Тарихи сананы жаңғырту және коммеморативтік шаралардың рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1 ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

  1. Тарихи сананың жаңғыруы мәселесі турасында

Сана- адамның ең жоғарғы қабілеті, себебі адамның өмірдегі барлық жағдайларда өзін басқара алуын, әр нәрсенің ерекшелігін, артықшылығын, кемшілігін ажырата білуін қамтамасыз етеді. Философия ғылымында сана ұғымын қоғамдағы процесстердің көрсеткіші ретінде, тарихи құбылыстар мен мәдениетті жалғаушы ретінде қарастырылады. Адам қоғамда жеке тұлға ретіндегі өзінің белсенділігін сана арқылы көрсете алады. Яғни сана өмірге келген сәттен бастап жинақталған тәжірибе мен өсе келе қоршаған ортасынан және де қоғамнан алатын білім мен тәрбиеге негіз болады. Егер адамда сана болмаса ол рухани дами алмайды. Сол себепті де жалпы сана ұғымы мен сананы жаңғырту мәселелері әрқашанда қоғамда маңызды орын алған.

Философия ғылымында адам санасы мәселесін зерттеу антика философиясында көрініс тапқан. Антика дәуірінің өкілдері Платон мен Аристотельдің жазбаларынан бастау алып, кейіннен орта ғасырда Әл-Фараби еңбектерінен кездестіруге болады. Сана ұғымы философияда XVII-XVIII ғ. ғ. дейін адамның өзгеше қасиеті ретінде түсіндіріліп келді. Бірақ кейінгі ғасырларда философияда адамның субьект ретіндегі қызметінің маңызы артуына байланысты сананы жеке дара құбылыс ретінде зерттеуге жол ашылған.

Тарихи сана-дегеніміз кез-келген тұлғаның өз тарихын білуі, яғни шыққан тегін, туған өлкесін, нәсілін, ана тілін, халқының қалыптасу барысында басынан кешірген оқиғалары мен белгілі қайраткерлерін білу арқылы өз еліне, отанына деген сүйіспеншілігінің оянуы. Тарихи сана әр жеке тұлғаның рухани қалыптасуына бағыт бере отырып, жалпы ұлттың тарихы мен мәдениетін қалыптастырады. Егер сана дұрыс қалыптаспаса ұлттың тұтастығы, бірегейлігі жоғалады. Осы тұста академик Манаш Қозыбаев: «Бодан болған елдің санасын тұсап, рухани құлдыққа қарай икемдеу үшін қолданылатын ең төте тәсіл - халықты өз тарихи санасынан айыру. Бұл үрдіс 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін де жалғасып, жаңадан орнаған кеңестік идеологияның басты құралы болды. Мысалы, Кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдары одақ бойынша барлығы 194 ұлт пен ұлыс өмір сүрген болса, 1991 жылы одақ құлағанда осылардың 50 пайызы тарихи санасын жоғалтқандықтан ұлт ретінде жойылып кетті» деген болатын.

Алаш зиялылары : «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», - деп жазған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи сана мен коммеморативтік шаралардың байланысы және Қазақстандағы жаңғырту үдерісі
Ұлы даланың жеті қыры: тарихи-мәдени мұра және тарихи сананы жаңғырту
Рухани жаңғыру: ұлттық сананы жаңғырту және даму бағыттары
Ұлы дала және Ұлы даланың ұлы есімдері жобасы: тарихи тұлғалар мен ұлттық сананы жаңғырту
Ұлттық сананы жаңғырту: зияткер ұрпақты дамытудағы ғылыми-әдістемелік мәселелер
Қазақстан контекстінде қоғамдық сананы жаңғырту: сыни ойлаудың теориясы мен практикасы
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінің тарихы, ұлттық сананы жаңғырту және жастар алдындағы моральдық міндеттер
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тарихи сананы қалыптастыру саясаты
Ұлы Дала тарихы: рухани жаңғыру аясында тарихи сананы қалыптастыру және жоғары білімнің рөлі
Мектептегі іс-шаралардың педагогикалық-психологиялық мәні және ұлттық тәрбиедегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz