ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ТОПТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ


Тексерген: Бейсенова Жупаркул Жумабаевна
Орындаған: Нуржаубекова Аяла Біржанқызы
Қарым-қатынас пен топтар психологиясы
Психология 6 апта
1. Ақпарат:
Бұл тақырыпты қозағаған кезде ең алдымен қарым-қатынас сөзінің мағынасына үңілуіміз қажет. Қарым-қатынас - бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
М. В. Ломоносов
осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан:
« . . . Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік . . . ».
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Т ура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес) .
Алғашқысы тікелей қарым-қатынас , соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адама түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық дамуыныңы маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғаш ролді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша екінші функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам». Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психолоиялық процесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әр түрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үл деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
- конъюктивті- адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
- дизъюнктивті- адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психолоияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлестірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет.
Қарым-қатынастың
коммуникативті жағы (
тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы
- қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы
- қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Осы үш жақтың бірлігінде қарастырылатын қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті және оған қатысушы адамдардың өзара қатынастарын ұйымдастыру тәсілі болып табылады. Қарым-қатынастың заңдылықтарын білу және қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту әсіресе педагогтар үшін өте маңызды, өйткені олар оқушыларды өздерімен бірлесіп әрекет етуге жемісті түрде тарта алған жағдайда, тәрбиешінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін өзара әрекеттестік пен өзара түсінушілікті жолға қоя білгенде, яғни толыққанды педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыра алғанда ғана кәсіби міндетін табысты түрде атқара алады.
Сонымен қатар, жеке тұлғааралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz