Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан, Шымкент қаласы, Мирас Университеті

реферат
Тақырыбы:
Білім берудегі құзыреттілік тәсіл

Орындаған:Қуанышбай Ұлпан Бағдатқызы
Тобы:Пп 2011 К-1

2021 ж
Құзыреттілік-дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар мұғалім қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ ұстаздарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзіреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
* бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
* мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
* оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
* коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
* ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
* әлеуметтік - еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
* тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан - жақты болуы талап етіледі.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, өзін-өзі ұстауы - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға құзіреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.
Құзырлық сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау деп берілген
Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Осы орайда мұғалім тиімді технологияларды сабақ үрдісінде тиімді қолданғаны дұрыс. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс еңгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі кезде білім беру үрдесінде 50-ден астам технологиялар қолданылады. Соның ішінде Сын тұрғысынан ойлау технологиясын басшылыққа алдым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі ойлау процесі болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.
Ол ортада оқушы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Шығармашылық ойлау дағдысы
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлерін саралау
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері
Азот және Фосфор элементтерін және олардың қосылыстарын жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі
Сыни тұрғыдан ойлану
Химия сабақтарында жобалау әдісін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ
Пәндер