Қазақ тілінің сөздігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
1.1.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.

2.2.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ тіліндегі төрт түлік мал атауларының этномәдени сипаты

өзектілігі.
Қазақ ертеден мал шаруашылығына мән берген. Өйткені тыныс тіршілігінің барлығы малмен байланысты. Қазақ баласы есін білгеннен малды қалай атап шақыру керектігін, түр-түсін ажыратуды үйренген.
Сан ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, аталған төрт түліктің түрлерін адамзат өз өмірінде көлік ретінде де, азық ретінде де, киім ретінде де, бұйым ретінде де пайдаланған, яғни көшпелі өмірге сай тұрмысқа сәйкескен дүниелердің барлығын пайдаланғанын көреміз. Сол себепті көшпелі өмірде тұрмысқа қажет негізгі нәрселерді адамдар мал өнімдерінен алғанын көреміз (тері, жүн, сүйек, мүйіз, тағам түрлері). Ерте замандарда қазақтар сырт киімдерді қойып, тіпті іш киімдердің өзін мал өнімдерінен жасаған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Қазақ ұлтының басқа ұлттардан менталдық айырмашылықтарын көрсететін тілдік материалдардың бір саласы - қазақ тіліндегі тұрмыстық лексикаға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, фразеологизмдер мен мақал - мәтелдерді зерделеу арқылы ұлт мәдениетін, ұлттық болмысты таныту. Осы негізгі мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:
oo тілімізде тұрмыстық лексикаға қатысты қалыптасқан тілдік қолданыстарды зерделеу;
oo тұрмыстық атауларды халқымыздың тарихи-мәдени, әлеуметтік - экономикалық жағдайларымен қатысты алып қарастыру;
oo қазақ тілінің этномәдени құрылымының негізгі қырларын анықтаудың қағидаларын сипаттау.
әдіс-тәсілдері. салыстырмалы-тарихи және компоненттік талдау әдістері пайдалынылды.
дереккөздері келесі әдебиеттерден қарастырылады:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А., 1977, 2007.
2. Сөз атасы ( V - XVII ғ. Жазба ескерткіштері бойынша құрастырылған мақал - мәтелдер. А., 1987 ).
3. Бес ғасыр жырлайды. А.,1989.
4. Қазақ тілінің сөздігі. А., 1999.
5. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. А., 2002.
6. Нұрмағамбетов.Ә. Бес жүз бес сөз. А.,1995.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

ІІ бөлім.

Мал шаруашылығының бүкіл болмыс-бітімін, қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға, қоғамдық өмірде дұрыс қолдана білген. Оның сүйегінде, мүйізін де, жүнін де, тіпті терісін де өңдеп, қобди, сандықтар жасап, өрнектей білген. Сиыр мүйізінен тарақ, қой жүніне киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыған, ешкінің қылы, жүні, түбітінен де бағалы бұйым тоқыған. Бөкебай, күртеше, қолғап, шұлық сияқты этнографизмдер-тікелей осы мал шаруашылығымен байланысты туған тілдік атаулар. Яғни адамзат атаулыға қатысты дүниенің бәрін аталған саладан алған. Сол себепті өр мағынасының метафоралық мағынада жиі қолданылуы байқалады. Яғни тілімізде бірнеше тілдік қолданыстар туындайды, ал мұның өзі аталған сөздің этнолингвистикалық аясын кеңейтеді. Міне, сондықтан тіліміздегі тұрақты тіркестер, тұрақты теңеулер мен мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан саралау бүгінгі таңда тіл біліміндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақ халқы - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Сол себепті мал шаруашылығының ежелден бері қазақ халқының дәстүрлі өндірісінің негізі, тіршілік көзі болғандығын баршамыз білеміз.Соған орай кәсіби лексиканың бір тармағы мал шаруашылығымен байланысты. Ертеде ата-бабаларымыз амандасқанда: Мал-жан аман ба? - деп сұраған. Осы бір ауыз сөздің өзінен-ақ қазақ халқының өмірінде төрт түліктің орнының ерекше болғандығын көруімізге болады. Төрт түліктің балдай сүті, жұмсақ жүні, қызыл еті,қайрат күші, қымбат терісі-халқымыздың ішер асы, киер киімі, баспанасы, өмірінің негізі болған. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе - киімі. Тұтынса - бұйымы да, мақтан, салтанаты да осы мал болған. Жалпы тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор.
Малшылық - халқымыздың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан ата кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа қарым-қатынастар,мәдениет, өркениет, өнер, қолөнер, ой-сананың қалыптасуына әкелді. Сондықтан мал өсіруге қолайлы Қазақстан жерін төрт түліксіз елестету мүлде мүмкін емес.
Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар халқымыз мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін жетік білген. Тіпті ел ішінде төрт түлік малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп дана халқымыз өздерінің қоғамдық өмірін осы мал шаруашылығымен байланыстыра жасаған. Негізінен тек мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өзінің малын қой-ешкі,жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөлген.Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнімді, толық пайдалануды үйренді. Әр малдың пірін сайлап (М-ы:қойдікі - Шопан ата; ешкінікі - Шекшек ата; сиырдікі - Зеңгі баба; жылқынікі - Қамбар ата; түйенікі - Ойсылқара.),малдың қасиетін, кемшілігін жете білген. Сол себепті малды өсіру ерте заманнан бері ерекше бағаланып, олар туралы түрлі наным-сенімдерге, әдет-ғұрыпқа байланысты көптеген сөз орамдары, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеулер қалыптасқан. Мұндай тілдік қолданыстар мен мақал-мәтелдер және тұрақты тіркес, теңеулерде олардың әрқайсысының сыр-мінезі, түр-түсі, ерекшелігі, шаруаға пайдасы жан-жақты анықталып, мінездеріндегі кейбір ерекшеліктері адамның мінезіне, психологиясына аударылады.
Жалпы қазіргі тіл білімінде, сөздік қолданысымызда төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Мысалы белгілі этнограф ғалым, жазушы С.Кенжеахметұлы өзінің этнографиялық еңбектерінде төрт түліктің әр түріне байланысты этнографиялық атауларды былай таратады: Түйені қасиетіне қарай - біртуған, бекпатша, мая, желмая, күлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, үлек деп бөледі. Оның өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, науша, атан, бура деп жіктейді. Қазақ үшін ең құнды, ең қасиетті мал жылқыны өсу жолына қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, сәурік, айғыр деп, ал сиыр малын жасына қарай- бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп бөлсе, қойды- қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз қой, қошқар, саулық деп жіктеп, ешкі малын лақ, туша, бөртпе, шыбыш, серке деп топтастырады [33,62б]. Енді ақын-жазушылардың шығармаларынан, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысал келтірейік. Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз (Шалкиіз жырау ); Түйе жаманы - көрт, шөп жаманы-керт (мақал); Ат, айғырлар, биелер, Бүйірі жүр ыңқылдап (Абай); Пұл жібердім қалаға, Бұзау, баспақ, танаға (Қобыланды батыр жыры).
Малдың қадірін біліп, қасиетін ерекше бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы, Ботакөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқыайдар, Қозы, Құнанбай,т.б. Негізінен балаларын еркелетіп, ботам, құлыным, қошақаным, қозым деп айтуда да терең мән бар. Тіпті ертедегі халықтық жыр, әңгіме, ертегілерде де төрт түлік мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, хас сұлулармен қатар аталады. Мұның бәрі халықтың ұлттық табиғатымыздағы малсақтық, малжандылық ерекшеліктерін көрсетеді. Тілімізде мал сүтінен жасалатын этнографиялық тағам атаулары да баршылық. Түйе сүті шұбат, жылқының қымызы адам ағзасына пайдалы шипалы сусын. Сиыр мен қой сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, ежігей, тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.
Төрт түлікке оның тіршілік, өмірдегі орнына байланысты жалпы тілімізде айтылатын сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты оралымдар, әр түрлі этнографиялық атаулар да өте көп. Мысалы, қазақ халқының мал шаруашылығында жылқы түлігінің алатын орны ерекше. Бұрынғы кездері шексіз-шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, өзінің шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды, ал астында тайы болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп дегендей тіршілік етеді. Сол себептен дана халқымыз Жылқы - малдың патшасы; жылқы - ердің қанатыдеген сөзді жылқының көшпелі өмірдегі атқаратын қызметіне қарай айтса керек. Ол кезде қазіргі жеңіл көлік, теміржол, кеие, ұшақтардың атқаратын қызметін жалғыз жылқы малы атқарса керек. Сондықтан қазақ жылқыны өте жоғары бағалайтын, оның үстіне жылқының қымызы - өте құнды, шипалы табиғи сусын, оның еті - өте жоғары сапалы ауқат, қазысының өзінің әрітағамдық, әрі емдік қасиеттері мол дүние. Жылқының терісінен ұлттық құндылығы бар түрлі қасиетті бұйымдар жасалады (жүген, айыл-тартпа, құйысқан, саба, үзеңгі бау, өмілдірік, ноқта, шідер, қамшы, т. б.).
Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый-сияпат, кәделі жерлерде халық ер-азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек ол біздің ұлттық таным-түсінігімізде құрмет белгісі ретінде ұсынылатын сый орнына жүреді. Жылқы түлігі туралы тілімізде этнолингвистикалық сипаты бар тұрақты тіркестермен мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Мысалы, Жылқының сүті - шекер, еті - бал; Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар; Адам баласы сөйлескенше, жылқы малы кісінескенше; Ат тұяғын тай басар; Тай мінген - балаға жарасар; Ат сүрінбей жер танымас; Құрық тимес құлын жоқ; Ат сүрінбей жер танымас; Тай атқа, ат мұратқа жеткізер т.б. [34, 123б]. Жалпы бұл жылқы малы туралы айтылған мақал-мәтелдердің бір бөлшегі ғана. Негізінен тілімізде басқа төрт түлік атауларына қарағанда, жылқы малы туралы мақал-мәтелдер мен сөз оралымдары өте көп.
Жылқы малы қазақ халқының өмірінде молшылықты білдіреді. Соған сәйкес тілімізде жылқы малына қатысты әр түрлі өлшем атаулары мен тұрақты тіркестер кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде уақыт өлшеміне байланысты мынадай тілдік қолданыстар бар. Жылқы малына байланысты уақытты білдіретін этнографизмдер: бие байлар кез, биенің бас сауымында, бие ағытарда, бие сауым уақыт. Қазақ өзінің таным-түсінігінде екі аралық қашықтықты қарға адым жер, бір аттам жер, таяқ тастам жер деген секілді фразеологизмдер арқылы берген. Біздің тақырыбымызға қатысты ат адым өлшемі де осы топтағы сөздерге жатады.
Ұзындық өлшемінде жерді - дауыс жетер жер, оқ жетер жер, оқ бойы, көз көрім жер, әудем жер, аяқ жетер жер, иек асты, иек артпа жер, арқан бойы, шылбыр бойы деп мөлшерлеген. Ал көшіп-қонып, көлікпен, атпен жүретін жердің қашықтығын - қозы көш жер, бір көш жер, жарты көш жер, шалқар көш жер, сәскелік жер, түстік жер, күндік жер, бір қоналқа жер, ара қонып жететін жер, айшылық жер, көз көрмес, құлақ естімес жер, айлық жол, қырық күншілік жол, ит өлген жер т.б. деп өлшеген. Бұл қашықтықты өлшейтін өлшем атауларына біздің материалдарымыздан мына сөздер жатады: ат тұяғы жетер жер, тайшаптырым, құнан шаптырым, ат шаптырым жер, ат жетер жер, ат жетпес жер, бие бауындай жер, бие сауым жер, желі бойы. Ж.Ахмедова бұл өлшем туралы мынадай пікір айтады: В установлении длины пути передвижения определяющим факторам является конкретная обстановка. В этом можно убедиться на примерах из казахского языка. Так ат жетер жер - место куда можно доехать на лошади; ат шаптырым жер - расстояние пробегаемое на лошади; құнан шаптырым - пробег трехгодовалого коня; тай шаптырым -пробег стиргунка [35,28б]. Қазақ тілінде ат шаптырым жер деген қырық шақырым жерді; құнан шаптырым жер деген сегіз-он километрді; ал тай шаптырым үш-бес километр арақашықтықты білдіреді.
Қазақ халқының көшпелі өмірінде қой шаруашылығы негізгі орынды алады. Өйткені, көне кезден бастап мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқының өмірінде қой түлігінің алатын орны ерекше. Оның етін, сүтін тамақ, терісін мен жүнінен киім тігіп күнкөрістің көзі еткен. Осы кәсіппен үзбей шұғылдану нәтижесінде қой-ешкінің жасын, түр-түсін, ауру аттарын, мінез-құлқын, тағы басқа белгілерін сипаттайтын қазақ тілінде мәдени сипаты бар сан алуан сөздер мен сөз тіркестері қалыптасты. Халық арасындағы Тегене құйрық қошқарлы, малды берсең, қойды бер, Семіздікті қой ғана көтереді, Жаман қой ісегінде қартаяды, Ақсақ қойды бөлек қырыққан жүнге жарымайды, Құтты қонақ келсе, қой егіз табады; құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады , Қойды шартық бүлдіреді; елді қортық бүлдіреді тәрізді тілімізде мақал-мәтелдердің қалыптасуы да осы түліктің қазақ өмірінде мол орын алатынын көрсетсе керек. Сол себепті Қойлы бай - қоралы бай деп тектен-текке айтылмаса керек. Отамалы айының (наурыз) аяғында, отжақпас (сәуір) айының басында көшпелі қазақ ауылы қыстаудан көктеуге келіп қонады. Бұл-күн жылынып, шөп шығып, қой қоздай бастайтын кез. Қоздағаннан кейінгі 3-4 күнгі қойдың сүті қою сары болады, оны уыз дейді. Ертеректе қой сауарда қазақ қыз-келіншектері бар шаруаларын тастап, тек соған ғана көңіл бөлген. Ал бұл жұмыстан жалтарғандарды жақтырмаған ата-бабаларымыз : Қой келгенде, қойшының қызы ұршық иіреді деген. Негізінен қой қоздай бастасымен қыстан жүдеп шыққан қазақ елі аққа кенелген, арқасын кеңге салған. Жалпы қазақ халқы қойды Меккеден тараған қасиетті мал деп ойлап, оны ұрмаған, аяқпен теппеген, жайылымдағы қой отарын жарып өтпей, айналып өтетін болған. Себебі отардың ең ортасында Қыдыр баба жүреді, қойды үркітіп, Қыдыр бабаның мазасын алса, қойдың берекесі кетеді, басы азаяды, ырыс кетеді деген сенім бар.
Қазақ халқы осы түлік түріне құрметпен қараған. Соятын қойды мініп әкелуді теріс санап, оң жағымен жетектеп әкелу, айтып сойған қойдың жаны тез шығады депүш аяғын буу, қойды желбегей дәретін алған мұсылман адамға бауыздату, қойды тістеніп бауыздамау, қой сойғанды өткір пышақпен қойды демалдырып барып бауыздау тәрізді діни сенімнен туған ырым-жоралғылар бар. Монғол қазақтарында енші бергенде, қойды ауылдың беделді, жасы үлкен қадірлі адамдарына қосақтату, үлкен үйден ырымдап қосақ арқан әкелу, кендір арқанмен қой қосақтамау деген дәстүр бойынша, ерулікке қара қой апармау тәрізді дәстүрлер осы күнге дейін сақталған [36, 115б]. Халық арасында қойға індет келгенде бейітке түнету, қасқырдың терісімен түнде үркіту, қойдың күл ауруына қораның төріне арқар, құлжа мүйізін түтіндету, аршамен ыстау тәрізді ем-домдар істеген.
Төрт түлік мал атаулының ішінде қой-ешкі малдарына байланысты халық тілінде тұрмыстық лексикаға жататын көптеген сөздер қолданылады. Олардың біразы қазақ тілінің барлық жерінде және әдеби тілде бірдей аталса, кейбіреуінің орнына жергілікті жерлерде бар сөздер қолданылады. Қазақ тілінде қой-ешкі тәрізді уақ малдарды ұсақ жан деп атайды [36, 686б]. Жергілікті халық тілінде уақ жан (Алматы облысы), жандық (Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Түрікменстан), жанлық (Қарақалпақстан) деген балама сөздер ұшырайды.
Халқымыз қой түлігін өсіру мәселесіне көп көңіл бөледі. Қойдың төлі сапалы болу үшін ұрықтандыру кезінде жіберілетін қошқарларды қозы кезінен таңдаған. Осыған байланысты тілдік қолданысымызда Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер деген мақал қалыптасқан.Қазақтың ұғымында қозының маңдайы дөң болып келсе, ол қозы мықты болады. Сондықтан ондай қозыларды іріктеп, ерекше күтімге алған. Қой өсіруші қазақ қойын індеттен, жұттан сақтап, қорғауға тырысқан. Сол себепті қора-қопсысын жөндеп, барынша қойға жағдай жасауға тырысқан. Осыған орай ел арасында Қой қорасына тартады, жігіт жорасына тартады, Қыста қойыңды бақ, жазда шөбіңді шап, Қой егіз тапса, шөптің басы айыр туады, Қошқардың жайын мал баққан біледі, Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді, Қой үріккен жағына жүрмейді [34, 38б] деген мақал-мәтелдер,адамның қадір-қасиетін, мінез-құлқын, сырт келбетін, кескін-келбетін сипаттайтын қой аузынан шөп алмас (момын, жуас адам), қой көзді сияқты тұрақты тіркестер қалыптасқан.
Қойдың жас ерекшелігіне қарай мына төмендегі аттары қолданылады. Мысалы, қошақан (жаңа жүгіріп жүрген бір айлық қозы), қозы (қойдың жаңа туған үш айлық жас төлі), тоқты (алты айлық, еркек не ұрғашы қозы ), кебе (қыста туған қой төлінің көктемдегі аты). Бұл сөз Жамбыл облысынан басқа Торғай, Жезқазған, Семей, Шығыс Қазақстан өңірінде де қолданылады [37, 87б]. Бұны басқа жерлерде көбдік (Орал, Атырау), кепе (Алматы облысы) деп атайды. Қой малының туу уақытына да қатысты тілімізде бірнеше этнографиялық атаулар қалыптасқан. Мысалы, күйек қозы (өз мезгілінде туған қозы), көрпелдес-көрпелдеш (мерзімінен кеш туған қозы). Бұның орнына кей жерлерде көрпеш (Семей, Түркістан, Түрікменстан), көпей (Қостанай, Павлодар, Көкшетау) деп атайды. Қойдың қоздауы тісіне, қажырына байланысты болады. Қой 5-6-ға дейін қоздайды. Мысалы, төрт тісті саулық (саулықтың жаманы, сүйегі босы), алты тісті саулық(қойдың сегіз рет қоздаған ең жақсысы), щар саулық-шар қой (кәртең қой, қартайған қой), сары тісті қой (алты тісті қой бес қоздаған соң сары тісті болады, тісі сарғая бастайды).
Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс тәжірибесінен, дүниетанымынан қорытылыып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер тұнып жатыр. Олар халықтың қаншама ғасырлар бойы қолданысында болған, әртүрлі құбылысты бейнелі түрде суреттеген, эмоциональды-экспрессивті қызметте қолданылған - тілдік бірліктер. Қазақ тіл білімінде көбінесе мұндай қолданыстар еркін көшпелі өмір мен мал бағуға байланысты дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. қазақтың тұрмысы мен әлеуметтік-тарихи өмірін бейнелейтін, көп жағдайда тарихи жұрнақ (реликт) ретінде сақталған тұрмыстық лексикаға жатады. Мысалы, қозы көгеніндей жер, түйенің тұяғы түсетін жер, ақ түйенің қарны жарылу, ат көпір, атқа мінер, т.б. Н.Уәли тіліміздегі тұрақты тіркестер мен тұрақты теңеулерге, мақал-мәтелдерге мынадай анықтама береді: Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген ойларын мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары арқылы берілуі халықтың метатілдік рефлексиясына жатады [38,30б]. Міне сондықтан да қазіргі тілімізде ғасырлар бойы халқымыздың санасында қордаланған адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын, жай-күйін суреттейтін қой түлігіне байланысты фразеологизмдер баршылық. Мысалы, қозыдай маңырап табысты (шұрқырасып жолығысты), қойша жусап тыңдады (жасқана құлақ түрді), қойдай өргізіп, қозыдай көгендеді (дегеніне көндіріп ұстады),қоздаған қойдай маңырады (зарлады, еңіреді) және т.б.Көздің жауын алып, құлпыра түскен дүниені ала қозыдай жайнады десе,бір-бірімен тату-тәтті өмір сүретін адамдарды егіз қозыдай немесе тел қозыдай деп ән-жырға Ғалым Ж.Манкеева өз еңбегінде: Ұлттық ерекшелік оның тілдік атаулары арқылы көрінеді, яғни ұлттық тұрмыс, әдет-ғұрыптар, халықтың дүниетанымы мен эстетикалық талғамдары тек қана рухани мәдениет арқылы ғана емес, сонымен бірге ол күнделікті тұрмыс бұйымдарында, үй жиһаздары мен мүліктерінде, киімі мен әшекейінде бейнеленіп, олардың тілдік атаулары арқылы көрінеді [2,185б]. Қой шаруашылығы қазіргі кезде де қазақ халқының өмірінде басты орында десек те болады. Мысалы, тілімізде қалжалау, қалжа жеу сияқты сөздер мен сөз тіркестері кездеседі.
Қалжа дегеніміз - жалпы жас босанған әйелдің сыбағасы. Қалжа беру босанған әйелге деген ерекше құрметтен туған [39, ҚСЭ, 426б]. Е.Жанпейісов қалжа о баста босанған әйелдерге беретін тамақ болғанымен, кейін ол ауру адамдарға беретін тамақтың атауына айналған деп көрсетіп, М.Әуезов шығармаларынан мысал келтіреді. Біз өз жұмысымызда қалжаның негізінен босанғаннан кейін әйелге күш беру үшін дайындалатын тағам екендігін айтқымыз келеді. Өйткені бұл тамақты қазіргі уақытта да әйелге босанғаннан кейін күш-қуат беру үшін дайындайды. Қазақта қалжаға көкөніс ия бір кесек ет емес, күш беру үшін ұрғашы қойды арнайы сойып, жас сорпа ішкізеді. Яғни, осы айтылған ойымыз қалжа атауының этнографиялық мазмұнына сәйкес келетін сияқты. Айтылған ойларымызды қорытындылайтын болсақ, жалпы қазіргі уақытта да қой шаруашылығы қазақ халқының өмірінде жетекші роль атқаратынын байқаймыз. Ал тіліміздегі қой малына қатысты тұрмыстық лексикаға байланысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты тіркестер, тұрақты теңеулер мен мақал-мәтелдер тілдің коммуникативтік қызметіне сәйкес жалпыхалықтық лексикада қолданыс тапқан және халқымыздың әлеуметтік-қоғамдық тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.
Тамыры тіл даму тарихының тереңінде жатқан, кейбірі көпшілік жадынан шыға бастаған, түркі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Сөздіктің түрлері
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Орфография
Пәндер