Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі


Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Көптік мағынаның берілу жолы»
Орындаған: КО-32 тобының студенті
Фазылқызы Шахризада
Жетекші: Саменова С. Н.
Қарағанды, 2021 ж.
Жоспар:Кіріспе3
Жалпы көптік мағынаның негізгі сипаттамалары4
Қазақ тіліндегі көптік жалғаудың қызметі11
Зат есімнің көптік категориясы17
Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі19
4. 1 Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі21
Қорытынды25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:26
КіріспеҚазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген.
Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалық мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері синтаксистік тәсіл арқылы да берілген.
Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер қолдануына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал) т. б. Сондай-ақ көптік мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад-апыт (шадтар, би-бектер) .
Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы - көптік жалғаулары. О-Е жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер, ханымдар) . Жинақтық мән беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуіржазбаларындада -лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер. Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йекілер йақын келті. Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына - лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар - қоңыздар. Кейде жинақтық мән берілетін сөздерге де -лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты А. М. Щербак -лар аффиксінің Х ХІІІ ғ. Жазбаларында мынадай қолданыстарды көрсетеді. -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы. Кейде -лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік тіркестің соңғы басыңқы сыңарына ғана жалғанады. Ащру улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан.
Жалпы көптік мағынаның негізгі сипаттамаларыКөптік жалғау - жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер (қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер) . Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, «мен» сөзінің көпше түрі «біз» есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.
- Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар) ;
- Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды) ;
- Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар) ;
- Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің) . Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына Көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ) . Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.
Зат есімнің жекелік - көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұл жекелік мағынағы көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А. Ысқақовтың оқулығында көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, «Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы - одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атауының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға (даралауға) болатын біртектес заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның сипатын (атын) білдіріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздеріде біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін заттардың аттары (су, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма, жүн т. б. ), ру, халық, ұлт, украин, француз, қыпшақ, найман, үйсін, т. б. ), әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат, аттары (көбелек, құрт-құмырысқа, шіркей, қоңыз, түлкі, қой, қоян, т. б. ), өсімдік аттары (шөп, арпа, сұлы, көде, жусан, мақта, бидай, тары, т. б. ), қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, дін, мәдениет, әдебиет, астрономия, ботаника, т. б. ), адамның ішкі құрылысының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (алданыш, ермек, қуаныш, ақыл, достық, ізгілік, кәрілік, жалқаулық, білірлік, түс, еріншектік, жүріс т. б. ), жатады. Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады[18, 83] .
Көптік ұғымдардың сөзге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады. Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі -ыз, (-із, -з) формасы, екінші -қ, (-к) формасы, үшіншісі -лар, (-лер, -дар, -дер, тар, -тер) формасы. Алғашқы аталған -ыз, (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде көне заманнан сақталған сөздерде ғана ұшырасады, оның мағынасы да, атқаратын қызметі де жоғарыдан өзгеше. Мысалы, жіктеу есімдінгінің бірінші жағы мен және біз, екінші жағы сен және сіз екені аян. Осы біз, сіз дегендердегі -з (-із) формасы қазіргі кезде өз алдына қолданылмайтын, өлі форма ретінде сақталып, тек біз, сіз, көз, егіз сияқтанған бірен-саран сөздерде ғана кездесіп, олардың бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл -з, (-із, -з) формасы әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелердің) аттарына жалғанатын қосымша болған.
Ал, онымен төркіні бір болса да, қазақ тілінен одан мағынасы да, қызметі де басқа -з, (-із, -з) формасы бар. Бұл форма оңаша тәуелденудегі екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы: ат-ың-ыз, іс-ің-із), ортақ тәуелденудегі бірінші жаққа (мысалы, ат-ым-ыз), екінші жақтың сыпайы түріне (мысалы, ат-ың-ыз, ат-тар, ың-ыз) қосылатын тірі форма ретінде қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл форма -з, (-із, -ыз) қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың екінші жағының жекеше және көпше түрлеріндегі сыпайы форманың көрсеткіші болып қызмет етеді. Мысалы, сіз бардыңыз, сіздер бардыңыздар; сіз жазсаңыз, сіздер жазсаңыздар.
Етістіктің ашық райдың жедел өткен шағының (мысалы, біз бардық, біз келдік), бұйрық райдың (біз барайық, біз келейік), шартты райдың көпше түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірінші жағына қосылатын жіктік жалғау әрқашан -қ, -к болып келеді. Бұл форма да ( -қ, -к) ерте кезедегі көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болғанға ұқсайды.
Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар, (-лер, -дар, -дер, тар, -тер) екені белгілі. Осы себептен бұл заңды түрде көптік жалғауы деп аталады. Бұл жалғау сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбысының әуеніне қарай өзгеріп, -лар, -лер, -дар, -дер, тар, -тер формаларының бірінде жұмсалады[3, 41] .
Одан әрі А. Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ «көптік жалғау категориясы» деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған профессор С. Исаев «ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) сипаты көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өзі ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы» деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады»[7, 59], - деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір-біріне қарама-қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С. Исаев «Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категрия числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады [8, 67], - дей келіп, көптік категориясын осы еңбегінде «Сан-мөлшер (көптік) категориясы» деп атаған.
«Қазақ грамматикасында» (2002) «Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталытын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі - оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптьік мағына берудің негізгі жолы болғанмен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болудың бұдан басқа амал-тәсілдері бар[4, 454] » - деп көрсетіліп, тек ғана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы - көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.
Көптік ұғымының ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:
а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:
- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн, т. б) .
- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т. б) .
- өсімдік аттары (арпа, бидай, сұлы, жусан т. б) .
- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілік т. б) .
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т. б.
Ал мұны С. Исаев «сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз [9, 53] », - дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған.
А. Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас, т. б. ) көптік ұғым білдіреді деп есептеп, оны лексика-семантикалық тәсіл деп атаған [3, 41] .
б) көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.
Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:
- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни Орхон-Енисей жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған - т қосымшасы бар. Бірақ бұл қосымша сол кездің өзінде «атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан-тарқат, тігін-тігіт секілді азын-аулық сөздердің құрамында кездескен [19, 88] ».
- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін - з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептелді. Бірақ бұл қосымшалар «әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған».
- І-жақ жіктік жалғау тұлғасы -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептелді (біз болдық, келдік т. б. ) .
- қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық формалар -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) . Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.
Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шеберлікпен егіліпті. (Ғ. Мұстафин) Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына отырғызылаған ағаштарды жалпылап тұр. Немесе, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда кеп еріп еді. (М. Әуезов)
Мұндағы үлкен сын есімін -дер көптік жалғауы заттандырып, әрі оған көптік мағына үстеп тұр.
Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А. Ысқақов көптік жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін көрсеткен[3, 43-46] .
Көптік жалғаудың С. Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі - оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап «қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын» - дейді[8, 69] . Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара-бара ұлғайып . . . қарауытқан сай болды (Б. М) . Зеректік, ойшылдық, сезімталдық - ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер (І. Е) . Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеріндегі -тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды - Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып . . . қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық - ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.
Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер т. б.
А. Қалыбаева да қосымшаларды үшке бөліп, туынды жұрнақ, сөз байланыстыратындарды жалғау деп, ал форма тудыратындарды жұрнақша деп бөлуді ұсынады да, жұрнақтар туынды түбір тудырса, жұрнақшалар туынды сөз немесе туынды сөз табын (мысалы, етістік) жасайды деп көрсетеді[4, 185] .
Бұл пікірлерден қосымшаларды жіктеуден, біріншіден, ұстанатын басты критерийміз қандай болмақ қосымшалардың қандай белгілерін негізге алуға тиістіміз деген мәселенің басы ашық емес екенін аңғарамыз.
Екіншіден, қосымшалардың білдіретін мағыналық мәні, қызметі, олардың өзіндік сипаты деген ұғымдар бір-бірінен ажыратылмай сапырылысып кеткен.
Үшіншіден, қосымшаларды жіктеуде ең алдымен неге сүйену керек, олардың мағыналық ерекшеліктері негізге алынуы, негізі неде дегеннің басы ашылмай қалады.
Қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде қандай сипаттары арқылы ерекшеленеді және түбір морфемадан қандай қасиеттері мен белгілері арқылы ажыратылады. Міне, осыдан барып қосымшалардың басты белгілері мен негізгі сипаттары айқындалып, оларды жіктеуге нақты критерий туындайды. Осы жағынан келсек, қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-грамматикалық белгісі - мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болумен қатар (түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды, демек, өз бетімен жеке дара қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, вариантталып түбірге жалғанады) түбірге жалғану арқылы жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру немесе әр түрлі қосымша мағына үстеу болып табылады. Соның нәтижесінде барып қосымшалар белгілі бір қызмет атқара алады. Сөйтіп, қосымшалардың білдіретін және беретін мағынасы оның ең бірінші басты қасиеті де, атқаратын қызметі сол мән-мағынасы арқылы жүзеге асатын екінші қасиеті болып саналады. Сондықтан қосымшаларды жіктегенде, олар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа лексикалық мағына тудыра ма, жоқ түбірдің лексикалық мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, тек қосымша грамматикалық мағына үстей ме - осыған қарап қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қараған жөн.
Сөз тудыратын қосымшалар форма тудыратын қосымшалармен сөздің белгілі бір морфологиялық құрамды бөлшегі болып, морфема ретінде бір топ құрғанымен, олардан мағыналық, қызметтік жағынан мүлде өзгеше екенін баса айту керек. Сөз тудыратын қосымшалар өзі жалғанған түбірдің лексикалық мағынасын өзгертіп жіберіп, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөйтіп барып, сөз тудыру процесінің бір тәсілі ретінде грамматикалық мәннен гөрі лексика-семантикалық қасиетке ие болып, сөз тудыру қатарындағы белгілі бір үлгі ретінде өнімді - өнімсіздік, құнарлы - құнарсыздық сипатта көрініп отырады.
Форма тудырушы қосымшалар, бір жағынан, белгілі бір сөз табының парадигмалық түрлену жүйесінің тұлғалық көрсеткіші болып саналса, екінші жағынан, сол сөз табын, оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатын осындай морфологиялық белгілері арқылы басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін грамматикалық тұлғалар жүйесі, яғни морфологиялық критерийдің негіз болатын, сөз табының грамматикалық сипатының басты көрінісі екенін ескеру қажет[4, 186] .
Сөйтіп, қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалар және форма тудырушы қосымшалар деп екі топқа бөлудің ғылыми да, практикалықта мәні бар. Өйткені, одан, бір жағынан, қосымшалардың басты грамматикалық қасиеттерін, мағыналық ерекшеліктерін айқындау арқылы олардың мәні мен қызметін, тілдік қабаттардан алатын орнын анықтаймыз, екіншіден соның негізігі сөз тудыру қатарының үлгісі ретінде лексикалық құбылыстың грамматикалық мәнін, олардың ара қатынасын ашамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz