Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Қазақстан Республикасы Білім Ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Математика және Ақпараттық технологиялар факультеті

Курстық жұмыс

«Сыныптан тыс жұмыс» пәні бойынша

Тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің қызметі

Орындаған:Сайрамбек А

Тобы:МиИ-421

Қабылдаған:Ахманова Д. М

Қарағанды

2021 жыл

Мазмұны:

Кіріспе . . .

1 СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

  1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері
  2. Сыныптан тыс сабақтың өткізілу тәртібі
  3. Балалардың қызығушылықтарын арттыратын сыныптан тыс жұмыстар істеу формалары мен әдістер
  1. МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері . . .

2. 2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы . . .

2. 3 Математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің қызметі . . .

III. Қорытынды . . .

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Сыныптан тыс сабақтар дегеніміз білім алушылардың деңгейін олардың қажеттілігіне, сұранысына байланысты жасалынып, белгілі бір пәндер бойынша арнайы тереңдету, дамыту үшін сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Сыныптан тыс сабақтар оқушылардың ойлау қабілетінің даму әлеуетіне, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының орнығуына, оқушылардың зерттеу қызметіне деген көзқарастарын өзгертуге ықпалын тигізеді.

Сыныптан тыс сабақтар белгілі бір пән бойынша міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы арнайы ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары арқылы өткізіледі. Аталмыш сыныптан тыс сабақтардың мазмұнын бекітерде тек оқушылардың және ата-аналардың жеке қалауымен ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін мекеменің мүмкіндіктері де ескеріледі.

Сыныптан тыс сабақтарда оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту негізгі мақсат болып табылады. Факультативтік сабақтар оқушыларға кәсіби түрде бағыт-бағдар беру ісінің тиімді әдістерінің бірі. Сыныптан тыс сабақтар жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік жылдық оқу жоспарының жылжымалы бөлімінде 5-ші сыныптан бастап өткізіледі. Ал, пәнді тереңдете оқыту үшін арнайы типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.

Сыныптан тыс сабақтардың маңыздылығы - таңдалған пән бойынша және оның негізінде жалпы білім берумен қатар оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Жеке пәндерді тереңдетіп оқытудың бірқатар нысандарындағы сыныптан тыс сабақтарының рөлі төмендегідей сипатталған: «Сыныптан тыс сабақтар жалпыға бірдей орта білім беру жағдайындағы білім беруді саралаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді, оқытудың мазмұны мен әдістерін, оқушыларды тәрбиелеу, олардың өмірге, жұмысқа, оның ішінде материалдық өндіріске дайындығы мәселелерін шешуге көмектеседі».

Математикадан сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың маңыздылығы негізінен математика сабақтарын ұйымдастырудың маңыздылығымен бірдей. Бұл оқушылардың көкжиегін кеңейту, математикалық ойлауды дамыту, пәнге белсенді танымдық қызығушылықты қалыптастыру, математиканы тереңдетіп оқыту арқылы дүниетаным мен бірқатар жеке қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады. Математикадан сыныптан тыс сабақтар оқушылардың математика және оны қолдану саласындағы кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, сол арқылы мамандық таңдауға және оны одан әрі жетілдіруге көмектеседі.

Математикадан сыныптан тыс топтар мен математикалық сыныптар қызметіндегі айырмашылықтар бірінші болып математиканы оқыту жүйесін қайта құруды қажет етпейтіндігіне байланысты. Олар математиканың жалпы курсы негізінде жұмыс істейді. Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру математикалық сыныпқа қарағанда әлдеқайда қарапайым. Сондықтан сыныптан тыс сабақтар мектеп оқушыларына арналған тереңдетілген математикалық дайындықтың кең таралған түрі болып табылады.

Математиканың, оның ішінде математикадан сыныптан тыс сабақтар білім беруді жетілдіруде үлкен рөл атқарады. Олар жаңа мазмұнды болып келеді және оқытудың жаңа әдістерін іздестіруге сондай-ақ тексеруге мүмкіндік береді, зерттелетін материалдың көлемі мен күрделілігі жағынан әр түрлі болады.

Математика сыныптан тыс сабақ мақсаты- дағдыларды жүйелеу емес, оқушылардың жалпы дамуы.

Зерттеу обьектісі -мектептегі математикадан сыныптан тыс сабақ оқыту процесі.

Зерттеу пәні -математикадан сыныптан тыс жұмыстар.

Зерттеу жұмысының мақсаты - математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудағы мұғалімнің атқаратын қызметі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - мұғалімдердің шығармашылық қызмет көрсету компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.

Зерттеудің жетекші идеясы - мұғалімдердің сабақ өткізу процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамыту.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде мақсаттар мен міндетттер және атқарылатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы анықталған.

Берілген жұмыс екі бөлімнен тұрады. Жұмыстың көлемі 30 бетті, ал қосымшамен бірге 35 бетті құрайды. Қолданылған әдебиеттер тізімі 13 атауды қамтиды.

  1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т. б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.

3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.

Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4. Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.

Оны педагогтер бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан жақты керініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

5. Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болуы керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Нәтижелі болуы үшін бүл жұмыстардын нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айкын жасалған графигі болу керек.

7. Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланын санасына, сезімше және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8. Соңғы жылдарда сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндайда жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын және тартылған оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

  1. Сыныптан тыс сабақтың өткізілу тәртібі

Сыныптан тыс сабақтар оқу орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі.

Сыныптан тыс сабақтарға арналған уақыт тарификацияға сәйкес 0, 5 апта сағатына сәйкес келетін болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізіледі. Сыныптан тыс сабаққа қатысушы оқушылардың саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. Бұл сабақтар күнделікті өткізілетін сабақтардан ерекшелігі болуы қажет: сыныптан тыс сабақтарда оқушыларда өз бетімен, жеке шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері алуы керек. Математиканы тереңдетіп оқыту сыныптан тыс сабақтар аркылы жүзеге асырылады. Сыныптан тыс сабақтар математиканың негізгі сабақтарымен тығыз байланысты және оқу программасы бойынша жүйелі түрде байланысып отырады. Сыныптан тыс курстарды оқып-үйрену топтарына окушылар өз қалауымсн қабылданады. Сыныптан тыс сабақтар бір немесе бірнеше қатар (параллель) сыныптардың оқушыларынан қүралады. Топтардағы окушылар санын мектеп директоры белгілеп береді. Сынып жетекшілері мен пән мүғалімінің пікірін ескере отырып сыныптан тыс сабақтар жүргізетін мұғалім оқушыларды Сыныптан тыс сабақтарға кабылдайды. Сыныптан тыс сабақтар әрбір оқу жылының 10-қыркүйегінен кешіктірілмей мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Сыныптан тыс сабақтар окушылардың оқу жылы басталғанға дейін бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Факультатив сабақтарды өткізу үшін төменде көрсетілген жағдайлар ескерілуі керек:

- сыныптан тыс сабақтар күнделікті өткізілетін сабақтарға ұқсамауы;

- үлгере алмайтын оқушылар үшін косымша сабақ түріне айналмауы;

- жоғары оку орындарына түсетін талапкерлерді даярлайтын (репетиторлық) сабакқа немесе жоғары оқу орындары түріндегі лекция курсына айналмауы;

- үйірме сабақтарыньң белгілі бір формаларын көшірмеуі тиіс.

Сыныптан тыс сабақтарының қазіргі таңдағы жоспарлары бойынша сабақтарды өткізу тәжірибесін зерттеу барысы, сыныптан тыс сабақтарды өткізудің әртүрлі формаларының арасында шамамен төмендегідей арақатынас болғанын тиімді деп есептейді. Барлық сабақтардың уақытының 15-20% дәріс; 15-20% лаборатория; 30-40% практикум; 5-9% экскурсия; 3-5% сынақ сабағы

1. 3 Балалардың қызығушылықтарын арттыратын сыныптан тыс жұмыстар істеу формалары мен әдістер

Оқушылардың сыныптан тыс оқуын ұйымдастырудың бір жолы - оқу жұмысын дұрыс жоспарлау. Сыныптан тыс оқу былайша жоспарланады: сыныптан тыс оқуға жалпы сипаттама беру; сыныптан оқуға байланысты ұйымдастыру жұмыстары; әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай анкеталық сұрақтарға жауап алу; сыныптан тыс оқу сабағы, кеш, диспут, оқырмандар кконференциясы, семинар, ауызша журнал, әдебиет үйірмесі сияқты сыныптан тыс жұмыстардың жекелеген түрлеріне үлгі жоспар беру; оқушылардың жазған шығарма, мазмұндама үлгілері, қолжазба журналы, жинақ пен альбомдар, әдеби бюллетень, қабығы газеттерін шығару, т. б. Осындай жоспар үлгісі жасалғаннан кейін түрлі көрнекіліктер дайындалады: әдеби стенд, альбомдар, оқушылардың көркем әдебиет күнделіктері мен шығарма үлгілері, кейіпкерлер бейнесін иллюстрияциялау, әдеби кештердің жоспарларын дайындау, диспут, конференция тақырыптарын белгілеу, әдебиет үлгілерінің тақырыптары, т. б.

Сыныптан тыс оқуға көбірек уақыт бөлген жөн. Өйткені қазір балалар кітап оқудан қалды. Көпшілігі теледидар мен компьютерге назар аударып кеткенін жақсы білеміз. Оқушылар кітапты аз оқығандықтан ойларын еркін жеткізе алмайтындықтары эксперимент нәтижелерінде анық байқалды.

Сыныптан тыс оқудың жүйелі жоспары мектептің іс жоспарына еніп, педагогикалық кеңесте бекітіледі.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.

Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады. Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу. Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады. Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу, өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.

Танымдық іс-әрекет. Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек. Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса, 8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.

Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады. Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.

Ойын. Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі. Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей, ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н. К. Крупская аса зейін қойып қарады. Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек. Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы, басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.

Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді. Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады. Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады. Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап, олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек. Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде, өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп, баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.

Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі - оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Математикадан сыныптан тыс сабақтар
Математиканың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz