Тергеу әрекеттерін жүргізу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық жоғары мектебі кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тергеу әрекеттерін жүргізу

Орындаған:Балтағұл Айбар.
Тексерген:Жоматқызы Арайлым.

Алматы 2021 жыл

Тергеу әрекеттерін жүргізу

Жоспары:
1. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережесі.
2. Алдын ала тергеудің басталуы және аяқталуы. Алдын ала тергеудің мерзімі.
3. Алдын ала тергеу өндірісінің ұйымдастырушылық нысаны.

Алдын ала тергеу кезінде барлық тергеу амалдары жүргізілуге тиісті. Сонымен қатар сезікті адамды, айыптаушының және де басқа қылмыстық процеске қатысушыларды ажырата білуіміз қажет және олардың әрқайсына байланысты тергеу амалдары жүргізіледі.
Тергеу әрекеттері: жауап алу, тергеу қарауы, куәландыру, оқиға болған жерді қарау, беттестіру, тінту және алу, эксгумация, тергеу эксперименті, жауапты оқиға болған тексеру, сараптама тағайындау т.б. жатады.
Қазіргі кезеңде қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80 % -ке жуығы куәлардың, жәбірленушілердің, сонымен қатар сезіктілердің де жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына көп көңіл аударылуы қажет. Біз б+-л тергеу әрекетін екінші тарауда толыќраќ ќарастырамыз.
Жауап алушы тұлға, яғни анықтаушы, тергеуші, прокурор жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғарғы денгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабында айыпталушы туралы анықтама берілген. Бұл анықтама бойынша -Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шаққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы - сотталушы деп, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы - сотталған адам деп, өзіне қатысты ақтау үкімі шыққан айыпталушы - ақталушы адам деп аталады - деп көрсетілген.
Тергеу іс - әрекеттерін мынадай екі әдіспен анықтауға болады: 1) заңның тікелей нұсқауларын негізге алу арқылы; 2) қисынды жіктеу жолымен.
Бірінші әдісті қолдану төмендегі іс жүргізу әрекеттерін тергеу іс-әрекеттеріне жатқызуға мүмкіндік береді:
* қарап тексеру , тінту, алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау, жауап алу, (ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігі);
* адамның мәйітін тану, қарап тексеру, сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып (эксгумация) алу (ҚІЖК-нің 225-бабы);
* сөйлесуерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 3-бөлігі).
Іс жүргізу тәртібін реттейтін нормалар ҚІЖК-нің тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерін баянды ететін баптарына сілтеме жасайтын жағдайларда екінші әдіс қолданылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 201 және 203-баптары ) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері туралы, тиісінше тергеу әрекеттерінің хаттамасы туралы) осындай реттерде қолданылыды.
ҚІЖК-нің 201 және 203-баптарына сілтеме жасау арқылы төмендегідей іс жүргізу әрекеттері реттелген:
* жауап алу (ҚІЖК-нің 218-бабының 1-бөлігі)
* беттестіру (ҚІЖК-нің 220-бабының 7-бөлігі)
* қарап тексеру, куәландыру, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (ҚІЖК-нің 227-бабының 1-бөлігі);
* тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігі);
* тінту, алу (ҚІЖК-нің 234-бабының 1-бөлігі);
* оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және нақтылау (ҚІЖК-нің 238-бабының 8-бөлігі),
* тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 6-бөлігі);
* сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).
Экстраполяция (ерекше мұқият өңдеу) секілді қисынды тәсілде осы әдіске жатады. Оны осы мәселеге қатысты қолдану мәні мынада: куәгер секілді институт тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыруға арналған (ҚІЖК-нің 86-бабының 1-бөлігі). Куәгердің қатысуы талғамалы сипатта болады және ең алдымен заң шығарушының қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қажетті кепілдіктермен қамтамасыз ету туралы қамқорлығына байланысты. Куәгер осы әрекетке қатысушының еркін шектеуге байланысты аса күрделі тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қажет болады. Осыны негізге ала отырып, куәгерлер қатысытын іс жүргізу әркеттері, сөз жоқ, тергеу әрекеттеріне жатады есептеуге мүмкіндік бар. Мұндай іс жүргізу әрекеттеріне мыналар жатады:
* тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 10-бөлігі);
* тінту, алу (ҚІЖК-нің 232-бабының 4-бөлігі);
* ұсталған пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеру, алу және көшірмесін түсіру (ҚІЖК-нің 235-бабы 4-бөлігі),
* сөйлесулерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 5-бөлігі);
* оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және айқындау (ҚІЖК-нің 238-бабы 3-бөлігі);
* тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 2-бөлігі)
* сарапшылық зерттеулер үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).
Одан әрі, іс жүргізу әрекетін тергеу әрекеті деп тану үшін оның айқын мақсаты секілді мән-жайды ескеру маңызды, айталық, дәлелдемелерді тексеру және тиянақтау.
Қылмыстық іс жүргізу нормалары анықталған мерзімдермен, яғни арызды қарау уақыты және қылмыс туралы хабарлау, тергеу өндірісі, тергеушінің жекелеген процесуалдық әрекеттерін шектейді. Көрсетілген заң нормаларын сақтау.
Қылмыстық істі өз уақытында қозғау, дәлелдемелер жинауда тергеуші әрекетінің белсенділігі,қылмыскерді іздестіру жеке ұстау,олардың қоғамға қарсы жаңа әрекеттер жасауына жол бермеу басты табыс болып табылады. Қылмыстық іс жүргізушілік мерзімнің қатаң заңдылық регламенті азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың маңызды кепілдігі болып табылады.
Заң азаматтарды ұстаудың, жасалған қылмысқа сезіктілердің шекті мерзімін,сезіктіге бұлтартпау шарасын қолдануда ең жоғарғы уақыт мерзімін анықтайды, қамауға алу мерзімін қатаң сақтайды.
ҚР ҚІЖК-ң 54-бабына мерзімдерді есептеу түсінігі көрсетілген: процесуалдық мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеледі.
ҚР ҚІЖК-ң 196-бабында тергеу мерзімі анықталған. Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу өндірісі қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс және айыптау қорытындысын жазу немесе іс бойынша тоқтата тұру және қысқарту қаулысымен бітеді.
Қылмыстық істің күрделілігіне байланысты тергеу мерзімі аудандық және оған теңестірілген прокурормен үш айға дейін, қылмыстық істің аса күрделі болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор мен оның орынбасарлары алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайларда істің күрделілігі ескеріле отырып жол беріледі және ҚР-ның Бас прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери проркурор жүзеге асыра алады.
Алдын ала тергеудің мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеуші ауданның облыстың прокурорына және оларға теңестірілген прокурорларға тергеу мерзімі өтпестен бұрын - бес тәуліктен кешіктірмей, Бас прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Қосымша тергеу мерзімі, тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурормен іс өндіріске алынған кезеңнен бастап, бір ай көлемінде мерзім тағайындайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негізде жүргізіледі.
Тергеу практикасын оқу көрсеткендей, тергеудің ұзаққа созылуының негізгі себептері іс бойынша тергеуші жұмысты нашар ұйымдастыруы, төменгі сапалы тергеушінің қателіктері. Сонда да кей кезеңдерде екі айлық мерзімнің асып кетуі, тергеу органдары қызметінің бұзылуы ретінде қаралуы мүмкін.
Ол өте ауыр іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері
Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу
Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық табиғаты
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Ішкі істер органдары
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz