Педагог ретінде қызмет етудің артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Педагог ретінде қызмет ету өзінің артықшылықтары бар, көп ізденетін жұмыс орны. Өз мамандығыңды жақсы көріп, жасаған ісіңнен рахат алу, өз білгеніңмен бөлісу, нәтижесін көріп қуану. Осының барлығын мұғалім болып, сезініп көрдім. Менің мұғалім болуымның себебі, оқушы бойындағы ерекшелікті көре біліп, бар қабілетін дамытуға, оны ынталандырып, бағдар беріп көмектесу.
Мұғалім болу кез келген адамның қолынан келмейді деп есептеймін. М.И.Калинин сөзіне сүйенсек, Мұғалім ең жауапты міндет орындайды - ол адамды қалыптастырады. Оқушы, шәкірт мұғалімнің алдына ақ парақтай келеді. Ақ параққа не жазсақ, нәтижесінде ақ парақ сол жазылғанмен қалыптасып қалады. Демек, оқушыға білім бергенде, қандай мәлімет айтсақ, қандай тәрбие берсек, сол білім қалыптасып, ары қарай дамиды.
Кез келген адам педагог бола алмайтынына тоқталсақ, балаға деген жанашырлық сезімі бар, балалармен жұмыс істеуге шыдамды, дана адамдар байқап көре алады. Басқа адамды оқытуға ынтасы бар, білгенімен бөлісе алатын жомарт адамдар ғана мұғалім бола алады. Сондай-ақ, нақты фактілерді білетін, ұстанымдар мен ережелерді сақтайтын, әдіс-тәсілдерді орнымен қолданатын, нақты мақсаты бар адам жақсы мұғалім бола алады.
Педагогикалық іс-тәжірбиеден өткенде студенттерге әр тұлға, әр адам ерекше екенін, талантты екенін көп қайтара айттым. Студенттер өздеріне ұнайтын істерін профессионалды деңгейде үйреніп, ары қарай дамытатын болса, керемет жетістіктерге жететінін түсіндіруге тырыстым. Осы іс-әрекеттердің арқасында, студенттермен сенімді, шынайы, адамдық байланыс орната алдым.
Барлық бала, оқушы бірдей болмайтындығын ұмытпау керек. Әр баланың мінезі, өмірге көз қарасы әр түрлі. Үлгерімі төмен оқушыларға екі есе көңіл бөлу қажет, себебі, қандай да бір мәселеге байланысты, эмоционалдық тұрғыдан алаңдататын, оқуға үстіртін көзқараспен қарап, сабақты зейін қойып оқи алмауы мүмкін. Сондай мәселе туындаған жағдайда, оқушы мұғаліммен оңай бөлісе алатындай, орта жасау керек. Сондықтан, баланың мұғалімге сеніммен қарап, диалогқа шығуы өте маңызды.
Оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қарауы тікелей алдында тұрған мұғалімге байланысты. Мұғалім аудиторияға кірмес бұрын, барлық артық ойды, жеке мәселелерін сыртта қалдырып кіруі керек. Мұғалімнің позитивтілігі, сарқылмас энергиясы, оқушыларлың сабақтан жақсы әсер алуы үшін керек. Оқушының көз алдында, шығармашыл жеке тұлға, шынайы адамдық қарым-қатынаспен қарайтын адам тұрса, бұл шәкірттердің мұғалімге деген сенімін арттырып, пәніне қызығушылықпен қарауына тағы бір себеп.
Бұл мамандық өзін-өзі дамытуға, жаңа белгісіз білім алуға, үнемі алға ұмтылуға серпін береді. Әрқашан даму үстінде жүретін, жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Педагогикалық зерттеулердің түрлері
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
ЗАМАНАУИ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру
Пәндер