат алып отырды.
- сыртқы факторлар - экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, инфляция сұранымның артуынын қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуін айтамыз. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені, қандай жағдайларда жатқызуға болатынын анықтап алу қажет.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция жайлы
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
ҚР инфляцияға қарсы туралы ақпарат
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Пәндер