Сот дәлелдемелер түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жоба (жұмыс)
Н 2-1-35-2021
1 баспа 05.01.2021

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

_________________________________ _______________________ факультеті

_________________________________ _______________________ кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

____Азаматтық іс жүргізу_ пәні бойынша

Тақырыбы: Азаматтық процестегі сот дәлелдемелері түсінігі

Білімгер ___Дулатбай Әлмира________ Тобы: 6ВО0421_____
аты-жөні қолы
Жетекші: ___________Тұрғвнбек Гүлнұр____________________________ _____

аты-жөні қызметі
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж. __ ___________________
қолы

Жұмыс қорғалды __________________20__ж. бағасы __________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ ____________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

______________________________ ___ ________________
аты-жөні қолы

Тараз 20___
Курстық жоба (жұмыс)
Н 2-1-35-2021
1 баспа 05.01.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ ___________________________ кафедрасы

__________тобының білімгеріне ______________________________курст ық жоба (жұмыс)
аты-жөні
ТАПСЫРМА
___________________________________ ______________________________ пән бойынша

1. Тақырыбы___________________________________ __________________________________

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ________________
___________________________________ _____________________________________________

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула - ры (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты

4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі

6. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:__________________ ______ _________ ___________________
қызметі қолы аты-жөні

Тапсырманы орындауға қабылдадым ____________
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ..5
1.1 Сот дәлелдемелер түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сот дәлелдемелерінің жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ, БАҒАЛАУ, ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ САРАЛАНУЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Дәлелдеу процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Дәлелдеу құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Сот дәлелдемелерін жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ

Алдымен дәлелдеу құжаттары деген ұғымға түсініктеме бере кетсек. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот дәлелдеуі - бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.
Сот істің мән-жайларын анықтау бойынша өз белсенділігімен дәлелдемелерді жинақтау міндетінен босатылған. Тек тараптардың өтініштері бойынша қажет материалдарды алуға сұрау салу жолымен көмектесе алады.
Сот дәлелдеуі - бұл заңды фактілерді анықтауға бағытталған процесуалдық және ойлау қызметі.
Сот дәлелдеуі азаматтық іс жүргізудің мынасубьектілерімен жүзеге асрылады:
- дәлелдемелерді жинайтын, тапсыратын және зерттейтін тараптар мен өзге іске қатысушы тұлғалар.
-дәлелдемелерді зерттейтін және бағалайтын сот.
Сот дәлелдеуінің мақсаты болып азаматтық істің мән-жайларын анықтау, яғна дәлелдемелердің көмегімен заңды фактілердің бар болуын немесе жоқ болуын анықтау табылады.
Сот дәлелдеуі мынандай әрекеттерден тұрады:
-дәлелдемелерді жинақтау (дәлелдемелерді қамтамасыз ету, сот тапсырмаларын беру, қарауды тұрған жерінде жүргізу, сұрау салу арқылы);
-дәлелдемелерді сотқа тыбыстау;
-сот отырысында дәлелдемелерді зерттеу;
- бәлелдемелерді бағалау;
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, іс жүргізу әрекеттерінің барысын және нәтижелерін көрсететін сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Сонымен қатар әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Жалпы азаматтық процестегі дәлелдемелер әр түрлі болуы мүмкін , мысалы құжаттар , айғақтар, заттар және осылар сияқты өзгелерді жатқызамыз.
Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі. Оған қоса егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан РеспубликасындаАзаматтық процестегі дəлелдемелердің маңыздылығын зерртеп,осы дəлелдемелердің қылмысты ашудағы алатын орныерекше екендігі жəне дəлелдемелерге байланысты басқа да мəселелер қарастырылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
* Дәлелдемелер түсінігіне тереңірек тоқталу;
* Дәлелдемелердің іске қатыстылығын анықтау;
* Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы талдау жүргізу;
* Соттық дәлелдеу және дәлелдеу құралдарын анықтау;
* Тараптардың және үшінші тараптардың түсініктемелері
* Жазбаша дәлелдемелер туралы түсінік беру;
* Заттай дәлелдемелер ұғымын қалыптастыру;
* Сараптама қорытындысы туралы арнайы талдау жүргізу.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ
1.1 Сот дәлелдемелер түсінігі

Егер тарап сот сүратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.
Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардьгң өтінімі бойынша сот белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.
Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
2) адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.
Дәлелдемелер сотта істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін қолданылады. Сот бірде-бір істі оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың міндеті - құқықтармен, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім. Осы қорғауды көрсету үшін сот әрбір жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқық қатынастарын ашып анықтау керек. Бірақ, құқықтар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын, заң белгілі - бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқық қатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек.
Сот әділдігі - бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті талабының бірі, соттық шешімінің процессте дәлелденген ақиқаттарға негізделуі болатын қызмет.
Процесстен тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған ақиқаттар туралы мәліметтер мен мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Мысалы, судьялар жеке өмірден, басапның мәліметінен т.б. істің мән-жайы туралы білсе, мұндай мәліметтер соттың қорытындысы үшін негіз бола алмайды.
Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге - тараптар мен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар қорытындылары т.б. жатады.
Заң сотқа жіберілетін дәлелдемелер тізімін ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбіреуін пайдаланудың процессуалды тәртібін де анықтайды. Мысалы, кімнің куә бола алатыны мен бола алмайтыны, сраптаманы қалай тағайындау анықталады.
Азаматтық процесте істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәні, ал дәлелдеудің жүзеге асу құалдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер - істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін сотпен қолданылатын құралдар болып табылады.
Соттық дәлелдеме санатын түсінудегі белгілі қиындық, дәлелдемелердің әрбір дәлелдеу құралы атауында. Бірінші бөлімінде дәлелдемелер нақты деректер болса, екінші бөлімінде дәлелдемелер - дәлелдеудің процессуалды құралдары болады.
Мұндай жағдайда соттық практика мен әдебиет те түседі. Әдебиетте осы екі санаттарды бөліп әрі дәлелдемелер ретінде тек нақты деректерді ғана атауға қадамдар жасалады. Бірақ, бұл іс жүзіне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзі дәлелдемелер ретінде нақты деректермен дәлелдеудің процессуалды құралдарын атады.
Сонымен, соттық дәлелдемелер - бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудің процессуалды құралдары (тараптармен үшінші жақтардың түсіндірмелері, сарапшылардың қорытындысы). Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақты деректерді де атайды жеке оның негізінде сот істің мән-жайын анықтайды.
Нақты деректер деп соттың куәларды сұраудан, құжаттарды деректерден т.б. алатын істің мән-жайы туралы мәліметтерді айтамыз. Нақты деректерге дәлелдемелік деректер де жатады. Үнемі дәлелдемелер, іс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тікелей мәліметтерді емес, олар заңдылармен белгілі - бір байланыста болып және осылар арқылы байырғы заңда деректердің бары не жоғы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кейбір басқа деректер туралы мәліметтерден тұрады. Іс бойынша өздері байырғы заңи дерек болмайтын, бірақ олар туралы қорытынды үшін негіздер беретін ақиқаттар дәлелдемелік деп аталады [2].
Процессуалды теориямен соттық практикада дәлелдеменің қайнар көздері, ұғымы мәлім. Дәлелдеменің қайнар көздері болып деректер туралы мәліметтерді ұстаушы заттар мен тұлғалар шығады. Осындай дәлелдеменің қайнар көздері, яғни тарптардың түсіндірмелері, сарапшылар қорытындыларының қайнар көздері адамдар, сарапшылар, куәлар т.б. болады. Олардың қалыптасуында маңызды рольді адам психикасының ерекшеліктері ойнайды, яғни олар дұрыс қабылдау қабілеті, істегі мүмкінді мүдделік т.б. Осындай кезендер, кез-келген жеке дәлелдеулерді зерттеумен бағалауда есепке алынады. Қайнар көзі ретінде шығатын дәлелдемелерді заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.
Дәлелдеу - соттық дәлелдемелер арқылы істің мән-жайын анықтауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау бойынша барлық процессуалды қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу - дәлелдемені ұсынуды, жинауды, зерттеу мен бағалауды алып жатады. Дәлелдемелерді ұсыну әдісі, қандай дәлелдемеге қатысты сөз болуына байланысты. Куәлардың көрсетулеріне қатысты айтқанды, қандай куәлар істің мән-жайын растай алатыны көрсетіледі. Жазбаша, жеке заттық дәлелдемелер сотқа беріледі. Олар басқа тұлғаларда болса, онда соттың талап етуі туралы шағымын беруге болады.
Дәлелдемені сот жинайды, тараптар ұсынған дәлелдемелерді қабылдап, олардың шағымымен куәларға шақырулар жібереді. Сарапшының қорытындысы үшін сот сарапты тағайындау туралы анықтама шығарады.
Ал, дәлелдемелерді жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады, әрі істі сотта қарауға дайындау кезінде жүргізіліп сот мәжілісіне дейін бітуі керек.
Бірақ, заң дәлелдемелерді жинауға бұдан кейін де жол береді. Сот мәжілісінде жаңа дәлелдемелерді - зерттеу туралы шағымдар берілуі мүмкін және сот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді 8. Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы жиналады.

1.2 Сот дәлелдемелерінің жалпы ережелері

Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі қарай АПК) 72-бабындағы анықтаманың мазмұнынан шығатын термин -- дәлелдемелердің қатыстылығы. Бұл терминге арнайы азаматтық процестік кодексінің 64-бабы арналған: "Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды".
Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің ішінен бейімділікке жататын фактілермен мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп екінші жағынан өз мағынасымен қаралып отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс.
Қатыстылық дегеніміз соттық дәлелдемелермен сот қарауының объектісі болып отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы. Бұндай байланыстың болуы зерттеліп отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады.
Юрисдикцияалық әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде түсінеді. Бұл авторлардың бұлай ойлау себебі дәлелдемеде қатыстылық белгілі сипаты бар немесе жоқ екендігі осы дәлелдемелер сот зерттеуінде болмай жатып қалай анықталатындығында12. 67-баптың мазмұнына қарайтын болсақ, бұл бап негізінен соттық жүріс-тұрысын реттейтін норма болып табылады, өйткені тараптар дәлелдемелер ұсыну барысында қателіктер жіберуі мүмкін.
Сот дәлелдемелердің қатыстылық ережесі бойынша болашақ осы қаралып отырған іс бойынша негізінен шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.
Заң әртүрлі істер бойынша керекті әртүрлі дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі бойынша бағалайды (АПК 16-бабы) М.К.Треутниковтың ойы бойынша қатыстылығын бағалау процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп жатырған факті осы азаматтық іс үшін маңызы бар ма жоқ па? Сонан кейін барып екінші этапта осы дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы туралы мәселе шешілуі тиіс дейді 13. Бұл ереже "жалпыдан жекеге" методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. АПК 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды 14. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:
1. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатыушы басқа да тұлғалар береді.
2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
3. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
4. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.
Егерде алдыда қарағанда белгілі болғандай қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің жарамдылығы сол дәлелдемелердің процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына байланыстылығы қаралады. Азаматтық процестік кодексінің 63-бабында: егер осы кодексте көзделген түрінен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады, - делінген. Бұл қалып та 64-баптың мазмұнынан шығатын ерекше болып табылады. Дәлірек айтқанда 64-бапта: "... заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады" - делінген. Соттағы дәлелдеу барысында құқықтық маңызы бар белгісіз фактілер кез келген дәлелдемелермен емес керісінше алдын ала занда көзделген дәлелдеу құралдарымен жүзеге асырылады. Жарамдық институты азаматтық процестегі құқығында да қылмыстық іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден тұрады деген тұжырымға келген:
1. дәлелдемелер алуға байланысты процессуалдық әрекет жүргізуге құқылы субъектінің болуы;
2. жарамды фактілік дерек көзі (дәлелдеменің мазмұнын құраушы);
3. дәлелдеме алу үшін жасалған әрекеттің процессуалдық талаптарға сай болуы (процесуалдық әрекет);
4. дәлелдеме алу үшін қолданылған процессуалдық әрекеттің талаптарға сай болуы15.
Көптеген авторлар дәлелдемелердің жарамдылығы тек жауаптарға қатысты десе (К.С.Юдельсон, И.М.Резниченко) ал, келесілері бұл барлық дәлелдеу құралдарына байлансты дейді (АТ.Калрин, Н.Д.Лордкипанидзе). Бұл мәселе бойынша процессуалдық құқықта реттелген бір жақты ой жоқ.
Дәлелдемелердің жіктелуі: тікелей және жанама; алғашқы және туынды; өзіндік және заттық.
Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз -- дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге тиесілі бір маңызды белгісі негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген белгі теорияда жіктеу негізі деп аталады.
Дәлелдемелерді жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді.
Дәлелдемелерді жіктеудің негізі болып әртүрлі белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық формасына байланысты, соттық бағалау нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі негіздерге байланысты бөлуге болады[6].
Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама17. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.
Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей дәлелдемеге мәлімет қалдыруымен сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз -- басқа дәлелдеме көзінен жазылып алынған дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп отырған, дәлелдеменің ортасындағы тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар.
Дәлелдемелерді процессуалдық формасының сипаттамасына немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады.
Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады. Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. "Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық объектіде бекітілгендігі маңызды емес", - дейді автор. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері -- фактісін жатқызады. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады.
Даусыз деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық процестік деректе тану - іс бойынша тек дәлелдеме болуы саналады. Танылған дерек - дәлелдеу оған қатысты іске асқан дерек болып табылады. Бұл істің мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз жоқ.
Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық - құқықтық мәні бар деректерді жатқызады . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық - құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады.
Процессуалды мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде қолданылатындықтан процессуалды мәнге ие болады. Бұған дейін олар басқа дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.
Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады.
Азаматтық процестегі барлық дәлелдемелік жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкін. Жорамалды жоққа шығару, шындыққа сәйкес шешім шығаруды қамтамасыз етеді. Егер жорамал істің мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделі тарап одан бас тарта алады. Дәлелдемелік жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу міндетін бөлуді өзгерте отырып, сотты істің нақты мән-жайын анықтау қажеттігінен босатпайды, әсіресе нақты жағдайда жорамалдау дерегі болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегі нақты болуы не болмауы туралы шын қорытынды жасауға дәлелдемелерді анықтай алмағанда ғана, сот заңда анықталған жорамалдарға шешімін негіздей алады.
Дәлелдемелік жорамалдың маңызы, олар белгілі бір деректің болуы туралы жорамалдау жасай отырып, тараптың бірін дәлелдеу қажеттігінен босатады, ал екінші тарапқа сол деректі шығару міндетін салады.
Осыған байланысты екінші тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан пайдасыз салдардың туындау мүмкіндігі өтеді. Бұдан жорамалдың материалдық-құқықтық әрекеті көрінеді.
АПК 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз - Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәләрдың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың осы туралы берген анықтамаларына тоқталып өтейік.
Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н.Малышев: Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің рас шындығына немесе өтіріктігіне сендіретіндігінің бәрін айтқызған. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады екен, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп, даулы юридикалық фактінің бар жоқтығы туралы соттың шешіміне себеп болатын заңды негіз,- деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер бір біріне ұқсас. М.К.Треушниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треушников: логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп атады - дейді, басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар дәлелдеме ережелері болады.

2.ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ, БАҒАЛАУ, ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ САРАЛАНУЫ
2.1 Дәлелдеу процесі

Дәлелдемелер
1. Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Қылмыстық процестегі дәлелдер
Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Әкімшілік процесте
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидалары
Пәндер