Syn`sy` дәстүріне арналған костюмнің дизайн жобасы


Ф. 4-51
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Баишев Университеті» мекемесі
Дүзбай А. Б.
дизайн жобасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандық 5В042100 - «Дизайн (Костюм дизайны) »
Ақтөбе 2021
Ф. 4-52
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Баишев Университеті» мекемесі
«Қорғауға жіберілді»
«Дизайн » кафедрасының меңгерушісі
Тукашев Ж. Б.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Syn`sy`» дәстүріне арналған костюмнің дизайн жобасы
Мамандығы 5В042100 - «Дизайн (Костюм дизайны) »
Орындаған Дүзбай А. Б.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы., п. ғ. к. С. К. Танирбергенова
Ақтөбе 2020
«БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ» мекемесі
«Инженерия» жоғары мектебі
Кафедра «Дизайн »
мамандық 5В042100 - «Дизайн (Костюм дизайны) »
Дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент
(тегі, аты, жөні)
Дипломдық жұмыс тақырыбы
№ «» 20__ж. университет бойынша бұйрықпен бекітілген
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»20__ж.
Диплом жұмысы бойынша берілген мәліметтер
Дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны
1 бөлім
2 бөлім
3 бөлім
4 бөлім
Қосымшалар тізімі /графикалық материалдар
Ұсынылатын әдебиеттер
Жұмыстың бөлімдеріне қатысты берілген кеңестер
Дипломдық жұмысты дайындау кестесі
Ғылыми жетекшіге
ұсыну мерзімі
Тапсырма мерзімі «» 20__ж.
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға алған
студент
(қолы) (аты-жөні)
Тақырыбы
Топбөлім
Мамандығы: 5В042100-«Дизайн» курс
студенттің дипломдық жобасы бойынша
жоба жетекшісінің
ПІКІРІ
Жоғарыда айтылған негізінде студентті дипломдық жобаны қорғауға жіберілсін деп санаймын
(Пікір берушінің аты-жөні, қолы)
«»2021ж.
РЕЦЕНЗИЯ
Баишев университеті студентінің дипломдық жобасына
(студенттің аты-жөні)
Мамандығы 5В042100-«Дизайн (Костюм дизайны) »
Тақырыбындағы дипломдық жоба
(жоба тақырыбының толық атауы)
Орындалу құрамы:
а) түсіндірмелік жазба беттерде
б) технологиялық бөлім беттерде
Бағалау:
Рецензент:
(аты-жөні, қызметі)
Жоба (жұмыс) жетекшісінің
Мінездемесі
Диплом жоба (жұмысы) бойынша студенттің
Тақырыбы
1. Жобаның актуалдылығы 2. Жоба мазмұнына баға беру 3. Дипломдық жоба орындау барысын бағалау
4. Дипломдық жобаны орындау кезіндегі оқыс жағдайлар
5. Кәсіби сапа
6. Жобаны орындау сапасын бағалау
Ғылыми жетекшісі
(қолы) (Т. А. Ж., дәрежесі)
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Аналитикалық бөлім . . . 5
1 Кіші жүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген
рулар мен тайпалар одағы . . . 7
1. 1 XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының мәдениетінің дамуы . . . 151. 2 Қазақтың ұлттық киімі шапанның сипаттамалары . . . 25
2 Жобалау . . . 3
2. 1 Бұйымның конструктивтік-құрылымдық эскиздік жобалау . . .
2. 2 Шапанның пішу технологиясы
Кіріспе
Дипломдық жобаның өзектілігі: Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі халықтардың бір-біріне ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Ұлттық киімнің барша сымбатында, ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде әрбір халықтың тарихы, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ол - ұлттық мәдениеттің бір көрінісі бола алады.
Кіші жүз мәдениеті мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, оның әр алуандығы мен байлығы, құпияға толы әлемі, көз жауын алатын әсемдігі жайлы өз алдына әңгіме етуге болады. Замана парақтары ашылған сайын оның қайталанбас өрнектері мен айшықтары өзінің жұмбаққа толы сырларымен адамзат назарын баурап алатын қасиеттеріннен арылмақ емес. Ертеден келе жатқан барлық халыққа тән ортақ өнер - киім тігу ісі. Осыдан үш мың жыл бұрын пайда болған көшпелілік өмірдің дүниежүзілік мәдениет тарихында, айрықша, өзіне ғана тән көне дәстүрі бар, терең тамырлы далалық мәдениет құра алғаны адамзат тарихындағы аса ірі құбылыс болды. Олардың ұлттық киімдері туралы тақырып кім-кімге болсын қызық деп ойлаймыз. Себебі, ұлттық костюмдер арқылы ұлт туралы, олардың тарихы, ерекшеліктері туралы көп нәрсе білуге болады. Көшпелі халықтар ұлттық киімдерін бірнеше ғасыр бойы өзгертпестен сақтап келеді, олардың қоғамда алатын орны да ерекше. Дипломдық жұмыстың тақырыбы « Кіші жүз шапандарының үлгілері» деп таңдап алынды. Мыңдаған жылдар бұрын өзіндік болмыс бітімі бөлек көшпенді бабаларымыз ойсыз көзге шалына бермес асыл мұраларды, тәрбиелік терең мәні бар өнегені күнделікті тұрмысымызда елеулі орын алатын ұлттық киімдер арқылы беріп отырған екен.
Дипломдық жобасының мақсаты: Ел ішіндегі қазақ кіші жүз ұлттық киім шапанның сипатын табу. Мұның өзі тәуелсіз Қазастан мемлекетінің абыройы мен беделі үшін керек. Сондықтан диплом жұмысының мақсаты кіші жүз ұлттық шапанның үлгілерін жоалау
Диплом міндеттері: кіші жүз ұлттық шапанның үлгілерінің түрлері мен оның тарихи зерттемелеріне шолу жасау;
- қазіргі таңдағы ұлттық кіші жүз шапанның үлгілерінің құрылымдық жағдайын, яғни қазіргі дизайнерлік көрінісін зерттей отырып жаңаша жоба жасау;
- жобалауға қажетті бөліктерді, акценттерді, олардың пішінін, көлемін және композициялық шешімін анықтау;
- кіші жүз шапанның жобалауда өз шығармашылығымен жұмыс жүргізе отырып ұсыныс беру.
Диплом жұмысының зерттеу кезеңдері: І кезеңде - кіші жүз ұлттық шапанның үлгілерінің түрлері мен оның тарихи зерттемелеріне шолу жасау; экскурсия жасалынып салыстыру, сараптау жұмыстары жүргізілді. Бастапқы сызбалар, үлгілер жасалынды.
ІІ кезең - қазіргі таңдағы ұлттық кіші жүз шапанның үлгілерінің құрылымдық жағдайын, яғни қазіргі дизайнерлік көрінісін зерттей отырып жаңаша жоба жасау, ұсыныстар берілді.
Диплом жұмысының тәжірибиелік маңызы мен жаңашылдығы: Адамзат қоғамы дамыған сайын көзқарастар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Сән әлемінде сай ұлттық кіші жүз шапандарымен қоса халықтың сұранысы мен талғамына сай басқа да шапан үлгілерін жасау бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы:
1 Кіші жүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз - алшын” деп атанған. Оның құрамына үш бірлестік кіреді:
1. Байұлы (адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш)
2. Қаракесек (байсары, әлім, шөмен)
3. Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары енеді.
15-17-ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың
иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710)
1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын үлкен апатқа ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 ж. Бөкей ордасын (Ішкі Бөкей ордасы) құрды. Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар. 1824 ж. патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына жекелеген аймақтарды билейтін басқарушы сұлтандар тағайындауға кірісті.
1845 ж. Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды.
Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т. б. ) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т. б. ) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.
Мекені:Сырдария аймағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий теңізі айналасы, қазіргі Батыс Қазақстан өңірі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) жерлерін мекендейді.
Құрамы:Кіші жүзді үш топтан тұратын алшындар құрайды.
Алшын, Қаракесек, Байсары, Әлім, Шөмен, Байұлы, Адай, Алаша, Алтын, Байбақты, Беріш, Есентемір, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Таз, Тана, Шеркеш, Ысық, Жетіру, Жағалбайлы, Кердері, Керейіт, Рамадан, Табын, Тама, Телеу.
Хиуа хандығы -1512 - 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 -16 жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанның солтүстік бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Хиуа хандығында Сұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 -22), Бужақа хан (1523 -26), Аванем хан (1527 - 38), Әли хан (1538 - 47), Ақатай хан (1547 - 56), Жүніс хан (1556 - 57), Досты хан (1557 - 58), Қажы Мұхаммед хан (1559 - 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Хиуа хандығы өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Хиуа хандығына жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғасырдың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Хиуа хандығы күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 жылы хандықты Иран билеушісі Надир шах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Хиуа хандығындағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақ сұлтандарын да шақырды (қ. Қайып) . Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа - Қоңырат әулетінің негізі қаланды. (1763) . Бұл әулет алғашында өздері тағайындаған хандар арқылы билік жүргізді, ал 19 ғасырдың бас кезінде өз тайпаластары Елтүзерді (1804 - 06) таққа отырғызды. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 -25) . Ол Хиуа хандығын бір орталыққа біріктірді. Жоғарғы кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемлекеттік кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т. б. ) бағындырды. Бұл орталық үкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714-17 жылы Петр І патша Хиуаға А. Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы) . 19 ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығы Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы) . Орталық Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей үкіметі 1839-40 жылы В. А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылдары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К. П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Хиуа хандығының тұрғын халқы - өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес үкіметінің қысымымен 1920 жылы 2 ақпанда Хиуа хандығы құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924 - 25 жылы кеңес үкіметі орталық Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді.
1. 1 XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының мәдениетінің дамуыКіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.
Ресей отаршылдарында қазақтарды біржолата бағындыру әдісі жөнінде екі түрлі көзқарас болды. Біріншісі - қазақтар ата кәсібі мал шаруашылығы-мен айналысып жүре берсін де Ресейдің астығы мен өндіріс заттарын малға айырбастап алып тұратын болсын десе, екіншілері - қырда егіншілік дамып, қазақтарды отырықшылыққа көшіру керек деп білді. Екінші көзқарас жеңіліп
XІХ ғасырдың бірінші жартысында патшалы өкімет отырықшылдықты, оның ішінде егіншілікпен айналысқан қазақтарды қолдап, оларға көмек көрсетіп отырды, мұндағы саясат көшпелі қазақтарды бағындырудан гөрі, егіншілікпен айналысатын отырықшы халықты бағындыру оңай деп білу.
Кіші жүз жерінің әрбір бөлігінде егіншілік қалай дамыған, енді соған шолу жасап көрейік. Сыр өзенінің төменгі және орта ағысы бойы ежелден егіншілік мәдениетінің орталығы болды. Бұл өңір мұнда Орта ғасыр заманынан бері тұрып келген қазақ тайпалары шаруашылығынан мұра болып жасалып келді. Сыр өзенінің суы мол, өзен жағасынан канал қазып, су ағызып бірнеше шақырым жерге созылған арық іздері күні бүгінге дейін байқауға болады.
Хорезм зерттеу экспедициясының бастығы С. П. Толстов: “Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығында жартылай көшпелі шаруашылық және егіншілік мәдениеті дамыған. Сыр өзеніне бұрын су құйып келген Жаңадария мен Қуандария өзендерінің бойындағы арықтардың іздерінің сақталуы, осыған дәлел бола алады, ” деп жазған.
Сыр өзенінің төменгі суармалы егіншілікке өте қолайлы болған. “Өзеннің екі жағасында жыл сайын қазақтар егін егіп, күн көрген”, - деп оқимыз мұрағат құжаттарынан.
Сыр өзені бойындағы қазақтар ежелден келе жатқан жер жыртатын құралдарды пайдаланған. Оның ішінде ағаш соқа, жерді күрек немесе кетпен, ағаш, тырма арқылы тегістеген. Байлар жерді ат шегіп, соқамен жыртқан.
Қазақтар ертеден тары, арпа, сұлы, ал байлар ақ бидай еккен. Бидайдың тұқымы аз болғанымен, әрі базарда бағасы да қымбат. Ресейдің өзінде-ақ бидайды көптеп еккен. Сыр бойындағы орыстар бидайды аз әкелген. Қазақтар бидайды Бұхара мен Хиуа базарларына әкеліп отырған. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Сыр өзені бойындағы егіншіліктерге арпа, бидай тұқымдарын сату үшін Ресей патшалық әкімшілігі арнаулы дүкендерді көп ашып отырған. Сырдария әскери басқармасының төрағасына 45-дистанция бастығы Ильбаев деген адам 1864 жылы ақпан айында өтініш жазды. “Менің қарамағымдағы Жаппас руының 30 адамы егін салғысы келетіндерін айтқан. Бұрын бұлар мал баққан адамдар еді. Бірақ егін салуға арпа тұқымы керек. Сондықтан сіз оларға дүкеннен мың пұт арпа беруге рұқсат етсеңіз екен. Егін піскенде алған арпаны қайтарып беруге уәде беріп отыр”. Сырдария әскери бекінісінің төрағасының бұйрығымен 1864 жылдың наурыздың 4-і күні дүкеннен арпа жіберуге рұқсат алған. Барлығы 970 пұт арпаны жергілікті қазақ биі Сегізбаев арнаулы тізімді жасап алған. Дүкеннен арпаны Персиянов деген адам қол қойып берген.
Орыс-казак бекіністеріндегі казактар қазақтардан бидай, арпа, сұлы сатып алып отырған. Алыстағы Ресейден әкелгеннен гөрі Қазалы және Перовск базарларынан сатып алу оларға арзанға түскен. Егіншілікпен айналысқан қазақтар тауарлы шаруашылыққа да қатыса бастағанын көреміз.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында отырықшылдыққа көшу одан әрі дамып, Кіші жүздің әсіресе, Батыс және Орта бөліктерінде мал бағудан гөрі жер өңдеушілер қатары арта түскен. Солтүстік-Батыс ауданда 835-1860 жылдар аралығында егіс көлемі 4, 5 есеге көбейеді. Егіншілікпен айналысатын жаңа аудандарсаны көбейіп, Сағыз, Қобда, Ойыл және Мұғаджар тауының бойларында егіс алқаптары кеңейе түсті. Мысалы, Оңтүстік аудандарды қоспағанда, Кіші жүзде 6 710 қазақ шаңырағы егін еккен, соның ішінде Шығыс бөлігінде - 627 шаңырақ, Батыс бөлігінде - 2019, Орта бөлікте - 4064 шаңырақ. 1835-1860 жылдарда Кіші жүз даласында (тағы да Сыр өзенінен басқа жерде) 15 мың десятина жерге егін егіліп, жылына 1 млн пұт өнім жиналған, оның ішінде 300 мың пұт тары, 300 мың пұт бидай, 400 мың пұт арпа мен сұлы, Жайық казактары жылына 86 десятина егін егіп, 4720 пұт астық жинаған .
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласы жалпы Ресейлік рынокқа бейімделе бастады. Қазақтар өздерінен аталған астықтарын базарларға апарып сатып, жергілікті қазақтардан саудагерлер шыға бастады. Олар бидай өнімдерін Орал, Елек және Бөрлі базарларында апарып сатып отырған. Егіншіліктің дамуы қазақтардың тұрмыс салтына, санасына, жалпы психологиясына әсер ете отырып, қазақтардан жаңа нақыл сөздер шыға бастады. Елді аралап жүрген орыс саяхатшылары ауыл ақсақалдарымен кездесіп, естіген мынандай сөздерді қағаз бетіне түсірген: «Бұл заманда егін екпейтін бір үй жоқ, тақсыр», «Мал сатып бай болмайсың», «Егін еккеннен пайда - пайда көп: бидай өзіңе тамақ болса, малыңа жем». «Осы өңірде кедей қазақтардың өзі кем дегенде 20-30 соттық тары егеді». Мұрағат дерегі.
Қара шаған, Шаңғырлау ауылдарында егін салудың кең етек жайғаны сонша, мұнда жылына 300-400 десятина жерге дән себетін шаруашылықтар пайда болды. Осы өңірдегі шаруашылық өзгерістері жайлы Трегубов былай деп жазады. «Бұл ауылдан біз орысша сөйлей білетін қазақтарды да көрдік. Орыс пен қазақ үйлерін бірлесіп салады екен, олардың өзара татулығына таң қалдық, сөйтіп осы ауылдарға қоныс аударған мұжықтар мен қазақтардың арасындағы тамырлықтың куәсі болдық.
Маңғыстау, Үстірт және Аралдың батыс жағалауында судың жетіспеуі, табиғаттың шөл-шөлейт болуы себебі егіншілік кәсібі дами алмады. Бұл жердегі қазақтар астығы Хиуа хандаға мен Александровск портында малға айырбастап алуға мәжбүр болған.
Кіші жүз даласының Батыс, Орта және Шығыс бөліктеріндегі қазақтар арпа, сұлы және бидай еккен. Бұл өңірде бидай тұқымын Ресейден алып отырған. Бидай көбінесе құнарлы, қара топырақты жерлерге егілген. Мұндай жер негізінен солтүстік-батыс бөлікте Жайық казак бекіністерінің маңында болатын. Тарыны қазақтар барлық жерлерде егіп, көп өнім алып отырған. Олар тарыдан күнделікті тұрмыста қажетті ұлттық тағамдар жасаған. Мысалы, тарыдан көже, жент, тары сөгі (қауызы алынып тазартылған) дайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz