Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

«ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ АГРОМЕНЕДЖМЕНТ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Ветеринария» оқу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Петропаловск аймағындағы ірі қара малына арналған мал қорасының жобасы

Орындаған:

ВМ-901 топтың студенті Болатбекұлы Әнуарбек

(Т. А. Ж)

Тексерген: в. ғ. к., қауым. профессор м. а.

Койгельдинова А. С.

(Т. А. Ж)

(бағасы) (күні)

Комиссия мүшелері

(қолы) (Т. А. Ж)

(қолы ) (Т. А. Ж)

Семей - 2021ж

Жоспар

Kipicпe . . . 4

1 Әдебиетке шолу . . . 6

1. 1 Ірі қараның Қазақстандағы тұқымы . . . 6

1. 2 Ірі қара малын өсірудің гигиенасы . . . 7

1. 3 Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері . . . 8

1. 4 Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері . . . 16

1. 5 Ірі қара қоралардың типі және микроклиматы . . . 21

1. 6 Сиыр малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау . . . 23

1. 7 Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау . . . 24

1. 8. Ірі қараны бордақылау және жайып семірту гигиенасы . . . 25

ІІ Негізгі бөлім . . . 27

2. 1 Физиологиялық кесте . . . 27

2. 2 Ауа алмастыру жүйесін есептеу . . . 28

2. 3 Жылу тепе - теңдігін есептеу . . . 30

2. 4 Нөлдік балансты есептеу . . . 31

2. 5 Қораның табиғи жарықтандырылуын есептеу . . . 32

2. 6 Қораның жасанды жарықтандырылуын есептеу . . . 32

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34

Кіріспе

Қай заманда да болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себепті дұрыс күтіп- бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Ірі қара шаруашылығы еліміздегі мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден халқымызды ең жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өңдіреді.

Қазақстан Республикасында да бұл сала жетекші салалардың бірі болып табылады. Отанымызды азық- түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылғынан алынатын өнім 60℅ асады.

Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде. Ірі қара малы және оның жабайы тұқымдары барлық дүние жүзінің аймақтарында дамыған. Оның саны жыл сайын орташа есеппен 2℅ өсіп тұрады. Осы ірі қара малының жартысы Бразилия, АҚШ, ТМД мемлекеттерінің шаруашылығында да шоғырланған, әлем бойынша осы мемлекеттердің үлесіне ірі қара етін өндірудің 39, 1℅ келеді. Ірі қара тұқымын бүкіл дүние жүзі мемлекеттері өсіреді.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8-сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл тұқымды малдарының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Ірі қара шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.

Сондықтан курстық жұмысымның негізгі мақсаты- ірі қараны күтіп-бағудағы ұйымдастыру, қора жайлардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуін, температура, ылғалдылық, қысым, микроклимат көрсеткіштерін талапқа сай орнату, төлдетуді тиімді пайдалануды және денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық, гигиеналық шарларды ұйымдастыру.

Халықты азық -түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп- бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың сан-салалы аурулармен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығымен сүт сапасымен арттыру басты міндет болып табылады.

Малдың денсаулығын қалыпты сақтау іс жүзінде оның қоршаған ортаның әртүрлі зиянды әсеріне төтеп бере алатындай төзімділігін нығайтуда малды дұрыс күтіп бағу, өз деңгейінде азықтандыру, суару, пайдалану ерекше орын алады. Жануарлар ауруының алдын алу шараларын жүргізуде ветеринарлық-гигеналық нормативтер, ветеринарлық-санитарлық ережелер мүлтіксіз орындалу керек.

Әдебиетке шолу

Садуақасов М. С. Ветеренариялық-санитарлық гигиена кітабында ірі қара шаруашылығы жайлы былай делінген: ірі қара шаруашылығындағы өндірістерді салу және қайта кеңейтіп тұрғызу, арнайы жобалау мекемелері мен институтарының жасаған жобаларының негізінде орындалады. [1]

Садуқасов М. С. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжірибе сабағына арналған оқу құралында ірі қара шаруашылық орындарына, олардың суға сұраныстарының тәулiк iшiнде жиі ауытқуына қарамастан, үзіліссіз су мен қамтамасыз етіп отыру қаже . Мал шаруашылығын ондай сумен қамтамасыз етіп отыру үшін ашық, жер үстi су көздерін пайдаланумен қатар, жер асты таза, сапасы жоғары суларын - арнайы кұбырлы, шахталы, тармакты және көлденең т. б. құдыктарды пайдаланады. [2]

Сайдулдин Т., Қашағанов К., Жаңабеков К. Орысша-қазақша малдәргерлік сөздігінде ірі қара шаруашылық малдарынан алынатын ет жəне ет өнімдерін, сүт жəне сүт өнімдерін өңдеу кезінде қолданылатын қазақша (орысша) терминдер мен түсініктерін қолдандық. [3]

Садуақасов М. С. Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы кітабында малдардың загондарда жайылу уақытының ұзақтығы жайылымның шебiнiң өсуiне де үлкен әсері болады. Өйткені жайылымдағы өскен шөптер бір рет қана малдармен желiнуi керек, ал екiншi қайтара жеуге жарау үшін, малдар ол загоннан басқа жакта болып, шөптiн кайта шығуына мүмкіндік жасалуы қажет, яғни желiнiп, малдармен тапталған шөптiң 5-6 см өсуi үшiн бiр тәулік уақыт керек. Жазғытұрғы және күздiң басында, шөптердін өсуіне қолайлы ауа райы туған кездерде, малдардың загондағы болу уақытын 4-5 тәулікке дейін төмендетуге болады. [4]

1. 1. Ірі қараның Қазақстандағы тұқымы

Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі.

Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік.

Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақ-станда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көк-шетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі ке-лісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420-500 кг, жаңа туылған бұзаулары -30-36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160-180 кг, 18 айлағында 320-350 килограмға жетеді. Сүт өнімділігі -2000 килограмнан 4500 килограмға дейін, майлы 3, 6-3, 8%. Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім.

Әулиеата тұқымы жергілікті Қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынтан. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б. ) төзімді келеді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440-470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26-30 кг тартады. Алты айлықтарында 160-170 килограмға жетеді. Сүттілігі - 2500- 3000 кг, сүтінің майлылыгы -3, 9-4, 1%.

Латвияның бурыл тұқымы республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450-520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29-37 кг, алты айлықтарында -160-180 кг, 12 айлығында -250 кг тартады.

Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450-600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35-40 кг. Сүттілігі - 3500-6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3, 2-3, 7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. . Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.

Алатау сиыры жергілікті Қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500- 550 кг тартады. Сүттілігі -2800-3500 кг, сүтінің майлылығы - 3, 8-4, 0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады

Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53-60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.

1. 2. Ірі қара малын өсірудің гигиенасы

Сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылық ерекшелігі - физиологиялық процесстердің - буаздықтың және қарқынды сүт өнімінің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процесстер организмнің алмасу процесстеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде сиыр үшін жем-шөп те, микроклимат та, күтім де, бір сөзбен айтқанда жан-жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор.

Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.

Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.

Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.

Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар) :

1) тұқымдық - мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға арналған;

2) Өнімдік - ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;

3) Мал басын толықтандырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;

4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен айналысатын шаруашылықтар.

1. 3. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері

Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.

Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.

1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау . Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғый төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.

2. Қолда тұрғызып ұстау . Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде (комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.

Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы ветеринариялық-санитарлық талаптар қойылады. Ірі көмплекстерге ірі қара малдарының кейбір бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай бейімделе алмай өнімділік көрсеткіштерін төмендетіндігі тәжірибеде дәлелденген. Ондай жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік шулардың пайда болуы, қозғалыстарының аз болу, біркелкі типті азықтандырудың нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер етіп, сүтінің азаюына апарып соғады.

Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды (қораның біріктірілуі, құрлыс материалдарының шығынының кемуі, технологиялық процесстерінің-вентиляция, канализация, жарықтандыру - жүйелерінің қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың азаюуы т. б. ) әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберілуі кездеседі.

3. Жайып ұстау жүйесі - кезінде малдар жылдың барлық мезгіліндерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.

Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке (қабырғасыз төбелі қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар өз еркімен кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.

Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шыбындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.

Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.

Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері.

Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.

1) Тұрғызып байлауда ұстау - сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:

1) ұзын тұрақ - ұзындығы 190-220 см, ені - 120-150см. Мұндай тұрақтар салмағы 500 кг-нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады.

2) Орташа тұрақтар - ұзындығы 170-190 см, ені - 100-120 см.

3) Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені - 80-100 см, көбінесе жас малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семірту кезінде жасалады.

Малдар байланатын тұрақтарға мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:

1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.

2) Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі) бөлінуіне жол берілмеуі керек.

3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.

4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.

1-сурет. Ірі қара малдарына арналған қораның ішкі жабдықтары

а - газды трубалармен бөлінген және қамытты байлауышты тұрақ.

б - ағаш бөлгіштер және шынжыр байлауышты тұрақ;

в -бокстер бөлгіштері;

г - малдарды топтап шынжырлы байлауыштар;

д - бұзауларға арналған тасымалдайтын клетка;

е - бұзауларды топтап ұстайтын клеткалардың бөлмесі мен азық науасы;

ж - ағаштан тұрақты азық науасы;

з - темір бетонды науа;

и - аралас жасалған науа;

к - көтермелі;

л - кірпішті;

м -қышты;

н - ағаштан жасалған азықты көлікпен таратуға арналған науа.

Қорада малдардың тұрақтарының алдыңғы жағына азық науалыры орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш, бетон) жасап ені-үстінен есептегенде 60 см, түбінен - 40 см, алдыңғы қабырғасының биіктігі - 30 см, ал сырт қабырғасы - 70 см жасалады да, ішкі бетіне байлауыш бекітетін орын, және әрбір екі тұраққа арналған бір су құбырын (автопоилка) орналастырады.

Байлауыштар әртүрлі материалдардан жасалып, мынандай гигиеналық талаптарға сәйкес келу керек:

1) Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып, жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып тұруына бөгет жасамауы қажет.

2) Байлауыш малдың мойнына жайлы, қажап жарақат түсірмейтін болуы керек.

3) Байлауыш үзіліп, шешіліп кетіп, байлаулы малдарды сүзіп жарақаттауға жол бермеуі керек.

Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және шынжыр металдардан жасалған байлауыштар сай келеді. Байлау тәсілдеріне қарап байлауыштар жекелеме түрде немесе автоматты жолмен жасалатын болады. Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы болады да, малдарды орнына тұрғызып, жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті басып байлауыштың жекелеме басы қос тармақты бөлігінің ортасынан өту арқылы сиырдың мойнын бекіттеді.

Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық тарататын жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын тәсілдерге байланысты ондай жолдардың ені 1, 2 метрден 2, 4 м дейін қалдырылады. Бұл жолдардан басқа қораның екі басынан және әрбір 25-30 сиыр тұрақтарынан кейін бір ені 2, 5-3, 0 метрден көлденең жолдар жасалады.

Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0, 24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2, 4-2, 7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әр бір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м² аралығында болғаны дұрыс.

Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:

1) малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т. б. ) байланысты жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал гигиенасы жайлы ақпарат
Ірі қара малының гигиенасы жайлы ақпарат
Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Ірі қара малының гигиенасы жайлы мәлімет
Көк азықтармен азықтандыру
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz