Шәкен Аймановтың өмірбаяны


Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық білім беру факультеті
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
РЕФЕРАТ
«Шәкен Айманов - қазақтың әйгілі әртісі, режиссеры»
Орындаған: 21-АР-1 тобының
студенті Искакова Карина
Тексерген: «ҚжОТ»
кафедрасының оқытушы
Есимжанова Г. Т.
Өскемен
2021
Жоспар:
1. Кіріспе. «Шәкен Айманов деген кім?»
2. Шәкен Аймановтың өмірбаяны.
3. Кино
3. 1. Фильмография
3. 2. Режиссерлік еңбектері
4. Театр
4. 1. Актер ретінде шығармалар
4. 2. Сценарийші ретінде шығармалар
5. Режиссер неге оқуын тастап кетті?
6. Шәкен Айманов жайлы естелік.
7. Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер
8. Қорытынды
1. Кіріспе
«Шәкен Айманов деген кім?»
Шәкен Айманов қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Қазақ халқы осынау ардақты ұлымен мәңгі мақтана береді. Қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан төрт классиктің бірі, қалған есімдерді жалғастырсақ, әрине, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов болып шығар еді. Шәкен Айманов есімі бәрінен бұрын қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген адам ретінде және оны барынша биікке көтерген талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған.
Театрдың көптеген жанкүйерлері үшін Шәкен Айманов ең алдымен көрнекті актер болды. Бірақ қазақ ұлтының дамуы үшін оның ұлттық кино ісіне қосқан үлесі аса маңызды болды.
2. Шәкен Аймановтың өмірбаяны.
Шәкен Айманов - актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Шәкеннің әкесі Кенжетай балаларына жастайынан домбыра үйретіп, өнер мен ән-күйге баулып өсіреді. Өзі саятшылығымен аты шыққан, өнерге құмар жан болған. Бала Шәкен әкесі мен жездесі Қали Байжановтың арқасында бойындағы әртістік дарынын ерте байқатады. Ойын-сауық, жиын-той өтетін жерлерден қалмай, барған жерінде өлең оқып жұртты аузына қаратқан. Сондай-ақ, ол бала күнінде қара жұмысты аса ұната қоймаған.
Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Айманов 1932 - 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1947 - 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 - 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968) . Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 - 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
3. Кино
1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі.
Айманов
режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шәкен
кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.
3. 1. Фильмография:
1938 «Амангелді» - эпизод
1940 «Райхан» - Сәрсен
1943 «Ақ раушан» - майдангер
1945 «Абай әндері» - Шәріп
1948 «Алтын мүйіз» - Жәкен Досанов
1953 «Жамбыл» - Жамбыл
1956 «Біз осында тұрамыз» - Бейісов
1957 «Біздің сүйікті дәрігер» - эпизод
1961 «Алдар көсе» - Алдар көсе
1969 «Найзатас бөктерінде» - Бейсембай
3. 2. Режиссерлік еңбектері:
- 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
- 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
- 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
- 1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
- 1961 «Бір ауданда»
- 1961 «Әуен шақырады»
- 1962 «Жол торабы»
- 1964 «Алдар көсе»
- 1966 «Атамекен»
- 1968 «Тақиялы періште»
- 1970 «Атаманның ақыры
Шәкен Аймановтың кино әлеміне енуімен кинодраматургия атты қиын да күрделі жанр қазақ киносына көп қиындықтар тудырды. Бұл 1953 жыл болатын. 1945 жылдан 1952 жылға дейін Қазақстанның киноиндустриясы тоқтап қалды. Мықты режиссерлердің көбі Алматыны тастап, орталыққа кетті, бос қалған павильондар мен цехтарда жұмыс істейтін кадрлар жоқтың қасы еді. Кинодраматургияның дәмін татып үйренген режиссерге бұл әлем таңсық емес еді. Осылайша, болашақ режиссерге кино үйінің есігі айқара ашылды. Дарынды ұл қазақ кино әлемінде өшпестей ізі бар туындыларды дүниеге әкелді.
4. Театр
Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951) .
Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай - Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.
Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
4. 1. Актер ретінде шығармалар:
- 1943 - Ақ раушан - Жақпан
- 1945 - Абай әндері - Шәріп
- 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов
- 1952 - Жамбыл - Жамбыл
- 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері
- 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов
- 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе
- 1968 - Тақиялы періште - эпизод
- 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
4. 2. Сценарийші ретінде
- 1960 - Бір ауданда
- 1961 - Ән шақыруда
- 1964 - Алдар көсе
- 1968 - Тақиялы періште
- 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
5. Режиссер неге оқуын тастап кетті?
Қойылымдарда ойнап жүріп Алматыдан арнайы келген Ғабит Мүсіреповтің көзіне түсіп, Алматыдағы кәсіби театрға жол тартады. Бірақ бұл уақытта оқуын 3-курстан тастауға мәжбүр болады.
Алып шаһарға келген соң Алматы түбіндегі Қаракестек ауылында "Амангелді" фильмінің түсірілімі жүріп жатқанын естіп, өз қалауымен эпизодқа түседі. Сондай-ақ, арасында фильм түсіруші ұжымға кеңесші болады. Шәкен Айманов ғұмырында 14 фильм түсіріп, 20-дан астам кейіпкердің рөлін сомдаған. Өзі соңғы рет түсірген "Атаманның ақыры" атты фильм көрермен қауымның жылы лебізіне ие болды.
Достары оның ешкімге ұқсамайтын ашық-жарқын, жомарт мінезін жоғары бағалап, "бүгінгі заманның серісі" деп атаған. Материалдық құндылықтарды екінші орынға ысырып, достармен әңгіме-дүкен құрғанды, жұртпен араласқанды жақсы көрген. Кез келген отырыстың сәнін кіргізетін Шәкеннің үйде жалғыз отыратын кездері сирек болған.
6. Шәкен Айманов жайлы естелік.
- Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі беріліп, аумағына актер бюсті орнатылған. Киностудияда Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды.
- Алматы қаласында көше аты берілген.
- Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.
7. Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:
1952 - КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)
1958 - Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін)
1958 - Ташкент. Африка және Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
1959 - Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
1963 - Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін)
1967 - Қазақ КСР Мемлекеттік К. Байсейітова атындағы сыйлық (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне)
1969 - Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін)
1972 - Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (марқұм болған соң, «Атаманның ақыры» фильмі үшін)
Ленин ордені
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz