Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жаркент жоғарғы гуманитарлық - техникалық колледжі

Тақырыбы:
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында құзыреттілікке бағытталған білім беру
(Бастауыш мектептегі ана тілі бойынша)

Курстық жұмыс
Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
Орындаған
403 топ студенті_______________ Жумағұл А.С ___________2021ж.

Ғылыми жетекші
Қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі:_________ Балғабекова Г.Т __________2021ж.

Қорғауға жіберілді:
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары: _________________Агимов С.Қ. ______________2021 ж.

Жаркент 2021ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I-тарау. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Зат есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Сын есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Сан есімді оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Етістікті оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту
2.1 Жаңа материалдарды түсіндірудің әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Оқушылардың тілін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны пайданалу ... ... ... ... ... ... ..
2.4Диплом алды іс-тәжірибеде сөз таптарын оқытуда акт-ны қолдану ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

К і р і с п е
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы.- дегені мәлім. Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек, - деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе - өз жұмыс орнында бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жеткізу. Бұл дегеніміз - білім беру саласындағы жаңа идеяларды және ақпараттық технологияларын толық пайдалану.
Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты - тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр-білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру-жаңа ақпараттың технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды негіздейді.
АКТ - ның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту үшін әр түрлі технологияларды қолданады. Мен қазақ тілін оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдануға тоқталғым келеді.
Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың негіздері:
1.Ақпараттық құралдарымен жұмыс істеу;
2.Оқу барысында компьютерді пайдалану;
3.Модельдеу;
4.Электрондық оқулықтарды қолдану;
5.Интерактивті тақтаны қолдану;
6.Компьютерлік оқыту бағдарламаларды пайдалану;
Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын армандайды. Оны қалыптастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бізге әдіснамалық әдіс - тәсілдерді таңдауға, сабақты қызықты да, есте қаларлықтай болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту үрдісін өзгертіп, балалардың жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (электронды оқулық) пайдаланудың тиімділігі:
* оқушының өз бетімен жұмысы;
* аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
* білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
* шығармашылық есептер шығару;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
* экономикалық тиімділігі;
* іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
* оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймын.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ тілі біліміндегі сөз топтастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралай отырып, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Бастауыш сыныптарда сөз таптарын ақпараттық технологиямен оқытуда озық тәжірибелі сабақ өту, әдістемеге жаңалық енгізу.

Зерттеу объектісі: Сөз таптарын оқыту негізінде ақпараттық технологияны қолдануды қалыптастыру, олардың ерекшелігін және оларды қазақ тілін оқыту кезінде қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеу пәні: Сөз таптарының зерттелуі, сөз таптарының зерттелуіне байланысты ғалымдардың айтқан пікірлерін қарастыра отырып, сөз таптарын оқытудың жолдарын көрсету, сөз таптарының бағдарламада, оқулықта берілу, оқыту жолдарын қарастыра отырып, нақты мысалдармен дәлелдеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Сөз таптарын оқытудың өзіндік ерекшелігін, әр сөз табының жасалу жолдарын, түрлерін, өзіне тән категорияларын сөйлемдегі қызметін, өзіндік қасиетін әр оқушы толық пайдаланатын әдебиеттер тізімімен меңгерсе, оны өмірінде қажетіне жаратса, әр сөздің мәнін, қызметін ажырата біледі.

І тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Баланың тілі шығып, сана - сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді: Оның ақыл - ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Сөз таптарын оқыту - қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту болып табылады.
Сөз таптары - сөздердің лексика - грамматикалық топтары, олар тек таза грамматикалық белгілері, сөздердің лексикалық мағыналары арқылы бөлінетінін оқушыларға нақты түсіндіре білу керек. Грамматиканың міндеті - сол тәжірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру.
К.Д.Ушинский
Сөз таптарының ерекшеліктері, қызметі өмірден алынған мәтіндер мазмұнымен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны анық, сондықтан оқушының сөз таптарының қызметі олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт.
Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары: Зат есім, Сын есім, Сан есім, Етістік, Есімдік, Шылау.
1 - сыныпта кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т.б сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысады. Мұндай сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретінін меңгереді.
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулығында 1 - сыныптарда зат есім, сын есім, сан есім туралы теориялық мәлімет берілмейді. Зат есім, сын есім, сан есімдер тек заттық атаулармен байланысты екенін ғана түсіндіріледі.
Зат есім туралы тек нақты заттарды көрсетіп, атын, ұғымын білдіретін сөздер деп көрсетеді. Сын есім деп белгілі бір заттың реңін, пішінін, көлемін білдіретін сөздер, ал сан есім туралы заттардың нешеу екенін санап, жай ғана сандық ұғымдары түсіндіріледі.
2 - сыныпта бұл сөз таптары туралы теориялық білім беріледі, ережелер жатталып, жаттығу жұмыстары жүргізіле бастайды. Бұл тақырыпты оқытуда оқушылар кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.
Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше? қанша? нешінші? деген сұрақтарды қою арқылы сан есімдердің осы түрлерімен таныстырамыз.
Одан әрі мұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.
3 - 4 сыныптарда сөз таптарының бұл түрлері туралы жалпы грамматикалық мәлімет беріледі.
Үстеу тақырыбы тек қана 4 - сыныпта өтіледі. Үстеуді етістікпен байланыстыра, қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы екендігін біледі.
Шылау сөздер сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы көмекші сөздер екендігі де 4 - сыныпта оқытылады.
1.1 Зат есімді оқыту
Зат есімді сөйлем ішінде танытудың мәні зор. Сондықтан сұрақты сөйлемдегі сөз бен сөздің тіркескен тобына лайықтап қойдыру керек. Тақырыпты оқытқанда суретпен жұмыс жүргізудің мәні зор. Ондағы мақсат - адам туралы кім? басқа жанды - жансыз заттар туралы не? деген сұрақ қойылатынын түсіндіру. Содан кейін ережелерді оқып қана қоймай, берілген мысалдарды талдап түсіндіру жөн.
Зат есімді оқытуда тағы бір мақсат - балаға заттардың әр алуан болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара - қатынасын білдіру. Одан әрі сұрақтар, көп нүктелер орнына зат есім болатын есімдерді қойдырып, сөйлемдер құратып жаттықтыру керек.
Зат есімнің жіктелуі: 2 ге бөлінеді. Жекеше және көпше
Зат есімнің көпше түрі. 2 - кластың оқушылары жүзге дейін санап, төрт амалды, икс қатысты небір қиын есепті шығара алады. Ол балаларға бір үйрек үш үйректен көп еместігі, бір алмадан төрт алманың көп екенін ұғыну қиын емес. Бірақ сол оңай есепке құрылған жекеше және көпше деген ұғымды білдірудің грамматикалық тәсілі балаларға үлкен жаңалық. Сондықтан жекеше, көпше дегенді ұғындыру үшін сурет астына сол тұлғадағы зат есімдерді қатар жазып, мағыналарын сурет арқылы дәлелдеп, оңай түсіндіру, көптік тұлғаның не үшін жалғанатынын аңғарту керек.
Зат есім жекеше, көпше түрде айтылады. Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен. Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.
Зат есім мағынасына қарай: деректі және дерексіз зат есімдер.
Деректі зат есім - қолмен ұстап, көзбен көруге болатын, нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар: мектеп, қағаз, ағаш, қалам, т. б.
Дерексіз зат есім - Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, т. б.
Зат есім жалпылай немесе жекелей атауына қарай: жалпы және жалқы зат есімдер болып бөлінеді.
Жалпы есім- Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау.
Жалқы есім - Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Асан, Ертіс, Алатау.
Зат есім тұлғасына қарай: Негізгі зат есім және туынды зат есім.
Негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.
Туынды зат есім - Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.
Зат есім құрамына қарай: дара және күрделі зат есімдер.
Дара зат есім - бір ғана түбірден тұрады. от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.
Күрделі зат есім - Кемінде 2 сөзден тұрады. кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ.
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.
Септіктер
Сұрақтары
Жалғаулары
Атау септігі
Кім? не?

Ілік септігі
Кімнің? Ненің?
ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септігі
Кімге? Неге? Қайда?
ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септігі
Кімді? Нені?
ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септігі
Кімде? Неде?
да, - де, - та, - те
Шығыс септігі
Кімнен? Неден?
нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септігі
Кіммен? Немен?
мен, - бен, - пен

Зат есімді оқыту барысында көптеген ақпараттық құралдырды қолдануға болады. Мысалға алатын болсам. Мен практика барысында тақырыпты түсіндіру үшін слайдтарды, Kahoot! қосымшасы арқылы тапсырмалар орындаттым. Бұл қосымша өте тиімді. Kahoot қосымшасы оқу жылындағы барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға мүмкіндік береді. Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады.
1.2 Сын есімді оқыту
Заттың сынын білдіретін сөздер деген тақырып оқушының сын есім туралы бұрын алған түсінігін кеңейтіп түсіндіруге арналған. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркестіре білу, негізгі, туынды сын есімдерді айырту талабы қойылады. Сын есімдерді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол тексттерді пайдаланған жақсы нәтиже береді. Мысалы:
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер...
сияқты тексті алдық дейік, бұл текстте гүлдің қандай екенін, түстерін сипаттап тұр. Яғни, сын есім - заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есімнің морфологиялық сипаттары:
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім. еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
Сын есімнің синтаксистік қызметі:
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.
Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).
Сын есімнің симатикалық топтары:
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді.Бұл сындардың қай-қайсысы болсада қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.
Қатыстық сын есімдер деп бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сөздер үйдің баласы бары-жоғын білдіріп тұр.
Қатыстық сын есімдер қай сөзден жасалса, сол сөздің мағынасымен байланысып кейде сол сөзге синоним сияқты болып тұрады. Мысалы, Аталық борыш, синонимі атаның борышы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
1. Негізгі сын есімдерге - түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді.
Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
2. Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады.
Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Сын есімнің түрленуі - оның шырай формасына енуі.
Шырай - тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді. Сын есімнің екі түрлі шырайы бар: Салыстырмалы шырай, Күшейтпелі шырай.
Салыстырмалы шырай - бір заттыњ сындыќ белгісін екінші затпен салыстырѓанда кем не артыќ екенін білдіретін шырайдыњ түрі.
Жұрнаќтары: 1) - ырақ, -ірек, -рақ, -рек: 2) - лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу
Күшейтпелі шырай - белгілі бір сындыќ белгініњ бір нәрседен өте артыќ не өте кем екенін білдіретін шырайдыњ түрі. Мысалы, сап-сары, жап-жарық.
Сын есімді оқыту барысында балаларға тақырыпты тез түсінуі үшін слайд түрінде түсіндеріген тиімді. Ал, қайталау тест тапсырмаларын Мастер тест қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бұл қосымша қолданған өте тиімді. Себебі, тест белгіленіп болған соң, бірден қорытынды балл шығады, сол бойынша балаларды бағалаймыз.
1.3. Сан есімді оқыту.
Заттың санын білдіретін сөздер 2 - сынып балаларына математика сабақтарынан да жақын таныс. Олар сан есімдер қатысты әр алуан қиын есептерді шығара алады. Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге өте ұқсас, демек, сын есімдер, зат есімнің әрқилы сапасын, сынын, қасиетін, түр - түсін білдірсе, сан есімдер тобындағы сөздер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерін, шамасын білдіреді.
Сан есімдер ішінара есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау сан есімдер болып бірнеше салаға бөлінетіні сараланып түсіндіріледі.

Түрлері
Жұрнақтары
Мысалы
Реттік
-ншы, -нші,-ыншы, -інші.
Бірінші, екінші, оныншы.
Жинақтық
-ау,-еу сұрағы; нешеу?
Біреу, екеу, үшеу.
Бөлшектік

Оннан бір, төрт бүтін жүзден қырық бес.
Болжалдық
-дай, -дей, -тай,-тей,-даған, -деген,-таған, -теген, -ер, -лап, -леп, -дап,-деп
Елудей, отыздай, елулеп.
Топтау
-дан,-ден, -тан, -тен, -нан, -нен
Бестен, оннан, екі-екіден

Сан есімдердің жасалу жүйесі жағынан, семантика- лексикалық мағыналары жағынан іштей жеке-жеке категорияларға, топтарға бөлінетіні туралы түсініктер дара және күрделі сан есімдердің ерекшеліктері таныстырылғаннан кейін жеке тақырыптар негізінде беріледі.
Есептік сан есімнің басқа мағыналық топтарға тірек ретінде алынатынына айрықша назар аударылады.
Реттік сан есімдердің жасалу жолдары, олардың қолданылатын орындары мен жазылу емлесі туралы мағлұматтар түрлі ғылыми-көпшілік әдебиет материалдарын, көркем әдебиет құралдарын талдату нәтижесінде тереңдетіледі.
Жинақтық сан есімдердің өзіндік ерекшелігі, олардың тек жеті санымен шектелуі, жасалу жолдары мен қолданылу орындары, мағыналық сипатының ерекшелігі (заттық мағынаны білдіруі) оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дәлелденеді.
Топтау сан есімдердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін, жасалу жолдарын түсіндіргенде де қос сөздердің жасалуы еске түсіріле отырып баяндалады.
Болжалдық сан есімдердің жасалуындағы ерекшеліктерге олардың жұрнақ арқылы да, қосарлану, тіркесу арқылы да болжалдық мәнді білдіретіндігін көрсетуге болады.
Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолдары математикадан өткен тақырыптармен байланыстырыла түсіндіріледі. Бөлшектік сан есімдердің өмірге, тұрмысқа қажетті мәселелерді есептеудегі қажеттігіне әр түрлі жаттығулар орындату арқылы көңіл бөлінеді. Мысалы, қаржыны күнге қалай бөлу, оның бөлшектерін қайда жұмсау, т.б. немесе үй, қора салуға кететін құрылыс материалдарын пайдалану үшін оларды дәл есептеп бөлудің пайдасы туралы қызықты тапсырмалар ұсыну да тілдік, ойлау қабілеттерін дамытары сөзсіз.
Сан есімді қайталау сабақтары мен осы білімдерін жинақтап жүйелету, өз ой қорытындыларын жасату нәтижесінде пысықтала түседі.
Сан есімдерді оқытқанда есте болатын бір мәселе - осы сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру. Мысалы, қазақ ұғымында онға дейінгі тақ сандардың бәрі: бір, үш, бес, жеті, тоғыз және қырық секілді сандардың белгілі бір ырымға негізделетіні, олардың киелі деп есептелетіні тұрақты тіркестерді, тыйым сөздерді, белгілі бір тіркестерді пайдаланып, олардың құрамындағы аталған сандардың білдіретін мағыналық сипаттарымен таныстыру баланың білімін кеңейтіп қана қоймайды, оның көзқарасын да қалыптастырады. Жаттығу мәтіндерінің мәні тиянақты ой қалыптастыратындай деңгейде берілуін ескеру ләзім. Мұнда ұлттық өлшем атаулары мен қазіргі сандық ұғымдардың арақатынасын танытатын материалдарды пайдалануға да толық мүмкіндік бар.
Пәнаралық байланысты сан есім тақырыбы бойынша жан-жақты жүргізуге болады. Әсіресе, Әлемде талай қызық бар... айдарымен берілетін баспасөз материалдарын, күнпарақтағы мәліметтерді, Негеш, Ол кім? Бұл не? атты балалар энциклопедиясындағы қызықты мәтіндердің негізінде тарихпен де, өсімдіктану, жануартану, этнопедагогика, т.б. ғылымдардан хабардар ете отырып, әрі сабақтың тартымдылығын арттыру, әрі білімдік, тәрбиелік маңыздылығын жетілдіру мәселелерін бірлікте шешуге болады.
Бұл жұмыстардың қай-қайсысы да, ең бастысы, сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауға, сондай-ақ оның зат есіммен байланысын толық танытуға бағытталатыны сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің міндеті оқулықтағы мағлұматтарды өзінің ізденістері нәтижесінде түрлі жаттығу жұмыстарымен тереңдету болып табылады.
1.4. Етістікті оқыту
Заттың қимылын білдіретін сөздер жайында балалар 1- сыныпта аздап мағлұмат алған болатын. Бірақ етістіктің үлкен сөз табын құрайтыны, заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретіні, тағы басқа грамматикалық сипаттары әлі оларға түсініксіз. 2 - сыныпта да балалар бұл ерекшеліктерді жақсы білсін дейміз. Алайда түсінуге жетелейміз. Ол үшін алдымен етістікті таныту жағы ескеріледі.
Етістікті оқытқанда сұрақ - жауап сөйлемдер, слайдтар, сөйлемдер арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерге баланың назарын аударып, не істеді? деген сұраққа жауап болатын етістіктерді таныту керек. Бұған бірден кіріспей, текстерді балаға оқыта салып, көшірте қойғанмен іс бітпейді. Сұрақтардың жауаптарында етістікті балаға айдан анық болуға тиіс.
Оқушылардың осылай етістіктерді танытуға жетектей отырып, ережесін оқытса, бірден түсінікті болады. Одан әрі біраз жаттығулар ережелерде айтылғандарды бекітуге арналған, сөйлем ішіндегі етістіктерді балалардың өздеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық ойлау дағдысы
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Сөз таптары орыс
Пәндер