Мемлекеттік басқарудағы реттеушілік нормалар


ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ
Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың нысаны - атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.
Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері: - құқықтық ;
- құқықтық емес;
Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады.
Басқарудың құқықтық нысаны былайша жіктеуге болады: - құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.
Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Құқықтық емес нысаны заңдық салдарлардың болуына әкеп соқтырмайды. Оларға ұйымдастырушылық жәнематериалдық-техникалық әрекеттер жатады. Ұйымдастырушылық әрекеттерге - заңдар мен нормативтік актілердің мазмұнын түсіндіру, аттестация өткізу, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге нұсқаулар беру, басқару органдарының жұмысын қорытындылау, жиналыстар мен кеңестер өткізу жатады.
Материалдық-техникалық әрекеттерге басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын ақпарат құралдарымен қамтамасыз ету, іс жүргізуді жүзеге асыру(құжаттарды көбейту, оларды сақтау, хат алысу), есепке тіркеу жұмыстары, қажетті құжаттармен қамтамасыз ету жатады.
Мемлекеттік басқару әдісі - бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы) ; Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы) ;
- тиісті объектіге арналған;
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.
Биліктің кез-келген саласының, соның ішінде атқарушы биліктің де қызмет атқаруы басқару әдістерін қолданумен байланысты болады. Басқару әдістері әкімшілік құқық субъектілерінің қызметін ұйымдастырудың, басқару процесінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің, сондай-ақ басқару объектілеріне ықпал етудің тәсілі болып табылады.
Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:
1/ субординация;
2/ координация;
Субординация - төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.
Координация - орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.
Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру.
Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа жіктеледі. Тікелей әдістерге - иландыру мен мәжбүрлеу жатады.
Иландыру дегеніміз - басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.
Мәжбүрлеу дегеніміз - арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау құралдары.
Жанама әдістерге әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістер жатады.
Мемлекеттік басқару қағидаттары
1) заңдылық;
2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;
11) үнемдiлiк пен тиiмдiлiк принциптерiне негiзделедi.
Мемлекет қызмет туралы заңдар ҚР Конституциясынан, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңынан және республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. (2-бап) .
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы 1999 жылдың 23 шілдеде қабылданып, 2000жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді; ал 2001 жыл 4 маусымда; 2003 жыл 25 қыркүйекте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызмет туралы заң 8-тараудан және 30-баптан тұрады.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгісі ретінде - оның заңға қатаң бағынуы арқылы жүзеге асуын көрсетуге болады. Мемлекеттік қызмет белгілі бір қағидаттар негізінде құрылады, бұл принциптер заңның 3 бабында көзделгенген және бір-бірімен тығыз байланысты болады. Оларға:
- заңдылық принципі, мемлекеттік қызметшілердің ранг, өзге де дәрежесіне қарамастан заң алдындағы теңдігі. Заңнан кішкене болса да алшақтық азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне, бүкіл қоғам мен мемлекет мүддесіне елеулі залал келтіреді.
- қазақстандық патриотизм.
- мемлекеттік биліктің 3-ке бөлінуіне қарамастан, мемлекет қызмет жүйесінің біртұтастығы.
- азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекеттік мүддесі алдында басымдығы яғни азаматтар мүддесінің мемлекет мүддесінен әрқашан жоғары екендігін айғақтайды.
- мемлекет қызметтің жалпыға ашықтығы, қол жетімділігі; өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына сәйкес азаматтардың оған кіруге тең құқылығы.
- азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге еріктілігі.
- өз өкілеттіктері негізінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын шешімнің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі.
- мемлекеттік қызметшінің бақылауда болуы және есеп беріп отыруы.
- барлық азаматтар мен лауазымды адамдар үшін мемлекеттік қызметшілердің заңды талаптарын орындаудың міндеттілігі.
- мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге де құпия боп табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.
- мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды не күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
- мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілігі.
- мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
- мемлекет қызметшілерінің қызмет перспективасы.
-мемлекеттің қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу
Заңның 1-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметші деп - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық не жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттеріне 9-бапқа сәйкес мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беру;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
- өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттіген жүзеге асыру;
- мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдау;
- заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
- белгіленген мерзімде олардың өтініштерін қарау, сол бойынша тиісті шараларды қолдану;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу;
- мемлекеттік және заңмен қаралатын өзге де құпияларды, соның ішінде мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін де бұл жайында қолхат бере отырып, сақтау;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету және тағы басқа жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 8-бапқа сәйкес төмендегіше:
- азаматтарға ҚР Конституциясы мен заңдары арқылы кепілдіктер берілген құқықтар мен бостандықтарын пайдалануға.
- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға; тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;
- белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдар алуға.
- біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызмет бабында жоғарылауға.
-қызметшінің пікірінше, негізсіз айыпталған ретте қызметтік тексерілу жүргізілуін талап етуге.
- әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
- зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
- мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға, және т. б. құқылы.
Қ Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы, оны жетілдіру мәселелері
Құқықтың әрбір саласының пәні қоғамдық қатынастардың /адамдар байланыстарының/ белгілі бір аясы болып табылады, оларды реттеу тиісті саланың нормаларымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет және басқару пәні - атқарушы билік /мемлекеттік басқару/ аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтың дербес салаларының бірі. Сондықтан құқықтың бұл саласының пәнін оқып үйрену кезінде ең алдымен атқарушы билік деген не екенін, оның мәні мен әлеуметтік міндетінің неден тұратынын білу қажет.
Заңдық мағынада билік деп, әдетте, субъектінің /органның, лауазымды адамның, билік өкілінің, т. б. / өз еркіне әлде біреуді бағындыру құқығы, мүмкіндігі және өкілеттігі; біреудің іс-әрекеттерін басқару; бірін билік етуші, басқарушы, ал екіншісін бағынышты, басқарылушы деп білу түсініледі. Әлеуметтік аяда адамдар мен олардың бірлестіктерінің арасында, қоғам мен жеке адамның, мемлекет пен азаматтың арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастардағы басқарушы тарапты басқарудың субъектісі, ал басқарылушыны - объектісі деп атайды. Басқарудың объектілері басқару субъектісінің - толық /ұйымдастыру жағынан/ немесе біршама бағынысында болуы мүмкін. Белгілі бір мақсаттарға жету үшін қандай да болмасын қызметтің қатысушыларына, адамдардың саналы-ерікті мінез-құлқына, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттік те, мемлекеттік емес те органдар басқарушылық ықпал жасайды. Сондықтан әлеуметтік аядағы басқару екі түрге бөлінеді: мемлекеттік және мемлекеттік емес. Басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы қатынастар өзара байланысты құқықтармен және міндеттермен, сондай-ақ өзінің мінез-құлқы үшін қолданыста бар жауапкершіліктің түрлерімен сипатталады.
Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру, мемлекеттік - биліктік өкілеттіктерді іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметі түрлерінің бірі. Бірақта олардың мемлекеттік - басқарушылық /әкімшілік1/ өкілеттіктері бірдей емес.
Мемлекеттік биліктің мәні мен құрылымы Конституция2 мен конституциялық заңдарда бекітілген. Мемлекеттік билік заңнамаларға, мемлекеттік аппаратқа, матариалдық қорларға, ақша қаржыларына, иландыру мен мәжбүрлеу механизмдеріне /тетіктеріне/ сүйенеді. Сонымен бірге ол белгілі бір идеяны иеленуші, өнегелі ақтаулы, легитимді, заңды болуы керек.
Жоғарыда айтылғандай, Конституцияның 3-бабының 4-тармағы бойынша Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл Конституциямен Батыс елдерінде кең тараған және өзін екі жүз жыл бойы ақтаған біртұтас мемлекеттік билік жүйесін оның үш-заң шығарушы, атқарушы және сот-тармақтарына көлбеу бойынша бөлу принпипі, сондай-ақ айқын тік субординация принципі бекітілгендігін білдіреді. Осыған сәйкес Конституциямен және ағымдағы заңнамалармен мемлекеттік билік органдарының арасында олардың қарауына жататын мәселелер мен өкілеттіктердің шекарасын ажырату принциптері мен тәртібі белгіленген. Республикалық органдардың қарауына жататын мәселелер - реттелуі Конституциямен және Заңнамалармен олардың құзыретіне жатқызылған қоғамдық қатынастар аясы, ал жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қарауына жататын мәселелер - олардың құзыретіне жатқызылғандар. Мемлекеттік билік органының құзыреті - оның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша өкілеттіктерінің жиынтығы. Мемлекеттік билік органының өкілеттігі - құқықтық актілер қабылдау, сондай-ақ оның өзге де мемлекеттік биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі құқықтары мен міндеттері.
Билік тармақтары бірі мен бірі өзара байланысты, бірақ сонымен бірге белгілі бір дербестікпен сипатталады. Әрбір мемлекеттік орган мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жөніндегі өзіне тиісті жұмыс бөлігін атқарады.
Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдастыру - басқарушылық, атқару - өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды мемлекеттің арнаулы органдары - атқарушы билік органдары орындайды, олардың қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекет пен оның аппаратының күнделікті /ағымдағы/ жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Атқарушы билікті жүзеге асыру өкілеттіктері мен мүмкіндіктері Үкіметке, министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге және басқа республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарына, сондай-ақ бірқатар лауазымды адамдарға берілген.
Мемлекеттің мақсаттарын, функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған атқарушы билік органдарының қызметі заңнамаларда, ең алдымен Конституцияда белгіленген.
Атқарушы билік органдарының функциясы - Заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылап отыру, бұл осы органдардың атауында көрініс тапқан. Заң шығарушы орган заңдарды дайындап, қабылдайды, атқарушы билік органдары оларды орындайды, іске асырады. Соңғыларға өзінің қалауы бойынша, бірақ заңның шеңберінде, шешімдер қабылдау және нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ нормативтік емес актілер - құқық қолдану актілерін /мысалы, тиісті лауазымға мемлекеттік қызметшілерді тағайындау туралы бұйрықтар немесе өкімдер/ шығару құқығы берілген. Осы шешімдер мен актілердің бәрі заңдарға негізделуі және оларды тиісінше нақтылап, дамытуы яғни заңға тәуелді болуы тиіс. Заңға тәуелді нормативтік актілер шығару және оларды жүзеге асыру жөніндегі қызмет өкім етуші деп аталады.
Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі бағыттары /функциялары/ мыналар болып табылады:
болжау - қолда бар ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала болжау;
жоспарлау - әлдебір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, пропорцияларды, қарқындар мен нақты сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтау;
басқарушы және басқарылушы кіші жүйелерді ұйымдастыру /мысалы, басқару органдарын құру, олардың функцияларын, бағыныстылығын, құқықтары мен міндеттерін айқындау, кадрларды таңдау мен орналастыру және т. б. /;
құқықтық реттеу - қандай да болмасын бір қызметтің және тиісті құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу;
жалпы басшылық жасау және жедел - өкім етушілік жұмыс әртүрлі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, ұйымдардың іс-қимылдарын алдын ала және күнделікті үйлестіру /келісу/.
бақылау - заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы бұзушылықтарды табу және жою және шаралар, оның ішінде белгіленген тәртіпті бұзушыларға, қолдану үшін істің нақты жағдайын тексеру;
атқарушы - өкім етуші қызметті және, оның ішінде оның түпкі нәтижелерін жүзеге асыру үшін адам, материалдық, қаражаттық және өзге де құралдарды /ресурстарды/ ескеру;
ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық талдау жұмысы;
әдістемелік басшылық жасау;
кадрмен, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету, қаржыландыру тағы с. с.
Атқарушы билік органдары шешім дайындап, қабылдаудан, оны орындаудан, орындалуына бақылау жасаудан және қорытындысын шығарудан тұратын басқару процесін жүзеге асырады. Айқын етіліп, иерархиялы (сатылы) құрылған басқару органдары жүйесінің және олар жасақталған кәсіби қызметшілер корпусының болуы атқарушы билікке тәнді белгі болып табылады. Олардың билігінде материалдық қорлар мен ақша қаржылары, адам мен ақпарат ресурстары болады. Олардың өкілеттіктерін іске асыру барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделері, экономиканың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының әр түрлі ұйымдарының қалыпты қызметі қамтамасыз етіледі.
Міне не себептен атқарушы билікті ұйымдастыру туралы мәселе тиімді қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің қатарына жататындығы. Бұл орайда бірінші кезектегі назар атқарушы биліктің ең жақсы құрылымын іздеп табуға және олардың өзара қарым-қатынастарына, оның әрбір органы мен лауазымды адамының құзыретін дұрыс белгілеуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, барлық мемлекеттік қызметшілердің іскерлік біліктілігі мен жауаптылығын арттыруға аударылады.
Сонымен, атқарушы билік органдарының мазмұнындағы маңыздысы - бұл ұйымдық - басқарушылық және атқару - өкім етушілік сипаты бар мемлекеттік функцияларды іске асыру жөніндегі өкілеттіктер мен шынайы мүмкіндіктердің болуы; осы қызметті іске асыру кезінде мемлекеттік /қоғамдық/ мүддені білдіретін басқарудың құқықтық актілерін пайдалану.
Мемлекеттік емес басқарудың мән-мағынасы өзгеше болып табылады, оны жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде, қоғамдық бірлестіктерде және жекеменшік ұйымдарда атқарушы органдар жүзеге асырады. Қолданыстағы заңнамалар оларға мемлекеттік - биліктік өкілеттіктер бермеген, өйткені оларға әлеуметтік басқарудың басқа түрлері жүктелген.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде әкімшілік құқықтың пәні туралы мынандай қорытынды жасауға болады. Оны мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру кезінде пайда болатын, өзгертілетін және тоқтатылатын қоғамдық қатынастардың үлкен тобы құрайды. Басқару қатынастары өзінің бағытталуы және оларды әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеу мақсаттары сыртқы да, сондай-ақ ішкі ұйымдастырушылық та болуы мүмкін.
Сыртқы қатынастар деп, солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей іске асырылатын болғандықтан аталады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарушылық ықпал басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына жасалынады. Сыртқы қатынастар болып:
атқарушы биліктің әр түрлі органдарының /қатар бағынушылардың және қатар бағынушылығы жоқтардың/ арасындағы;
атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;
атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы;
атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;
қолданыстағы заңнамалармен көзделген жағдайларда атқарушы билік органдары мен мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы қатынастар саналады.
Ішкі /ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік/ басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің барысында ғана пайда болмайды, сонымен қатар заң шығарушы /өкілді/ және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде де пайда болады.
Нормативтік құқықтық актілерді даярлау және қабылдау. Мемлекеттік басқарудағы реттеушілік нормалар
Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығарушы органның өз құзыретінің шегінде белгілі бір нысанда қабылдаған (шығарған) және құқықтық нормаларды белгілеуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған жазбаша түрдегі ресми құжат. Өз кезегінде, құқықтық норма деп тұрақты немесе мерзімдік сипаты бар, көп рет қолдануға есептелген жалпы міндетті болып табылатын мемлекеттік нұсқаманы ұғыну алынған.
Құқықтық нормада атқарушы билік (мемлекеттік басқару) аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың ережесі болады. Әкімшілік - құқықтың нормасы өзімен реттелінетін қоғамдық қатынастың мәнін білдіреді, нақты әкімшілік - құқықтық актінің (заңның, Президенттің жарлығының, Үкіметтің қаулысының және т. б. ) «кірпіші» болып табылады.
Құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүйесінде маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен тобын реттейді. Олармен адамдардың қажетті, рұқсат етілетін немесе ұсынылатын мінез - құлқының шегі, атқарушы билік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz