Мәміленің жарамдық шарттары


Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
«Талдықорған заң колледжі»
заң пәндері ПЦК-сы
сынақ кітапшасының№
"Мемлекетпен құқық терориясының негіздері"
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Мәмілелер
Орындаған 102 топ окушысы
Турбаев Әділбек Әділетұлы
Курстық топтын жетекшісі
Жандильденова Р. Ш
Талдықорған 2021
Жоспар
I. Кіріспе. 3
II. Негізгі бөлім
1. Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
1. 1Мәміле ұғымы. . 4
1. 2Мәміленің түрлері. 11
1. 3Мәміленің жарамдық шарттары…. . . 21
1. 4Жарамсыз мәмілелер. . . . ……. 22
III Қорытынды28
Пайдаланылған Әдебиеттер. . 29
Кіріспе
Қазақстан республикасының азаматтық зандарында мәміле азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен міндеттерін белгілеуге қзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Азаматтық құқықтық субьектілері
Күн сайын оларға сатқан тауарға, көрсетілген қызметке, орындалған жұмысқа байланысты мәмілелер жасайды
Мәміле жасау үшін ұсыныс ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:.
- Ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа. ;
- жанама ниет білдіру. Мысалы. : адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;
- Кейбір жағдайда үндемеуде ниет білдіру болып саналады . Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.
Азаматтық - құқықта мәміленің бірқатар белгілері бар. Бұл белгілер олардың мәнін көрсетеді және мімілені сырттай ұқсас заңды фактілерден ажыратуға көмектеседі. Біріншіден, мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті әрекеті. Екіншіден, азаматтық заңдар да белгіленген талаптарға сәйкес келетін, құқыққа сай әрекет. Үшіншіден, мәміле азаматтық құқық субъектілерімен жасалады және салдар туғызуға бағытталады. Мәміленің мәнін тараптардың еркі және ерік білдіруі құрайды. Ерікті әрекет болып шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады. Мәміленің заңды салдары ерік білдірумен байланысты. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі азаматтық құқықтық реттеудің барлық негізгі құрамдарын реттейді. Азаматтық Кодекс - азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілері негізделетін бірыңғай құқықтық фундамент болып табылады. Сондықтан, Азаматтық Кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекетін реттейтін басты құқықтық акт. Дегенмен бұл қатанастың барлық бөлігін реттеу бір заңмен мүмкін болмағандықтан Кодекспен бірге мәмілеге қатысты жекелеген қатынастарды реттейтін бірқатар заңдар қабылданды. Олар, Жер туралы, Тұрғын үй қатынастар туралы, Лицензиялау туралы т. б. қалыптық актілер мен заңдар.
1. Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
1. 1 Мәміле ұғымы Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда болу көзіне заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет жағдайын көрсетеді. Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды фактілер болып табылады. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 147-ші бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді анықтайды. Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін бірнеше керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді. Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі. Яғни әрекет пен оқиғаға бөлу субъектілер еркіне байланысты болады. Г. Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет: өзімен бірге заңды нәтижелер әкелетін адамның сыртқы еркін жеткізу Әрекет- бұл жеке немесе заңды тұлғалардың еркі көрініс табатын заңды фактілер (мысалы, шарт жасау) . Осы жағдайларға сәйкес оқиғалар адамдардың еркіне тәуелсіз заңды фактілердің болуына әкеліп соғады (туу, өлунемесе адамның дертке ұшырауы, соғыстар, көтерілістер және тағы сол сияқты жағдайлар) . Осылардың қатарына стихиялық апат мінезіндегі барлық оқиғалар жатады, яғни өрттер, су тасқындары, дауылдар және тағы басқалары. Бұл түсінікте мәләленің оқиғадан айырмашылығын айтуға болады, өйткені ҚР АКнің 147-ші бабына сәйкес мәмілелер деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер танылады. Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне бағытталуы заңды әрекеттерге қайшы келеді, яғни субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің болуына қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді. Мәмілелер үшін субъектілердің еріктерімен әрекет қабілеттері болуы керек, бұл туралы төменде толығырақ айтыла кетеді. Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз болып. Заңды - яғни орындалатын мәмілелердін барлығы заңдардағы талаптар мен құқық қағидасына сәйкес келуі керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі әрекеттер жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат жасау, шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы басқалары. Мәміле, заңсыз әрекеттерге қарағанда, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бұзатын, ол заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы талаптарға сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп соғады (ҚР АК-нің 157-162 баптарына сәйкес)
ЖӘНЕ ЗАҢДЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЛМАЙДЫ
1. 2Мәміленің түрлері
Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) ;
2) Ақылы және ақысыз
3) нақты және консенсуалды;
4) казуалды және абстрактылы;
5) шартпен жасалған;
6) биржалық
. Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым коп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беру керек болса бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады) . Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res - зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық) . Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere - қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру) .
Шартпен жасалған мәмілелер қаңдай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-бабының 1-тармағы) . Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап Шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, кор және басқа биржалар туралы Заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдык, жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс. Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -қатынастың негізі болып отыр.
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.
1. 3Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады (АК-тің 18 - бабы ) . Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Мәміленің жарамды болуы үшін еркі және ерік білдіру бір - бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді. Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК - тің 154-бабы) мен тіркеуді (АК - тің 155-бабы) айтуға болады. 10 Мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән: тұлғаның ( тұлғалардың ) ерік ( тілек немесе ниет ) білдіру ; рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет; қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы ) ; мәмле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады. Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік ( ниет, тілек ) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша ( жай немесе нотариалдық ) және үндемей қалу жолымен білдіріледі. Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіпкетер ештеңе жоқ. 14 Конклюденттік әрекет - сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады ( АК-нің 151- бабының 4-тармағы ) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады. 2 Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс. Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс. Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
1. 4Жарамсыз мәмілелер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz