Азаматтық құқық қағидалары


I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім:
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі
2. Азаматтық құқық қағидалары. Азаматтық құқық қайнар көзі.
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп таниды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық құқықтың өзі болып табылады. Әлбетте бұл пән азаматтық құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін
де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды.
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлады
бағалай келе, азаматтық құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі.
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардын негізгі түрлерінің біріне, құқықтық нормалардын ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен, т. б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан нарық жағдайында тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматттық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды:
1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және;
2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін. Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері: біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз, осынысымен басқа құқықтық қатынастардан айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; үшіншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардың келісімі шешуші рөл атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.
Азаматтық құқықтық қатынастардын пайда болуының негіздеріне заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда қөзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық Құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз: азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдык қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.
Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.
Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық, емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендциясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) : заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
- Мәмілелер: ұғымы, түрлері, түр пішіндері
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Қатынастардың негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т. с. с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет - қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
Мәміленің түрпішіндері . Мәміле ауызша, жазбаша не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндерде болады.
Мәміленің ауызша түр пішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жазбаша мәмілелер:
1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;
2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;
3) заңдарда немесе тараптардың де көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мермен бекіту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.
Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген ниетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жасалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы банкоматқа карточканы салып ақша алу, көшеде телефон-автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көліке кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерді жатқызуға болады.
Үндемеу (әрекетсіздік), заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Мәміленің түрлері. Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты және көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады. Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т. б. жатқызуға болады.
Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді. Керісінше болса ақысыз мәміле.
Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты (заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды) мәміленің түрлері бар. Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберушінің жүкті тасымалдаушыға беруі аталған мәміленің жасалғандығын көрсетеді.
Келісімді (консенсуалды) мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты беріп, оның арасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әрекетті жақтар шарттын орындалуы барысында іске асырады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-біріне сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінеді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.
Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz