Жер бетіндегі топырақты тығыздау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Презентация
Тақырып: Негізді және іргетасты күшейту мен жөндеу технологиясы.

Орындаған: Жолан бақдәулет
Тобы: СМ-19-7к
Қабылдаған: Артықбаев Дархан

Шымкент

Негізді және іргетасты күшейту мен жөндеу технологиясы.

Жоспары:
1.Негіз топырақтарын жасанды жолмен нығайту.
2. Шпунтты қабырғалар, топырақты арматуралау.
3. Жер бетіндегі топырақты тығыздау.
4.Топырақты динамикалық әдістермен тереңдетіп тығыздау.
5.Технологиялық жабдықтардың астына туннельдер мен іргетасты орнату.
6.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Негіз топырақтарын жасанды жолмен нығайту
Құрылыс алаңдарында "әлсіз" сығылғыш топырақтар орналасқанда олар ғимараттар астында ірге тастарының бірқалыпсыз шөгуін, кейде орнықтылығын да бұза бастауы мүмкін. Сондықтан мұндай қадалы ірге тастарды қолдану тіпті қолайсыз болады, ең үнемді жолы - топырақтарды жасанды жолмен нығайту болып табылады.
Соңғы кездерде құрылыста "әлсіз" топырақтарды нығайту тәсілдері үш топқа бөлінеді:
Бірінші топта сығылғыш топырақтарды топырақтан жасалған тұғырық, шпунттық қабырға, топырақты арматурлау сияқты шаралар қолданылады, бұл конструктивті тәсілдер деп аталады, өйткені топырақтар жұмысын олардың қасиетін өзгертпей-ақ жақсартады.
Екінші топқа жер бетін тығыздау, терең дірілдетіп тығыздау, камуфлетті қопарылысты колдану, топырақтан және құмнан қада колдану, электроосмос арқылы су деңгейін төмендету сияқты әдістер
жатады, бұл тәсілдерді қолданғанда топырақтың қасиетін тығыздау, бекіту арқылы өзгертеді, яғни нығайтады.
Үшінші топта топырақтарды бекітетін, яғни цементтеу, силикаттау, жылыту, битумдау және саздандыру сықылды әдістері қолданылады, топырақты бекіткен соң, олар жартастар сықылды берік түрге енеді.

2.Шпунтты қабырғалар, топырақты арматуралау
Ірге тас астындагы топырақтар керіп көтерілмес үшін кейде олардың сілеміне шпунтты қабырғалар орнатады. Ол қадалардың басына шығыр кигізіледі, щығырлар ені 50-80 мм, қалыңдығы 12-14 мм жалпақ металдан жасалады. Шпунттар тақтайдан болса, оларды желіммен құрастырады, оларға қалыңдығы 15-55 мм, ұзындығы 2 м-ге дейінгі тақтайлардан құрастырылады және желіммен құрастырылған қадаларды 5 тәуліктей І4°С жылылықта ұстап кептіргеннен кейін ға - на қағуға болады.
Төменгі топырақ қабатын болат сымдармен арматурлап оның табанына техникалық шірімейтін маталар төсеп бекітеді. Арматурлау арқылы тіреуіш қабырғалардың орнықтылығын нығайтуға да болады, ол үшін кейінгі үйілген топыраққа арматура қосып, қабырғаның сырт жағына тығыздап бекітеді. Құм топырақтарға оның табанын да арма - турлап нығайтады.

Құмды қадаларды дайындау процесі а; олардың орналасқан түрі б. I - құм қада; 2 - тығыздалу зонасы; 3 -тығыздағыш; 4 - инвентарлы түтік; I - скважинадағы инвентарлы түтік; II - тыгыздау процесі;
Ш - дайын құм қада.

3.Жер бетіндегі топырақты тығыздау
Қазан шұңқырдың түбіндегі, яғни жер бетіндегі топырақтарды әртүрлі топырақтармен таптау арқылы "әлсіз" сығылғыш топырақтардың сапасын жақсартады. Көбіне суға қанықпаған ылғалдық дәрежесі 0,7-ден кіщі саз топырақтар лессті сусып шөгетін және ылғалдығы әртүрлі тасты, құм топырақтарды осы тәсілдермен тығыздайды. Тығыздау жұмыстарын вибротығыздағыш, гидротоқпақтар, пневматикалык қолтоқпақтармен жүзеге асырады. Аталған құрал жабдықтардың ең тиімдісі өзі жүретін вибротығыздағыштар, олар бірнеше рет жүріп өткеннен кейін топырақ 1,5 м тереңдікке тығыздалады. Тығыздау тәсілі жер құрылысының нобайына,. аумағына, жұмыс жүргізу әдістеріне топырақтың түріне, күйіне және құрылысты бітіру мерзіміне байланысты.
Жер бетіндегі топырақтарды тығыздау топырақтардың салмағына байланысты тығыздалған қабаттың қалыңдығы да өзгереді, мысалы салмағы 2-3 тонна тоқпақпен 1,5-2 м қалыңдықта тығыздалса, салмағы 10 т тоқпақтармен 5,5+6 м қабатқа дейін тығыздауға болады.
Топырақтарды тоқпақтармен таптағанда 6-8 рет таптайды, бұл кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер жұмыстарының технологиясы
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақ бетін өңдеу тәсілдері
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы
Топырақты өңдеудің мақсаты мен міндеті
Ауыл шаруашылығында ауа райының жағдайларына байланыс-ты және оған егілетін егіннің түрлеріне қарай жер өңдеудің әртүр- лі жүйесі
Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы
12-қабатты және екі қабатты авто паркингті тұрғын үй комплексі
Топырақты өңдеу әдістері
Пәндер