Зафарнаме (Низам әд-Дин Шами, 1402-1404): Әмір Темір тарихының ресми дереккөзі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Зафарнаме “Жеңіс кітабы” - Низам әд-Дин Шамидің шығармасы. Әмір Темірдің өмір тарихы туралы жазылып сақталған ресми қолжазба. 1402 - 04 ж. парсы тілінде жазылған. Низам әд-Дин Шами 1393 ж. ғана Бағдаттан қоныс аударып, Әмір Темірдің сарайына қызметке ауысады. Сол себепті ол осының алдындағы жылдарда болған оқиғаларды тек ауызша және жазба деректемелерге сүйеніп жазуы ықтимал. [1]

“Зафарнаме” Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып, шығарманың атын да өзі қойған. Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде оның қолбасшылық өмір тарихын (бізге жетпеген) және жекелеген жорықтарының күнделіктерін пайдаланған. Бұлардың ішінде бізге жеткені Шарафаддин Әли Йездидің “Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігі” ғана. Белгілі дәрежеде “Зафарнаме” авторы парсы және ұйғыр хатшылары құрастырған Әмір Темір басынан кешкен оқиғалардың негізгі жазбаларына да сүйенген. “Зафарнаме” Әмір Темір өмірі мен қызметінің негізгі оқиғалары: 14 ғ-дың 2-жартысындағы оның Мауераннахрда билікті қолға алу үшін күресі, Моғолстанға, Хорезмге, Хорасанға, Иранға, Грузияға, Дешті Қыпшаққа, Үндістанға, т. б. елдерге жасаған жорықтары қысқа әрі шежірелік сипатта берілген. Шығармада Әмір Темір серіктестерінің есімдері, олардың қай тайпа, руға жататындығы келтіріледі, оның дұшпандарының іс-әрекеттері, аты-жөндері, туыстық байланыстары, т. б. туралы көптеген мәліметтер бар. Оқиғаны баяндау желісі 1403 жылға дейін жеткізілген.

Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеуде шығармадағы Әмір Темірдің 14 ғ-дың 80-жылдарында Дешті Қыпшақ пен Моғолстанға жасаған жорықтары туралы жазылған тараулар құнды дерек болып табылады. Ондағы материалдар Әмір Темірдің осы аймақтарды қоныстанған көшпелі халыққа жүргізген жаулаушылық, тонаушылық саясатын, Ақ Орда, Көк Орда мен Моғолстанның дербес экон. және саяси дамуына бөгет жасауға ұмтылғанын сипаттайды. Шығармада Қазақстан жеріндегі осы мемлекеттердің ішкі саяси жағдайы, шаруашылығы, т. б. туралы мағлұматтар қамтылған. Дешті Қыпшақ пен Жетісудың тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. [4] Әмір Темір тарихын жазумен айналысқан кейінгі дәуірдің көптеген авторлары “Зафарнамені” деректеме ретінде пайдаланды. Хафизи Абру оны өзінің “Маджму’а” (1417), “Зубдат ат-тауарих” атты еңбектерінде кеңінен пайдаланды. Мұхаммед ибн Фазлаллах Мусави Әмір Темір тарихына арналған “Тарих-и Хайрат” (1412 - 14) еңбегін “Зафарнамеге” сүйеніп жазды. Шараф әд-Дин Йезди де Әмір Темірдің ресми тарихын жазғанда осы еңбекке сүйенген. “Зафарнаменің” екі қолжазбасының бірі Лондонда, екіншісі Стамбұлда сақталған. [5]

Ақсақ Темір жорықтарьшың зерттеушісі, ирандық шежіреші Шарафаддин Ғали Иазди болатын-ды. Ол өзінін бірыңғай Темір жорықтарына арнаған “Зафарнама” атты кітабында (жана санақ бойынша 1424- 1425-ж. ) былай деп жазады: “Темір Сейхуннан өтіп, Ахангаран, Шыназ төңірегінде қыстап шығу үшін, әскеріне арнап үй салдыртады. Содан кейін ”Йасы'' ауыльша барып, сондағы Йасауи бейітіне зиярат етеді. Мүндағы аса бір елеуге түрарлық жәйт - Әмір Темірдін сол сапардан оралған соң, Қожа Ахмет Йасауидің басына теңдесі жоқ үлкен ескерткіш салу жөнінде бүйрық беруі дер едік. Әмір Темір сол салынатын кешеннің жоба-жоспарын өзі сызып берген делінеді. Ш. Г. Иаздидің жазуына карағанда, күмбездің биіктігі ішінен 130 кез, калыңдығы 41 кез болуы шарт деп көрсетілген. Сондай-ақ, күмбездің түрлі түсті таспен (глазурмен) безендірілуі, есіктері кайнатылған темірден, ал хауызы қайнатылған тастан (мәрмәрдан) қалануы тапсырылған. Ескерткішті салып бітіру мерзімі бір жыл деп көрсетіліп, оны баскару ісі ұста Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктеледі. Бұл жарлық берілген кез Темірдін Шыназда айттырылған қалыңдығы Түгелханымды тосып, киіз үй тігіп жатқан 1397-жыл екен.

Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекені Алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды . . . Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темір дәуіріндегі Қазақстан тарихы: темірлік деректерге негізделген талдау
Әмір Темір мен Йылдырым Баязид арасындағы Анкара шайқасы (1402): себептері, тактикасы және салдары
Әмір-Темір: өмірі, жорықтары және Орталық Азиядағы рөлі
Түркістандағы Шағатай мемлекетінің ыдырауы, Мәуереннахрдың алғашқы әмірлері және Әмір Темірдің билікке өтуі
Әмір Темір: өмірбаяны, жорықтары және тарихи орны
Әмір Темір империясы және оның Азиядағы саясаты
Әмір-Темір: тарихнама, дереккөздер және саяси-әлеуметтік қызметінің талдауы (XIV ғ. - 1405 ж.)
Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері: өмірі, дәуірі және Орталық Азиядағы рөлі
Әмір Темір: өмірі, әскери жорықтары және империясының саясаты
Әмір Темір: Жорықтары, билікке келуі және тарихи мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz