Ақмола болысының іргетасы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: «6В05205-География»
Тақырыбы: Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы
Орындаған: Байдарбек Е. Қ. (3 к. )
Ғылыми жетекшісі: Оразымбетова К. Ш
Алматы, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Физикалық-географиялық орны . . . 4
II. Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 5
2. 1 Жер бедері . . . 5
2. 2 Топырағы . . . 7
2. 3 Климаты . . . 8
2. 4 Гидрологиясы . . . 11
2. 5 Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі . . . 14
2. 6 Физикалық- географиялық аудандастырылуы . . . 15
III. Ақмола облысының экономикасының бағыты . . . 16
3. 1 Ауыл шаруашылығы . . . 16
3. 2 Өнеркәсібі және көлік инфрақұрылымы . . . 17
3. 3 Туризм саласы . . . 18
IV. Ақмола облысының әлеуметтік экономикалық дамуы . . . 19
4. 1. Облыстың экономикалық дамуы . . . 20
4. 2. Ақмола облысының 2009 - 2019 жылға қойылған әлеуметтік экономикалық дамуы мақсаты . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі - Ақмола өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Астанатың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде.
Тақырыптық зерттеу деңгейіне келсек, 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. Ақмола елінің тарихы, Ақмола дарабоздары мен ел ішіндегі атақты өнер жұлдыздары және 1956 жылы Астана құрылғаннан бастап 1988 жылы жабылғанын, одан 1990 жылы ашылып, торыққан Ақмола жері 1997 жылы тағы да тоқырауға ұшырап, нарық қыспағына алынғанын өз еңбектерінде сөз етті. Олардың қатарына тоқтала отырып, талдау жасайтын болсақ, Ы. Сариева өзінің «Текті Ақмола» кітабында тым ертедегі өлке тарихынан бастап, қазіргі кезеңдегі тарихында баяндайды.
Ал, Л. Ситников тың «Ақмола алабының тынысы» кітабында бұрын құрлығызыған кең далада қатантты метал-боксит кенінің пайда болуы, оның өркендеуі мен келешегі туралы жан-жақты әңгіме болады. Сонымен бірге кәсіпорын жұмысшылары, олардың қыпсырлы да жемісті еңбегі баяндалады.
Сондай өңір тарихына байланысты тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған мынадай еңбектерді атап көрсетуге болады: «Жизнь замечательных людей в краю хлеба и металла». Бұл кітаптар жинағын құрастырушы Қозыбаев болды. Сонымен қатар В. В. Владимиров пен Х. Ш. Абрашитов «Всенародный подвиг на целине» т. б. деген кітабын атауға болады. Бұған қоса «Ақмола таңы» газеттерінің беттерін қала әкімі мен жергілікті ел азаматтарының, қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына, бала да көптеген мәселелерге байланысты мақалалары, дала дамуының жылдық қорытындылар мен есептері жарық көріп отырды.
Қурстық жұмысының негізгі мақсаты - өлке тарихын тереңнен зерттеу негізінде Астана қаласының тарихы, әлеуметтік - экономикалық жағдайы, өнері мен мәдениеті және бүгінгі жағдайын, даму болашағын ашып көрсету.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Ақмола облысының физикалық-географиялық орны .
Аумағы - 146. 2 мың шаршы метр немесе республика аумағының 5. 4% құрайды.
01. 04. 2009 жылғы жағдай бойынша халқының саны - 739, 4 мың адам, оның ішінде қала халқы - 333 мың (45%), ауылдық жерлердегі халықтың саны - 406, 4 мың адам (55%) . Облыс тұрғындарының 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы табиғи өсуі 635 адамды құрады.
Халықтың тығыздығы - 1 шаршы метрге 5, 1 адамнан келеді.
Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыста 17 селолық аудандар және 10 к ала (1 -ірі, 2-орташа, 7-шағын), 14 поселкалар, 776 селолық және ауылдык округтары бар.
Облыс аумағында Көкшетау үстіртінің орта бөлігі, Көкшетау (ең биік нүктесі 947 м), Ерейментау (899 м), Жақсы-Жаңғызтау (730 м) таулар орналаскан. Атбасар, Селеті жазықтары, Теңіз-Қорғалжын ойысы бар.
Халықтың тығыздығы - 1 шаршы метрге 5, 1 адамнан келеді.
Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыс орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық саны - 145, 8 мың адам. Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 660 ауыл мен село кіреді. Облыс Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік-Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шекаралас. Облыс қомақты экономикалық әлеуетке және табиғи ресурстарға бай.
Болашақтағы даму алғышарттары өңірдің шикізат ресурстарын экспорттаумен ғана шектелмей, орта және жоғары технологиялық тауарлар мен сервистік қызметтерді жеткізуші ретінде де көріну мүмкіндігімен айқындалады.
2008 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 457, 5 млрд. теңгені, ал соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсу қарқыны 39% құрады. Адам басына шаққандағы ЖІӨ 206 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80. 7% өсуімен 614, 3 мың теңгені құрады.
II. Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы
Жалпы, Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстігінің орталығында, қазақтың ұсақ шоқысы мен Тенгіз жазықтығында орналасқан. Ақмола болысының іргетасы 14. 10. 1939 ж. қаланған. Облыс территориясының ауданы 121, 7 мың км. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай аудандарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент, 183 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы - Астана қаласы. Сарыарқаның солтүстік - батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан.
2. 1 Жер бедері
Жер бедері әр түрлі: ұсақ шоқылы, аласа белесті, ұсақ төбелі жазық., өзенді, сулы аңғарлар. Рельефтің контрасты түрге келуі геологиялық құрылымының ерекшелігі мен геологиялық тарихына байланысты.
Облысың геоморфологиялық жағдайына келсек, солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері - Сандықтау, Домбыралы т. б аласа таулар орналасқан. Зеренді, Балкашино мен Макин аудандарының территориясында. Орташа таулардың биіктігі 400 - 500м. оңтүстік бағытында ұсақ таулы аймақтар мен аңғарлар шоғырланған. Солардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашино ауданының аумағында ұсақ таулы өлкелердің тау басында кристалды жыныс жиі байқалды. Оңтүстігінде кең көлемді территорияны Атбасар енді жазықтығы алып жатыр. Ал, солтүстік-шығыс бөлігінде Сілеті жазықтығы. Абсолюттік биіктігі Атбасардан (205 - 300 м. ) мен салыстырғанда кіші. Орталық оңтүстігінде Теңіз көтермелі жазықтығы, ортасында Теңіз, Қорғалжын көлдері орналасқан. Теңіз жазықтығының құламасының пішіні сопақтау және ені бойынша созылған. Құламаның көп бөлігі кең акумулятивті жазықта жатқан өзендер. Терісаққан мен Нұраның қойнауында абсолюттік ерекшелігі 250 - 400м. Терісаққан бассейнінде және термелі иілім Ешім өзенінің үлкен аңғар мен ірілі ұсақтығы төбешіктерге айналады. Солтүстік батысында Теңіз құламасы Есіл өзенінің бассейндерімен, ал оңтүстік шығысында нақты емес. Бұл бөлігінде көптеген көлдер тоғандары шоғырланған. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға дейін, ұсақ таулы өлке, 2 үлкен жер бедерінің сатысынан тұрады. Орташа саты денудатциялық жазықтық (500-600м. ) саты бұл да денужатциялық жазықтық (250-300м. ) бұлардың орталарында изомирланған бөліктеген үстіріктер де бар. Сарыарқаның биік емес шоғырлары Шортанды, Ақкөл мен Макин аудандарының территориясында кездеседі. Жер бедері ұсақ шоқылы, ірілі ұсақты таулы, мұның бәрі техникалық ерекшеліктері коленозей кезеңімен қалыптасқан.
Төбешіктер суайырықтары мен су жиынтықтарымен ерекшеленеді. Бірінші кезектегі (жазықтық) үстірт немесе төбелер жазықтықтан көтеріледі және палеозойлық жыныстардың түзілген. Көл аралық төбешіктер қазіргі кездегі жер беті денудатциясына жатады. Мысал ретінде, Сілеті конюнін айтуға болады.
Облыс территориясында Ерейментау таулары көзге түседі. өз кезеңінде палеозойлық жыныстармен шоғырланған. Орташа биіктігі 400 - 500 м. аласа таулы өлкелердің жер бедерін алдымен беткей экспозициясын сосын жыныстық құрамына байланысты ажыратасыз. Жер бедерінің жыныстық ерекшеліктері, әсіресе кварц, альбитефирами, гранит т. б. өзгеше ерекшеленеді. Жұмсақ жыныстарға рельефке құмтасты конглометарі қиыршықтасты т. б. жатады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде Сарыарқа тау тізбегі басталады. Оларға жататын орташа таулар - Мұзбел және Ерейментау.
Сарыарқа Қазақтың ұсақ-шоқылы даласы Қазақстанның таулы өлкелерінің бірі. Физикалық, географиялық және табиғаттық-климаттық жағдайынан ең үлкен аймақ. Батысында Торғай үстіртімен, солтүстік батысында Солтүстік үстірті, ал Шығысында Шығыс-Тарбағатай таулары және Оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі, ұзындығы 1200, ені 900 км. Жер бедері - шекті жазықтықтар. Солтүстігінен жіктік аумақтарға Көкшетау облысы, Қарағанды облысы, Жезқазған облыстары, ал оңтүстік батысынан Павлодар бөлігі және Семей бөлігі алып жатыр. Солтүстік бөлігінен Ақмола облысы, жер бедері негізінен, аласа таулы өлке, оларға: Ұлытау (1133м), Ерейментау (899м), Жел адыр (601м), Арғынат (575м), Шығысында Теңіз - Қорғалжын құламасы. Теңіз жазықтығымен Көкшетау үстірттің арасында Есіл және Атбасар жазықтығы алып жатыр. Аумақтың геологиялық жағдайына қарасақ, солтүстігінен Орал - Монгол геосинклин алды белдеулерінде голеозолық метоморты қатты жыныстар. Кварцит, құмтас, әктас т. б. солтүстік Ақмолалық аумақта табиғи байлықтардың мынадай түрлері кездеседі: алтын, боксит, мыс, сурьма, каолин батпағы, квасты құмдар т. б. /3/
Геологиясы. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцін қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезазой дәуірінде бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палиозойдын метаморфтанған, кварциттеріне, құмтастарынан, алвитофермелеріне, әктастарынан конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, дерт, гоббра, т. б. ) және эффузиалық жыныстар тез таралған. Байырғы жыныстардың иген мен төрттік дәуірлерден сарғылтым шөгінділерінің қалын қабаттары жауып жатыр. Кең байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары т. б. Өндіріледі.
2. 2 Топырағы
Аудан территориясының топырақ жамылғысы 2 түрден құралған қара топырақ, қоңыр және белдеулерге байланысты.
Аумақтың солтүстік бөлігін өлі - қуан дала ағып жатқандықтан жер бедері ірісі - ұсақты таулы және төбелікті кедір-бұдыр болғанымен топырағы қара топырақ. Оның ауданы 487, 6 мың га. Олардың арасындағы ең кең таралғаны қара топырақ. Құрамындағы қара шіріктің көлемі 50-70 см - де 6-8% құрайды. Топырақ құрамы химиялық элементтерге де бай кальцийдің 70-85% сонымен қатар фосфор, кальций, т. б.
Оңтүстік белдемдегі қара топырақтың ауданы 2556, 6 мың гектар. Ерекшеліктері карбонатты қара топырақ, қара шіріктің құрамы 45-60 см - де, 4-5% құрайды. Карбонатты болғаны мен магний, иод, натрий т. б. элементтер менде бай. Сондықтан топырақ эрозиясына ұшырамайды. 51º с. е. оңтүстікке қарай қара топырақты белдем, ауысады. Ауданы 7340, 3 мың га, 70%, өңделген . белдемдердің арасындағы топырақтық ең жақсы болып табылады. Қара шіріктің көлемі 35-40см-де, 3-4% құрайды.
Шығысында ұсақ шоқылы жазықтың болғандықтан топырақ жамылғысы құнарлығы біршама аз кейбір бөліктердегі азот, фосфор т. б. құнарлы элементтер жетпей жатады, сондықтан көктемде арнайы дәрілеу жүргізіледі. Ауданның қалған оңтүстік бөлігінің жер бедері қуаң далалы бөлікке кіретіндіктен, топырақ жамылғысы болып келеді, ауданы 2508, 9 мың га. Қара шіріктің көлемі:30 - 40см-де, 2, 5 - 3, 5% құрайды. Белдемнің ең оңтүстігінің топырағы ауданы 472, 2 мың га. Топырақ жамылғысына климаттың әсері мол. Сондықтан, топырақ құрамы табиғи минералдарға қанықпаған, өнімдердегі нашар болғандықтан, зерттей келе академик А. И. Баева, осы салада көптеген еңбек сіңірген. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр белдемелері бірін - бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.
2. 3 Климаты
Облыстың климаты шұғыл континенталды. Қаңтардың орташа температурасы: -14 - 18 ºС, шілденің орташа температурасы 20-24 ºС, қысы қатал, аязы -40 ºС дейін жетеді, жазы ыстық + 35 ºС орташа температурасы, ал оңтүстік батысында құрғақ және шаңды дауылдар жиі болады. Жылдың жауын-шашын мөлшері 200-300мм. Ірі өзендері - Ішім, Нұра, көлдері - Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықты көл, Қыпшақ. Далалық жазықтықтарда Жазылым көгендері басым, оңтүстігі қара топырақты. Аумақтың көп бөлігі «Қорғалжын» мемлекет қорығы орналасқан. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға дейін аласа таулы белдей де 2 үлкен жер бедері сатысы қалыптасқан. Орташа сатыға денудациялық жазықтықтар жатады (500 - 600м), төменгі сатыға да денудациялық жазықтық (250 - 300м) .
Олардың орталарында изомеризатцияланған үстірттерде бой көтерген. Биік емес Сарыарқа, Шортанды, Ақкөл және Бұланды аудандарын территориясында қалыптасқан. Ауданның климаты шұғыл континентальді құрғақ. Негізгі климат түзуші орақтары - күннің түсуі, оның түсу ұзақтығы 220 сағат, жылына, көбі шілде айында болатын құбылыс. Жылдық радиацияның көлемі 112 ккал/см², ал жарықтығы 52 ккал/см² жетеді. Ауданның аумағында ауа массасының 3 түрі бар: арктикалық, полярлы, тропикалық. Жылдың суық уақытында ауа райын бақылау батыс сілемдерімен, азиялық антициклонмен байланысты. Қыста ауа райы тұнық болады. Көктемге дейін антициклон сақталады, сондықтан ауа райы құбылмалы. Құрғақ жеңіл жел болады. Күндізгі ыстық ауа температура және түнде қырау тартады. Жазғы күндері далалы жазық жерлерде интенсивті жылу жүрудің негізінде аспан ашық, бұлтсыз, ыстық немесе тымық ауа қалыптасады. Қаңтар айының орташа температурасы 16º С, оңтүстік-шығыста 18, 5 ºС дейін; абсолюттік минимум -49 - 54 ºС, әр облыстың аудандарында әр түрлі. Шілде айының орташа температурасы 18, 5 - 22, 5 ºС. Ауаның максимум температурасы 44º С дейін жетеді, ал жылдық температурасы 3, 4-4, 1º С. Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-202 күн, оның ішінде суық күндер 163-171, ал аязды кезең 105-130 күндей. Ауаның ылғалды қатыстық биіктігі, қысқы күндері байқалады.
Қараша - наурыз айларының орташа айлық мөлшері 80 - 82% - ның көп бөлігінде қалыптасқан. Жылдың жылы кезеңі мен ауаның ылғалдылығы облыс территориясында солтүстіктен оңтүстікке дейін артады. Ауа ылғалдығының ең төмен уақыты мамыр-шілде айларында 54 -56% болады. Орташа жылдық атмосфералық жауын - шашын солтүстікте 35, 0мм, ал оңтүстікте 220 - 300мм. Жауын-шашынның максимумды 54мм. шілде айында; ақпан айында - 23мм. орташа жылдық жел жылдамдығы 5, 3м/сек. және біршама азырақ сәуір, қараша, желтоқсан айларында 5, 8м/сек. айлық минимум желдің жылдамдығы тамыз айында 4, 4м/сек. қарша мен сәуір айларында желдің орташа айлық мөлшері көбейтеді.
Ақмола облысындағы желдің тұрақты қалыптасқан мөлшері 3, 6м/сек. 20 жылда бір рет белгіленеді. Жылдық суық мерзімінде желдің бағыты батыс
солтүстік антициклон қысымында болады., ал жылы мерзімінде бағытын аңықтау қиынға соғады, ол барикалық депрессия мен байланысты. Облыс территориясында найзағайлы жаңбырлар жиі жаз айларында, көктем және күз айларында сирек. Орташа найзағайлы бұршақты күндер 19-25. жаз айларында найзағайдың күшті ойнайтын бұршақты айы шілдеде 6-9 күн. Орташа ұзақтығы 2, 4 сағат. Бұршақты бақылау негізінен жылы мезгілді уақытты жүреді, оларда салыстыру қиын, кей кездерде жолақтары бірнеше км. Ұзындығын және енінен болуы мүмкін.
Орташа бұршақты күндер 1 - 2, кей жағдайларда жылына 4 - 9 рет. Бұрқасындар жиі болып тұрады. 20-50 күнге созылады. Далалы аудандарда шаңды дауылдар басым болады, жылына 14-40 күн, тұманды күндер 24 - 70. астанада тұманды күндер 61. тұманды кезеңдердің басым болатын мерзімдер наурыз - сәуір және желтоқсан айларында.
Аудан климатының ерекше қасиеттерінің бірі - құрғақтығында. Ең құрғақ жылдар: 1955, 1957, 1961 - 63, 1965, 1967, 1982, 1984 жылдары болған. Жалпы мерзімді кезеңде сәуір, қыркүйек айларында болатын күндер саны 14- 20. кейбір жылдары Ақмола өңірінде қыс аяздығы қатты болады, ұзақтығы 5- 5, 5 ай, жер бетіне қардың түсуі қараша айында басталады. 120 - 150 күн жатады, қаңтар айында аяз қысып, қатты қыс басталады. Аязды күндер - 25 ºС- тан және кей аудандарда 10 - 14 ºС- дан, 38 - 45º - тан болып тұрады. Кейбір жылдары айына 18 - 20 күн қатты аязда болады. Жер бетіндегі қардың биіктігі қалыпты жағдайда 20 - 22см болады. Қар қалың жылдары қар жамылғысының жер бетінде жатуы 130 - 140 күн оңтүстікте, ал солтүстік аудандарында 150 - 155 күндей жатады. Көктемі наурыз айының 2-ші жартысына қарай болады. Ұзақтығы 1, 5 - 2 ай, температураның 0 ºС - ден көтерілуі сәуір айының басынан басталады.
Қар жамылғысының ең ерте еруі он сегізінші наурыздан бірінші сәуірге дейін, ең кіші 25 - 26 мамырға дейін созылады.
Түңгі қатқақ суықтар 10 - 19 сәуірден 13 - 15 мамырға дейін созылады, солтүстік аудандарда. Көктемгі ылғалдық жылдық мөлшердің 30 % құрайды.
Жазы ыстық және құрғақ ауамен 3 айға созылады маусым - шілде - тамыз. Ең жоғарғы температура (30º С- ден жоғары) шілде айында 11 - 12 күн аптаған ыстық болады. Жаздық кезеңде атмосфералық ылғал 140мм немесе 34% жылдық мөлшерді құрайды.
Жазғы жауын - шашын нөсерлі болып келеді. Күзгі уақыт қыркүйек айының басынан басталып, қазан айының соңына дейін созылады, жазғы мерзімге қарағанда біршама құрғақ тау болып келеді. Орташа температура батыстан шығысқа қарай 13 - 10 ºС өзгереді. Қыркүйек айының бірінші жартысында ауа райы күрт суытып, алғашқы қар жамылғысында түсуі мүмкін.
Қыркүйек айында 31мм, ал қазан айында 41мм ылғал түседі. Аудан территориясы 4 климаттық аймаққа бөлінеді: шамалы құрғақ өлі жылы, құрғақ жылы, өте құрғақ, құрғақ жылы аймақ.
Шамалы аймақ, өлі жылы аймақ ( гидро термиялық коэффицент, ГТК 1, 0) Белсенді температураның мөлшері 10 ºС - 2100 ºС жоғары болмауы керек. бұл аймаққа Балкан мен Макин аудандарының солтүстік бөліктері мен Ақкөл ауданының солтүстік бағыты кіреді. Жылы мерзімде бұл өңірде 10мм. ылғал түседі. Орташа жылдық ылғалмен қатылудың арқасында бидай өнім 60% құрайды, бұл өте жақсы көрсеткіш. 135 күннің ішінде 10 ºС жоғары температура өсімдікке өте жақсы әсер етеді. Ашық участоктарда аязсыз кезең 105 күнге созылады. Аудан территориясында қолайлы температураның арқасында, бидай, картоп, капуста т. б. мәдени өсімдіктерді өсіруге болады. Нақты қар жамылғысының жер бетінде жатуы 140 күн, биіктігі 30 - 35см, бұл дегеніміз, қосымша су қорының 90 - 95 мм.
Құрғақ, жылы аудан (ГТК= 0, 7-1, 0) . Белсенді температураның мөлшері 10 ºС -2100 ºС - 2350 ºС аралығында. Бұл агро климатты аудан солтүстікпен батысқа, оңтүстіктен шығысқа созылып, Балкан мен Бұланды аудандарының оңтүстік бөлігіне жетер - жетпес, ал, Ақкөл, Шортанды, Вишневский, Ерейментау ауданының батыс бөлігі, Ақмола болысының батыс және Атбасар ауданының солтүстігін бүкіл территорияны алып жатыр.
Бірінше агро климатты ауданға қарағанда, мұнда ылғал азырақ түседі. Бұл орташа көп жылдық бидай түсімінің 40 % құрайды. 10% жоғары ауа температурасы 135 - 140 күн аралығында, ал аязсыз кезең 105 - 120 күн.
Термикалық ресурстардың қалыптасуына байланысты аудан аймағында бидай, жүгері, картоп т. б. мәдени өсімдіктер түрлерімен айналысу кең тараған. 125 - 140 күн аралығында қар жамылғысының биіктігі 15 - 35см. бұл дегеніміз қосымша су көзінің 40 - 95мм. өте құрғақ жылы аудан ГТК - 0, 5 - 0, 7. 10 ºС жоғары температура 2350 ºС - 2550 ºС. Бұл агро климаты ауданға Атбасар ауданының оңтүстік көп бөлігімен Астрахань ауданының көп бөлігімен, Ақмола ауданының оңтүстік батысы мен Қорғалжын ауданының солтүстік батысы, Ерейментау ауданының солтүстік шығысы аралығында созылып жатыр. Жоғарыда айтылған климаттық аудандарға қарағанда, мұнда ылғалдану біршама төмен. Орташа көпжылдық өнім, яғни бидай, т. б. мәдени өсімдіктерді қоса санағанда 40% төмен бұл тұрақты көрсеткіш. Сондықтан жақсы, құнарлы өнім алу үшін, агротехникалық жаңартылған, мамандырылған салада топырақтағы ылғалды көпте сақтау туралы бағытта, іс шаралар мен зерттеулер жүргізілуде.
Жылы мерзімде 125-170 мм. ылғал түседі, ал қар жамылғысының жер бетінде жату уақыты 125-135 күн, биіктігі 16 - 23см. бұл дегеніміз, қосымша су қорының 45 - 90мм. құрайды. Құрғақ жылы аудан ГТК 0, 5, 10 ºС жоғары температура 2550º - 2700 ºС, жылы мерзімдегі орташа жылдық ылғал 125 - 140мм аудан аймағының Қорғалжын ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz