Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіпорын экономикасы және менеджмент кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық саясат пәні бойынша

Мемлекет және оның экономикалық функциялары тақырыбында

5B051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

Қабылдағандар: Орындаған:
Комиссия төрағасы: ФИЭМ-19-1 тобының 3 курс студенті
_______________________ __________ Қыдырәлі А.Б
(ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы) (студенттің А.Т.Ә)

Комиссия мүшелері: Ғылыми жетекшісі: _______________________ __________ Шаймерденова Р.Т
(ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы) (ТАӘ, лауазымы, ғ.д.)
Комиссия мүшелері: _______________________ __________ ____________
(ТАӘ, лауазымы, ғ.д.) (қолы) (қолы)

Қарағанды 2021

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-бет
1.1.Мемлекет ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..3-5бе т
1.2.Мемлекет функциясының ұғымы және түрлерге жіктелуі ... ... ... ..6-11бет
1.3.Құқықтық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-13бет
1.4.Мемлекет механизмі,нысаны,типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-16бет
2.1.Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..16-21бет
2.2..Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары ... ... ... 21-23бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25 бет

Кіріспе

Қандай да болмасын бір мемлекетте немесе ірі-ірі әлеуметтік ұйымдардың негізгі мәселелері адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға халықтың қажеттіліктерін мейлінше жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Яғни, мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынасы. Осыдан шығатын сұрақ ұлттың гүлденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық қызметі қандай қандай және қаншалықты маңызды?
Бұның әлеуметтік қызметі өте маңызды. Мемлекет әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да рыноктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы эффектілерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қогамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қаты-настардың маңызды мәселелерін шешуге нақты ңатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын 'саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмүны мен мәнін тереңірек ашу қажет.

1.1.Мемлекет ұғымы және белгілері

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі үкімет деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда халық, ел, қоғам сөздеріне сәйкес.
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттің белгілері:
* мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
* мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
* мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
* мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
* мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. Өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуыМемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.Мемлекеттіңң мынадай белгілері болады:

1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.

2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.

3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.

6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
Мемлекеттің қызметтері:мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.

Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік - зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сыртқы: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.
Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.
Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.
Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты -- алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.

1.2.Мемлекет функциясының ұғымы және түрлерге жіктелуі

Мемлекеттің негізгі мақсаты - қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды ( әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio - орындау дегенді білдіреді) - заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде - мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс - тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.

1- Кесте Мемлекеттің негізгі функциялары

Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар қызметтерді (мысалы, жол салу, қорғаныстар салу) сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып келеді.
Тіпті тарихи алғашқы әлі дамымаған құл иеленушілік қоғам мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырған:
1. құлиеленушінің жеке меншігін тәуелсіз ету, бірақ халықтың кедей топтарын қорғау;
2. құлдардың қарсылығын басу;
3. басқа мемлекеттер мен халықтар арасында бейбіт әріптестік және сауда қатынасын орнату;
4. елді қорғау және басқа территорияларды жаулау;
Ежелгі кезде де мемлекет бірқатар маңызды функцияларды атқарып, мемлекеттің негізгі бағыттарын айқындап отырды. Бұдан 2 ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша Табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті 3 функцияны атқару керек деген. Олар:
1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдық топтардың басып кіруінен қорғау;
2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық мекемелерді ұстау міндеттелігі.

2-кесте Мемлекет функцияларының жіктелуі

Бұдан көріп отырғанымыздай, мемлекет функциясы мемлекеттің алғаш пайда болған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген қызметтерді жүзеге асырып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені, халық өмірінің барлық саласы өздігінен реттелмейді, нарықтық экономика жағдайының өзінде жеке меншік, бәсекелестік, бірлесу бостандығы тағы басқалар болғанымен, мемлекет түнгі қызметшінің рөлін атқарып немесе көрінбейтін қол ретінде шектен тыс араласпай, тек бақылап, қадағалап, заңдық тұрғыдан реттеп отыруы тиіс. Мемлекет болмаса ешқандай кәсіпкерлік, кәсіпорын, әлеуметтік аз қамтылған халықтардың белгілі бір тобын қамтамасыз етуге, атмосфераны, суды, жерді, қорғау ынталы болмайды. Мемлекет осы тұрғыда әлеуметтік теңестіруші рөльді атқарады, алым - салықтан тағы да басқа кіріс көздерінен түскен мемлекеттік бюджеттегі қаражатты білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет пен ғылымды дамыту, табиғат қорғау, қарулы күштерді дамыту тағы басқа салаларды қолдауға жұмсайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы, халықтың ұлттық санасының өсіп - өркендеуі құқық ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста болатын мемлекет функциясының маңызы артып келеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолын ұстанған, яғни бұдан мемлекеттің саяси - экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларды демократияландыру, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологияны сақтау, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету міндеттері туындайды.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған мақсат міндеттер бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары,аппараттары,органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттарыда да әр түрлі болады: стратегиялық бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күнгі мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер тұр.
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдыменмемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.

Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.

Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.

Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.

Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.

Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.

Мемлекеттің келесі функциясы -- келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.

Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. Unitas -- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

Федерация (лат. Foederatio -- одақ, бірлестік) -- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Германия, Малайзия, т.б. жатады.

Құқықтық мемлекет -- конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас-қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

1.3.Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті - адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

2.1.Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары

Экономикалық функциялары түрлі экономикасы түрлері, мемлекеттік макроэкономикалық процестерді нарығын қалыптастыруда белсенді рөл атқарады. Ол іс жүзінде енгізіледі азаматтық қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық принциптерін.

Экономикалық функциялары жоқ өзін-өзі дұрыс жағдай бар, немесе нарықтық әсердің тиімсіздігі болған кезде жағдайларда - нарықтық экономика жағдайында үкімет, әдетте, нарықтық тетігін әлсіз жақтарын реттеу болып табылады. Мұндай жағдайларда, мемлекеттік монополиялар қуатын шектеу, адал бәсекелестік үшін тең жасайды. Ол нарықтық механизм барабар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес жағдайларда тауарлар мен қызметтерді қажетті соманың өндіріс қамқорлық.

Мемлекеттің экономикалық функциялары әлеуметтік жай көрінеді табысын бөлу, нарық қамтамасыз етпейді. Мемлекеттік, егде қамқорлық міндетті кедей, ажыратылады. Ол ғылыми іргелі зерттеулер саласындағы назар аудару керек. Бұл қажеттілік жоғары тәуекел, жоғары төтенше құны мен жылдам пайда болмауына байланысты осы мәселе айналысуға бизнес келмегеніне бастап туындайды.

Мемлекеттің экономикалық функциялары жатыр еңбек нарығын реттеудің. Нарықтық жұмыс істеуге құқығы кепілдік жоқ бар мемлекеттік органдар, жұмыссыздықтың алдын алу және азайту шаралар қабылдауда.

Мемлекеттің басты функциялары облыс экономикасына жатқызуға болады:

1. Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін заңнаманы жасау. Мемлекеттік органдар әзірлеу және қабылдау меншік формалары әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін реттейтін заңдар, сондай-ақ кәсіпкерлерді, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтау керек.

2. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Несие көмегімен монетарлық, фискалдық және салық саясаты, мемлекеттік , өндірістің құлдырауын болдырмау үшін шаралар қабылдауда жұмыссыздықты қысқарту, инфляция тегістейтін, ұлттық валютаны және баға деңгейін тұрақты ұстап.

Кезде осы процестерде құрылымдық және макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдау үшін нарықтық тетігін істен мемлекет кедергі.

Мемлекеттің экономикалық функциялары даму стратегиясын, бизнес қалыптастыру және генерациялау бар инвестициялық ахуалды және экономиканың жұмыс әлеуметтік жағдайын.

Мемлекет жекеше сектор назар аудару емес екенін тауарлар мен қызметтерді өндіру ұйымдастырады. Ол, ғылым мен қорғанысқа арналған шығыстардың анықтау айналысатын табысты коммуникацияларды дамыту, көлік, ауыл шаруашылығы, жағдай жасайды жүзеге асырады және денсаулық сақтауды дамытудың және білім беру бағдарламаларын жасайды.
Мемлекеттік органдар әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және ең төменгі жалақы анықтау үшін әлеуметтік кепілдіктерді, мүгедектік, кәрілік, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және кедейлерге көмек түрлі түрлері үшін зейнетақыны қамтамасыз етеді.
Мемлекет қолдауы ұлттық бизнестің сыртқы әлемде жүзеге асырылады отырып, әлемдік экономикалық ортада отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өз қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік тұрақсыздық пен қауіп-қатерлер факторлары шешу үшін шаралар қабылдайды, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін тиісті деңгейде, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жалпы принциптеріне Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық функциялары экономиканың нақты бағыттары мен секторларын реттеу, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде оның дамуына көрінеді.

1.4.Мемлекет механизмі,нысаны,типтері

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Әдіснамалық жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мемлекеттің нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әр түрлі аспектілер түрінде көрінеді.
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік жоғарғы биліктің ұйымдастырылуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
Мемлекеттің ішкі функциялары
Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттің функциялары
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
Пәндер