Сайын Мұратбековтың әңгімелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТАУЕКЕЛ
Сайын Мұратбековтың прозалық шығармалары және оларды орта мектепте оқыту әдістемесі
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. Сайын Мұратбековтың әңгімелері
1.1. Сайын Мұратбеков әңгімелерінің идеялық, көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. С.Мұратбеков әңгімелерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
II. Сайын Мұратбековтің повесттері
2.1. Сайын Мұратбеков повесттеріндегі соғыс пен бейбітшілік тақырыбы және оның көркемдік интерпретациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. С.Мұратбеков повестерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың дәстүрлі және жаңашыл әдістері...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Самерзон Моэм: Әңгіме- ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір ғана нәрсе, бір ғана оқиға емес немесе бірнеше оқиғалар тізбегі бірігіп кеткен шығарма. Әңгімені еш нәрсе алуға да, қосуға да болмайтын етіп жазу керек дегеніндей әңгіме жазу жазушыдан жинақылық пен ой нақтылығын талап етеді.
Әңгімеде берілетін оқиға, сюжет шағын көлемді болса да өз оқырманын бірден үйіріп алатындай соншалықты тартымды әрі шынайы, қызықты болуы тиіс. Орыстың ақыны А.С.Пушкин әңгімеге қатысты: Ең парасатты проза - дәл әрі қысқа жазылған проза десе, З.Ахметов: Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма...Әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ деген екен.
Кез-келген жазушының шығармалары өзі өмір сүрген дәуірдің әлеуметтік өмір-тіршілігінен бөлек болуы мүмкін емес. Көркем шығарма- шынайы өмірдің көрінісі, онда шынайы өмірдің сәулесі, ақиқаты шынайы суреттеледі.Ал суреттейтін автор - белгілі бір дәуірдің куәгері әрі перзенті.Оның шығармашылығының дәлелі - сол өмірдің айнасы.
Қай ұлттың да, қандай да бір халықтың көркем әдебиетінде қайталанып оқыла беретін қаламгерлері болады. Қазақ әдебиетіндегі біз жалықпай, қашан да қайталап оқи беретін көрнекті қаламгерлеріміздің бірі - Сайын Мұратбеков. Сайын Мұратбековтің қаламгерлік келбеті өзіндік кемелдігімен, шынайы шеберлігімен оқшау тұрып, дараланып көзге түседі.
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Талдыұоған облысы Қоңыр аулында дүниеге келген. Ең алғашқы еңбек жолын 1954 жылы Ильич атындағы ауылшаруашылық артелінің колхозшысы болып бастап, 1959-1969 жылдары Жұлдыз журналының әдеби қызметкері, одан әрмен Жазушы, Қазақ әдебиеті, Халық Конгресі газеттерінің бас редакторы қызметін атқарады. Ең алғашқы жинағы 1961 жылы Менің қарындасым, екіншісі Ауыл оттары атауымен жарық көрген.
Сайын Мұратбеков - қазақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуына ерекше үлес қосқан қаламгер. Жазушы прозасы алтын ғасыр әдебиетінің саф таза, маржан мұрасы.
Сайын Мұратбеков отыз жылғы жазушылық жолында прозаның ықшам саласы - әңгіме жанрында бірыңғай қалам тербеп, қазақ әңгімесін танытар лиризмге толы туындылар арқылы байытып, шағын жанрды роман мен повестің тасасынан шығару құбылысын жүзеге асырды. Жазушы әңгімелері арқылы арқылы біз қарапайым ауыл адамдарының сонау соғыс жылдарында бастарынан өткізген тағдыр жолына қанығамыз.
Жазушының көркем прозасы жайында қаншама жылдардан бері қарай көптеген қаламгерлер, жазушы шығармашылығына айрықша көңіл бөлген зерттеушілер айтып та, жазып та келе жатыр. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Ғабит Мүсірепов: Көп ұлтты әдебиетіміздің гүлдеп тұрған мәуелі бағында оның жас талдай желкілдеп бой көтерген тамаша прозасы бітік шығып, алыстан көзге түсіп, көз тартары сөзсіз - деп, қазақ әдебиетіне енді ғана аяқ басқан Сайын Мұратбеков прозасын алыстан көрінетін жас талға теңесе, В.Владимиров: Сайын Мұратбеков әңгімесі жалаң ақыл айтудан, сыртқы жылтырақтықтан аулақ адамның шарықтап шыңға шығуының қайталанбас тарихы деп, жазушы шығармаларының сондай таза, шынайы екендігінен хабар береді.
Қаламгер әңгімелерінің ерекше бір қасиеті - қарапайымдылығы, халықтығы болса, сондағы оқиғалардың өмірлік шындықтан алынып жазылғандығында еді.Сайын Мұратбеков әңгімелері оқуға жеңіл әрі тартымды келеді. Суреттеліп отырған оқиғаның сондай шынайы жазылатыны соншалық, тіпті кейде оқып отырған шығармаң өмірде болған күйінде ешбір қосымшасыз берілген сияқты болып көрінеді. Соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі ауыл өмірі, қазақ халқының басына түскен ауыр тұрмыс, ашаршылық, жесірлік пен жетімдіктің азабы жазушы әңгімелерін оқу кезінде сондай көркем де шынайы суреттелгенін байқаймыз.
Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі - Менің қарындасым. Астанада оқитын студент аға мен енді есейе бастаған қарындас арасындағы белгілі сурет бейнеленеді. Қысқы демалысты пайдаланып, ауылға келе жатқан студент, жалғыз қарындасы Әлиманың еркелігін, өжет мінезін көруді сағынып келгенде сүйікті қарындасының есейе бастағанын Жүгіріп кеп құшақтап алар деп тұрғанымда, салмақты басып келіп амандасуы ойымдағыдай болып шықпады деген бір ғана сөйлем арқылы суреттейді. Дәл осы сөйлем арқылы біз студент жігіттің қарындасының есейе бастағанына таңырқай көз жеткізуін, өзінің де рухани сілкіну сәтін бастан кешіріп, қайта келмес балалық дәуренге сағынышын, туыстық махаббатқа сәлде болсын кіршік түсуіне наразылығын, ал мектепті бітіруге таяп қалған бойжеткен қыздың психологиясын, көңіл-күйі мен әр қимылы, жүріс-тұрысының бұрынғыдай емес өзгеріп, салмақтана түскендігін байқаймыз. Одан бөлек, анасының Әлимаға қатты сөз айтып жүрме, мен жанына жақындасам ұялатын болуы керек, әр нәрсені сылтауратып Әлима тайып тұрады деген секілді қарапайым бірақ шебер құрылған сөйлемдер арқылы ананың баласына деген махаббаты, қыз баланың ағасына, жалпы ер адамдарға, жақыны болса да ақтарылып сыр айтпайтындындығынан хабар береді. Сонымен бірге нағыз ауыл қызының ұяң, ұялшақ әрі тұйық келетін мінезді портретін де көз алдымызға әкеледі.
Сайын Мұратбеков характер жасаудың да шебері. Яғни, жазушыны шығармашылығын оқытуда оқушылардың назарын ерекше аударатын - жазушы кейіпкерлері. Сайын Мұратбеков кейіпкерлерінің характері айқын, эстетикалық талғаммен сұрыпталып жазылған, типтік бейне тұрғысынан қарауға болатын ерекше мәнге ие оқшау тұлғалар. Сайын Мұратбековтің қай кейіпкерін алсаңыз да, оның жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі мен істеген ісі нанымды әрі шынайы бейнеленеді. Менің қарындасымдағы Әлиман, Күсен-Күсекедегі Күсеке, Ескек желдегі Рысжан, Кәмен тоғайдағы Кәмен, Ананың арманындағы әже образы, Ұлтуған әңгімесіндегі Ұлтуған, Басында Үшқараныңдағы Зағипа, Отау үйдегі Ұзақ пен Тана образдары жазушының қаламгерлік шеберлікпен қырналып суреттелген, әсем сомдалып, көркем жасалған дара образдары.
Мысалы, Жазушы Күсен характеріндегі ұсақ-түйекке қайырылмайтын кесектікті, қиындықта қол созуды парыз санайтын дархандықты, кейбір пенделердің түлкі қулығын білсе де, сезбеген сыңай танытуға, жаны таза, мұраты анық болған соң, арланбайтын, ұяттың жүгін мысықмұрттардың өз санасына қалдыратын парасат үстемдігін нағыз халықтың мінез, ұнамды мұрат есебінде терең бауырмалдылықпен бейнелейді - деп Б.Майтанов жазғандай [], жазушы расымен де, Күсен бойындағы ақ көңілдікті, еңбекқорлықты кейіпкердің ішкі сөздері, ашық монологтық сипаттар, кез-келген жағдайға таңырқау немесе елжіреп кету күйлері арқылы көркем бейнелеген.
Сайын Мұратбеков күрделі тақырыпты, шиеленіскен тартысты қысқа әңгімеге сиғыза суреттей алатыны секілді,бірнеше адамдардың әртүрлі характерін де жан-жақты бейнелей біледі. Жазушының бұл қасиетін оның тек бір-екі әңгімесінен емес, барлық әігімелерінен байқауға болады. Мысалы, жазушының Қызғаныш атты әңгімесін алайық. Бас-аяғы жинақы тоғыз-он беттік қана шағын бұл әңгімеде екі баласы бар жесір әйел Бағила мен қолхоз председателі Дауылбай және оның әйелі жайлы сөз қозғайды. Бағила - поштаның жаңа бастығы. Ауыл адамдарының сөзімен айтсақ, ұзын кірпікті, қой көзді, тік ұстайтын әсем мүсінді өз жұмысына берік әйел. Дауылбай тоң мойынды, қызғаншақ, көрсеқызар сол ауылдың председателі. Бағилаға деген көңілі бөлек. Ал Дауылбайдың әйелі Мағия Бағиладай емес, үйде отырып қалған,өзінен он алты жасқа үлкен күйеуінен таяқ жеп, түрі кекселік қалыпқа жеткен, қызғаншақ, ұрысқақ,бейбақ келіншек. Әңгіменің соғында поштаның жаңа бастығынан күйеуін қызғанамын деп көзі қанталап, не істеп, не қойғанын білмеген жас келіншек Бағиланың жалғыз сиырының ішін жарып өлтіреді. Осы әңгімедегі Бағила,Дауылбай,Мағия,Поля апай әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен дараланып, оқшаулана түскен. Бар болғаны тқрт қана кейіпкер, бірақ әрқайсысы жеке тұлға, жеке характер. Мұндай жайттар Сайын Мұратбековтің барлық әңгімелерінде кездеседі.
Жазушы әңгімелеріндегі басты кейіпкерлер негізінен ауылдың председателі, қарапайым ауыл адамдары. 40-60 жылдардағы ауылдың тыныс-тіршілігі, адамдар арасындағы қарым-қатынас, сол қарапайым адамдар бейнесін Сайын Мұратбеков жақсы жасай білген. Оқып отырған шығармаңдағы кейіпкердің бет-бейнесін көрмесең де, жазушы жасаған бітім-тұлғасы, іс-әрекеті, ой-сезімдері арқылы көргендей сезімге кенелесің.
Қаламгер туындыларындағы өзіне етене таныс ауыл, ауыл адамдарының бейнесін әр жақтан суреттеуі - оның барлық әңгімелерінің тұрақты тақырыбы болған төл қолтаңба.
Жазушының соғыс жылдарындағы ауылы - қазақ халқының басына түскен ауыр тұрмыс, аштық, жетімдік пен жесірлік, қабырғаны қайыстырған әрқилы аянышты оқиғалар. Ал соғыстан кейінгі қазақ ауылының өмірі жазушы шығармаларында қалай суреттеледі? Шынайы да көркем. Мәселен, Қылау әңгімесін алайық. Мұндағы кейіпкерлердің тіршілігі, жан дүниесі романтикаға толы, шынайы. Адалдық, адамгершілік, бауырмалдылық пен сезімталдық, қайырымдылық пен жақсылық сияқты қасиеттердің барлығы жазушының осы әңгімесінде балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері арқылы суреттеледі. Соғыстан кейінгі тынымсыз тірліктің болмысы, қарапайым халықтың тынысы мен өмірін суреттеумен басталған әңгімедегі шырт ұйқы құшағында жатқан басты кейіпкеріміз Сартайдың ұйқыдан тұруы, терезеден түскен бұлыңғыр жарық, үйдің қоңыр салқын ауасының Сартайды қайта ұйқы әлеміне ерітуі, торы дөнен, қаңқылдаған қаз, дарылдай сөйлеген әке дауысы, түні бойы қылаулап жауған қар бәрі-бәрі ауыл өмірінің шынайы суреті. Әңгімеде ерекше бір сезімге бөлеп, оқырманды қызықтыратын Сартайдың өмір жайлы балалық бірақ ересектермен тең ой ойлайтын монологтары бар: ...Шіркін, адам өлмейтін болса, әйтпесе не ол... туасың,өмір сүресің, күндердің күнінде өлесің де қаласың, ал сонан кейін...сонан кейінгісін ойлағың да келмейді ау, қандай қорқынышты. Рәбиға екеуінің арасындағы диалогтан да Сартайдың терең ойлап, еркіндікті сүйетін адал бейнесі көз алдыңа келеді. Рәбиғаны көргенде, бұрыннан білетін адамдай, еш қысылмастан: ...Кәне, бері қарашы маған, өзің керемет сұлу қыз екенсің Рәбиға деп айта салуы да балалық шынайы бейнесінің бет пердесі деуімізге болады. Жазушы осы бір образы арқылы бірде мақтаншақтық, бірде қорқақтық, бірде балаға тән аңғалдық, бірде ересектерше терең ойлылық қасиеттерді, сезімдерді бізге көрсету үшін бір Сартайдың бойына барлығын төге салғандай.
Сайын Мұратбеков шығармаларының шыңы деп айта алатын бірден-бір әңгімесі - Басында Үшқараның.... Бұл әңгімесінде қаламгер күйбең тірлікпен ауылға барып қайтуға уақыт таппайтын өзімізді сипаттайды. Ал уақыт тауып бара қалған жағдайда біздің туған жерге, ауылымызға деген ынтық, шынайы сезімдерімізді, көңіл күйімізді жазушы шебер суреттей алған.
Негізі әңгіме жазушының өз өмірінен алынған дейді. Оған дәлел қаламгердің жары Мәриям апаның естеліктері: Шығарманың басты кейіпкері Әсет - Сайынның өзі. Зағипа-әлі де бар, ақсары, ақжарқын келіншек-тін. Қазір ауылда тұрады. Малшының әйелі. Шын аты - Сәруар. Алматыға келсе міндетті түрде үйге соғады. Сәулетайға келетін болсақ, әңгімеде баяндалған оқиға шынымен де болған оқиға. Оны Сәкең біраз өңдеп, шығармаға қосқан ғой. Ал әпке деп отырғаны - Мұратбектің інісі Мұратудың қызы. Әңгімеде ұзатылып жатқан сол қыз болатын. Басқа кейіпкерлер де осы ауылдың тұрғындары. Сәкең туған ауылын, оның әсем табиғаты, мөлдір бұлағы мен асқар тауын сүйетін....
Жазушы бұл әңгімесін адал досы, жақсы араласқан Әкім Таразиға арнаған. Жиырма жыл уақыт ауылына бармаған Әсет жігіттің пойыздан түскеннен кейінгі таңданысы, ауылына деген сағынышы, табиғаты сұлу туған жерінің көз тойғысыз таулары мен тастарын, ауыл мен станция арасында кезінде өзі жүріп өткен бітпейтіндей көрінетін жолдарын, жалғыз ғана әпкесінің қуана қарсы алуы, бүкіл ауыл адамдарының Әсетпен амандасуға келуі, өзінің алғашқы махаббаты, алты баланың анасы Зағипаны сонша жыл араға салып көруі бәрі-бәрін оқырманның көз алдына сондай жеңіл тілмен бейнелеп береді. Осындай шеберлікті көре білген Шерхан Мұртаза: Зергер сөздің шебері Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан-жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленгенсирек дарын иесі деп жазады.
Сайын Мұратбеков бір сұхбатында Адамның адамгершілік қасиетін жырлап өтсем деймін-деген болатын[]. Осы сөзіне дәлел, жазушы әр әңгімесінде кем дегенде екі-үш адамның бойына адалдық сезімді, адамгершілікті, ақкөңілдік пен аңқаулықты, бір сөзбен айтқанда адам бойындағы асыл қасиеттерді сіңіріп қояды. Ал мұндай геройлар оқушы есінде мәңгі қалып қояды. Мәселен, жазушының Отау үй әңгімесіндегі Ұзақ пен Тана бойындағы сезімталдық, рухани тазалық, сырт пен ішкі әлемдегі сұлулықтардың ұштасуы, яғни адамның табиғи болмысын көрсетуде жазушы ерекше шеберлік танытқан. Әңгімеде Ұзақ пен Тана бір-бірін іштей түсініскен, ойы ортақ, сезімдері бір, ешбір адамға жамандық ойламайтын, керісінше өмірге, адамдарға ғашық көзбен қарайтын жас замандастар ретінде біздің көз алдымызға елестеп, есімізде сақталады.
Сондай-ақ оқушыны бірден тартып, үйіріп әкететін жазу стилі, баяндау мәнеріндегі жасандылықтан тыс табиғилық, кейіпкерлерін сондай зор сүйіспеншілікпен мінездеуі,өз кейіпкерінің жүрек дірілін, тамыр соғысын, жан тынысын түсініп, оны оқырманға сол қалпынан бір тайқымай әсем етіп жеткізе білуі - Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімесінен бастау алған шеберлік деп білемін.
Жазушы шығармашылығының тағы бір тұсы - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әйелдер тағдыры. Солардың ішінде Жеңеше және Күзгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайын Мұратбековтың Жусан иісі шығармашылығын оқыту
Қазақ балалар әдебиетінің тарихы
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Жазушы Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі
Әбіш Кекілбаев прозасы
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Әбіш Кекілбайұлының прозасы
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
Пәндер