Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы сауалнама


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағыты: Этномәдениеттану

Зерттеудің тақырыбы: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бүгінгі күндегі маңызы

Зерттеудің өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының бүгінгі күндегі маңызы туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.

Зерттеу болжамы: « Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының пайдалы тұстары турасында қарастырылды.

Зерттеу мақсаты: Өз құрдастарым арасында Елбасымыздың мақаласының насихатталуына үлес қосу; Мақаланың бүгінгі күнде маңызының жоғары екендігін дәлелдеу;

Зерттеу міндеттері:

  • Мақаланың бүгінгі күндегі маңызын айқындау;
  • Мақаланы тәрбие үрдісінде қолдану, жандандыру;
  • Мақаланы насихаттау жолдарын көрсету.

Зерттеудің жаңалығы : Мақалаға пікір білдірген аға-апаларымыздың пікірлеріне шолу жасау; Мақала бөлімінің тармақтарына шолу жасау;

Өз құрдастарымның мақала жайындағы ақпараты туралы сауалнама жүргізу; Мақаланы насихаттаудың жолдарын ұсыну.

Зерттеу әдістері: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

Зерттеу кезеңдері:

І. Даярлық кезеңі. Кіріспе

1. Тақырыпты зерттеу кезеңі

А) Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

Ә) Талдамаларды жобалау;

Б) Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

В) Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

2. Жұмысты қорғауға әзірлік кезеңі

А) Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

Ә) Талдамаларды жобалау;

ІІ. Практикалық кезең

А) Мәліметтер жинау. (газет - журнал материалдарын іздеу, интернет желісінен мәліметтер жинақтау, №85 орта мектеп 3 сынып оқушыларымен әңгіме - сұхбат жүргізу.

Ә) Компьютерде жазу, презентация (слайд) жасау.

ІІІ. Жалпылау кезеңі. Зерттелетін тақырып бойынша қөрнекілік, слайдтар жасау.

КІРІСПЕ

Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біздің жастарымыз да өз ұлтымыздың, өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытпай, қастерлей білуге тиіс.

Түрлі қиыншылықты басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Бұл күнге жетуіміздің басты себебі- ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің өз елі үшін аянбай қан мен терін төгуінің арқасында. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз.

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылы 21 қарашада жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы -құнды дүние. Елбасымыз жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе, тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Елбасының бұл мақаласы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп айтуға болады.

Зерттеудің өзектілігі : Республикамызда елбасымыздың мақаласының таралуы, насихатталуы аз деп айтуға болады. Бүгінгі күні негізгі мәселенің бірі - осы мақаланың тәрбие құралы және тарихи мұрамыз ретінде аз насихатталуы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Осы тақырып өзіме ерекше қызық болғандықтан зерттеуге бел будым. Осы уақыт аралығында үлкен зиялы қауым өкілдері пікір білдірді, бірақ жоба ретінде қарастырылған жоқ.

Зерттеу мақсаты.

- Өз құрдастарым арасында елбасымыздың мақаласының насихатталуына үлес қосу; - Мақаланың бүгінгі күнде маңызының жоғары екендігін дәлелдеу;

Зерттеу міндеттері.

-Мақаланың бүгінгі күндегі маңызын айқындау;

-Мақаланы тәрбие үрдісінде қолдану, жандандыру;

-Мақаланы насихаттау жолдарын көрсету.

Зерттеудің жаңалығы :

  • Мақалаға пікір білдірген аға-апаларымыздың пікірлеріне шолу жасау;
  • Мақала бөлімінің тармақтарына шолу жасау;
  • Өз құрдастарымның мақала жайындағы ақпараты туралы сауалнама жүргізу
  • Мақаланы насихаттаудың жолдарын ұсыну.

Зерттеу нысаны:

Жұмыстың негізгі нысаны ретінде елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, ғылыми еңбектер және ғаламтор материалдары алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Мақала жайындағы көзқарастар

Елбасымыздың мақаласына ғалымдар, жазушылар, қайраткерлер түрлі пікір білдірген. Олардың пікірлерін қарастыра отырып, әрбір тұлғаның өзіндік көзқарас қалыптастырғанын көруімізге болады:

Мекемтас Мырзахметов абайтанушы, ғалым: «Тарихи сананы жаңғырту, жұртқа жариялау - үлкен ерлік»

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері : «Шешімін күткен мәселелерді айтқан»

Бекболат Тілеухан: Парламент Мәжілісінің депутаты: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала - ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға»

Ғарифолла Есім, академик: «Өркениетіміздің даму көкжиегін көрсеткен мақала»

Қойшығара Салғараұлы, тарихшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Алды­мызда енді мақаланы науқанға айналдырмай, аса біліктілікпен, іскерлікпен ел игілігіне айналдыруымыз қажет».

Сәуле Досжан жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері: «Ең негізгісі Ұлы даланың жеті қыры­­мен таныса отырып, арғы тегі­мізді түгендеп, тарихымызды жаң­ғыр­тып, келер ұрпақ мақтанып айта жүре­тіндей жобаларды қолға алмақшымыз» деп пікір білдірген болатын.

2. 2 ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Елбасы бұл жолғы мақаласында ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жөнінде жазған. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша үлгі алуға лайықты тұлғалар екендігін де Елбасы тілге тиек еткен.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласын: Кеңестік барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі, - деп бастапты. Мақаланың бірінші тармағында:

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

1. Атқа міну мәдениеті;

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия;

3. Аң стилі;

4. Алтын адам;

5. Түркі әлемнің бесігі;

6. Ұлы Жібек жолы;

7. Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Ал, екінші тармағында:

1. Архив- 2025;

2. Ұлы даланың ұлы есімдері;

3. Түркі әлемнің генезисі;

4. Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;

5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;

6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі, - бастау алған.

Атқа міну мәдениеті. Жылқы жануарының ең алғаш біздің Отанымызда, Қазақстанда пайда болғанын барлығымыз білеміз. Оған қазба жұмыстарынан табылған жылқының сүйектері дәлел болады.

Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В. В. Радловтың еңбегі маңызды.
Ат үстінде жүрген көшпенді халқымыз неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз жəне неғұрлым тиімді қолдануында.

Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, қазіргі шалбар пайда болды.

Осылайша, атқа мінудің мәдениетін біздің бабаларымыз қалыптастырды.

Ұлы даладағы ежелгі металлургия. Қазақ жері ертеден-ақ қазба байлықтарға бай өлке.

Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері - металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қоладан жасалған әшекей бұйымдар, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осыдан қарап-ақ ежелгі заманда біздің жеріміздегі дала өркениеті қарқынды дамығанын көре аламыз.

Аң стилі. Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі - «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану, түрлі бұйымдарға бейнелеу- адам мен табиғаттың байланысының тығыз болғандығын, бабаларымыздың жануарды ерекше қастерлегенін көрсетеді.

Алтын адам. Алтын адам - Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды.

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Алтын адам - Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

1969 жылы археолог, көрнекті ғалымдар Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы мен Кемел Ақышев бастаған зерттеу тобымен Қазақстан жерінен сақ жауынгері -“Алтын адамды” тауып, қазақтың көне сақ тайпасының мұрагері екенін дәлелдеді.

Түркі әлемінің бесігі. Қазақ халқының тарихында Алтай тауының алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы түркі жерінде өнер мен мәдениет, сауда орталығына айналған гүлденген қалалар пайда болды. Сонымен қатар, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі - Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі- Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы - ежелгі өркениеттердің жеткен тамаша жетістіктерінің бірі. Оның тарихы беймәлім елдердің аумағындағы шөл мен тауларды алғаш басып өтушілердің ерлігімен қызықты. Осы жолмен тек әртүрлі тауарлар ғана емес, мәдени құндылықтар да өтті.

Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы - Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы болды. Бүкіл халыққа осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар тарады.

Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны. Елбасы мақаласында Қазақстан, Алматы апорттың отаны екенін және оның Алатаудың баурайында өсетінін мақтанышпен айтты. Оған қоса, қызғалдақтың отаны да қазақ елі екенін, ол гүл Шу, Іле тауларының етегінен бүгінгі күнге дейін бастапқы күйінде сақтала отырып, бүкіл әлемге таралғанын баяндады. Оны бүгінде біз ғана емес, әлемнің ғалымдары дәлелдеп, Алатаудың баурайы алма ағашы мен қызғалдақ гүлінің алғашқы өсіп шыққан жері болғаны ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, мойындап отыр.

Шетелдік ғалым Бэрри Джунипер «Алмалар тарихы» атты кітабында, ал ұлыбританиялық жазушы Кристофер Роббинс «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны» атты кітабында алманың отаны Қазақстан екенін атап көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы
Әбіш Кекілбаев - шежіре
Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді
Ұлттық код - бабалар аманатындағы ізгілік іздері
Жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау
Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы жайында
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Түркі әлемінің алтын бесігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz