ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану математика факультеті
Дене шынықтыру және спорт теориясымен әдістемесі кафедрасы
5В010800 Денешынықтыру және спорт мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: Зерттеу жұмыстарына дайындалу: зерттеу жспарларын құру, зерттеу күнделігін дайындау, құжаттарды рәсімдеу, ұйымдастыру шарттары.
Орындаған:
Тексерген: Акжигитов Б. А
2021 жыл
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
Тақырып қызықты, тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. Студенттің қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер,
күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы. Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу; бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын
ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау; тақырып нақты бір объекті
аясында шектелу керек. таңдалған тақырып өз секциясының отырысында
немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ
Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті
қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық,
ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, атыжөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек.
Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарымқатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б. М. Даралық және кәсіп. - М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А. В.
Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 8182 б.
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме) . Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану . . . » [ 5 ] .
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ
4. 1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды
сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.
Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу
Мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл
кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер,
байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т. б. зерттеу әдістері
пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
Зерттеу күнделігін жүргізу.
Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті
құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы
Студенттің Т. А.
Оқу орны, фак, оқу тобы
Ғылыми жетекшінің А. Т. Ә. А
Күнделіктің негізгі бөлімінде студенттің істеген жұмыстары
кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:
№
Жұмыс мазмұны
Зерттеу әдістері
Ескерту
Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ
Ғылыми жобада:
- бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
-теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
-пайдаланған әдебиеттер тізімі;
-қосымша (егер қажет болса) болу керек. Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- зерттеу күнделігі.
Мазмұны бар беттерді ресімдеу:
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз
көрсетіледі;
ә) мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
Кіріспе;
1 тарау (1. 1., 1. 2., 1. 3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары
болады) ;
2 тарау (2. 1, 2. 2., 2. 3. тармақшалары) ;
3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары) ;
Қорытынды;
Әдебиеттер тізімі;
Қосымша (егер бар болса) .
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес
араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады.
(1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бетмазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі) .
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz