ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

1 ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

  1. Тарихи сананың жаңғыруы мәселесі турасында

Сана - адамның ең жоғарғы қабілеті, себебі адамның өмірдегі барлық жағдайларда өзін басқара алуын, әр нәрсенің ерекшелігін, артықшылығын, кемшілігін ажырата білуін қамтамасыз етеді. Философия ғылымында сана ұғымы қоғамдағы процесстердің көрсеткіші ретінде, тарихи құбылыстар мен мәдениетті жалғаушы ретінде қарастырылады. Адам қоғамда жеке тұлға ретіндегі өзінің белсенділігін сана арқылы көрсете алады. Яғни сана өмірге келген сәттен бастап жинақталған тәжірибе мен өсе келе қоршаған ортасынан және де қоғамнан алатын білім мен тәрбиеге негіз болады. Егер адамда сана болмаса ол рухани дами алмайды. Сол себепті де жалпы сана ұғымы мен сананы жаңғырту мәселелері әрқашанда қоғамда маңызды орын алған.

Философия ғылымында адам санасы мәселесін зерттеу антика философиясында көрініс тапқан. Антика дәуірінің өкілдері Платон мен Аристотельдің жазбаларынан бастау алып, кейіннен орта ғасырда Әл-Фараби еңбектерінен кездестіруге болады. Сана ұғымы философияда XVII-XVIII ғ. ғ. дейін адамның өзгеше қасиеті ретінде түсіндіріліп келді. Бірақ кейінгі ғасырларда философияда адамның субьект ретіндегі қызметінің маңызы артуына байланысты сананы жеке дара құбылыс ретінде зерттеуге жол ашылған.

Тарихи сана-дегеніміз кез-келген тұлғаның өзінің тарихын білуі, яғни шыққан тегін, туған өлкесін, нәсілін, ана тілін, халқының қалыптасу барысында басынан кешірген оқиғалары мен белгілі қайраткерлерін білу арқылы өз еліне, отанына деген сүйіспеншілігінің оянуы. Тарихи сана әр жеке тұлғаның рухани қалыптасуына бағыт бере отырып, жалпы ұлттың тарихы мен мәдениетін қалыптастырады. Егер сана дұрыс қалыптаспаса ұлттың тұтастығы, бірегейлігі жоғалады. Осы тұста академик Манаш Қозыбаев: «Бодан болған елдің санасын тұсап, рухани құлдыққа қарай икемдеу үшін қолданылатын ең төте тәсіл - халықты өз тарихи санасынан айыру. Бұл үрдіс 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін де жалғасып, жаңадан орнаған кеңестік идеологияның басты құралы болды. Мысалы, Кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдары одақ бойынша барлығы 194 ұлт пен ұлыс өмір сүрген болса, 1991 жылы одақ құлағанда осылардың 50 пайызы тарихи санасын жоғалтқандықтан ұлт ретінде жойылып кетті» деген болатын.

Тарихи сана тереңдеген сайын тұлға да, қоғам да рухани бай болады. Өткенді білу - қазіргі және болашақты болжау үшін тарихи сананың негізі болып табылады. Бізге дейінгі ұрпақтың тәжірибесі туралы білім неғұрлым терең болса, қазіргі адамның өмірі мен ұстанымы айқынырақ болады.

Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді, оған моральдық мұраттарды сіңіруге ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгіні үшін мақтаныш, патриотизм деп аталатын сезім дауылын тудырады. Ғасырлар бойғы отаршылдық нәтижесінде рухани дағдарыстан кейін тәуелсіздік алғанына жиырма тоғыз жыл толып отырған Қазақстанның ең өзекті мәселелерінің бірі - ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру болып табылады. Ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын, адамдарды рухани тұрғыда оятатын іргелі құндылықтарды, ана тілі мен дәстүрлерді жаңғырту, халықтың тарихи өткенін жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру тарихи сананы қалыптастырады.

"Тарихи сана" және "тарихи жад" ұғымдары тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасында негізгі ұстанымдардың бірі. Тарихи жад теориясының негізін қалаушы-француз әлеуметтанушысы, «Коллективная память» еңбегінің авторы Морис Халбвакс (1877-1945) . Осыдан кейін кеңес зерттеушілері де бұл мәселеге бет бұрды. Кеңес ғалымдарының арасында ең алдымен Л. П. Репинаны ерекше атап өтуге болады.

Тарихи сананың мазмұнын талдауға арналған зерттеулердің бірнеше бағыты бар. Олар:

  • Гносеологиялық бағыт-тарихи сана өткенге деген танымдық қатынас деп есептейді. Бұл бағыттың өкілдері В. В. Балахонский, И. С. Кон, В. И. Копалов, Б. Р. Могильницкий, А. И. Ракитов, А. К. Уледов т. б.
  • Онтологиялық бағыт-тарихи сананы оның қоғамдағы орнын анықтау мен табиғатын анықтау арқылы зерттейді. Негізгі өкілдеріне Г. А. Антипов, С. И. Дегтярев, М. А. Киссель, Л. К. Нагорная, А. И. Ракитов, Ф. А. Селиванов жатады.
  • Аксиологиялық бағыт-тарихи сананы әлеуметтік жадтың және тарихи сабақтастықтың негізі ретінде бағалайды. М. А. Барг, А. В. Гулыга, В. А. Ельчанинов, Ю. А. Левада, В. М. Межуев, А. Самиев сияқты ғалымдар осы бағыттың өкілдері болып табылады.
  • Функционалды-әлеуметтанулық бағытта негізгі назар тарихи сананың әлеуметтік функцияларына, оның тарихи сананы қалыптастырудағы рөліне аударылды. Осы бағытты қолдайтын ғалымдар қатарына Л. М. Дробижева, О. Ф. Гаврилов, Г. Т. Журавлев, А. М. Коршунов, М. В. Литвинов, В. И. Меркушин, Л. Г. Новикова, А. А. Овсянников, Д. Г. Ротман, А. И. Скворцов, Ю. К. Фомичевтер кіреді.
  • Типологиялық бағыт-тарихи сана қалыптасуы мен жаңғыруын оның пайда болуынан бергі біртіндеп қалыптасуымен түсіндіретін бағыт. Типологиялық бағыттың көрнекті өкілдері В. Т. Маклаков, А. И. Панюков, А. Самиев және басқалары.

Ал Қазақстандағы тарихи сананы жаңғырту мәселесінің туындауы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық сананың оянып, тарихи мұраларды қалпына келтірудің, тарихи шынайылықты қалыптастырудың қажеттілігін түсінуімен байланысты болды. Тек тәуелсіздіктің арқасында халықтың өзінің төл тарихы мен тағдырына бет бұруына ықтималдық туды.

Қоғамдық-саяси көзқарастар мен ғылым және білім жүйесін қалыптастыруда әрдайым қоғамдық сананының маңызды бөлігі ретінде тарихи сананың рөлі мен орнының екрекше екені анық. Тарихи сана әр дәуірдегі тарихи оқиғаларды қалпына келтіруі арқылы қоғамның пікірі мен дүниетанымына да әсер етеді. Кеңес заманында халқымыздың тарихы тоталитарлық жүйенің қысымымен кеңінен зерттелмеді.

Кеңес дәуірі кезеңіндегі жетпіс жыл ішінде біздің халқымыздың тарихы шынайы айтылмай, сол кезеңдегі саясаттың ықпалынан бұрмаланып, теріс баяндалғаны белгілі. Тарихи даму марксистік-лениндік әдістемеге сәйкес таптық күрестің енгізілуімен сипатталды. Бір кездері Еуразиялық аймақтың дамуына ғана емес, сонымен бірге әлемдік дамуға айтарлықтай әсер еткен Қазақстан мен Орта Азияның көшпелі мәдениетінің үш мыңжылдық тарихы еуропоцентристік көзқарастағы әдебиеттерде қарабайыр, жабайы өркениет ретінде қарастырылды. Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің себептері мен салдары асыра сілтеліп, ал олардың отаршылдық саясаты бүркемеленді. Осындай себептерге байланысты тәуелсіздік алғаннан бері тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи сана-сезімді жандандыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Саяси тәуелсіздікке қолы жетіп, қазақ халқының қоғамдық санасында түбегейлі өзгерістер орын алды. Ендігі кезектегі негізгі мақсат тарихи сананы жаңғырту барысындағы өзекті мәселелердің бірегейлері тағдырдың тәлкегімен ұмытылған ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді қайта жаңғырту, орталықтың ықпалымен өзгертіліп жазылған, ертеректегі отаршылдық жылдарындағы үстемдік еткен идеологиялардың шеңберінде ғана зерттелген немесе мүлдем зерттелмеген тарихымызды алдыңғы қатарға шығару, жаңа тарихи деректерді табу және зерттеу, тарихи шынайылықты қалпына келтіру болды. Ғасырлар бойғы отаршылдық және тоталитарлық сананың кесірінен рухани сілкіністерді бастан өткеріп, еркіндікке қол жеткізген Қазақстан елінің алдында бүгінде дүниежүзілік тарихтағы өз орнын анықтау міндеті тұр. Тарихи сана қалыптасып, жаңғырса ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықтың деңгейі көтеріледі. Қазіргі таңда тоталитарлық идеологияның қысымымен ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің ұмытылған тұстарын қайта қарау өте маңызды, өйткені тарихи сананы жаңғырту үшін және өзіндік мәдени мұраларымызды игеру, оны қазіргі заманғы даму үдерістерімен ұштастыру мәселес үшін қажеттілігі аса зор. Болашақта дамудың нақты рухани бағытын анықтау үшін еліміздің ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұрасын игеру керек, себебі мәдениет әрбір ұлттың бірегейлігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Жалпы жаһандану заманында батыс өркениеті дәстүрлі еуропоцентристік көзқарастардан алшақтап, шығыстың рухани құндылықтарына назар аудара бастаған кезінде, өзінің тарихын білмейтін халықтарды ұлттық апатқа әкелуі мүмкін. Бұл жайында Алаш зиялылары : «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», - деп жазған болатын. Кезінде елдің бірлігі мен ынтымақтастығын бағалаған ата-бабаларымыздың бұл мұрасы біз үшін өте бағалы болып табылады.

Тәуелсіздік алған уақыттан бастап тарихи сананы жаңғырту сияқты маңызды міндетті жүзеге асыру үшін елімізде бірнеше іргелі шаралар жүзеге асырылып келеді. Айта кететін болсақ :

  • 1995 жылы Абай мен Жамбылдың 150 жылдығының кең ауқымда атап өтілуі;
  • 1997 жыл қызыл қырғынның және жаппай репрессияның алпыс жылдығын еске алу үшін «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды;
  • кейінгі 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялады;
  • 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп атады, осы жылы шежірелі Түркістанға 1500 жыл толуы мемлекет деңгейінде аталып өтті;
  • 2002 жылы 25-26 қыркүйегінде - Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті;
  • 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды;
  • 2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып өтті;
  • 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті;
  • 2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді;
  • 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ. Жұбанова атындағы филармония алдында А. Жұбановтың ескерткіші қойылды;
  • 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды;
  • 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды;
  • 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы;
  • 2007 жылы КСРО және ҚР халық артисі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды;
  • 2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты ескерткіш орнатылды;
  • 2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды;
  • 2008 жылы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл - Қазақстанда әдеби шығарма кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш;
  • 2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толды;
  • 2011 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы;
  • 2012 ж 12 қаңтарда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Алаштың ардақтысы, халқымыздың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болып өтті;
  • 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы аясында біз жүйелі түрде өзіміздің тарихымызға байланысты әлемнің маңызды мұрағаттарынан құжаттарды жинап, зерделедік.
  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мәдени шаралар атқарылады;
  • 2017 жылдың 12 сәуірінде Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады. Бұл мақалада тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігін, ұлттық бірегейлігін ннығайтуға ерекше мән берілді;
  • 2018 жыл Тәуелсіздіктің нышаны - арайлы Астанамызға 20 жыл;
  • 2018 жылдың 21 қарашасында Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада халқымыздың бай тарихын қазіргі заманмен байланыстырудың жолдары мен принциптері талданған. Елбасы еліміздің тарихының жарқын жақтарын түгендеп, терең зерттеуді қажет ететін тұстарын көрсеткен;
  • 2020 ж Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы (870-950) ;
  • 2020 ж Алтын Орда хандығына 750 жыл (1269) ;
  • 2020 ж Қазақ хандығының 555 жылдығы (1465) ;
  • 2020 ж Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы (1845-1904) ;
  • 2020 ж Ұлы Жеңістің 75 жылдығы (1941-1945) ;
  • 2020 ж Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл (1995) ;
  • 2020 ж Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл (1995) .

Осы сияқты атқарылған маңызды іс-шаралардың нәтижесінде тарихи шынайылық салтанат құрып, ақыл-ой жаңарып, сана жаңғырды. Біз өз тарихымызды, еліміздің дәстүрлерін, халық тағдырын зерттеуде, мұрағаттарымызды жинау мен талдауда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Осы жинақталған мәдени мұралар мен рухани қазыналарды қастерлеп, оны мейілінше дәріптеуіміз керек.

Қазіргі кезде осы тарихи сананы жаңғырту үшін бірнеше міндеттер жолға қойылған. Ең бірінші «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасының аясында деректанушылар мен мәдениеттанушылар біріге отырып өз еліміздің және шет елдердің ірі архивтерімен байланыс орнатып елімізге тарихына қатысы бар тарихи деректерді зерттеу және жинастыруға көңіл бөлінді. Екінші бір міндет еліміздің ұлы тұлғалары ұлы ойшылдар, ақындар мен ел билеген тұлғалардың бейнелері арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, еліміздің мақтанарлық тарихы туралы кинолар шығару, музейілер ашу қолға алынуда. Бұның барлығы мемлекетіміздің елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған жобалары. Еліміздің ұлттық тарихы мен мәдениетін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, одан ары бүкіл әлемге танытуда бұл жобалардың маңызы зор.

Тарихи сананың қалыптасуы тарихты жүйелі түрде зерттеу үдерісінде жүретінін ескерсек, ең алдымен мектептің рөлі мен тарих сабақтарында алынған білімнің әсері ерекше. Себебі мектептегі тарихи білім этникалық сана-сезімді және өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мен дамытудың басты сатысы болып табылады.

Тарих оқулығының бірінші кезектегі міндеті-бұл біздің мемлекетіміздің дамуының заманауи талаптарына сәйкес келетін құндылықтарын қалыптастыруға бағытталуы керек. Еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы құрамды екенін ескере отырып, тарихи сананы қалыптастырумен қатар патриотизмге, азаматтыққа және төзімділікке тәрбиелеу қажет болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz