Ататүріктің әскери қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Нұр-Сұлтан қаласы, ШЖҚ "Сервис және туризм колледжі" МКК

Рефарат

Тақырыбы: Мұстафа Кемал Ататүрік - Түрік мемлекетінің негізін қалаушы

Дайындаған:
ТРм-11 тобының студентті
Серік Арайлым Оразалықызы
Тексерген:
Омарова Айша Бейсенова

Нұр-Сұлтан 2021

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Мұстафа Ататүрік өмірбаяны
Ататүріктің әскери қызметі
Ататүрік революциялары
Ататүрік және оның реформалары
Ататүріктің үндеуі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ғасыр жүгін арқалап, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар аз емес. Ғибадатты ғұлама, қаҺарлы қолбасшы, дарабоз дарын, дүниені дүрілдеткен төңкерісші деп тізе беруге болады. Күні кеше мерейі көкке көтерілген данышпан қоғам мен жүйе өзгерісінде сын мен мазақ қарауылына ілігеді. Арадан талай кезең өтсе де қадір - қасиеті, халық құрметі титтей кемімеген қайраткер. Түрік халқының біртуар перзенті Мұстафа Кемал Ататүрік - жұлдыздай жарқ еткен сирек асылдың бірегейі.
Тарих ғылымы қоғамның өткенін, бүгіні мен ертеңін қарастырады. Өйткені адамзат баласының өткені, бүгіні және болашағы бар. Осы үшеуінің ішіндегі ең анық байқалатыны - бүгінгі күн.
Түркия Республикасын құрған мемлекет басшысы, Түрік дүниесінің бірілігін қалпына келтіруді өсиет етіп кеткен түрікшіл тұлға - Мұстафа Кемал Ататүрік. Ататүрік елде саяси, экономикалық мәдени реформалар жасап, Туркияны қатарға қосты. Бұл күнде Түркия - дамыған елдердің қатарында, халықаралық қауымдастық санасатын ілгері мемлекет.

Мұстафа Ататүрік өмірбаяны
Мұстафа Кемал Ататүрік - Осман және Туркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Туркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш призиденті.
Мұстафа Кемал Ататүрік - 1881 жылы Осмон империясындағы Салоники қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі - Әли Ризаұлы Мұстафа.
Әкесі - Али Риза Ефенді этникалық албан болуы мүмкін, деген деректер кездеседі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек оның отбасы Түркияның Конья аймағынан шыққан көшпенділерден құралған. Анасы - Зубейде Ханым.
Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кемалдың нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы кейбір деректерде 1296 жыл деп тіркелсе, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмаған. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кемалдың өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, Мұстафаны қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-шы жұлдызы деп қабылдады.
Кейбір мәлеметтерге сүйенсек Мұстафа Кемал Латифа Ұшақлыгілге үйленген. Мұстафа Кемал жұбайы мен 3 жыл отасқаннан кейін ажырасты. Мұстафа жеті қыз бен 1 ұл асырап алған.
Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді ұнатқан. Мұстафа Кемал көптеген кітап жазып, жеке күнделіте жүргізген.
1933 жылы Туркия республикасы 10 жасқа толғанда Селаник әкімшілігі Мұстафа туып - өскен үйге ескерткіш тақты орнатты. Үйдің кейінгі иесі бір гректен сатып алып, түрін консулдығына сыйлады. Адам аяғы үзілмейтін осы үйді мұражайға айналдырды.
Мұстафа асқар таудай әкесі мен өткізген алаңсыз күдері ұзаққа созылмады. Әкесі - Али риза 54 жасында қайтыс болды. Бұл кезде Мұстафа 7 жаста болды. Шаңырағының ортасы жерге түскен Зубейде Ханым екі баласын алып туысы Хусейін ағаның қасына барды. Бірақ мұнда тұрақталып қала алмады. Анасы Мұстафаның сауатсыз қалатынын ойлап Селаник қаласына қайта оралды. Арада жылдар өткенде Ататүріктің білімі мен тәрбиесінде түбегейлі өзгеріс жасауына басынан кешіреген ащы оқиғалар да септігін тигізген анық.
Мұстафа анасына айтпай, өз бетінше әскери мектепке барады. Әскерлікті ұнатуы және әкесіне ұқсағысы келгені. Қатаң тәртіппен, терең мығым тәрбиесімен аты шыққын Селаник әскери мектебі жас Мұстафаның қалыптасуна айтарлықтай үлкен ықпал етті. Алғыр, оның үстінен талапты баланы шәкірттері мен ұстаздары ұнатты. Кейбір мәлеметтерге сүйенсек әскери мектепті үздік оқығаны үшін оған жергілікті математик мұғалімі екінші Кемал есімін иеленген.
Ал 1934 жылы ескі лауазымды жою мен жаңа ататегін ТҰҰМ (Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі) шешімімен Мұстафа Кемал Ататүрік тегін иеленді.

Ататүріктің әскери қызметі
Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда (Отан және азаттық) деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдырып, билік басына келді. Мұстафа Кемал жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде 1908 жылғы революцияға қатысты.
1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұстафа Кемал Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды рөл атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі -- Енвер паша Мұстафа Кемалды өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды. Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға алды. 1914 жылғы шілденің алтыншы жұлдызында ол Ыстамбұлдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы күресу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

Ататүрік революциялары
Түрік ұлтының, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформаларының негізі болған принциптердің жиынтығы ататүрікшілдік немесе кемализм деп аталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ататүрік – саяси келбеті
Ататүрік және оның түрікшілдік идеясы
Мұстафа Ататүрік Өмірбаяны
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ататүріктің бағалары
Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі
Ататүрік
Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі
Мұстафа Кемал Ататүрік
Мұстафа Кемал Ататүрі
Пәндер