Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері
7M017001 - «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы
Әсет Алтынай
Қаскелең - 2020ж.
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
PhD, ассист. профессор
Т. Жүсіпбек
«»
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
7М017001 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Орындаған: қолы Әсет Алтынай
Ғылыми жетекші: қолы ф. ғ. д., профессор,
Жолшаева Майра Сатыбалдиевна
Норма бақылаушы: п. ғ. к., қау-н профессор,
Қаскелең, 2021ж.
Сулейман Демирель атындағы университет
Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тілдік білім беру кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі:
PhD, ассист. проф. Т. Жүсіпбек
«__» 20__ ж.
Диссертациялық жұмысты дайындау тапсырмасы
Магистрант: Әсет Алтынай
Мамандығы: 6М017001 - «қазақ тілі мен әдебиеті»
Тақырыбы: « Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері»
Университет бұйрығымен бекітілген «___» 20___ж.
Диссертациялық жұмысты аяқтау мерзімі «5» 06. 2022ж .
Тапсырмалар және диссертациялық жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Мектеп бағдарламасында, оның ішінде қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері берілген сабақтарда ғылыми негізде терең меңгеруге, тілді қатысымдық тұрғыдан әртүрлі заманауи әдістермен игеруге, сауатты сөйлеуге, жазуға машықтандырады. Мектеп оқушысының кейс стади жұмысында алынған тапсырмалар оқушының танымын, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау жүйесін танытады. Сондықтан біз қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері арасында деңгейлеп оқытуды таңдап алдық. Сонымен қатар, оқыту деңгейін таңдап алдық, себебі әдістемеге эксперимент барысында жас ерекшелігіне мән бергенді дұрыс таптық.
Ұсынылатын әдебиеттер: Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев, А. М. Бершадский, И. В. Кревский, В. С. Мирсеитова, А. Н. Тихоновтардың еңбегі.
Қазақстандық ғалымдар Ы. Маманов, А. Әлімов, Ғ. Сұлтанова, С. Байжуманова, С. Жакупов, Б. Құлмағамбетова, М. Қожамбердиеваның еңбектері.
Тапсырмалар бекітілген мерзім «___» 20___ж.
Ғылыми жетекші: Жолшаева М.
Тапсырмаларды алдым
Магистрант: Әсет А.
АННОТАЦИЯ
Диссертация жұмысының тақырыбы: «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістері»
Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 7 сурет, 6 кесте, зерттеу барысында 53 әдебиет қаралды.
Кілт сөздер: етістік, аналитика, формант, әдіс, технология, стратегия, сынып, қазақ тілі, әдістеме, жаттығулар, тапсырма, стратегия.
Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында 7-9 сынып арасындағы қазақ тілі сабағында етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытудың психологиялық, лингвистикалық, дидактикалық негіздері сарапталды. «Формант» сөзіне түсініктеме бере отыра, әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: Н. Оралбаева «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы мен мағынасы», Х. Арынғалиев «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері», М. Жолшаева «Қазіргі қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн», Ы. Маманов «Қазіргі қазақ тілі» Ғ. Сұлтанова, З. Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабы», Б. Құлмағамбетова «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбектері қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытудың тиімді жолдары талданып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды.
Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында кейс-стади, деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың морфологиялық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылық-танымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. Бақылау барысында оқушылардың аталған әдістердің кейбір тұстарында жиі жіберетін қателіктер мен кемшіліктер анықталып, олармен күресу жолдары қарастырылды. Оқушылар сабақты әдеттегіден қарағанда белсенді болуға, ізденімпаздыққа үйреністі.
Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, кейс тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, ЕАФ-рын жетік меңгеруіне, жалпы морфологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.
АННОТАЦИЯ
Тема диссертационной работы: «Методы обучения семантико-грамматическим особенностям аналитических форм глагола в казахском языке»
Структура работы: исследовательская работа состоит из введения, двух глав (глав), заключения и списка использованной литературы
Объем диссертационной работы: 82 страницы, 7 рисунков, 6 таблиц, в ходе исследования рассмотрено 53 литературы.
Ключевые слова: глагол, аналитика, формант, метод, технология, стратегия, класс, казахский язык, методика, упражнения, задание, стратегия.
В первой части диссертационной работы с целью раскрытия темы проанализированы психологические, лингвистические, дидактические основы обучения семантико-грамматическим особенностям аналитических форм глагола на уроках казахского языка в 7-9 классах.
Комментируя слово «Формант», на основе названных аспектов были сделаны теоретические пояснения. Исследованиями по теме занимались казахские ученые: Н. Оралбаева «строение и значение аналитических формантов глагола в казахском языке», Х. Арынгалиев «основы методологии синтаксиса казахского языка», М. Жолшаева «аспектуальная семантика современного казахского языка: форма и содержание», И. Маманов «современный казахский язык» Г. Султанова, З. Саткаева «новое обучение - требование времени», Б. Кульмагамбетова «методика преподавания казахского языка». В современной школьной программе проанализированы эффективные пути обучения семантико-грамматическим особенностям аналитических форм глагола, проанализированы преимущества и недостатки в зависимости от возрастных особенностей учащихся.
Во второй части диссертационной работы представлены кейс-стади, использование методов уровневого обучения, способность учащихся к морфологическому анализу, творчески-познавательные преимущества и результаты при обсуждении ситуационных ситуаций. Для определения эффективности предложенных методов и приемов были даны практические занятия и задания, создающие различные мысли, психологический климат, проанализированы результаты. В ходе контроля были выявлены наиболее часто допускаемые учащимися ошибки и недочеты в некоторых из перечисленных методов, рассмотрены способы борьбы с ними. Учащиеся учились быть более активными, любознательными, чем обычно.
В заключительной части диссертационной работы изложены творческие и практические упражнения, ситуационные ситуации, которые оказывают большое влияние на развитие и формирование знаний в общем морфологическом поле, на высокий уровень выполнения учащимися кейсовых заданий, на овладение ЕАФ.
ANNOTATION
The topic of the dissertation: «methods of teaching semantic and grammatical features of analytical verb forms in the Kazakh language»
The structure of the work: the research work consists of an introduction, two chapters ( chapters), a conclusion and a list of references
The volume of the dissertation work: 82 pages, 7 figures, 6 tables, 53 references were considered during the research.
Keywords: verb, analytics, formant, method, technology, strategy, class, Kazakh language, methodology, exercises, task, strategy.
In the first part of the dissertation, in order to reveal the topic, the psychological, linguistic, didactic foundations of teaching semantic and grammatical features of analytical verb forms in Kazakh language lessons in grades 7-9 are analyzed. Commenting on the word «Formant», theoretical explanations were made on the basis of these aspects.
Kazakh scientists were engaged in research on the topic: N. Oralbayeva «the structure and meaning of analytical verb formants in the Kazakh language», H. Aryngaliyev «fundamentals of the methodology of the syntax of the Kazakh language», M. Zholshayeva «aspectual semantics of the modern Kazakh language: form and content», I. Mamanov «modern Kazakh language» G. Sultanova, Z. Satkaeva «new learning-the demand of time», B. Kulmagambetova «methods of teaching the Kazakh language».
In the modern school curriculum, effective ways of teaching semantic and grammatical features of analytical verb forms are analyzed, advantages and disadvantages depending on the age characteristics of students are analyzed.
The second part of the dissertation presents a case study, the use of level-based learning methods, the ability of students to morphological analysis, creative and cognitive advantages and results when discussing situational situations. To determine the effectiveness of the proposed methods and techniques, practical exercises and tasks were given that create different thoughts, a psychological climate, and the results were analyzed. During the control, the most common mistakes and shortcomings in some of the listed methods were identified by students, and ways to deal with them were considered. The students learned to be more active and inquisitive than usual.
The final part of the dissertation contains creative and practical exercises, situational situations that have a great impact on the development and formation of knowledge in the general morphological field, on the high level of students ' performance of case tasks, on mastering the EAF.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . …. 8 1 Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының зерттелуі… . . . 11-19
- Қазақ тіліндегі етістіктік аналитикалық формаларын жасауда көсемше тұлғаларының ерекшеліктері . . . …. . 20-29
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі. …… . . . ……30-37
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудің әдіс-тәсілдері
2. 1 Етістіктің аналитикалық формаларын меңгертуде кейс-стади әдісінің тиімділігі. . . . . ……. . 38-49
2. 2 Етістіктің аналитикалық формаларын меңгертуде деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану . . . . . . . …50-63
2. 3 Етістіктің аналитикалық формаларын меңгертудегі басқа да тиімді әдіс-тәсілдер. 64-76
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімінде аналитикалық формаларға арналған жеке еңбек 1970 жылдарға дейін болған жоқ. Бірақ бұл аналитикалық формаларға байланысты тіл фактілері мүлдем зерттелмегендіктен деген ұғымды бермейді.
Қазақ тіл білімінде алғаш рет көмекші етістіктерді, олар арқылы жасалатын күрделі етістіктерді арнайы зерттеген профессор Қ. Жұбанов екені айтылған еді.
Қ. Жұбанов «отыр, жатыр, тұр, жүр» көмекші етістіктерінің ерекшеліктерін көрсете отырып, олардың күрделі форма жасаудағы қызметін ашып көрсетеді. Сол кездегі бүкіл түркологияда бұл көмекші етістіктің осы шақтың күрделі формаларын жасайтынын бірінші болып дәлелдеген болатын [1, 36] .
Профессор Қ. Жұбанов қазақ тілінде күрделі көмекші етістік барын атап, оған мысал ретінде «көбейіп келе жатыр», «күшейіп бара жатыр» - дегендегі «келе жатыр», «бара жатыр» деген бірліктердің күрделі көмекші етістік екенін айтқан еді [1, 37] . Осы тақырыпты семантикалық және грамматикалық тұрғыдағы ерекшелігімен қарастыра отырып, тіл біліміне, нақтырақ айтқанда, әдістемелік тіл біліміне аталған тақырыпты оқыту үлгісін жасамақпыз. Оқытудың тиімді үлгілерін сараптап, жобалап, ең тиімді деген әдістемелік жиынтық жасалды.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Диссертациялық жұмыс барысында қарастырылатын қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытуды ұйымдастыру мәселесі қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
2011-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім берудің мақсаты - терең білімді, біліктілігі мен дағдысы бар, шешім негізінде еркін бағдарланған, шешім қабылдауға қабілетті, жоғары интеллектуалдық деңгейі бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру [2] .
Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін оқытуды дамытуға ықпал ететін оқу үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын іздеу арқылы жүзеге асыру нәтижесінде біз тек жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
«Жастарды даярлауда ізгілендіру және демократияландыру жағдайында жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, білім беру жүйесінің жаңа жолдары мен әдістерін табуға қабілетті, білімді, іскер, жаңашыл, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай тұлғаны қалыптастыра алатын әдістемені жасау талап етіледі [3, 88] » - дейді әдістемелік нұсқаулықтарда.
Осы талапқа сай, қазақ тілін оқыту барысында қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдістемелік жиынтығын жасау мақсаты біздің диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі саналады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдістер жиынтығын жасау. Сонымен қатар, тиімді әдістер арқылы оқушыларды еркін, позитивті шығармашылық қарым-қатынас негізінде өз бетінше білім іздеуге бағыттау, оқушыларға қажетті дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру, белсенділікті дамыту.
Аталған мақсатқа және ғылыми болжамға сәйкес мынадай диссертациялық жұмыстың міндеттерін шешу көзделеді:
- жоспарлау және ізденіс жұмысы;
- семантика-грамматикалық ерекшеліктерге байланысты материалдарды жинақтау, ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау;
- білімді тиімді меңгеруге, бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа, сыни ойлауға және мәселелерді шешу дағдыларын дарытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді жүйелеу;
- Кейс-стади, деңгейлеп оқыту технологияларын саралау;
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдарын анықтап, әдістемесін ұсыну.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында озық идеяларды, оқытудың жаңа технологиялары туралы жинақталған тәжірибені, психологияның, педагогиканың, лингвистиканың білім берудегі соңғы жетістіктерін, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді және оқулықтар мен оқу құралдарындағы білім беру технологияларының теориялық-практикалық принциптері негізге алынды.
Шетелдік ғалымдардың оқыту сипаты мен сипаттамаларын анықтау саласындағы тәжірибесі жұмысқа тартылады. Атап айтқанда, А. М. Бершадский, И. В. Кревский, В. С. Мирсеитова, А. Н. Тихоновтардың еңбегі.
Ал қазақстандық ғалымдардан А. Әлімов, Ғ. Сұлтанова, С. Байжуманова, С. Жакупов, Б. Құлмағамбетова, М. Қожамбердиеваның еңбектері басты назарға алынды.
Жұмыстың теориялық, практикалық маңызы . Білім алушылардың коммуникативтік, тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулықтар қазақ тілін оқыту жүйесін жаңаша бағытта жетілдіруге бағытталған. Мектеп мұғалімдері әдістеме ретінде қолдана алады, сондай-ақ дипломдық жұмыс жазатын ізденушілерге, магистрлік жұмысты орындаушыларға, осы саладағы мамандар пайдалана алады.
Қазақ тілін меңгерумен байланысты жүйеленген әдістемелік кешен білім алушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыра отырып, бейіндік бағыттағы білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруге ықпал етеді.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диссертация жұмысында мектепте білім алушыларға арналған қазақ тілін оқыту технологиясын сабақта қолдану үшін ақпараттық технологиялар, әдістемелік құралдар мен топтамаларды талдау, саралау, жүйелеу, анализ, синтез әдісі, жаттығу әдісі, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың жаңалығы ретінде:
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі құралады;
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары сабағында жаңа оқыту технологиялары жүйеленеді;
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталады;
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының семантика-грамматикалық ерекшеліктерін оқытуда деңгейлеп оқыту әдістерін қолданудың жиынтық әдістемесі ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеде, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
1 Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
- Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларының зерттелуі
Тюркологияда аналитизм проблемасы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерге жатады. Бұл аналитизмнің түркі тілдерінің грамматикалық құрылысынан алатын орнына да, зерттелу дәрежесіне де байланысты [4, 6] . Осы күрделі мәселенің тілдің грамматикалық құрылысына байланысты болатын себебі - бұл грамматикалық құрысы жағынан кең орын алатын өте өнімді тәсіл десе болады.
Аналитикалық формалы сөзде грамматикалық мағына сөздің дыбыстық құрамынан тыс тұратын тілдік элемент арқылы беріледі. Сөздің дыбыстық құрамына енбей, оған тіркесу арқылы грамматикалық мағынаны үстейтін элементтер - көмекші сөздер болып табылады. Сөздің синтетикалық формасын жасаушы элементтен аналитикалық форма жасаушы элементті ажырату үшін бұл атауды - аналитикалық формант деп атайды.
Түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде күрделі сөздер құрылымдық және жасалу тәсіліне қатысты ғана сөз болып келді. Бұл орайда Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков, А. Н. Кононов, А. А. Юлдашев, Ә. Қайдар, Ғ. Садуақасов [5] сынды түркітанушылар, сонымен қатар қазақ тіл білімінде Қ. Жұбанов, Ы. Мамановтар 1930 жылдардың өзінде-ақ күрделі сөздер құрылымы жағынан қанша сөзден біріксе де, тұтас бір ғана мағынаны білдіретінін, бір ғана заттың атауы болатынын атай келіп, күрделі сөздердің қалыптасу жолдары мен олардың түрлеріне тоқталғандығын атай кетуге болады.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөз мәселесін арнайы сөз етіп, оған ерекше мән беріп, оның табиғатын зерттеп жүрген Н. Оралбаева, В. А. Исенғалиева, Б. Қасым, т. б. еңбектері айрықша аталады. Күрделі сөз жайында пікір білдірген Қ. Жұбанов. А. Ысқақов, К. Аханов, Н. Оралбаева, Ж. Шәкенов [6, 32] сынды зерттеушілердің көзқарастарында, пікірлерінде айтарлықтай алшақтық болмағанмен, күрделі сөздерді жіктеуде, терминдік аталымында айырмашылықтар бар.
Қазақ тілінде көп уақытқа дейін күрделі етістік етістіктің аналитикалық форманттары ретінде зерттеліп келді. А. Юлдашев мұның ХІХ ғасырдағы О. Бетлинг еңбектерінен [7] басталғанын көрсетсе (1965), көпшілік түрколог ғалымдар аналитикалық етістіктерді күрделі етістік санап қана қоймай, олардың вид, рай, шақ категорияларының көрсеткіші екенін көрсетеді. Мұнымен қоса, күрделі етістікті грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіш ретінде тану түркологияда кең тараған құбылыс.
Күрделі етістіктерді арнайы зерттеп, олардың сөз тіркестерімен, тұрақты сөз тіркестерімен, аналитикалық формалы етістіктермен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуда Б. Қасым еңбегінің («Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етісттер» докт. дисс. автореф., 1992) [7] маңызы зор десе болады.
Ы. Мамановтың күрделі етістік ұғымына аналитикалық формалы етістіктерді де жатқызғаны мәлім [8, 12] . Бұл тұжырым жоғарыда аталған кеңес ғалымдарына пікіріне саяды.
Алайда, ғалым тұжырымының ерекшелігі - етістіктердің тұлғалық жағын ескере отырып, сөз тіркесі мен аналитикалық формалы етістіктердің, күрделі етістіктердің мағыналық қырларын ашып көрсетеді.
Кемшілігі - аталған тақырыптардың ара-жігін ажыратып көрсетпеген болатын. Осы себепті, Ы. Мамановтан кейінгі зерттеулерге сүйене отырып, нақты қандай жағдайда етістік күрделі етістік, қандай жағдайда аналитикалық формалы етістік болатынына анығырақ тоқталып өтейік.
Түркі тектес халықтардың тілдерінде грамматикалық құрылысы бойынша сөз формасын өзгертуші элементтерді түбірден бөліп алу оңай емес. Жалпы, ЕАФ (етістіктің аналитикалық форманттары) - тардың басым көпшілігі қосымша және көмекші етістіктерден құралады [9] .
Олардың мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағынасының жай ғана қосындысы емес, аналитикалық форманттың құрамы қанша күрделі болса да, олар біртұтас мағына береді. яғни, құрастырушы сыңарлардың мағыналары идиомаланып, бір мағынаны беруге көшкен. Көбіне мұндай күрделі форманттардың құрамы тұрақты, оны құрастырушы сыңарлардың орны берік, алмастыруға келмейді.
ЕАФ құрамындағы морфемалар бірімен-бірі жымдасып кетпей, қосымша негізгі етістікке қосылып, көмекші етістік бөлек жазылады. Бірақ олардың тұтастығы мағынада, құрамның тұрақтылығында, орындарының беріктігінде, сыңарларының үнемі қатар жүруінде.
Мысалы: бара + жатыр, келе + жатыр күрделі етістіктерінің жатыр + бара деп орындарын алмастыра алмайтынымыз секілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz