ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Aлмaты қaлacы Бiлiм бacқapмacының

«№59 мeктeп-гимнaзия» КММ

«Қapaлды»

Пeдaгoгикaлық кeңec oтыpыcындa

«» ж. Xaттaмa №__

«Бeкiтeмiн»

№59 мeктeп-гимнaзия диpeктopы Кacымoвa A. Т.

«» ж.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ (ЭССЕ, МАҚАЛА, ТЕЗИС)

Құpacтыpyшы:

Ахметова Хабира Берикболкызы

Aлмaты қaлacы Түpкciб ayдaны

№59 мeктeп-гимнaзияның қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнi мұғaлiмi

khabira1976@mail. ru

Aлмaты қ., 2021 ж.

I. КIРICПE

Жобаның өзeктiлiгi. Қоғам ілгерілеген сайын ғылым мен техниканың барлық салаларында тың өзгерістер болатыны анық. Ол өзгерістер жаңартулар мен толықтыруларды, жұмыстың жаңа мазмұнын талап етеді. Осындай өзгеріс техниканың дамуына байланысты білім саласына да түбегейлі өзгерістерді әкелді. Соның бірі - функционалдық сауаттылық мәселесі. Оның ішінде оқу және жазу сауаттылығын қалыптастыру қазіргі жаңартылған мазмұнды білім жүйесінің негізіне айналды. Жұмыстың өзектілігі - жаңартылған білім мазмұнындағы жазба жұмыстары арқылы оқушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру тапсырмаларын жазудың тиімді жолдарын ұсынуында.

Жобaның мaқcaты. Оқушылардың сыртқы ортамен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп, тез бейімделе алуын жазба жұмыстары арқылы дамыту, әлеуметтік қарым-қатынасын қамтамасыз ететін тілдік дағдыларының ауызша және жазбаша түрін сапалы қолдануына. Жазылым дағдысын қалыптастыра отырып, оқу мен жазуда сауатты болуына түрткі болу. Оcы мaқcaтты жүзeгe acыру үшiн төмeндeгiдeй мiндeттeрдi қойып отырмыз:

  • Жобaны жүзeгe acыру бойыншa жұмыс мазмұнымен тaныcтыру;
  • Жазу сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған жазылым дағдысына негізделген оқу мақсаттарымен таныстыру, саралау;
  • Оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастырудағы жазба жұмыстарын жазудың тиімді жолдарын ұсыну;
  • Тәжірибеде оң нәтижесін берген эссе, мақала, сыни-пікір жазудағы ұтымды әдіс-тәсілдерді зерделеу;

Күтiлeтiн нәтижe:

  • Оқушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттары сараланып, жүйеленеді;
  • Жазба жұмыстарын ұтымды жазуда тиімді әдіс-тәсілдерді оқушыға үйрете отырып, қаламы ұшқыр шәкірттер көбейеді;
  • Жазылым дағдысын қалыптастыруға арналған оқу мақсаттарын жүзеге асыруда мұғалімдер қауымына көмекші құрал бола алады;
  • Оқушылардың оқу және жазу сауаттылықтары қалыптасып, сыртқы ортамен қарым-қатынас мәдениеті артып, сөйлеу тілі дамиды;
  • Оқушылардың танымдық қабілеті артып, өзіндік көзқарасы, сыни ойлауы қалыптасады;
  • Дебат, сөзталасқа түсе алатын, оратор оұушылар саны артады.

II. НEГIЗГI БӨЛIМ

Сауаттылық мәселесі кез-келген жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болатындықан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-білік дағдыларынан көрінеді. Өйткені функционалдық сауаттылыққа, оның ішінде оқу және жазу сауаттылығына адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Осы ретте мектеп қабырғасында алған білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тіл, ана тілімізді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын сауаттылық мәселесі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің негізгі жаны десе де болады. Пән мазмұны арқылы қалыптастыратын функционалдық сауаттылық - оқушылардың сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың оқу және жазу сауаттылықтары олардың тұғалық қасиетін өзіндік «менін» арттырады. Қазақ тілі пәндеріндегі негізгі төрт дағдының ішіндегі «жазылым дағдысы» тікелей оқушылардың жазу сауаттылықтарына жауап береді. Қазақ әдебиетіндегі жазылым тапсырмалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, танымын арттырады. Жазылым дағдысын жүзеге асыру, ондағы тапсырмаларды дұрыс орындату - сауатты оқушы болуға жол. Сол себепті, жұмыс барысында жекелеген сыныптардағы жазылым дағдысына арналған оқу мақсаттары зерделеніп, тапсырмалар жүйеленді. Нақты жүйесі жасалған соң, өз тәжірибеміздегі жазылым тапсырмаларын жаздырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді топтастырып, жазылым жұмыстарын ұтымды әрі жеңіл жазудың бірнеше жолдарын ұсынып отырмыз.

2. 1. Жобaны icкe acырудағы «жазылым» дағдысына, жазылым тапсырмаларына ұсынылған оқу мақсаттарының тізбегі:

1-КECТE. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жазылым тапсырмаларына ұсынылған оқу мақсаттары:

р/с
Оқу мақсаттары
Сыныбы
р/с: 1
Оқу мақсаттары: 5. Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Сыныбы: 5
р/с: 2
Оқу мақсаттары: 8. 3. 2. 1 -жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, құрастырып жазу.
Сыныбы: 8
р/с: 3
Оқу мақсаттары: 8. 3. 4. 1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
Сыныбы: 8
р/с: 4
Оқу мақсаттары: 8. 3. 5. 1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
Сыныбы: 8
р/с: 5
Оқу мақсаттары: 5. 3. 3. 1. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
Сыныбы: 5
р/с: 6
Оқу мақсаттары: 8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Сыныбы: 8
р/с: 7
Оқу мақсаттары: 11. 3. 3. 1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
Сыныбы: 11

2. 2. Жазылым дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар түрлері:

  • Эссе түрлері: әдеби, арументті, еркін тақырыптағы
  • Мәтін
  • Мақала
  • Сыни-пікір
  • Креативті өңдеу
  • Тезис

2. 3. Жобaны әзiрлeу рecурcтaры.

2. 3. 1. Ұйымдacтырушылық. Жoбaның мaқcaт-мiндeтiн aнықтaп, жocпaр, бaғдaрлaмa құру, оқу мақсаттарын анықтап, тапсырмалар жүйесін жасау. «Жазылым тапсырмаларын орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» әдістемесінің бaғдapлaмacын әзipлey. Бaғдaрлaмaны әзiрлeудe бacты нaзaрды оқушылaрдың жac eрeкшeлiгiн, оқу мақсаттарын ескеру.

2-КECТE. «Жазылым тапсырмаларын орындауда эссе тақырыптары мен мақала тақырыптарын ұсыну

Ескерту: Берілген эссе тақырыптарын оқу мақсаттарына сай, сонымен қатар ОЖСБ мен қорытынды аттестаттауға дайындық ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, оқушыға оқу тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыс ретінде де беруге болады.

1. 5- сыныпқа ұсынылатын эссе тақырыптары:

р/с
Тақырыбы
Эссе түрі
р/с: 1
Тақырыбы: «Қазіргінің Кендебайлары кімдер?»
Эссе түрі: Ертегі мазмұнын басшылыққа ала отырып, еркін тақырыптағы эссе
р/с: 2
Тақырыбы: «Қобыланды - ел ұланы»
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 3
Тақырыбы: Асанқайғы бабамыздың жерге айтқан сындары қазіргі өмірде дәл келді ме? Қалай ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 4
Тақырыбы: 21 ғасырдың Ақтандарына менің тілегім. «Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас» өлеңінің ізімен
Эссе түрі: Әдеби эссеге бағытталған еркін тақырыптағы эссе
р/с: 5
Тақырыбы: «Еңбек мұратқа жеткізеді» (Қыпшақ Сейтқұл бейнесі)
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 6
Тақырыбы: «Қазіргінің Атымтайлары кімдер, Атымтаймен ұқсастығы бар ма?»
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 7
Тақырыбы: «Дүние еңбектенсең, табылады . . . » (Ы. Алтынсарин шығармалары негізінде)
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 8
Тақырыбы:

«Менің адамдық диқаншым . . . »

(А. Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» шығармасы негізінде)

Эссе түрі: Еркін тақырыптағы эссе
р/с: 9
Тақырыбы: «Тәкаппарлық аздыра ма, оздыра ма?» (А. Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» шығармасы негізінде)
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 10.
Тақырыбы: «Қожа дарынды бала ма, әлде?. . » («Менің атым Қожа» шығармасы негізінде)
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 11.
Тақырыбы: «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың әрекеті дұрыс па, бұрыс па?
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 12.
Тақырыбы: Қали - арманшыл бала
Эссе түрі: Әдеби эссе

2. 8- сыныпқа ұсынылатын эссе тақырыптары:

р/с
Тақырыбы
Эссе түрі
р/с: 1
Тақырыбы: Қорқыт шығармаларының тәрбиелік мәні неде?
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 2
Тақырыбы: «Даналық кітабы - ақиқатқа бастайтын жол»
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 3
Тақырыбы: «Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз?. . » Ақтамберді жыраудың арманы қазір орындалды ма? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Эссе түрі: Аргументтік эсее
р/с: 4
Тақырыбы: «Адыра қалғыр үш қиян . . . » Мұрат ақынның осылайша күйіне жырлауының себебі неде? Ойыңызды ашып жазыңыз
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 5
Тақырыбы: «Еңлік пен Кебектің трагедиясына салт-дәстүр кінәлі ме?» Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 6
Тақырыбы: «Кел, жастыр, біз бір түрлі жол табалық!» Шәкәрім ақын жастарды қандай жолға шақырады? Неге?
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 7
Тақырыбы: «Жамал - қатал салт пен атақ-абыройдың құрбаны» Осы оймен келісесіз бе?
Эссе түрі: Аргументтік эссе- келісу, келіспеу эссесі
р/с: 8
Тақырыбы: «Ұшқан ұя» шығармасының тағылымды тұстары»
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 9
Тақырыбы: «Әпке Қамажай - адал махаббат символы»
Эссе түрі: Еркін ойға бағытталған әдеби эссе
р/с: 10
Тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы Ана қанішер ме? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 11.
Тақырыбы: «Шырағың сөнбесін» деген жақсы тіркес не себепті шығарма атауы болып тұр, өз көзқарасыңызды жазыңыз.
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 12
Тақырыбы: «Қара шаңырақ» - жұмақ мекен» (Д. Иабековтің «Қара шаңырақ» шығармасы негізінде
Эссе түрі: Әдеби эссе, еркін ойға құрылған
р/с: 13
Тақырыбы: «Менің үш бақытым» Мұқағали ізімен
Эссе түрі: Еркін тақырып
р/с: 14
Тақырыбы: «Қазақ жері - киелі мекен»
Эссе түрі: Еркін тақырып

3. 11- сыныпқа арналған эссе тақырыптары:

р/с
Тақырыбы
Эссе түрі
р/с: 1
Тақырыбы: «Атау-кере» шығармасындағы өмір шындығы
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 2
Тақырыбы: «Атау-кере» шығармасындағы «қауіпті буданның»зияны неде?
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 3
Тақырыбы: Шығарманың «Атау-кере» деп аталуына өз көзқарасыңызды білдіріңіз
Эссе түрі: Еркін тақырып
р/с: 4
Тақырыбы: «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы ұлттық құндылықтарды дәлелдеп жазыңыз
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 5
Тақырыбы: «Өмірзая» зая кеткен ғұмыр емес, ел игілігіне жұмсалған ғұмыр . . . осы оймен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз
Эссе түрі: Аргументтік эссе
р/с: 6
Тақырыбы: «Пәтер іздеп жүре едік» шығармасының қазіргі өмір шындығымен байланысын ашыңыз
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 7
Тақырыбы: «Абай мен әке арасындағы құндылықтар»
Эссе түрі: Әдеби эссе
р/с: 8
Тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясының «Ғасырлық туынды» атануының себебі неде? Ойыңызды тізбектеп жазыңыз
Эссе түрі: Еркін тақырыптағы эссе
р/с: 9
Тақырыбы: «Абай жолындағы Бөжейдің асы мен қазіргі ас беруді салыстырып жазыңыз»
Эссе түрі: Әдеби туындыға бағытталған сипаттамалық эссе
р/с: 10
Тақырыбы: «Бөжейге ас беру Абайдың азаматтық тұлғасын одан әрі өсірді. Осы оймен келісесіз бе? Ойыңызды жазыңыз
Эссе түрі: Келісу, келіспеу эссесі
р/с: 11
Тақырыбы: «Мылтық көрсем, төрлерде іліп қойған, Менің мазам кетеді күдікті ойдан . . . » ақынның қорқынышы қазіргі таңда кездесе ме?
Эссе түрі: Әдеби туындыға негізделген еркін тақырыптағы эссе
р/с: 12
Тақырыбы: «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясындағы қазіргі өмір шығдығы көріне ме?»
Эссе түрі: Әдеби эссе

Ескерту: Бұл мақалаларды алғанда, тілдік бағдармен ұштастырамыз. Мақаланы жекелей, топтық жұмыс түрінде беруге болады.

1. Қазақ тілінен 5- сыныпқа арналған мақала тақырыптары:

1. Қазақ тілінің қазіргі жағдайы (шағын мақала)

2. Сәлемдесу - сөйлеу мәдениетінің негізі

3. Қазіргі замандағы ұлттық киім көрінісі

4. Қазақстандағы қазіргі сән әлемі

5. Отбасылық ғұрыптар - тәрбие бастауы

6. Қыз балаға арналған салт-дәстүрлер

7. Ұл балаға арналған салт-дәстүрлер

8. Менің өлкемнің жануарлары

9. Төрт түліктің нарықтағы бағасы қандай? (статистикалық мақала)

10. Уақыт емші ме?

11. Хобби адамды шынықтырады

12. Қиялдың түрлері

13. Жол ережесін бұзатын кімдер? (статистикалық мақала)

14. Мінез түрлері

15. Мінездің адам тағдырына әсері қандай (психологиялық зерттеулермен)

2. Қазақ тілінен 8- сыныпқа арналған мақала тақырыптары:

1. Көне түркі жазба ескерткіштерінің құндылығы

2. Менің қаламдағы көне ескерткіштер (зерттеу мақаласы)

3. Қазіргі кездегі басты құндылықтар қандай? (мониториг жүргізу)

4. Әлем мәдениетінің бір ұлт мәдениетінің өзгеруіне ықпалы бар ма?

5. Қазіргі озық кәсіптер (статистикалық мақала)

6. Болашағы зор мамандықтар

7. Ғарыш әлемі туралы халық аңыздары (шағын зерттеу)

8. Қазіргі кездегі «Қызыл кітап» (зерттеу, деректер мақала)

9. Броконьерлердің тірлігінен не білеміз? (ақпараттық мақала)

10. Менің қаламның табиғи ресурстары

11. Жасөспірім құқығы қаншалықты сақталуда? (фактілі мақала)

12. Театрға баратын жастар ма, әлде?. . (зерттеу мақала)

13. Қазақстан туризмі дамып жатыр ма? (статистикалық мақала)

2. Қазақ тілінен 11- сыныпқа арналған мақала тақырыптары:

1. »Ақтабан шқбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының ел есінде сақталуының себебі неде? (аргументтік мақала)

2. «Ел іші - өнер кеніші» қазақстандық өнер иелері (ақпараттық мақала)

3. «ЭКСПО- 2017» Қазақстанды ілемге таныта алды ма? (аргументтік-статистикалық мақала)

4. Арал теңізінің қазіргі ахуалы қандай? (статистикалық мақала)

5. Сыртқы миграция басым ба, әлде ішкі миграция басым ба? (фактілі, деректі мақала)

6. Зияткерлік миграция статистикасы қандай? (зерттеу мақаласы)

7. Қазақстандық өнертабыстар (ақпараттық мақала)

8. Экологиялық туризм қаншалықты дамуда? (статистикалық мақала)

9. Менің қаламның көрікті жерлері туристерді тарта ма? (фактілі мақала

10. ЮНЕСКО тізіміндегі қазақстандық мұралардың біздер үшін құндылығы қандай? (зерттеу мақала)

Тезис жазу. Тезис - бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер - бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері . Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.

2. 3. 2. Ғылыми-әдicтeмeлiк . Жобaның ғылыми-әдicтeмeлiк бөлiмiндe эссе, мақала, тезис жазудың тиімді жолдары ұсынылды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріндегі жазылымның өзі:

1. Әр түрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу; 2. Жазба жұмыстарын әр түрлі формада ұсыну; 3. Эссе жазу; 4. Оқылым, тыңдалым материалдары негізінде жазба жұмыстарын жазу; 5. Шығармашылық жұмыс;

6. Мәтіндерді түзету және редакциялау сияқты бөлімшелерден тұрады.

Оқушылар әр түрлі жанрда мәтіндер құрастырып, тілдік құралдарды орнымен қолдануға, әдеби, аргументтік, салыстыру эссесін жазуға негізделген тапсырмаларды көптеп орындайды. Эссе жазу соңғы 2-3 жылда бағдарламаға түптеп енді. Эссе жазу арқылы оқушының өзіндік көзқарасын, ой-толғамын, сыни ойлауын байқай алсақ, қазіргі өмірмен түрлі жағдаяттарды салыстыра алу, мәселенің шешімін ұсыну, нақты деректерді талдай алу сияқты қабілеттерін де шыңдай аламыз. Десек те, барлық бала эссе жаза ала ма? Бұрынғы шығарма түсінігінен эссе түсінігіне ауыса алдық па?

Эссе жазуда қолданылатын белсенді, ұтымды әдіс-тәсілдер:

Оқушыға даяр тезис ұсыну;

Аргументтік эссе жазғанда, даяр аргументтер (дәлелдер ұсыну;

Әдеби эсседе, даяр талдаулар ұсыну арқылы, жүйелі жазуға бағдар беру;

Эссенің құрылымдық жүйесінің даяр үлгілерін беру;

Даяр үлгідегі сөйлемдер беру;

Сұрақтар қою т. б

Бұл тәсілдер оқушыға не береді?

Оқушының ойлауына түрткі болады;

Ақпараттарды жүйелеуіне негіз болады;

Өзіндік пікірін оятуға, салыстыруға үйретеді;

Даяр сөйлемдер арқылы эссе тақырыбына ашуға талпынады;

Өзінің стиілін қалыптастырады.

Сұрақтарға жауап бере отырып, эссе тақырыбының өзектілігін, маңыздылығын ашады.

Есіңе сақта: Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

Шебер мұғалім оқушыға бірнеше тезистерді ұсына алады. Ол оқушының ары қарай тезиске сай, аргументтерді тауып, жүйелі эссе жазуына түрткі болады.

Өз тәжірибемнен даяр үлгілік тезистерді ұсынайын:

11- сынып, жаратылыстану бағытына арналған:

Эссе тақырыбы: «Атау- кере» шығармасының «Атау -Кере» аталуының себебін ашып, өз ойыңызды дәлелдеңіз

Ұсынылатын даяр үлгідегі тезистер:

1. «Атау-кере» адамның өтер алдындағы соңғы асы, дәмі. Бұлай аталуы шығарманың бүкіл болмысын ашып тұр.

2. «Атау-кере» мынау жарық өмірден кетерде ішетін соңғы ас болғандықтан, жазушы осы сөз арқылы адам өмірі мәңгілік емес, сен де бір күні «атау-кереңді» ішесің, одан қашып құтылмайсың дегендей ой тастаған деп білемін.

3. «Атау-кере» ұғымы арқылы жазушы адам өмірі мәңгілік емес екенін аңғартып, бұл өмірді адалынан сүру керек екенін ескерткендей деп ойлаймын.

4. «Атау-кереңді» іштің бе?- деген сөзді ел арасынан жиі естиміз. Бұл сөздің мағынасы адамның өлер алдындағы ішер дәмі болғандықтан, сол дәмді өкінбестей ішу керек деген ой тастаған.

Эссе тақырыбы: «Өмірзая» романындағы «құрбандық ғұмыр» иелері кімдер, шығарма желісі негізінде ойыңызды талдап жазыңыз

Ұсынылатын даяр үлгідегі тезистер:

1. Романда «құрбандық ғұмыр» иелері ұлт үшін өмірін сарп еткен: Аяған мен Алдияр. Екі кейіпкер де құлдық санаға қарсы тұрған, ұлт мүддесіне қызмет еткендер деп білемін.

2. «Өмірзая» романы аты айтып тұрғандай зая кеткен ғұмыр иелеріне арналады. Дегенмен, бұл адамдар ғұмыры зая кеткен жоқ деп ойлаймын.

3. Бір ұлттың тағдырын ойлаған, халқымыздың адал перзенттерінің «құрбандық ғұмыры», қара бастың қамын емес, ел тағдырына алаңдаған биік тұлғаларын көреміз.

4. Романда шындық үшін шырқыраған ұлы тұлғалар тағдыры сөз болады. Ел үшін ғұмырын сарп еткен қос кейіпкерді «құрбандық ғұмыр» иелері атаған.

Эссе тақырыбы: «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасындағы көтерілген мәселенің қазіргі өмірмен байланысы қандай?

Ұсынылатын даяр үлгідегі тезистер:

1. « Пәтер іздеп жүр едік»шығармасы баспана мәселесін қозғайды. Баспана іздеп сабылған отбасылар қазір де көп. Демек, қазіргі таңда да бұл мәселе де өзектілігін жоймаған.

2. «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасы күлкілі сюжетке құрылғанымен, астарында ащы шындық жатыр. Ол шындықи -баспанасы жоқ жас отбасылар. Бұл мәселе қазір де өзектілігін жоймаған деп ойлаймын.

3. Шығармадағы көтерілген мәселе автор атынан өз шындығымен баяндалады. Пәтері жоқ, жалдамалы пәтерде жүргендер қаншама? Шығармадағы осы шынайы суреттелген мәселе қазір де бар.

4. «Пәтер іздеп жүр едік» аты айтып тұрғандай, пәтер іздеген адамдардың басындағы ауыр халді суреттейді. Қазіргі кезде де бұл мәселе ең өзекті болып тұр деп білемін.

Енді эссе құрылымын түсіндірудің оңтайлы жолын ұсынайын:

Еркін тақырыптағы эссе. Үлгі №1. Тақырып: Туған жер несімен қымбат?

Кіріспе- Тақырыпты түсіну сөйлемі- 3-4 сөйлем

Ескерту: Кіріспені жазу үшін тақырыптағы тірек сөзді тауып аламыз да, кіріспе бөлімде мағынасын ашамыз. Оқушы тақырыпты түсінбесе, эссе жаза алмайтынын ескеруіміз керек!

Кіріспе: Туған жер адам баласы үшін екі дүниеде де тұрақ мекен деп ойлаймын. Неге десеңіз, шыр етіп кіндік қанымыз тамғанда, туған жеріміз құшағына алады, сонымен қатар, мәңгілік мекенге аттанғанда, туған жердің құшағына денеміз тапсырылады. Меніңше, туған жер сонысымен қымбат па деймін.

Тезис: ең озық идея

«Әркімнің өзінің туған жері - жұмақ мекен» деп, ата-бабамыз аманаттағандай, туған жердің күні де, түні де ыстық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Жазудан кейінгі дағдылар
Эссе жазу кезеңдері
Жазба жұмысын жоспарлау
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Қазақ тілін оқыту методикасы
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар
Қазақ тілі оқулығындағы жаттығу жұмыстары
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
Академиялық жазу және мәтін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz