Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары.

Мамандығы : Электроэнергетика

Орындаған: Зайнолла Думан. Тобы: ЭЭК 20-9

Тексерген: профессор Бақдәулет Тұрбекұлы Берлібаев

«» 2020__ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Əр елдің даму қарқыны оның индустриясының даму дəрежесіне байланысты. Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына жатқызады. Ресейде индустрия 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында дамыды. Қазақстан сол кезде Ресей қол астында болғандықтан қазақтарға да сол кездегі күн көрісін, айналысатын шаруашылығын осы бағытқа қарай өзгертуге тура келді. Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері шикізаты жəне егіншілік азық-түлігін дайындайтын кəсіпорындар еді. Ал көмір, мұнай, түсті металлдар жəне басқа да пайдалы қазба көздері енді зерттеле бастаған еді. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының, техника, механизмдердің жəне қаражаттың жетіспеушілігі қосылды. Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мəселесі төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар мен ұстанымдар пайда болды: Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі жəне көшпелі өмір сүру салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды. Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мəнісінде индусрияландыру саясатын қабылдамады; Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние, артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бəрібір жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т. б.

Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері шикізаты жəне егіншілік азық-түлігін дайындайтын кəсіпорындар еді. Ал көмір, мұнай, түсті металлдар жəне басқа да пайдалы қазба көздері енді зерттеле бастаған еді. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының, техника, механизмдердің жəне қаражаттың жетіспеушілігі қосылды. Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мəселесі төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар мен ұстанымдар пайда болды: Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі жəне көшпелі өмір сүру салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды. Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мəнісінде индусрияландыру саясатын қабылдамады; Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние, артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бəрібір жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т. б. Үшінші ұстаным: одақ құрамындағы республиканың перспективалық даму идеясын қолдады, бірақ оның ерекше мүдделері ескерусіз қалды. Олар ауыл шаруашылығымен байланысты партия қолға алған шикізат базасы ретінде ұсақ өнеркəсіп жұмысын жақсарту жəне ұлғайту бағытының дұрыстығын жақтады. Бұл топтағылар Қазақстанның халық шаруашылығы дамуындағы шикізаттық бағытты қолдады. Қарастырылып отырған кезеңде индустрияландырудың жетекші саласы ұсақ өндіріс орындары болды. Олар негізінен тұтыну заттары мен мал өнімдері шикізаты жəне егіншілік азық-түлігін дайындайтын кəсіпорындар еді. Ал көмір, мұнай, түсті металлдар жəне басқа да пайдалы қазба көздері енді зерттеле бастаған еді. Осылайша елдегі жаңа құрылыс еш даярлықсыз жүргізілді. Бұған білікті жұмысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарының, техника, механизмдердің жəне қаражаттың жетіспеушілігі қосылды. Бұл қиыншылықтар 1920 жылдар мен 1930 жылдың басында Қазақстандағы қоғамдық-саяси күштердің арасалмағының күрделі орналасуы, ұлттық жұмысшы кадрларды қалыптастыру мен республикадағы индустрияландыру мəселесі төңірегінде таласты пікірлер туғызды. Соған байланысты мынадай көзқарастар мен ұстанымдар пайда болды: Бірінші ұстаным: түйеден социализмге өтудің мүмкін еместігі жəне көшпелі өмір сүру салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан индусрияландыру оны ұлттық тұрмыс-салтынан айыратындығына саяды. Осылайша бұл категориядағы адамдар тобы шын мəнісінде индусрияландыру саясатын қабылдамады; Екінші ұстаным: индустрияландыруды орнату, жұмысшы табын жасау табиғаттан тыс, ғажайып құбылыс, Қазақстан үшін іске аспайтын дүние, артта қалған көшпелі халық ғажайып индусрияландырудың қарқынын көтере алмайды, қазахизация өндірісті тым қымбаттатып жібереді, ал қазақ бəрібір жұмыс ісетемейді, оны даласы өзіне тартып тұрады т. б. Үшінші ұстаным: одақ құрамындағы республиканың перспективалық даму идеясын қолдады, бірақ оның ерекше мүдделері ескерусіз қалды. Олар ауыл шаруашылығымен байланысты партия қолға алған шикізат базасы ретінде ұсақ өнеркəсіп жұмысын жақсарту жəне ұлғайту бағытының дұрыстығын жақтады. Бұл топтағылар Қазақстанның халық шаруашылығы дамуындағы шикізаттық бағытты қолдады.

Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.

Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.

Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.

Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.

Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.

Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер” деп айыптады.

Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады.

Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.

Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев -Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566, 6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды.

Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.

Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73, 9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.

Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды.

Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті.

Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5, 9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5, 7 есе артса, Қазақстанда ол 77, 4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23, 7 есе артса, Қазақстанда-486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1, 4 есеге, ал Қазақстанда -3, 1 есеге артқан.

Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.

Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.

Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47, 5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1, 8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды.

Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері

Бірінші дүниежүзілік соғысы және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен, әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4, 5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т. б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т. б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады . Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т. б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.

Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ф. И. Голощекиннің Шағын қазан идеясы: мәні мен салдары. Тоталитарлық жүйені қалыптастыру
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Индустрияландырудың қарқыны
Смағұл Сәдуақасовтың өмірдерегі
Өлкені индустрияландыру саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz