Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Сайлауова Аружан Дарханқызы
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В060700 - Биология
Нұр - Сұлтан 2022

Қорғауға жіберілсін
Жалпы биология және геномика
кафедрасының меңгерушісі
ҚР ҰҒА академигі
___________________ Р.І. Берсімбай
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Мамандығы 5В060700 - Биология
Орындаған: А.Д. Сайлауова
Ғылыми жетекші:
PhD, аға оқытушы А.Ж. Нурсафина
Нұр - Сұлтан 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.1.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.4
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2 Зерттеу нысандары және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2.1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2.2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3 Зерттеу нәтижелері және оларды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
3.1 ... ... ... 34
3.2
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
3.3
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Факультет: Жаратылыстану ғылымдары
Мамандығы: 5В060700 - Биология
Кафедра: Жалпы биология және геномика
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
ҚР ҰҒА академигі
Р.І. Берсімбай
__ ________20__ж.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент: Сайлауова Аружан Дарханқызы
4 - курс, 5В060700 -Биология күндізгі оқу формасы
1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу ректордың бұйрығымен бекітілді __ ________20__ж. № _____
2. Студент аяқтаған жұмыстың тапсыру мерзімі __ ________20__ж
3. Жұмысқа алынған мағлұматтар (әртүрлі әдебиет көздері, атластар,
анықтамалықтар) таңдалған тақырып бойынша шет ел және отандық
авторлардың мақалалары, әдебиеттер.
4. Дипломдық жұмысты орындауға жататын сұрақтар тізімі:
5. Графикалық материалдар тізімі:
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
7. Жұмыс бойынша кеңестер:
8 Дипломдық жұмысты қорғау Маусым, 2022 МАК кестесіне
сәйкес
Тапсырманы беру мерзімі __ __________ 2018 ж.
Ғылыми жетекші:
PhD, аға оқытушы ___________________ Нурсафина А.Ж.
Тапсырманы қабылдаған студент ___________________ Сайлауова А.Д.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылды:
1 Дәрілік өсімдіктер - құрамында биологиялық белсенді заттары бар, адам
мен жануарлар ағзасына әсер ететін, дәрілік шикізат ретінде
қолданылатын, емдік қасиеті бар өсімдіктердің жүйесін айтамыз.
2 Гигрофиттер - тіршілік формасында үнемі ылғалды топырақ пен сулы
ортаны қажет ететін өсімдіктер.
3 Ксерофиттер - тіршілік процесінде жартылай сусыз (50%), топырақ пен
ауаның құрғақ температурасында, шөлді, құмды аймақтарда өмір сүруге
бейімделген өсімдіктер.
4 Мезофиттер - тіршілік процесінде ылғалды орташа қажет ететін, бұталы,
шөптекті, ксерофиттер мен гигрофиттердің аралық белдеуінде тіршілік
ететін өсімдіктер.
5 Радиация - сәуле шығарудың кез келген түрінің белгілі
бір обьектіге әсері.
6 Радиоактивтілік дегеніміз - кейбір ядролардың өздігінен бір кейде,
бірнеше атом шығарып түрлену қабілеті.
7 Радионуклидтер - бұл радиоактивті сәуле шығаратын элементтердің
изотоптары, олар атомдардан электрондарды ұстауға және оларды оң
және теріс иондардың жұптарын түзе отырып, басқа атомдарға қосуға
қабілетті.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕНУЛЕР
ҰБА-ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері
КІРІСПЕ
Білім беру - оқыту мен тәрбие берудің бірыңғай мақсатта бағытталған үдерісі, меңгерген білім, біліктілік, дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және қалыптасатын құзырет-тіліктің жиынтығы.
Осы сан қырлы үдерісте теориялық білімді қалыптастыру және оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызы зор. Соңғы уақытта фактілерді, терминдерді, формулаларды жаттауға баса назар аударылып, білімді қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолдану деңгейі төмендеп кетті. Осы жерде акаде-мик Александр Минцтың Білімді меңгерген, алайда оны пайдалана алмайтын оқушы жүзе алмайтын фаршталған балық іспеттес деген сөздері орынды айтылған.
Білім саласының құрамына ғылыми жаратылыстану бағытының пәндері: жаратылыстану, география, физика, химия және биология пәндері кіреді.
Жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
- жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
- білім алушылар жаратылыстану ғылымының заңдары мен заңдылықтары туралы білімін адамның күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салтын, дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушылар іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарым қатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруге Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәндердің оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы болып саналады. Білім алушылардың:
* жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін;
* дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;
-ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілігін дамыту үшін ерекше көңіл аударылады.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту жұмысын арттыру қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады.
Мұғалімдердің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
Жаратылыстану білім саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктілігінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктілігін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктілігі табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:
o білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздіктерінен іс-әрекет жасауға бағыттау;
o пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
o репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
o кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.
Пәндер бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
* оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
* білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
* пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
* оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
* интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
* есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
* виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Ақпараттық-коммункациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:
* жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;
* білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;
* сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың біліктілігін және дағдыларының қалыптасу, ғылыми білімді меңгеру деңгейлерін болжау;
- сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
- білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау;
* сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.
Сандық зертханалардың құралдары білім алушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, дала жағдайында өлшеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, оқушылардың өздері түсірген бейне көріністері, сонымен бірге оқу және танымал бейнефильмдердің үзінділері өмірдегі нақты жағдайларды зерттеуге, оларды мысалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
Жаратылыстану білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттардағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқылануы тиіс. Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
Жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
- теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);
- эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
- жеке зерттеушілік жобалар.
Халықаралық сарапшылар жылдам қарқынмен дамып отырған технологиялық қоғамда жаратылыстану ғылымдары мен технологияларының мектеп түлектері үшін теңдессіз маңызы бар екенін айтады. Осыған байланысты жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты анықтауға арналған тапсырмалар модулі міндетті болып табылады.
PISA зерттеулерінің алдыңғы нәтижелері бойынша, қазақстандық мектеп оқушылары пәндік білімдерін еске түсіру немесе өздеріне таныс оқу жағдайларында қолдана алу деңгейінде меңгергені байқалған, бірақ білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдануда едәуір қиындықтар туындаған; табиғи құбылыстарды, нақты деректерді, технологиялар мен оларды енгізудің қоғам мен қоршаған орта үшін салдарын түсіндіруге дайындықтарының жетіспеушілігі байқалған; зерттеулер негізінде қорытынды жасау, проблемаларды шешу жолдарын ұсыну, ғылыми деректерді жетік түсіндіру және бағалау, келтірілген қорытындылардың дұрыстығын бағалау білігі қалыптаспағандығы көрсетілген.
Оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу бойынша сауаттылық деңгейінің жоғары болуын әлемнің көптеген елдері іргелі ғылымдар мен жаңа технологиялар саласында елдің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде қарастырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ------------------------------
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық - бұл жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша меңгерген білімдерін қолдана білу, мәселелерді анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін негізделген қорытындылар тұжырымдау және қорытынды жасай білу қабілеттерінің деңгейі. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейі PISA тапсырмалары блоктары арқылы өлшенеді.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін бағалайтын PISA тапсырмалары, бірінші кезекте, төменде тереңірек қарастырылатын негізгі құзыреттілікке сәйкес келеді. PISA тапсырмаларының мазмұны тек құзыреттілікті нақты тексеру ғана емес, сонымен бірге шынайы өмірлік жағдаяттар мен мәселелерге негізделген, яғни мәнмәтіні бар. PISA-ның өлшеуіш құралдары тақырыптық блоктарға біріктірілген тапсырмаларды құрастырады. Тапсырмаларда нақты бір шынайы өмірлік жағдаят сипаттамасы бар, ол проблемалар және негізгі тапсырмаға байланысты туындаған бірқатар мәселелер түрінде беріледі.
-[x] Мәнмәтін - тапсырманың берілгені
-[x] Құзыреттіліктер - жауап беру керек
-[x] Білім - тапсырмаларды орындауға қажет
-[x]Ғылымға деген көзқарас - сұрақтарды ғылыми тұрғыда зерттеу құндылығын түсінумен және қызығушылықпен сипатталады.
PISA-дағы әр тапсырманы келесі параметрлерге сәйкес жүйелеуге болады.
Білімді бағалаудың басты бағыты құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі болып табылады, ол арқылы оқушылар өз білімдерін өмірге байланысты мәнмәтіндерде қолдана алады. Бағаланатын білім, әдетте, метапәндер болып табылады және физика, химия, биология- ның негізгі салаларынан, Жер және ғарыш туралы ғылымдардан, сондай-ақ технологиялардан таңдалып алынады.
1.1. ТАПСЫРМА МӘНМӘТІНІ
Мәнмәтін - бұл тапсырмада келтірілген проблемалық жағдайға қатысты негізгі тақы- рып. PISA-да бұл жағдайлар мынадай салаларға жіктеледі:
:: денсаулық;
:: табиғи ресурстар;
:: қоршаған орта;
:: қауіптер мен тәуекелдер;
:: ғылым мен технологияның байланысы.
Сонымен бірге ұсынылған жағдай үш деңгейдің біреуінде ғана қарастырылуы мүмкін: жеке (оқушының өзіне, оның отбасы және достарына байланысты), жергіліктіұлттық (жергілікті мәселелерге байланысты) және жаһандық (әлемнің әртүрлі түкпірінде болып жатқан құбылыстарды қарастырғанда).
PISA ұсынған мәнмәтін салалары мен деңгейлерінен, олардың барлығының биология ғылымдарына тікелей қатысты екені айқын көрінеді. Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің жаңартылған бағдарламаларында білім беру мазмұны құндылықтарға бағытталған тәсіл- ге негізделіп, жеке тұлғалық, отбасылық, мемлекеттік, ұлттық және жалпы адамзат- тық құндылықтарды дамытуды көздейтінін атап айтқан жөн.
Мәнмәтін - осы тапсырманы функционалды сауаттылықты дамытуға бағытталған деп есептеуге болатын өте маңызды шарт. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық білімді дерек- сіз жағдайларда емес, шынайы өмірлік жағдаяттарға қолдана алу дағдыларын көздейді.
Проблемалық жағдаяттар берілген мәнмәтін: Жаратылыстану-ғылыми білім не үшін қажет болуы мүмкін? деген сұраққа жауап береді.
Мәнмәтінсіз берілген тапсырмалар (есептер) бұл сұрақты ашық қалдырады, содан оқушылардың мұндай есептерді шешуге күш салуы мағынасыз болып қалады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған оқу бағдарламалары оқушылардың бойында іргелі ғылыми түсініктерді оқып-білу арқылы жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыруды жүзеге асырады.
7-9-сыныптарға арналған Биология пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы мазмұнындағы Қоршаған орта саласына қатысты оқу мақсаттары жүйесінде мәнмәтіндердің түрлі деңгейлері қалай екенін қарастырайық. Жеке тұлғалық деңгейде Қоршаған орта саласы 7.3.2.1 адам және экожүйе арасындағы өзара әсерді сипаттау деген оқу мақсатымен, жергіліктіұлттық деңгейде 8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру оқу мақсатымен байланысты болуы мүмкін. Жаһандық деңгейде осы мәнмәтінді 9.3.2.4 озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру оқу мақсатында ашуға болады.
Оқу үдерісінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту үшін оқушыларға мысалдар мен тапсырмаларды мәнмәтінімен ұсынған жөн. Мәнмәтіндегі проблемалық жағдаят сол пән саласы немесе нақты бір пән бойынша меңгерген теориялық білімді дұрыс қолданғанда шешілуі керек. Яғни, жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқу барысында оқушылар табиғат заңдылықтарын, үдерістерді, құбылыстарды күнделікті өмірде кездестіретін үдерістер мен құбылыстарға байланыстыра алуы керек.
Негізгі мектепте Биология пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасындағы PISA мәнмәтіндерін көрсету мысалдары:
Координация және реттеу тарауындағы жеке тұлғалық мәнмәтінді көрсететін оқу мақсаттарының мысалдары:
:: 7.1.7.9 жақсы психикалық денсаулықты сақтау принциптерін сипаттау;
:: 8.1.7.1 көруді қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережелерін
сипаттау;
:: 9.1.7.3 жүйке импульстерінің туындауы мен өтуін сипаттау.
Әдістемелік нұсқаулар. Мұндай тақырыптарды оқыту барысында оқу жоспарына сүйеніп, денсаулық, гигиена проблемаларына, адам үшін қауіпті жағдайлар мен қауіп көздеріне, аурудың алдын алу, ауру белгілері байқалған кездегі әрекеттер мен шараларға назар аудару ұсынылады. Оны шынайы өмірден, өз басынан өткізген тәжірибеден алынған мысалдармен және тапсырмалармен байланыстыруға болады.
Бағдарламадағы жеке мәнмәтінге байланысты тақырыптар арқылы өмір салтына байланысты тәуекелдерді бағалау, денсаулық сақтау үдерістерін және шараларын түсін- діру, түрлі өнімдерді тұтынуды талдау және т.б. дағдыларды дамыту ұсынылады.
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері тарауындағы жергіліктіұлттық мәнмәтінді көрсететін оқу мақсаттарының мысалдары:
:: 7.3.2.3 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін сипаттау;
:: 8.3.2.3 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру;
:: 9.3.2.1 мұнай мен басқа пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар. Бағдарламаларда ұлттық немесе жергілікті мәнмәтін жаратылыстану мен технология, табиғи ресурстар мен Қазақстандағы қоршаған орта проблемалары арасындағы өзара байланыс тұрғысынан қарастырылады. Сабақта мысалдарды, тапсырмалар мен іс-әрекеттерді жергілікті жер (Семей полигоны, Арал теңізі, Байқоңыр ғарыш айлағы, шөлейттену проблемалары) проблемаларын түсіндіру, дәйек келтіру, ба- ғалау, талдау дағдыларын дамыту арқылы жергілікті мәнмәтінмен байланыстыру ұсынылады.
Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері тарауында жаһандық мәнмәтінді көрсе- тетін оқу мақсаттарының мысалдары:
:: 7.3.2.2 экожүйеге әсер ететін адам іс-әрекеті салаларынан мысалдар келтіру;
:: 8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау;
:: 9.3.2.3 жылыжай эффектісінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру.
Әдістемлік нұсқаулар. Бұл тақырыптар аясында, жаһандық экологиялық мәсеселер мен адамның табиғатқа тигізетін әсерін өмірмен тығыз байланыстыра отырып ашу ұсынылады. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, гербицидтерді шамадан тыс пайдалану. Жаһандық мәнмәтінді адам денсаулығына әсерімен, технологияларды қолдану, қауіп көздерімен және т.б. бүкіләлемдік ауқымда мәселелермен байланыстыру керек. Мысалы, табиғи суқоймаларының пластикалық қалдықтармен және ауыр металдармен ластануы.
1.2. PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ
Жоғарыда айтылғандай, PISA зерттеулері құрылымының орталық элементі ғылыми құзыреттілік ұғымы - қоғамда сауатты ғылыми көзқарасы бар тұлға ретінде қызмет етуі үшін қажетті негізгі дағдылар болып табылады.
Құзыреттіліктер - бұл білім, дағды, қарым-қатынас пен құндылықтарды жұмылдыру қабілеті, оқу үдерісіне рефлексті тәсіл көрсету, әлемде өзара әрекет жасау және әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету.
PISA зерттеулерінде теориялық білімін берілген мәнмәтінге қатысты қолдана білу білігі оқушыдан мынадай құзіреттіліктерді дамытуды талап етеді:
:: құбылыстарды ғылыми түрде түсіндіру;
:: жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну;
::деректерді интерпретациялау және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдемелерді қолдану.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты сипаттайтын құзыреттіліктерге нақты дағдылар жиынтығы кіреді, оны тексеру үшін тікелей тапсырмаға бағытталған сұрақтар берілуі мүмкін. Бұл дағдыларды ғылыми сауатты тұлға орындауға қабілетті негізгі әрекеттер жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
1.3. МӘНМӘТІНДЕГІ БІЛІМ
Тапсырмаларда бағаланатын әрбір құзыреттілік мынадай типтегі ғылыми білім мате- риалында көрсетілуі мүмкін.
1. Мазмұнды білім (пәндік салалар) - бұл ғылыми мазмұнды білім, мынадай пәндер салаларына жатады:
:: Физикалық жүйелер;
:: Тірі ағзалар жүйелері;
:: Жер және ғарыш жүйелері;
:: Технологиялық жүйелер.
2. Процедуралық білім - алуан түрлі әдістерді, стандартты зерттеу рәсімдерін білу. Мазмұнды білімді формальды түрде басқа пән салаларымен байланыстыруға болады. Мысалы, Физикалық жүйелер - негізінен физика мен химия, Тірі ағзалар жүйелері - биология, Жер және ғарыш жүйелері - география, геология және астрономия материалдары. Алайда PISA тығыз пәнаралық байланыс орнатылған мәнмәтінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың қалыптасқанын біртұтас бағалайды.
Биология пәнінен оқу бағдарламасында пәнаралық байланыс жүзеге асырылған, PISA зерттеулерінде барлық төрт пән салалары көрініс табады, ал Тірі ағзалар жүйелері саласы биологиялық мазмұнды толық қамтиды.
Тірі ағзалар жүйелері пән саласында көрсетілген барлық тақырыптар Биология пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын толық қамтиды және нақты күтілетін оқу нәтижелері (оқу мақсаттары) түрінде берілген, шиыршықтану қағидаты негізінде сыныптан сыныпқа біртіндеп күрделеніп беріліп, тереңдетілген. Бағдарлама PISA пәндерінің салалары аясында жіктелген болуы мүмкін.
Тірі ағзалар жүйелері пән саласының биологиядан жаңартылған оқу бағдарла-масы бөлімдеріндегі көрінісі
Оқу бағдарламасының шиыршық құрылымы барлық негізгі ұғымдар оқу бағдарла- масында бірнеше рет қайталанады және біртіндеп тереңдетіліп беріледі деп болжайды. Оқушы тақырыппен алғашқы танысқаннан кейін, сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қо- сымша білім меңгереді, жаңадан алынған ақпарат алдыңғы сыныптарда меңгерген білім- дерін толықтырады. Осылайша танымның кеңдігі мен тереңдігіне қол жеткізіледі.
Күтілетін нәтижелерді 7-сыныпқа арналған Биология пәнінің оқу бағдарламасын- дағы 7.1А Биосфера және экожүйелер тарауында ұсынылған мынадай оқу мақсаттары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz