Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның алдына қойған дамыған елдер қатарына ену мақсаты соңғы әлемдік экономиканың даму ағымына бейімделуді талап етеді. Соның бірі ретінде айтарлықтай экономикалық мәні бар идеялардың, білімнің және интеллектуалдық ресурстардың алатын орны зор. Бұл - жаңа экономика жағдайына тиісті мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді анықтай отырып, негізгі өндіріс құралы ретінде интеллектуалды ресурстарды, яғни идеяның маңыздылығын ашып көрсетеді. Әлемнің жетекші елдерінің дамуы постиндустраиялық қалыптасуға: білім экономикасының, инновациялардың, ғаламдық ақпараттық жүйелердің, интеллектуалдық еңбек экономикасының, ғылымның, жаңа технологиялардың дамуына алып келді. Қазіргі қоғамда әлеуметтік-экономикалық дамудың басты доминанты - адам әлеуеті дамуының индексі болып табылады (АӘДИ). Қала дамуының процесі тек материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде ғана емес, адамның мүмкіндіктерін кеңейту, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі тұрғысынан қарастыру. Себебі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қала дамуының басты принциптерінің біріне қала тұрғындарының әлеуетін жатқызады. Қазіргі қалалар дамуының негізгі ресурсы - оның тұрғындары болып табылады.
Қазақстан АӘДИ көрсеткіші бойынша 2016 жылы жоғары елдер тобына жатады (0.788), яғни 188 елдің арасынан 56 орынға тұрақтаған. Дегенмен де, бір ғана Алматы қаласының өзінде де әлі де болса білім алу мүмкіндігі мен сауаттылық, денсаулық пен ұзақ жасау, табыс көлемі, жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіштері бойынша проблемалардың бар екендігі байқалады. Сондықтан да, қалалардың тұрғын халқының сапалық жағынан кешенді түрде сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіш қажет болды. Яғни елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруде негізгі күш жалпы мемлекет немесе аймақ бойынша ғана емес, қала деңгейінде де анықтаудың өзектілігі туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын бағалау, өмір сүру сапасын арттыру бойынша аймақтық мәселелерді анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылады: Шетелдік, ресейлік және қазақстандық зерттеулердегі өмір сүру сапасы санатын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдерін және халықтың өмір сүру сапасын бағалау әдістемелерін талдау және бағалау;
2012-2016 жж. Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасының негізгі әлеуметтік-демографиялық және экологиялық-экономикалық индикаторларына кешенді географиялық талдау жүргізу;
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау;
Алматы қаласының адам әлеуеті дамуын мектеп географиясында оқыту.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыс кешенді географиялық, салыстырмалы-географиялық, статистикалық, әдістерді қолдануды анықтап берді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Жұмысты мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орны студенттеріне қосымша әдістемелік нұсқау ретінде ұсынуға болады.
І. ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АНЫҚТАУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕР
Халықтың өмір сапасы анықтамалары және негізгі ұғымдары
Адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты мәселелерді зерделеуге көптеген экономистердің жұмыстары арналды. Бұл саладағы зерттеулермен Кейнс, Котлер, Брю, Маслоу, Фишер және т.б. сияқты теоретиктер айналысты. Көрсетілген экономистер өмір сүру деңгейінің әртүрлі ұлттық үлгілерін, оларды бағалау көрсеткіштерін, реттеу тетіктерін әзірледі [1. 1-8 б.].
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар өмір сапасы деген терминге беретін мағына және оған салынатын мазмұн елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі уақытта өмір сапасы анықтамасының көптеген тұжырымдамалық тәсілдері бар. Оған сәйкес өмір сапасы осы немесе өзге де қоғамның әлеуметтік бағдарларына, уақыт кезеңіне, құбылыстың мәнінің анықтамасына және т.б. байланысты әртүрлі мазмұнмен толығуы мүмкін тұрақты дамушы санат ретінде қарастырылуға тиіс көзқарас бір мәнді болып табылады. Өмір сапасы санатының мәні анықтамасының әртүрлі тәсілдер талдау бірыңғай бір рет және мәңгілік белгіленген оның тұжырымын әзірлеудің мүмкін еместігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл халықтың өмір сапасын және оның әртүрлі жақтарын қарастыруға арналған көптеген жұмыстардың болуымен расталады, оларда қазіргі уақытқа дейін қандай әлеуметтік-экономикалық процестердің және құбылыстардың бұл терминмен белгіленетіндігін түсінудің бірыңғайлығы жоқ. Бір жағынан мәні бойынша адам және қоғамның тіршілік қызметінің барлық процестерін қамтитын осы санатты шекті кеңейтілген түсіндіру кездеседі. Екінші жағынан өмір сапасының көрсеткіштері кейде ешқандай ғылыми дәлелдемесіз адамдардың өмірін қамтамасыз ету процестерінің тек қана аз бөлігін қамтиды.
Өмір сапасы деген термин өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды, ол кезде өмір сүру деңгейі санаты толық шамада халықтың әл-ауқатын көрсеткен жоқ. Проблеманы зерделеу ондаған жылдан кейін Батыстың жоғары дамыған елдерінде қоғамның дамуының индустриялық кезеңіне өту жүзеге асырыла бастаған кезде басталды, бұл экономикалық прогрестің гуманитарлық мазмұнына қызығушылыққа негізделді. Бастапқыда өмір сапасы негізінен қоршаған ортаны, денсаулықты қорғау және қалаларды жаңарту мәселелерімен байланысты болды. Бірақ бірте келе бұл проблема қоғамның өмір сүру қабілетін қамтамасыз ету тұрғысында қарастырылып, таяу болашақта адамзат қол жеткізетін - ол кезде бірінші кезекке ақша емес, әлеуметтік және мәдени құндылықтардың үйлесімділігі шығатын адамдар арасындағы жаңа қарым-қатынастары бар өркениеттің келесі кезеңіне өтудің кейбір футурологиялық идеалының құрамдас бөлігі ретінде түсіндіріле бастады.
Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін субъективті бағалау ретінде анықтала бастады. Өмір сапасы проблемаларына жаңа қызығушылық тоқтамаған экономикалық дағдарысқа және әлемде әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтардың ушығуына байланысты соңғы жылдары туындады, бұл негізінен әлем елдерінің көпшілігінде халықтың нақты табыстарының төмендеуінен, мүліктік сараланудың тереңдеуінен көрінді.
Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.
Қазіргі заманғы экономикалық сөздік өмір сапасы деген терминді өмір сүру деңгейі деген ұғымның жалпылануын білдіретін және тек қана материалдық ізгіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейін емес, сондай-ақ, қажеттіліктерді қанағаттандыру, денсаулық, өмірдің ұзақтығы, адамды қоршаған орта жағдайлары, жан рахатын қамтитын әлеуметтік-экономикалық санат ретіндеі анықтайды [2. 18 б.].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмір сапасын жеке тұлғаның олар өмір сүретін мәдениет контекстінде және құндылықтар жүйесінде және олардың мақсаттарымен, күтулерімен, стандарттарымен және күтімдерімен байланысты өмірдегі орнын сезінуі ретінде анықтайды. Адамның жеке денсаулығына, психологиялық жағдайына, жеке нанымдарына, әлеуметтік қатынастарына және олардың қоршаған ортаның тән ерекшеліктері бар өзара байланыстарына байланысты тұжырымдаманың бұл кең ауқымы [3. 78 б.].
Ұйым мынадай негізгі салаларды қамтитын өмір сапасын бағалау үшін халықаралық кросс-мәдени салыстыру құралын әзірледі:
Сурет 1. Өмір сапасын бағалаудың мәдени салыстыру құралы
Өмір сапасы экономика ғылымының санаты ретінде өзінің шығу тегі және мазмұны жағынан адамның өмір сипаты, өмір стилі, өмір сүру деңгейі сияқты жақын ұғымдармен өзара байланысты екенін атап өту қажет. Өмір сипаты объективтік шарттардың және адамдар қызметінің субъективтік жағының, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық белсенділігі көрінісінің қосындысы. Өмір сипатын жүргізеді, тәжірибе жүзінде енгізеді, ол жеке адамның күнделікті тұрмысының жалпы формуласы болады. Басқаша айтқанда өмір сипаты - бұл адамдардың әдеттегі, тәжірибеленетін нормалары, мінез-құлықтары, олардың еңбек және тұрмыс саласындағы, өндірістегі және материалдық және рухани құндылықтарды тұтынудағы күнделікті қызметінің әдісі. Осылайша, өмір сапасы адамдардың алуан түрлі материалдық, рухани, зияткерлік, мәдени, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерінің тұтас кешенін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.
1.2 Қазақстан және шетелде халықтың өмір сүру сапасын бағалаудағы әдістемелік негіздері
Өмір сапасын бағалаудың халықаралық статистикасы. ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана дами бастады. 1960 жылы БҰҰ жұмыс тобы халықаралық деңгейде өмірдің сапалық көрсеткіштерін өлшеу және анықтау қағидалары туралы баяндама дайындалды. Бұл салыстырмалы көрсеткіштер жүйесін жасаудың алғашқы талпынысы болды. Алғашқы кезде елдің даму деңгейін шынайы еңбек ақы индексімен бағаланатын номиналды еңбекақы индексі, содан кейін, төменгі күнкөріс индексі және өмір құнымен бағаланған. Көрсетілітін индекстердің әрқайсысы өзіндік мәнге ие боғанымен, жекелей алғанда елдің даму деңгейі жан - жақты сипаттамайды. Сонымен қатар, шынайы еңбек ақы және өмір құны индекстері тек жалдамалы еңбекке қана қатысты. Дегенмен де халықтың кейбір топтарының өмір деңгейін анықтау кезінде аталған индекстерді қолдану мүмкін емес. Халықаралық статистика практикасында кешенді индексті алғаш болып БҰҰ әлеуметтік даму ғылыми институты (1970 ж.) ұсынады [8. 9-11 б.].
Берілген индекс әлеуметтік даму индексі деп аталып, өзара байланысқан 16 маңызды (9 әлеуметтік және 7 экономикалық) көрсеткішті қамтыды. Зерттеуші авторлар жан басына шаққандағы табыс деңгейі 500 долларға жуық болатын әлеуметтік даму экономикалық көрсеткіштен асып түседі деген түйінге келді.
Әрі қарай британдық экономист М.Д.Моррис 3 көрсеткішті ескеретін өмір сапасы дамуының физикалық индексін өңдеді:
1 жасқа жету бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтылығы;
сәби өлім деңгейі;
ересек халық арасында салауаттылықтың таралуы [9. 36-38 б.].
Жиынтық индексі құраушылардың орташа арифметикалық шамасы ретінде 1 ұпайдан (нашар нұсқа) 100 ұпайға дейін (керемет нұсқа) шкаласы бойынша бағаланды.
ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін талдау
Алматы қаласының географиялық сипаттамасы
Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, алма қаласы деп аударылады.
Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қаланың жалпы ауданы 340 км² құрайды. Қала тұрғындары шамамен 2 миллионнан астам. Көптеген діндер мен түрлі ұлт өкілдері бар. Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады.
Сурет 6. Алматы қаласының аудандар карта-схемасы
Өмір сүру сапасы - кешенді санат, оны бағалауда халықтың өмір сүру жағдайын мен соған қанағаттану деңгейі тәрізді бірнеше көрсеткіштерді ескеру керек. Басты индикаторлар ретінде өмір сүру сапасының келесі құраушы көрсеткіштер: халықтың денсаулығы және өмір сүру жасының ұзақтығы, білім дамуының деңгейі, сондай-ақ Алматы қаласындағы халықтың әл-ауқаты алынады [32. 23-24 б.].
Демогафиялық фактор әлеуметтік және ұлттық факторлармен қатар кез келген әлемдік өркениеттердің дамуында басым болып келеді. Сондықтан демографиялық жағдайға ғылыми талдау жасамай елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуына нақты болжамдар жасау мүмкін емес.
Демографиялық өсу мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызды орында. Халықтың сапалы өмір сүру көрсеткіштерін кешенді бағалау үшін, алдымен аймақтағы демографиялық жағдайды толық қарастыру керек. 2016 жылы Алматы қаласының халық саны шамамен 1 713 220 адам.
Демографиялық көрсеткіштер табиғи қозғалыстармен анықталады, бұл адамдардың туу және өлу құбылыстарымен түсіндіріледі, сондай-ақ көші-қон қозғалыстарында, яғни халықтың аумаққа механикалық келуі мен кетуі арқылы есептеледі. Халық саны артуының барлық түрлері аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді, себебі туудың немесе өлу құбылысының артуынан, мемлекет халқының көшіп келген немесе көшіп кеткен халық құрамының сапасы, білім беру саласы мен денсаулық сақтау саласының дамуы тәрізді көрсеткіштерге халықтың өмір сүру сапасы тікелей тәуелді болады.
Халықтың сапалы өмір сүру көрсеткіштерін кешенді бағалау үшін, алдымен аймақтағы демографиялық жағдайды қарастырып өтейік. 2016 ж. Алматы қаласының халық саны шамамен 1 713 220 мың адам болды, оның ішінде ауыл - 1476473мың адам (76,9 %).
Сурет 7. Алматы қаласының халық саны (Интернет көзі:статистика агенттігі).
Сонымен 2012-2016 жылдардағы Алматы қаласының халық саны 5 жыл ішінде өзгеріп тұрған. 7-суретте көріп отырғанымыздай, қала халқының саны жылдан-жылға өсіп отыр. Себебі, Алматы қаласында өмір сүру қолайлы болғандықтан қала халқының саны артып келеді [33. 1-2 б.].
Халықтың өмір сүру сапасын кешенді бағалауда ең алдымен зерттеліп отырған аймақтағы демографиялық жағдайды қарастыру шарт. Себебі,табиғи қозғалыс биологиялық құбылыс болғанымен, қазіргі заман талаптарына сәйкес көп жағдайларда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар әсері күшейіп жатыр. Яғни, халықтың көбеюі мен азаюы бірден бір шарты сол аймақтағы өмір сүру сапасы мен өмір деңгейінің жағдайы болып табылады.
Демографиялық көрсеткіштер табиғи қозғалыстармен анықталады, бұл адамдардың туу және өлу үдерістерінен құралатын табиғи қозғалыс құбылыстарымен түсіндіріледі, сондай-ақ көші-қон қозғалыстарында, яғни халықтың аумаққа механикалық келуі және кетуі арқылы есептеледі [34. 128 б.].
Табиғи қозғалыс немесе халықтың өсіп-өнуі, туу және өлім-жітім құбылысының құралған табиғи өсім үрдістері. Туу мен өлім-жітім көрсеткіштерінің айырымының нәтижесіне қарай табиғи өсім оң немесе кері болуы мүмкін.
Халық саны артуының барлық түрлері аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді, себебі туу немесе өлім-жітім құбылысының артуынан, мемлекет халқының көшіп келген немесе көшіп кеткен халық құрамының сапасы, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының дамуы тәрізді көрсеткіштерге халықтың өмір сүру сапасы тікелей тәуелді.
Алматы қаласы бойынша 2012-2016 жж. аралығындағы негізгі демографиялық көрсеткіштер қарастырылды. Жалпы халық санының өзгерісіне ең алдымен туу және өлім-жітім көрсеткіштерінің әсерімен қалыптасатын табиғи өсім әсер етеді.
Елдегі демографиялық жағдайды сипаттайтын басты көрсеткіштердің біріне өлім-жітім көрсеткіші жатады. Өлім көрсеткіші тууға қарағанда тікелей сипатта, себебі туу әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, материалдық жағдайға және халыққа медициналық қызмет көрсету жағдайларына тәуелді.
Сурет 8. Алматы қаласында туылғандар саны, адам (Интернет көзі:статистика агенттігі).
8-суретте көріп тұрғанымыздай, Статистикалық мәліметтер бойынша, Алматы қаласында туылғандар саны 2012 жылы 14,78%.-і құраған болса, 2016 жылы 22,83%.-ге жетті. Оның бірден бір себебі, өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдар, құрылғылар мен емдеу технологияларының қолжетімділігі жолға қойыла бастаған. Демек, жоғарыда аталған оң өзгерістер, Алматы қаласының демографиялық өсу механизміне ықпал етіп отыр [33. 1-3 б.].
Туу деңгейі көптеген әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді, әрі олар өзара байланыста әрекет етеді, кейде әртүрлі жағдайларда қарама-қайшы және біркелкісіз әрекет етеді.
Туудың тарихи эволюциясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Өндіріс күштері және адамның өзінің дамуын жетілдіру, оның интеллектуалдық әлеуетін арттыру, әйелдің рөлінің өзгеруі, оның өнеркәсіптік өндіріске тартылуы, отбасы рөлі мен функциясының өгеруі барысында туудың ең жоғары деңгейінен (50%. және одан жоғары) ең төменгі деңгейге дейін (көбінесе кәдімгі ұдайы өсіп-өнуіне тән деңгейден төмен 16%.) біртіндеп төмендеуі заңды процесс болды. Туу деңгейі төмендеуінің ұзақ мерзімді үрдісін өсіп-өнудің заманауи түріне тарихи ұзақ эволюциялық өтпелі кезеңің меңзеп туу саласындағы демографиялық өтпелі үрдіс деп атайды. Демографтардың көпшілігі туудың заманауи түріне өту барлық дамушы елдерде қандай да бір формада міндетті түрде және сөзсіз өтеді деген пікір айтады. Алайда, демографиялық өтпелі кезеңнің себептері бойынша әлі күнге дейін бір мәнді жауап жоқ. Сонымен бірге, әртүрлі тұжырымдар осы демографиялық процесті әртүрлі көзқарастан қарастырып, оның детерминанттары 11 (биологиялық, мінез құлықтық, микроэкономикалы, микро және макродемографиялық) туралы азды-көпті толық түсінікті қамтамасыз етеді. Демографиялық өтпелі кезең тұжырымдамасында әлеуметтік-экономика-лық даму деңгейі мен туудың арасында қайтарымды күшті тәуелділік бары айтылады. Алайда, туу мен экономикалық даму арасындағы байланыс өте күрделі, желілік емес болып табылады, онда уақыт факторы маңызды роль атқарады. Бұдан бөлек жеке елдер мен өңірлердің өздерінің арнайы ерекшеліктері бар. Туудың, оның кез келген аспектінде ұғынылатын қоғамның дамуы мен ахуалымен үздіксіз байланыста екендігі күмәнсіз. Сондықтан қоғамдық-саяси құрылым, экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктері, кластық және мүліктік бөліну, үстемдік етуші әлеуметтік-мәдени орта және өмір сүрудің ерекшелігі, этникалық, нәсілдік және халықтың өзіндік биологиялық сипаттамалары туу динамикасын белгілі бір дәрежеде айқындайды.
Өлім-жітім деңгейін өлшеу үшін, туудағыдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz