Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: «Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуін педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерттеу мәселелері»

Орындаған: 4 курс, 401 топ студенті,

Заирова Адия Муратовна

Тексерген:

педагогика және психология мұғалімі

Садирова Гульбахар Тохтасуновна

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

Бет

Кіріспе . . . 3

І тарау Бастауыш сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімдеуінің теориялық негізі . . .

  1. Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері . . .

1. 2 Оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары . . .

ІІ тарау Сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін зерттеу бойынша тәжірибе эксперимент жұмысы . . .

2. 1 Сынып оқуыларының мектепте оқуға бейімделуін, псиологиялық даярлығын зертеу . . .

2. 2 Сынып оқуыларының мектепте оқуға бейімделуіне арналған коррекциялық жаттығулар мен ұсынысар . . . . .

Қорытынды . . . . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Балалардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Бұл айырмашылықтар, ең алдымен, балалардың бір-бірінен интеллектуалды, моральды және тұлғааралық дамуы жағынан ерекшеленеді.
6-7 жастағы балалардың мектепке баруға дайындығының эмпирикалық мәліметтері бойынша, балалардың 50-80% әлі толығымен мектепте оқуға дайын еместігін және төменгі сыныпта оқытылатын программаларды қабылдауға дайын еместігін көрсетеді. Мектепке баруға физикалық жасымен дайын болғанымен, көбісі, шын мәнісінде психологиялық даму жағынан әлі де мектеп жасына дейінгі бала деңгейінде, яғни 5-6 жас аралықтағы баланың дәрежесімен тең.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет. [1, 210б. ]
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді.
Зерттеу объектісі: 1 - сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуін зерттеу.
Зерттеу болжамы - егер 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтауға бағытталған арнайы жаттығулар жүргізілсе, онда 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне көмек көрсетуге болады.

Зерттеудің мақсаты:

  1. 1 - сынып оқушыларының танымдық процестерінің дамуын, тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды, психологиялық даму деңгейін анықтау.
  2. 1 - сынып оқушыларының мектепке дайындығын, бірінші сынып оқушыларының оқу процесі кезіндегі психологиялық дамуын зерттеу, диагностикалау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі бойынша теориялық зерттеулерді қарастыру;
  2. 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау арқылы диагностикалық шаралар өткізу;
  3. 1 - сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне арналған коррекциялық жұмыстар жүргізу;
  4. Зерттеу нәтижесін талдау, қорытынды шығару.

Зерттеу базасы: Семей қаласы" №23 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ

Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаты шешу мен болжамдарды тексеруге бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: Керн - Йирасектің баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау әдістемесі; 1 - сынып оқушыларының қоршаған ортаны танудағы ақыл - ой дамуының деңгейін анықтау диагностикасы; "Мектепте оқу қабілетін зерттеу" тесті.
Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен негізгі мазмұны: Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. 1-тарауда бірінші сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері, оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары қарастырылған. 2-тарауда 1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуін, психологиялық даярлығын диагностикалау жұмыстары, 1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуіне арналған коррекциялық жаттығулар мен ұсыныстар, жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі қарастырылған.

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму
ерекшеліктері

Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
1-сынып оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға, т. б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала біртіндеп енді жай сырттай тартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты. [3, 210б. ] .
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі - есте сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті орындауды үйренеді.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды. Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды. [2, 54б. ] .
Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы. 3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.
Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды.
7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш) . Бірақ әлі де болса, қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Зейін, әдетте, ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді. [8, 124б. ] .
Бастауыш саты -- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы танымдық әрекеті қалыптасады.
1. 2 Оқушының мектепте оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жеңілдету жолдары
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ұжымына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді. Егер біршама уақыттан кейін құрбыларымен қарым-қатынаста әртүрлі тәжірибелері жоқ балалардың ата-аналары олардың мектепке келгісі келмейтіндігімен, сонымен қатар, оны барлығы ренжітетіндігі, ешкім тыңдамайтындығы туралы, мұғалім баланы жақсы көрмейді деп шағымданса, онда қалуға болмайды. Мұндай шағымдарға адекватты түрде жауап беруге үйрену қажет.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы жеке басын қалыптастырудың қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз қажет. Мектепке бейімделу кез-келген мектеп жасындағылар үшін өзекті мәселе болып табылады, ал бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше маңызды. Себебі, баланың бастапқы іс-әрекетінің түрі өзгереді, бала тап болған әлеуметтік тап өзгереді. Бала тек қана сыныбына ғана емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. [15, 8б. ] .
Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.
1-сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын - оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар. Ол, әсіресе, баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар мектепке үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, бөлек жаңалықтарды күте отырып, қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен, мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, мектеп талаптарына бейімделу процесінің бұзылыстары да орын алуы мүмкін. Оларды дезадаптация деп атайды. Дезадаптацияның формаларының жіктелуі мектептегі бейімделу процесінің бұзылуына орай мынадай түрде көрінеді:
1. Оқу әрекеттерінің элементтерінің қалыптаспауы;
2. Оқу мотивациясының қалыптаспауы;
3. Мінез-құлқын, зейінін, оқу іс-әрекетін ерікті реттеу қабілетсіздігі;
4. Мектеп талаптарын меңгерудегі қиыншылықтары.
Мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектептегі адаптациялану деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:
1. Интеллектуалдық даму көрсеткіші - жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетін өзіндік реттеу қабілеті;
2. Эмоциялардың даму көрсеткіштері - баланың эмоционалдық - экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
3. Коммуникациялық дағдыларының қалыптасу көркеткіштері (7 жастағы дағдарысқа байланысты психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау) ;
4. Мектеп жасындағы даму кезеңіндегі баланың мектептік сауаттылық деңгейі. [11, 3-8 б. ] .
Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Психолог ғалым Г. М. Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетті:
I. Бейімделудің жоғарғы деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынаста, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойьп тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауда үлкен қызығушылық көрсетеді (үнемі барлық сабақтарды орындайды) ; қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, балалар мектепке даяр, 7 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
II. Бейімделудің орта деңгейі.
Бірінші сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болады.
III. Бейімделудің төмен деңгейі.
Бірінші сынып оқушысының мектепте құлқы жоқ, денсаулығын себеп етіп сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі дайындалмайды, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет. [16, 94б. ] .
Жағымды факторлардың қатарына - өз жағдайында өзін-өзі бағалауы адекватты, жанұясында тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған, отбасында конфликтілік жағдаяттардың болмауы, құрбы-құрдастарының арасында жағымды статусының болуын айтамыз.
Баланың мектепке бейімделуде әсер ететін жағымсыз факторлар - отбасы жағдайында тәрбие әдісінің дұрыс болмауы, үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата-ананың білім деңгейінің төмен болуы, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеу, жартылай отбасынан шығуы, отбасының үнемі конфликтілік жағдаяттың орын алуы болып табылады. [6, 56б. ] .
Ғалымдардың айтуынша Л. М Ковалева, Ю. А. Александровский бейімделу процесі әр түрлі өтетін, бес балалар тобын көрсетеді.
1 топ - Қалыпты Психологиялық диагностиканың бақылау, мінездеме негізінде мына балаларды жатқызуға болады:
1. оқу жүктемесін жақсы меңгере алады және оқуда атаулы қиыншылықтарды көрмейді;
2. мұғалімдермен де құрбыларымен де өзара жақсы қарым-қатынаста, яғни өзара қатынаста қиыншылықтар туғызбайды;
3. психикалық және соматикалық денсаулығының төмендегеніне шағымданбайды;
4. тәртіптің ассоциалды формаларын көрсетпейді.
Бұл топтағы балаларда мектепке бейімделу толығымен сәтті өтеді. Оларда оқудың жоғары мотивациясы және жоғары танымдық белсенділік болады.
2 топ - Қатерлі топ - бұл балалар психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Балалар оқу жүктемесін нашар меңгереді, әлеуметтік тәртіптің бұзылуының ерекше белгілерін көрсетпейді. Мұндай балаларда сәтсіздік ортасы жиі болады. Тұлғалық дамуында сәтсіздік көрсеткіштерінің дамуына әсер ететін қорқыныш және қысым деңгейі оқушыларда өседі. Сәтсіздіктің басталуының маңызды белгісі болып оқу мотивациясының жоғары деңгейде. Баланың өзін-өзі бағалаудағы адекватты емес көрсеткіші болуы мүмкін, өзара қарым-қатынас арасындағы бұзылыстары болуы мүмкін. Егер осы жағдайда ауруларының саны өссе, бұл қорғаныс реакцияларының төмендеуінен мектеп өмірінде пайда болған қиыншылықтарды сезіне бастайды дегенді түсіндіреді.
3 топ - Мектептегі тұрақсыз дезадаптация. Бұл топтың балалары оқу жүктемесін меңгере алмайтындығымен ерекшеленеді, әлеуметтенуі бұзылған, психосоматикалық денсаулығында айтарлықтай өзгерістер байқалады.
4 топ - Мектептегі тұрақты дезадаптация. Бұл балалар мектептегі сәтсіздіктермен қатар, маңызды және сипатты белгі ретінде ассоциалды тәртіп көрсетеді: дөрекілік, демонстративті тәртіп, үйден қашу, сабақтарға қатыспау, сотқарлық мінездер, агрессия т. с. с. Оқушының ортақ формасындағы ең ауытқыған тәртібі - баланың меңгерген әлеуметтік тәжірибесінің бұзылуының нәтижесі, мотивациялық факторлардың бұрмалануы, бейімделген тәртіптің бұзылуы.
5 топ - Патологиялық ауытқулар. Баланың дамуында айқын немесе айқын емес патологиялық ауытқулары болады, бұл елеусіз, бірақ оқудың нәтижесінде көрінеді, сонымен қатар ауыр, шиеленіскен аурудың нәтижесінде пайда болады. Патологиялық жағдайлардың көрінуіне мыналарды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бірінші кездесетін сынып шапшаңдықты оқушыларын бала мектепке баланың бейімделуге сәйкес психологиялық - бейімделу педагогикалық қолдау сынып көрсету балалардың процесі
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды мектепке бейiмдеудiң психологиялық негiзi
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz