Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Еуразия Гуманитарлық Институты

Курстық жұмыс
Пәні: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту

Орындаған: Жүсіп Аяулым
Тобы: ҚТ-19-01
Тексерген: Шормакова А.Б

Нұр-сұлтан 2021
Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
С. Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы.
С. Дөнентаев шығармаларындағы өмір шындығы.
С. Дөнентаетың журналистік қызметі.
С.Дөнентаев-мысал жанрының шебері.
Қорытынды.

Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Біздерде жігер,намыс бар ма, қазақ? деп отаршылдық езгідегі халқының ұлт намысын қайрап, ел мүддесін мұрат тұтқан ақын Сәбит Дөнентаев мұрасы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.
Ақынның шығармашылық ізденісінің қайнар көзі ел санасын оятып, ұлт тәуелсіздігін жырлаған әдебиеттің идеялық арнасы мен сабақтасып жатыр.Ұлтты ояту, ел қамын жеу, қазақ халқының азаттығы-Сәбит шығармасының басты өзегі.Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де елдікті темір етіп, халық сабасына азаттық пен азаматтың, ағартушылық пен адамгершілікті ізгі қаситеттер дарытқан Айқап, Қазақ басылымдарында жарияланды.
Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі.
Сонымен қатар, Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқан болатын.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы,Кереку уезі,Ақсу болысы, төртінші ауылды кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.Жас кезінде Сәбит ауылдағы молдадан ескіше оқиды. 1907-1908 жылдары Маралды деген жерде Жәлеледдин деген татардың медіресесінде Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен оқып, бірқатар білім алады.Одан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым қажы Ертісбаевтың медресесіне түсіп оқиды. Бұл медресе сол кездегі ескі қадым оқуы әдісіне қарсы төте оқуды, ғылымының әр саласынан білім беруді жақтаған медресе болады.Сәбит осы медресеге келіп оқумен байланысты өз бетімен өнер іздеу, ақындық жолда талпыну әрекеттеріне мықтап беріледі.Бір жағынан медреседегі жаңа пікірлі кейбір мұғалімдерден қазақ,татар тіліндегі ғылыми, әдеби кітаптарды қадағалап оқитын болса, екінші жағынан сол кездегі шығып тұрған Айқап журналын, татар тіліндегі газет, журналдарды үзбей оқиды.Абайдың өлеңдер жинағын да осы медреседе жүргенінде тауып оқиды.Орыстың атақты жазушысы Крыловтың мысалдарын, татардың ұлы ақыны Ғабдолда Тоқайдың өлеңдерін де қызыға оқиды.Бұл оқулардың барлығы Сәбит үшін босқа кетпейді. Әкесі молда болсын деп медресеге әкеп берген Сәбит енді дін жолының қараңғылыққа, ескілікке қарай жетектейтін мешеулігін әбден сезіп, нағыз ғылым жолын, ақындық өнер жолын ұстауды негізгі мақсат етеді.Сәбиттің ой-санасы тез өседі, ақындық таланты тез оянады.Сәбит Дөнентаев өзіндей жастардың қатарынада қажырлы іске, өнер-білім жолына беріледі. Осы талаптылығының арқасы болар өзінің жазған өлеңдерін, кейбір мақалаларын сол кездегі газет, журналдарға үнемі жіберіп отырды.Алғашқы өлеңдер жинағын баспаға дайындайды, сол кезде медреседе бірге оқитын Қасым қызы Сәния Ертісбаева оның өлеңдер жинағының басылып шығуына көмектеседі.
Сәбиттің Уақ-түйек атты жинағына кірген өлеңдері және Айқап журналы мен Қазақ газетінде басылған өлеңдері бірден оқушы жұртшылықтың назарын аударады.Сәбит осы тұстағы елеулі жас талантты ақынның бірі ретінде танылып,әдебиет сындарында ауызға алына бастайды.
Сәбит медресені бітіргеннен кейін ауылда біраз уақыт мұғалім болып жұмыс жасайды.1919-1920 жылдары Семей, Павлодар облыстарына Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Сәбит ауылдағы кеңес жұмысына белсене қатысады.Ағарту, сот қызметі болып қызмет істейді.Халық арасында кеңестік төңкерістің тілек- мақсатын насихаттау, кеңес заңын іске асыру жұмстарын жүргізеді.1924 жылы Сәбит Семей қаласына шақыртылып, Қазақ тілі газетінің басқармасына қызметке түседі.Осы газет басқармасында азғана үзіліспен өзі қайтыс болғанға дейін қызмет етеді.Сәбитттің өлеңдері көбнесе Қазақ тілі газетінде басылып шығарылған болатын.Кейбір өлеңдері мен әңгімелері Қазақстанның орталығындағы газет, журналдарда да жарияланады.
Сәбит тек өзінің шығармаларына ғана емес, ол әдебиетке жаңа араласа бастаған жас ақын, тілшілердің жазу жұмысына аса жауапты,ұқыпты қарайды,сөз,тіл шеберлігін жетілдіру, өмірді терең біліп жазу- әрбір жас ақын, жазушының алдындағы басты міндет деп біледі.
Сәбит Дөнентаев көркем шығармаға қандай талаптар қойғандығы, жас ақын, жазушыларға қандай ағалық қамқорлықпен қарағандығы туралы ақын Сәду Машақовтың естеліктерінде жақсы айтылады. Сәбиттің ақындық, журналистік қызметінен үлгі алып өскен жас ақындар да аз емес еді.
Газет басқармасында үздіксіз қызмет, қажырлы шығармашылық еңбек Сәбиттің денсаулығына зор әсер етеді, ол көкірек ауруына шалдығады.Отызыншы жылдардың бас кезінде Сәбит Дөнентаев республикаға есімі, шығармасы белгілі жазушы болып танылады. Басты жазушылар мен сыншылар Сәбиттің шығармаларына үлкен мән беріп, өлеңдер жинағын бастыру мәселесін көтереді.Міне, осы кезде Сәбит өзінің өлеңдер жинағын баспаға дайындап, оны 1932 жылы Алматыға Қазақстан Мемлекет Баспасына әкеліп тапсырады.
Сәбит Дөнентаев өзін билеп алған көкірек ауруы мен безгек ауруларынан айыға алмай, 1933 жылы 23 мамырды Семей қаласында қайтыс болады. Ол әкеліп тастаған өлеңдер жинағын 1935 жылы Қазақстан Көркем Әдебиет Баспасы басып шығарады.Бұдан кейін Сәбиттің бірқатар өлеңдері қазақ орта мектебінің оқулықтарында және басқа шағын жинақтарда жарияланып жүр.
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.1913 жылы Айқап журналында Сәбит Дөнентаевтың Қиялдарым өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың Уақ-түйек деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.Ақынның Бозторғай, Көк төбетке, У жеген қасқырға, Екі теке мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. Биік тау, Заман кімдікі әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. Қазақтан шыққан білгендер -- жастарға үгіт-насихат. Көркемтай повесті жетімнің тағдыры туралы.
Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана сөзбен жазып шығу жеңіл-желпі дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері ғана.Публицистің әрбір шығармасында ұлттық сипатқа лайық көңіл бөлінді.
Яғни публицистің негізгі мақсатының бірі рухани саланы жетілдіру. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарады. Абай шығармашылығына ерекше көңіл аудару осының бір айғағы.Сәбиттің баспасөзбен тығыз байланысты өмірі 1912 жылы Павлодардағы Қасым-қажы Ертісбаевтың медресесінен оқып жүрген кезінен басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста оқи жүріп, Сарыарқа газеті мен Абай журналына өлеңдерін жолдап отырады. 1919-1922 жылдары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады.Ол Қазақ тілі мен әдебиеті, Социалистік Шығыс, Жаңа ауыл, Қазақ тілі газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Сәбит Дөнентаев өзі өмір сүрген дәуірдің үні болды. Халықты бостандыққа, еркіндікке шақырды. Ақын өлеңдерінде оқу-білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның Көркем қызға, Жәмилә қыз, Әйелдер мейрамына, Мен зынданда, Ерікті Айша, Ерікті Айша, Әйелдердің он жылдық тойына деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі.
Болса алыңыз, қыз керек,
Маған жалғыз сіз керек.
Деп Төкішбай жалпылдап,
Алпыстағы жасына,
Қарамастан қарқылдап,
Уәде қылды, қол соқты...
Ал Жәмилә зарлап жүр,
Шайтан алсын, шал алсын,
Төкең байғұс мал алсын, -
деп, қызын малға сатқан Төкіштей дүниеқоңыз атаны, қалың малшы байлардың адам еркіндігін еріксіз байлаған топастығын әшкерелеп, өткір сынайды.
Табиғат лирикасына жазылған өлең шумағына мән берсеңіз, онда тек табиғат көрінісі ғана суреттеліп тұрмағанын бірден байқайсыз. Жаз мезгілін бейнелей отырып, халықты өмірдің жазына шақырады.Сондай - ақ, Шілде, Жарық ағаш, Бірінші май, Жазғытұры жар басында, Күздің сыры, Май туады деген өлеңдерінде табиғат көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі жайында толғанады.
Сәбит Дөнентаев балалар әдебиетіне де қалам тербеген. Оның көптеген өлеңдерінен бала мінезі, бала жаны бейнеленіп, балаға деген мейірім айқын сезіледі. Тіпті Сәбиттің жалғыз көркем әңгімесі Көркембай да жетім бала тағдыры жайында.Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда Балалық, Балалықты сағыну, Ұры мен баласы сынды өлеңдерін атап өтуге болады.
Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. Рамазан айында деген сатиралық өлеңі мен Калила мен Дамнадан тәржіма жасаған Бір көлдегі үш балық, Бит пен бүрге мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай-ақ Ібілістің шайтандарына айтатыны, Ауырған арыстан, Көзі тоймайтын ит, Екі теке, Көк төбетке, Сұңқар мен қарғалар, Бозторғай, У жеген қасқырға тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан-жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, халықты еңбекке, бірлікке шақырады.
Солардың ішіндегі мәселені көтеру жағынан маңызды келетін, таптық көзқарасты бейнелейтін өлеңі - Бозторғай. Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілердің кейпін көрсеткен. Шырылдаған бозторғай мұңын айтып өзінен әлді құстарға жүгінгенімен, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, әлімжеттік жасамақ болады. Сөйтіп, бозторғай Бұл заман байқағанға күштінікі (Сәбит Дөнентаев, Менің халім) екенін ашына мойындайды.Тереңірек үңілген адамға осы мысалдың астарында Сәбиттің өз өмірі де жатқан сияқты. Жоқшылық, ауру, әділетсіздік аяғын тұсап, адымын аштырмаған ол, көлемді туындылар бере алмады. Өзі өлеңдер жинағына Уақ-түйек деп қалай ат қойса, ақын туындалылары да сол атаудың шеңберіне сыйып кететіндей. Осы тұста көрнекті әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбековтың мына бір пікірін келтіре кеткенді жөн санадық: Иә, Сәбит Дөнентаев өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты - халқына адал қызмет ету еді. Аз ғұмырын халқының тағдырын жырлауға арнады. Сондықтан, Сәбит Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды.
Сәбит 1918 жылы Семейге келеді. Онда семейде Сарыарқа газеті шығатын. Сәбит осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де (Адаспаспыз, Сарыарқа анамызға) осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да Сәбит Семейде болып Мұхтар Әуезовтен орыс тілі сабағын жеке (частный) оқиды. Сол жылы Сәбит Павлодарға, еліне қайтады. Енді ұлтшылдардан көңілі қала бастайды. Бұл ретте Сәбит өзінің ол кездегі жастығын, басында ұлтшылдардың ықпалына ергенімен, кейін одан тайқып шыққандығын айтатын еді. Мұны сол уақытта жазылған Қаулы деген өлең едәуір дәлелдейтін тәрізді.
1923 жылы Қазақ тілі газеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Сәбит Дөнентаев жайлы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Пәндер