Құқық функциялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері 6
II ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖҮЙЕСІ
2.1 Құқықтың негізгі қызметтеріне қысқаша сипаттама 14
2.2 Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі 21
III ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 ҚР.дағы құқық функциялары мәселелерін шешу жолдары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40

3.1 ҚР-дағы құқық функциялары мәселелерін шешу жолдары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі - әрқашанда пәннің сипаттамасын, мәні мен мағынасын түсіну маңызды. Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықты, олардың құрамын, арасындағы байланысты зерттеу. Құқықтың функцияларын анықтау арқылы құқықтың әлеуметтік мәнін анықтауға болады. Осылайша, құқық функциялары теориясын ашу арқылы біз мемлекет пен құқық теориясы құқық санатының әлеуметтік міндетін қарастырамыз.
Ғылымда функция термині түрлі мағыналарда қолданылады. Математикада функция тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда - бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. функциясы) ерекше қызметі.
Заң ғылымында функция термині мемлекет пен құқықтың әлеуметтік рөлін сипаттау үшін қолданылады.
Осылайша, функция терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді.
Құқық саласында функция термині қандай мағынаны береді? Құқық функциясы деген не және құқықтың қандай функциялары ерекшеленеді? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары менің Құқық функциялары атты курстық жұмысымда талқыланады.
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
# біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
# екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік - жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет - ғұрыптар адамдардың сана - сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы - бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні - мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері жайында Бақытжан Қаратаев, Салық Зиманов, Мақсұт Нәрікбаев, Оспанов С., Абадельдинов Е. және тағы басқа құқықтанушылардың еңбектерінде баяндалған.
Курстық жұмысты зерттеу барысында мен Қазақстан Республикасының көптеген белгілі заңгерлерінің еңбектеріне сүйендім. Атап айтқанда, Айкимбаева А. А., Досалиев Қ.Б., Майлыбаев Б., Зиманов С.З., Қаратаев Б., Тыныбеков С., Сидорова Н.В., Ликас А.Л. және тағы басқа зерттеушілер.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқық функцияларына қатысты заманауи көзқарастарды ашу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
+ құқық функциялары түсінігін қарастыру;
+ құқық жүйелерін сипаттау;
+ құқықтың жеке функцияларын талдау;
+ қазіргі Қазақстандағы құқық функциялары мәселелерін көрсету.
I ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері
Құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1.ерікті сипаты;
2. жалпыға міндеттілігі;
3. нормативтілігі;
4. мемлекетпен байланысы;
5. формалды анықталғандығы;
6. жүйелілігі.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет - ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана - сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық - бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез - құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана - сезіміне, ерік - жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай - да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама - қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Көпшілік (бұқаралық) құқық - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір - біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде - құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи - құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық - тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.
Құқық қағидасы - бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық функциялары - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері - бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті заңды актілер;
2. Санкцияланған әдет - ғұрыптар;.
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт;
5. Құқықтың жалпы қағидалары;
6. Діни мәтіндер.
Нормативті құқықтық актілер - бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.
Заң - бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік - жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері: 1)Конституция; 2)Конституциялық заңдар;3)Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер - бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт.
Оларға мыналар жатады:
1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3. Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4. Ведомстволық актілер.
Құқық функциялары түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық функциясы түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Соңғы көзқарас құқықтың әлеуметтік міндетін де, қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын да жеке алып қарастырғанда, олардың біреуі де құқық функциясы түсінігін қамти алмауына байланысты. Егер де құқық функциясы түсінігін құқықтың әлеуметтік міндеті ретінде қарастыратын болсақ, онда мұндай түсінік тым жалпылама сипатқа ие болады. Құқық функциясы түсінігін тек қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыты ретінде қабылдағанда осы ықпалдың бағыттаушы сәті ескерілмей қалады. Сол себепті құқықтық ықпалдың бағыттарын құқықтың әлеуметтік міндетімен теңестіру немесе керісінше, оларды бір-біріне қарсы қою орынсыз екендігіне ерекше көңіл аудару қажет.
Құқық функциясы түсінігі құқықтың міндетін де және содан пайда болатын құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы бағыттарын да бір мезгілде қамтуы керек. Сондықтан да құқықтың қандай да бір функциясының құрамын алып қарағанда, құқықтың міндеті мен оның ықпалының бағыттары арасындағы байланысты әрқашан көкейде ұстаған жөн.
Тегінде, құқық функциясы - бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?
Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы (қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.
Қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, олардың жүйелілігі және динамизмі қоғамның дамуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары болып табылады. Сондықтан құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, реттеу, оларға тиісті орнықтылық беру және азаматтардың құқықтарын іске асыру мен жалпы азаматтық қоғамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.
Құқықтық ықпал - бұл қоғамдық қатынастарға құқық ықпалының жолдары, тәсілдері мен түрлерін сипаттайтын санат. Бұл қоғамдық өмірдегі, мемлекет, оның органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың әрекеттеріндегі құқықтық қағидаларды, ұстанымдарды, тыйымдарды, алғышарттар мен нормаларды іске асыру.
Ықпалдың бағыты - құқық функциясының аса бір елеулі құраушысы, ол қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне өзіндік бір жауап, сонымен қатар осы қажеттіліктерді жинақтайтын және оларды позитивті құқыққа айналдыратын заң шығару саясатының нәтижесі болып табылады. Құқық функциясы түсінігін талқылағанда, құқықтық ықпал мен құқықтық реттеу сияқты санаттардың қатынасына да назар аударған жөн.
Құқықтық ықпал - бұл тек нормативтік қана емес, сонымен қатар бұл құқықтың адам сезімдері, түйсігі мен әрекеттеріне психологиялық, идеологиялық ықпал. Құқықтық ықпалдың түрлеріне, мысалы, құқықтың ақпараттық және құндылықты-бағыттаушы ықпалы жатады.
Құқықтық реттеу - құқықтық құралдар (заң нормалары, құқықтық қатынастар, құқықтық алғашарттар және т.б.) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру.
Құқықтық реттеу құқықтық ықпалдың бір түрі болып табылады және онымен тұтастай да, оның бөлігі ретінде де ара қатынаста болады.
Құқықтық ықпалдың түрлі формаларының болуы құқықтың заңи ықпалы (құқықтық реттеу) мен заңи емес (ақпараттық және бағдарлаушы) ықпалы арасындағы айырмашылықты айқынырақ көруге мүмкіндік береді. Құқық функциясы түсінігі жоғарыда аталған екі ықпалды да қамтиды.
Құқық функциясы түсінігін одан әрі айқын анықтау мақсатында оның мағыналас, мәндес келетін құқықтың рөлі, құқықтың міндеті және құқықтың қызмет етуі сияқты заң санаттарымен арасындағы айрмашылықты белгілеген абзал.
Құқықтың рөлі термині қоғам өмірінде, жалпы мемлекетте немесе олардың белгілі бір даму сатысындағы құқықтың маңызын білдіреді.
Қоғамның қандай да бір даму сатысында немесе қандай да бір мәселелерді шешуде құқықтың рөлі қандай болғаны (немесе болатыны) жөніндегі сұраққа жауап берген кезде құқықтың әлеуметтік міндетін сипаттайтын құқықтың атқаратын қызметтерін анықтауға тура келеді. Құқықтың рөлі түсінігі құқық функциясы түсінігіне қарағанда жалпылама, кең түсінік. Қарастырылатын санаттардың айрмашылығын осыдан көреміз.
Құқықтың міндеті термині - бұл құқық шешуге тиісті, оның алдында тұратын экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселе.
Құқықтың міндеті бұл өзі қол жеткізуге тиісті немесе соған барынша жәрдем беретін тұрақты немесе уақытша, қысқа мерзімді немесе соңғы мақсатқа меңзейді.
Құқықтың алдында тұрған міндеттердің біреуі де қызметтердің іске асырылуынсыз шешілмейді, қызметтер әрқашанда міндеттердің шешілуіне бағытталады. Сондықтан белгілі бір міндеттер лайықты қызметтерді талап етеді деуге болады. Алайда, олардың ара қатынасы соншалықты біржақты емес. Себебі, міндет, негізінде, құқықтың түпнегізі болып табылмайды. Ол қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік мұқтаждықтарынан туындайды, мемлекет пен құқықтың жалпыәлеуметтік даму заңдылықтарымен, қоғамның, мемлекеттің (сәкесінше, құқықтың да) жеке даму сатыларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерімен, тарихи ахуалмен, саяси күштердің ара қатынасымен, ұлттық факторлармен және т.б. анықталады.
Құқық функциясының оның міндеттеріне тәуелділігі мынада айқындалады: біріншіден, міндеттер әдетте, функцияның болуын тікелей шарттайды, екіншіден, олардың құрамын анықтайды, үшіншіден, ең елеулі түрде олардың іске асуының формалары мен әдістеріне ықпал етеді, құқықтық әсер етудің нақты бағыттарын алдын ала анықтайды.
Құқықтың жұмыс істеуі термині әлеуметтік жүйедегі құқықтың әрекетін айқындайды. Құқықтың функционалды сипаттамасын беру дегеніміз - оның әрекеттерін (қоғамдық қатынастарға әсер ету жолдары мен формаларын) ашу және сипаттау.
Егер құқық функциясы - құқықтағы қазіргі мен болашақты (мақсаттар мен міндеттерді) айқындайтын жиынтық түсінік болса, құқықтың жұмыс істеуі, егер алдын ала басқаша келісілмесе, қазіргі уақыттағы құқықтың іс-әрекетін белгілейді.
Осылайша, құқық функциясы және құқықтың жұмыс істеуі өте жақын, кейде бірдей, бірақ бір-бірімен сәйкес келмейтін түсініктер болып келеді. Құқықтың жұмыс істеуі - функцияның мәселесімен тікелей байланысты сұрақ, өйткені, функциялар жүйесінің сипаттамасы - бұл құқықтың жұмыс істеуінің сипаттамасы. Бірақ дәлме-дәл, нақты мағынада құқықтың жұмыс істеуі құқықтың мемлекет механизмі, сана, саясат және басқа да әлеуметтік реттеуіштермен қатар әлеуметтік жүйе элементі ретіндегі іс-әрекетін білдіреді. Басқаша айтқанда, құқықтың жұмыс істеуі - бұл әлеуметтік жүйедегі құқықтың әрекеті, оның өз міндеттерін атқаруы, қоғамдық қатынастарда оларды жүзеге асыруы.
Құқық функциясы - құқықтың әлеуметтік міндетіне негізделген қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал етудің бағыттары. Ғылымда функция термині түрлі мағыналарда қолданылады. Мысалы, математикада функция тәуелді айнымалы шама, яғни аргумент деп аталатын басқа шаманың өзгеру көлеміне байланысты өзгеретін шама болып саналады. Биологияда - бұл орган және организмнің (қол, қалқанша без және т.б. функциясы) ерекше қызметі. Басқа ғылымдарда функция - бұл қандай да бір жүйе әрекетінің бағыты (мысалы, кибернетика). Осылайша, функция терминінің мағынасы көп. Ол кез келген динамикалық құрылымдарды сипаттауға қолайлы, бұл осы термин қолданылатын математика, биология, әлеуметтану, құқықтану ғылымдарының танымдық міндеттері спецификасымен негізделеді. Алайда, көп жағдайларда функция жүйенің (құрылымның, біртұтастың) сыртқы ортаның белгілі бір тараптарына іріктеуші, бағытталған ықпалымен байланысты. Құқық функциялары түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, құқық функциясы түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Құқық функцияларын 2 топқа бөледі.
Жеке алғанда, жалпыәлеуметтік функцияларға:
а) экономикалық функция - мысалы, азаматтық-құқықтық келісімшарттар материалдық игіліктердің орнын ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді;
ә) саяси функция - құқық саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді;
б) коммуникативті функция - құқықтың көмегімен басқару объектілерінің арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі;
в) экологиялық функция.
Арнайы-заңи функциялар:
а) регулятивті - түрлі жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау ережелерін анықтау арқылы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
ә) қорғаушы - арнайы қорғаушы нормаларды қолдану жолымен іске асатын аса елеулі қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған функция;
б) бағалаушы - құқықтың кімде-кімнің әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау барысында өлшем ретінде қызмет етуі;
в) тәрбиелік функция - құқық белгілі бір идеологияны айқындайды, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді.
Құқықтың функционалды ықпалына түсетін қоғамдық қатынастардың ортасына және құрылуына қарай құқықты былайша ажыратады:
келісілген бастамаларда құқықтың нормалары, салалары мен институттарын біріктіретін құқықтың барлық ішкі мемлекеттік жүйесіне жататын жалпықұқықтық функциялар;
бұқаралық немесе жеке құқық, материалдық немесе іс жүргізу құықығы сияқты салалық жанұяларда әрекет ететін салааралық функциялар;
жеке алғанда, конституциялық (азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту функциясы), қылмыстық (қылмыстық деп танылатын іс-әрекеттерді анықтау және оларды жасағаны үшін жаза белгілеу функциясы) құқықпен байланысты салалық функциялар;
қылмыстық құқықтағы тыйым салынатын нормалар, еңбек құқығындағы мадақтау нормалары, әкімшілік құқықтағы міндеттеуші нормалар және т.б. нормалар әрекетімен байланысты ерекше бағыты бар құқықтың жеке нормаларының функциялары.
Қарастырылған құқықтың барлық функциялары құқықтық реттеу мен құқықтық ықпалдың көпсатылы үрдісін білдіре отырып, қоғам өмірінде нормативті бастауларды қамтамасыз етеді.
Қоғам күрделі және аса күрделі біртұтас ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі бір орталарына жіктеледі. Ұсақтау талдаудан абстракциялана отырып, басты үш сала немесе жүйені ажыратуға болады: экономикалық, саяси, және тәрбиелік. Құқықтың бұл функциялары әлеуметтік деп аталады.
Ең жалпы түрде құқықтың әлеуметтік функцияларын қоғамдық өмірдің тиісті орталарына кері құқықтық ықпалдың бағыты ретінде анықтауға болады. Осылайша, экономикалық функция экономикалық салаға, саяси функция саяси салаға, тәрбиелік функция рухани салаға құқықтық ықпалды білдіреді.
II ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖҮЙЕСІ
2.1 Құқықтың негізгі қызметтеріне қысқаша сипаттама

Құқық функциялары жүйесінде басты және айқындаушы орынды регулятивті функция алады. Құқық нормативті немесе құқық қолдану кесімдері нысанында айқындалса да, жалпы немесе нақты құқықтық қатынастарда жүзеге асса да, азаматтардың құқықтық статусын, құқық иеленуін белгілесе де, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың өкілетін анықтаса да - барлық осы нысандарда оның басты әлеуметтік міндеті - қоғамдық қатынастарды реттеу айқын көрінеді.
Бұл функцияның ерекшеліктері ең алдымен, тәртіптің позитивті ережелерін белгілеуден, қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудан, әлеуметтік өзара байланыстардың координациясынан тұрады.
Регулятивті функция аясында 2 функцияшаны ажыратады: регулятивті статикалық және регулятивті динамикалық.
Регулятивті статикалық функция қоғамдық қатынастарға ықпал ету арқылы қандай да бір құқықтық институттарда бекуде айқындалады. Құқықтық реттеудің міндеттерінің (мақсаттарының) бірі осында жатыр. Бірақ ең алдымен, қоғамның қалыпты, тұрақты тіршілік етуінің негізін білдіретін, айқын реттелген қоғамдық қатынастарды дәрежеге көтереді, заңды түрде бекітеді және билік басында тұрған күштер мен көпшіліктің қызығушылықтарына сәйкес келеді.
Статикалық функцияны жүргізу барысында шешуші рөл меншік құқығы институттарына тиесілі, ал олардың заңды мәні сол қоғамдық құрылғының экономикалық негіздерін бекіту. Статикалық функция басқа да институттарда (соның ішінде, саяси құқықтар мен азаматтардың міндеттері институттарында, зияткерлік, шығармашылық және сайлау мәнерінде) айқын бейнеленген.
Регулятивті динамикалық функция қоғамдық қатынастарға, олардың қозғалысын (динамикасын) рәсімдеу жолымен ықпал ету болып табылады. Ол мысалы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларындағы үрдістерді орталайтын азаматтық, әкімшілік, еңбек құқықтары институттарында іске асырылған.
Құқықтың регулятивті функциясының сипаттамасы оны жүзеге асырудың аса маңызды жолдарын анықтауды білдіреді, өйткені, олардың кез келгені құқықтық жүйе іске асыратын түгел үрдісте елеулі рөл атқарады.

Құқықтың регулятивті функциясын жүзеге асырудың өзіндік жолдары (элементтері) болып мыналар табылады:
* құқық нормалары арқылы азаматтардың құқық қабілеттілігі мен құқық иеленушілігін анықтау;
* азаматтардың құқықтық статусын өзгерту және бекіту;
* мемлекеттік органдардың құзыреттілігін, соның ішінде, лауазымды тұлғалардың да құзыреттілігін (өкілеттігін) анықтау;
* заңды тұлғалардың құқықтық статусын орнату;
* құқықтық қатынастардың пайда болуына, оларды өзгертуге және тоқтатуға бағытталған заң фактілерін анықтау (ескеру);
* құқық субъектілері арасында нақты құқықтық байланыс орнату (регулятивті құқықтық қатынастар);
* нақты қоғамдық қатынастарға қатысты құқықтық реттеудің ұтымды (рұқсат берілетін) түрін анықтау.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқықтың регулятивті функциясын оның әлеуметтік міндетіне негізделген құқық субъектілеріне заңдық міндеттерді жүктеу және субъективті құқықтарды табыс етуде, тәртіптің позитивті ережелерін орнатуда айқындалатын құқықтық ықпалдың бағыты ретінде санауға болады.
Құқықтың басқа да меншіктік-заңи функциясы - қорғаушылық функциясының маңызын айта кеткен жөн.
Қоғамдық қатынастарды қорғау қажеттілігі болған және әрқашан болады. Құқық, біз білетініміздей, барлық уақытта болған жоқ, бірақ ол пайда болған мезеттен бастап қоғамдық қатынастарды қорғаудың аса маңызды құралына айналады. Құқықтық ықпалдың берілген көрінісі қорғаушы функция болып табылады.
Құқықтың қорғаушы функциясы - бұл жалпыға бірдей елеулі, аса маңызды экономикалық, саяси, ұлттық, жеке қатынастарды қорғауға, аталмыш қоғамға жат құбылыстарды ығыстыруға бағытталған құқықтың әлеуметтік міндетімен шартталған құқықтық ықпалдың бағыты.
Ұсынылған анықтама негізінде, қоғамның көпшілікпен қабылданған, тіреуші қатынастарын қорғауды да, нақты бір қоғамға жат қатынастарды ығыстыруды да құқық жүзеге асыратынын көріп отырмыз.
Қоғам өмірінен жағымсыз құбылыстарды түбірімен жою құқық әрекетінің екінші қайтара нәтижесі болып табылады, ал құқық қызметінің бастапқы нәтижесі - бұл мұндай қорғанысты қажет етпейтін қатынастарды қорғау құралы. Ал осы қатынастарды қорғай отырып, құқық қалыпты дамудың шарттарын бұзатын, қоғам, мемлекет пен азаматтардың қызығушылықтарына қарсы келетін әрекеттерге тыйым салады, тоқтатады, жазалайды және солайша оларды ығыстырады.
Қорғаушы функция тек құқықбұзушылық жасалған жағдайда ғана көрінеді деуге де болмайды.
Бұл функцияның басты міндеті қоғамдық қатынастарды превентивті қорғау және құқық нормаларын бұзуды алдын алу болып табылады.
Құқық нормаларының алғышарттарына бағынып, тыйымның талабын орындаған құқық субъектілері көп болған сайын қорғаушы функцияның нәтижелілігі арта береді. Тыйым салу немесе санкция белгілеудің өзі кейбір тұлғаларға өте байсалды әсер етеді, олардың жазаланатын әрекеттен өз еркімен бас тартуына әкеледі. Ол дегеніміз, құқықтық ықпал мақсаттарының бірі - нақты қоғамдық қатынасты қорғау жүзеге асады деген сөз.
Қорғаушы функцияны регулятивті функцияға қарсы қоюға болмайды, себебі, олардың біреуі негативті (жауапкершілік, санкциялар мен тыйым салулардан тұратынына байланысты), ал екіншісі позитивті, өйткені, ол құқық субъектілерінің жағымды қызметтерін координациялауға бағытталған. Осы екі функция, бірақ әрқайсысы өзінше қоғамдық қатынастарды дамыту мен күшейтуге жәрдемдесе отырып, жеке адам құқықтарын бекіту мен қорғау болып табылатын маңызды тапсырманы орындайды.
Қорғаушы функцияның спецификасы мынадан тұрады:
# Біріншіден, ол құқықты санкция қаупімен, тыйым салумен, құқықтық жауапкершілікті іске асырумен адамдардың ықтиярына әсер ету болып табылатын адамдардың өзін-өзі ұстауына ықпал етудің ерекше бір тәсілі ретінде сипаттайды.
# Екіншіден, ол қоғамдық қатынастар субъектілеріне құқықтық алғышарттар аясында қандай әлеуметтік құндылықтар қорғауға алыгғаны жайында ақпараттандырушы болып қызмет етеді.
# Үшіншіден, ол құқықта кездесетін гуманистік бастаулардың, қоғамның мәдени және саяси деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Қорғау тәсілі өте жиі қоғамның азаматтық дамуынан, оның саяси мазмұнынан тәуелді болады.
Егер құқықтың қорғаушы функциясын мемлекеттің құқық қорғау қызметімен салыстырса, онда оның өзіне тән қасиеттерін анықтау байқауға болады. Мемлекеттің құқық қорғау қызметінің жалпы міндеті - құқық субъектілерінің заң талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету, яғни, заңдылық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Бұл құқықбұзушылықтарды анықтаумен, оларды тергеумен, айыптыларды жауапқа тартумен, азаматтардың құқықтарын қорғаумен жүзеге асырылады. Осылайша, егер құқықтың қорғаушы функциясы - бұл құқықтың өзінің әрекеті болса, онда мемлекеттің құқық қорғау қызметі біріншіден, құқық талаптарын орындаудың материалды кепілдігі болып табылады, өйткені, бұл құқық қорғау бойынша арнайы органдар мен мекемелердің (ІІМ, прокуратура, сот) әрекеттері; екіншіден, бұл құқықтың өзінің әрекеттері емес, ал, оған қатысты сыртқы фактор - мемлекеттің әрекеттері.
Құқық функцияларының жүзеге асырылу формаларын қарастырайық. Құқық белгілі бір өзін-өзі реттеу дәрежесіне жетсе де, ол өзінің барлық үрдістерін өз бетінше реттеп, қадағалауға дейінгі даралыққа жеткен жоқ және жете алмайды да. Осыдан барып ол өзінің (ішкі) жүзеге асырылу механизмімен қатар құқықтың барлық субъектілерінен (азаматтар, лауазымдық тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар және т.б.) тұратын сыртқы жүзеге асырылу механизміне ие де болып отыр.
Құқық функциялары қандай формаларда жүзеге асырылады? Жоғарыда айтылғандай, құқық функциясы - бұл ақпараттық, бағдарлық және құқықтық реттеу сияқты үш формадан тұратын құқықтық ықпал. Осы формаларға сәйкес құқық функцияларының жүзеге асырылуының үш формасын ерекшеленеді: ақпараттық, бағдарлық және құқықтық реттеу.
Құқық функциялары жүзеге асырылуының ақпараттық формасы алушыларға адамдардың мінез-құлқына қатысты мемлекет талаптарын хабарлаудан, басқаша айтқанда, жалпыға бірдей мақсаттарға қол жеткізуге арналған құралдар мен тәсілдердің, объектілердің, мүмкіндіктердің қоғамда барын және мемлекетпен мақұлданатынын, рұқсат етілетінін және керсінше, мемлекет, азаматтар мен қоғамның қызығушылықтарына қайшы келетіндерін жеткізуден тұрады.
Азаматтардың құқық нормаларының құрамы жайында ақпарат алудың қайнар көздері сан алуан болуы мүмкін: ресми қайнар көз, бұқаралық ақпарат құралдары, заң кеңесшілері, қорғаушылар, заң мамандығының басқа өкілдері, түрлі дәрежедегі басшылар да болуы мүмкін, достар, таныстар, туыстар, танымал заңи әдебиет және т.б. қайнар көздер.
Құқықтық ақпараттанудың маңызы зор, алайда, бүгінгі күні оның дәрежесі қоғамдық дамудың мұқтаждықтарын біршама қанағаттандыра алмай отыр және елеулі жоғарылатуды қажет етеді.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Үрдістер мен құыбылстарды зерттеуде жүйелік тәсілді қолдану қазіргі заманғы ғылымның, жаңа ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы стилінің айрықша ерекшеліктерінің бірін тудырады.
Бірыңғай тұтас жүйе ретіндегі құқық функциясының талдауы жеке функцияларды зерттеген кезде білімді жай ғана топтастырып, тәртіпке келтірмейді. Мұндай талдау білімнің өсіп-өнуін береді, әр функцияның мазмұнын тереңірек, толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Бәрімізге белгілі, егер де танудың мүмкіншіліктері жеке-даралықтықтың дәрежесімен шектелетін болса, егер де, дербес элементтер арасында олардың жүйесін анықтауға талпынбаса, онда танудың мүмкіншіліктерінің нәтижелілігі нашар болады. Сонымен қатар бұл құқық функциясының шын өмірде бір-бірінен оқшауланған түрде тіршілік етепейтініне байланысты, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті олардың біреуі де олардың басқа функциялармен байланысын анықтаусыз, яғни, оны жүйеде зерттеусіз жеткілікті терең және толық зерттеліне алмайды. Құқық функциялары жүйесі күрделі көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Ең басынан бастап құқық функциясын тұтас және осы тұтастың функциясы ретінде ажырату керек. Құқық функциялары жүйесі ең тікелей жолмен құқық жүйесімен байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістер саяси және құқықтық жүйелердің түбе - гей - лі реформаларымен бірге іске асып отырды. Осының өзі Қазақ - станның берік құқықтық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өткен сайын қазақстандық саяси-құқықтық модель заңдар - дың орындалуы мен мемлекеттің беделін нығайтып, Конс - ти - ту - цияның мызғымастығын қамта - ма - сыз етті.
Қазақстан демократиялық мем - лекетке тән іс-әрекетке тиісті ұс - та - нымдарды тегіс бекітті. Біздің Конституциямызда демок - ра - тия - ның, адамгершіліктің және әді - лет - тің идеалдары көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы тәуел - сіз мемлекет құра бас - тағалы бері елдің құқықтық жүйесін кешенді реформалауға бағыт - тал - ған үш бағдарламалық құжат қабыл - дан - ды. Қоғамдық қаты - нас - тардың әр - бір даму кезеңі оны тиісінше құ - қықтық жолмен реттеуді, жаңаша ойлаудың жү - йелерін құруды талап етті. Осы - лардың негізінде ұлттық құқық пен институттық білімді қоса алғандағы барлық сот-құқық - тық институттар құ - рыл - ды. Сөй - тіп, экономикалық, сая - си, әлеу - меттік және басқа да салалар - дағы өзгерістер құқық - тық өмір - ді жаңғыртумен қатар жүріп отырды.
Қазақстан Республи - ка - сын - да - ғы құқықтық реформалар жөнін - дегі мемлекеттік бағдарламаның алғашқы құжаты 1994 жылдың 12 ақпанында қабылданды. Бұл құжатты іске асырудың ең басты жетістігі - ұлттық заңнамаларды (конституциялық, азаматтық, банк - - тік, салықтық, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу) түбегейлі жаңғыртуға қол жеткізілді.
Сонымен бірге, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары қа - ла берді, Қазақстанның барлық заңнамалық инфрақұрылымы ке - зең-кезеңмен реформаланды.
Екінші құжат - 2002 жылы қабылданған Қазақстан Респуб - ликасының құқықтық саясаты - ның тұжырымы деп аталды. Онда 2010 жылғы кезеңге арналған құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
Мұнда азаматтардың конс - ти - - ту - циялық құқықтары мен бос - - тан - дығын одан әрі қам - та - ма - сыз ету үшін құқық қорғау жү - йе - сі мен әділсот шешімдерін шыға - рар - дағы сот - тардың тәуелсіз - ді - гін ны - ғай - ту жол - да - ры заң - дық дең - гей - де шешімін тапты. Со - ның ішінде, әсі - ре - се, судья - - лар - дың тәуел - - сіз - ді - гін қам - та - - м - асыз ету үшін қо - сымша құ - қық - тық және ма - те - риал - дық кепілдіктер жасалды. Өлім жазасы тек адам - дар - дың қаза болуы - на соқ - тыр - ған тер - рор - лық қылмыс - тар - ға және соғыс уа - қы - тындағы аса ауыр қылмыс - тарға ғана қал - ды - рылды, мұның өзі Қазақстан жағдайында оны аты - мен жоюға мүмкіндік берді. Сот - тың тұт - қын - дауға санкция беру тәртібі енгізіліп, қылмыстық істі прокуратура мен соттың жүр - гізу мүм - кіндігіне тыйым сал - ған кон - с - титуциялық норма өзгер - тіл - ді. Қа - зақстан тәуелсіздігі жыл - - дарында пайда болған омбудсмен мен жеке нотариат инсти - тут - тары дамы - тылуда. Азаматтар мен ұйым - дар - дың құқын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері: медиация және сот актілерін жекеменшік негізде орын - дау - лар өмірге енгізілді.
2.2 Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі

Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықты, олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz