Visual basic тілінде программалау негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі
1.2 Интеграциялық құрастыру ортасы
1.3 Берілген басқару объектінің құрамы, әдістері және жағдайлары
1.4 Data control . объектісінің түсінігі мен оның маңызы

II. VISUAL BASITE ІС.ТӘЖІРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Белгіленген фигуралардың меншіктелген түсімен сурет салуға мүмкіндік беретін қолданба құру.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі
1.2 Интеграциялық құрастыру ортасы
1.3 Берілген басқару объектінің құрамы, әдістері және жағдайлары
1.4 Data control – объектісінің түсінігі мен оның маңызы

II. VISUAL BASITE ІС-ТӘЖІРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Белгіленген фигуралардың меншіктелген түсімен сурет салуға мүмкіндік
беретін қолданба құру.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Информация ұғымы. Информатика – информацияны өрнектеу, оны түрлендіру,
жинау сақтау және пайдалану әдістері мен құралдары туралы ғылым. Ол
ғылымның дербес бір саласы ретінде XX-ғасырдың екінші жартысында ғана
қалыптасқанымен, оның көп мәселелері ерте заманнан-ақ адамдардың ой-қиялына
түрткі болып келген. Өйткені азаматтың әлеуметтік және мәдени дамуы
информацияны жинаумен, оны қорытып таратумен тығыз байланысты.
Информация - адамнан да ерте туылған құбылыс. Табиғат өзінің даму
барысында жұмбақталған информациясын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы
беріп отырған. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ информацияны беру
мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеп-тапқан. Оған жартастардағы сурет пен
жазбалар, иероглифті плиталары, сондай-ақ, ежелгі египеттердің папирустары,
гректердің жасырын хабарламаларды жіберуге арналған абақ тастары мен
дискілері, өткен дәуірлерді зерттеушілердің еңбектері дәлел бола алады.
Бұған қоса алғашқы басылған кітаптар, радио мен телефон және компьютерлер
де адамның осы әрекеттерінің үздіксіз екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту
процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған
программалық құралдардын дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың
атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест
жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту
орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар. Қазіргі
танда Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтардың барлығы жаңа
ақпараттандырылған инновациялық технологиялармен жұмыс істеуде.
Соңғы бiр екi жыл жаңа программалардың тасқыны көптеген адамдарға
кәсiптiк информациялық технологияларды пайдалана бiлудiң аса қажеттiгiн
көрсеттi. Бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер орта бiлiм беру
саласының дамуына да өзгерiстер енгiзуге өз ықпалын тигiзбей қалмады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi техникамен қайта
жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгiзуге көп көңiл бөлуде.
Аталған пәндi оқуда бiрыңғай бағыттың жоқтығы, оқулықтардың тапшылығы
кейбiр қиындықтарды туғызады.
XV ғасырда мәлiметтi қағазға басып шығару станогының пайда болуы кiтап
шығару iсiн жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тiкелей көпшiлiкке
жеткiзу мүмкiндiк жасады. Кiтаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару,
көпшiлiк кiтапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп,
мәдениеттiң жаңа даму кезеңiн бастады деуге болады.
XIX-XX Ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы
информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесiнiң тарау жылдамдығымен
жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Ал теледидардың шығуы, үйде отырып-ақ, дүниеде
не болып жатқанын жаңалықтар арқылы, кино, бейнефильмдер, спектакльдердi
көрiп, оқып үйрену бағдарламаларын қарай алатын күйге жеткiзiлді. Адамзат
баласы дамудың барлық тарихы кезеңдерiнде есептеу жұмыстарын жүргiзiп
отыруға, әрқашанда мұқтаж болды.
XX ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың бас кезеңі адамзаттың индустриялық
эрадан информациялық жаңа технологиялар эрасына өтуiмен ерекшеленедi.
Осыған байланысты информацияны ала бiлу, оны өңдеу және күнделiктi iсте
пайдалану өркениеттi дамудың қажеттi шарты болып табылады. Бұдан оншақты
жыл бұрын мектеп курсына “Информатика және есептеу техникасының негiздерi”
пәнi енгiзiлген болатын. Алайда, жаңа информациялық технологиялардың өте
шапшаң даму қарқыны бiздiң бұл пәнге деген көзқарасымызды түбегейлi
өзгерттi.
Бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер орта бiлiм беру саласының
дамуына да өзгерiстер енгiзуге өз ықпалын тигiзбей қалмады, осы салада
көптеген жаңа мамандықтар пайда болды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi мектептердi техникамен
қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгiзуге көп көңiл
бөлуде. Республика мектептерiнде компьютерлiк техника паркi жаңалануы тиiс
деп ойлаймын. Сонда ғана бiз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы жолдаған
“Қазақстан-2030” бағдарламасына қол жеткiзіп, әлемдегі 50 өркендеген
елдердің арасына енеміз.
1 VISUAL BASIC ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі

Visual Basic тілі өте мықты тілдердің біреуі, бұл тіл арқылы кез-
келген программалау мәселесін шешуге болады. Ол үшін бұл тілді жете меңгеру
керек. Бұл тілді жақсы білген программист өзін-өзі жоғары деп сезінуіне
болады.
Visual Basic тілін компьютерге орнату үшін компакт-дискідегі
файлдардың ішінен Setup программасын таңдап алу керек. Бұл тілмен қоса
программаның құжаттарын, анықтамаларын және көптеген мысалдарын да жазып
алуға болады.
Setup программасын іске қосқанда, ол өзіне керекті каталогты құрып
алады, одан кейін программист өзінің жұмысына қажетті, керекті компонентін
таңдап алуына болады, егер сіз кез-келген бір компонентін орнатуға ұмытып
кетсеңіз бүкіл программаны өшіру қажет емес, ол үшін компакт дискіні CD ROM-
ға салып толықтырып алуға болады.
Мәліметтік жүйе дегеніміз кез келген қиналған жерде анықтамасын
береді. Бұл жүйе негізгі 4 бөлімнен тұрады:
1. What`s New in Visual Bаsic 6.0 (Бұл программаның қандай жаңалығы
бар)? Бұл бөлімде Visual Bаsic-те қандай жаңалық және
жаңартылған мүмкіншіліктері бар екенін тез арада анықтауға
болады. Бөлімшелер ретінде орналасқан 200-ден астам сілтемелер
бар, толық ақпаратты қабылдау үшін.
2. Find It Fast (Жедел іздеу). Анықтаманың бұл бөлімі пәндік
аймақта қолданылады. Бұл бөлімшедегі сілтемелер іздеуді
жеңілдетеді.
3. Overview topics (Қашқын шолу). Бұл анықтаманың бөлімшесі
анықтама немесе кітаптың бөлімшелеріне қысқаша шолу жасауға
мүмкіндік береді, керекті бөлімшені оқымастан бұрын.
4. See Also Links (Тағыда сілтемелерге қара). See Also Links
батырмасын басқанда, тақырыптың астында орналасқан,
тақырыптардың атауларын шығарады, бұл тақырыпқа қатысты
толықтырылған ақпаратты қабылдап алуға болады.
Windows басты мәзірінен программаны жүктеу үшін келесі команданы
орындау қажет:
1. Экран бетіндегі төменгі жағындағы ПУСК батырмасын басамыз.
2. Ашылған мәзірден ВСЕ ПРОГРАММЫ батырмасын таңдаймыз.
3. Microsoft Visual Basic 6.0 таңдап алып басамыз.
Егер сізге тез жүктелетін Visual Basic 6.0 программасы қажет болса,
онда экран бетіндегі "жұмыс столына" Visual Basic 6.0 белгісін шығарып
қоюға болады. Visual Basic 6.0 жүктеген кезде экран бетіне диалогты терезе
ашылады New Project (жаңа проект) таңдаймыз, құру мастерін немесе алдында
құрылған проектіге шығуға болады. Бұл терезе келесі қосымшадан тұрады:
(сурет 1.1.) Диалогтық терезе. Мастердің жаңа жобасы.
1. New (жаңа жобалар) – жаңа проект құру үшін арналған, шаблондары
және мастерларды қамтиды.
2. Existing (бар жобалар) – Visual Basic 6.0 ұсынылған мысалдағы
проектілерді және алдындағы сақталған проектілерді осы жерден табуға
болады.
3. Recent (жақында қолданылған жобалар) - соңғы уақытта ашылған
проектілердің тізімін сақтайды. Жаңа поект құру үшін New қосындысы
қолданылады. Ол жерде келесі түрдегі проект шаблонын таңдап алуға болады.

1. Standard EXE (стандартты EXE-файл);
2. ActiveX EXE (EXE-файл ActiveX);
3. ActiveX DLL (DLL-кітапхана ActiveX);
4. ActiveX Control (ActivX басқару элементі);
5. VB Application Wizard (Қосымшалар шебері Visual Basic);
6. Data Project (Мәліметтер базасының жобасы);
7. IIS Application (IIS қосымша);
8. Add-in (Қосымша салу);
9. ActiveX Document DLL (ActiveX құжатының DLL-кітапханасы);
10. ActiveX Document EXE (ActiveX құжатының EXE-файлы);
11. DHTML Application (DHTML қосымша).

1.2 Интеграциялық құрастыру ортасы

IDE (Integrated Development Environment) интеграциялық құрастыру
ортасы бұл Visual Basic-тегі ең негізгі бөлімі, нақ осы жерде бүкіл
қосымшаларды бір бөлікке қосуға болады және осы жерде уақттың көп бөлігі
өтеді.
IDE жобалаудың құрлымының ортасына келесі негізгі элементер кіреді:
1. Негізгі мәзір;
2. Стандартты құрылғы;
3. Басқару элементі;
4. Проекттік терезе;
5. Форманың конструкторы;
6. Мәзір редакторы;
7. Құрылым терезесі;
8. Терезенің макеттік формасы;
9. Терезедегі объектілерді көру.

(сурет 1.2.) IDE Visual Basic-тегі интеграциялық құрастыру ортасы.

Интерфейсті өңдеудің келесі қағидалары бар:
1. Стандартизация стандарты құрылғыларды қолданады. Форманың дизайны
және формадағы басқару элементтерін тағыда мәзір кнопкаларын
орналастырады.
2. Қолайлылығы және оңай жұмыс ортасы. Интерфейс қолайлы да түсінікті
болуға тиіс. Ең бастысы жұмыс жасауы оңай ойда қалуы керек.
3. Дизайнның сыртқы бейнесі. Көзге қолайсыз интерфейс болмау керек. Егер
қажет болған жағдайда қосымша беттер және қосымшалар формаға енгізіледі.
4. Топталуы. Мағынасы бойынша басқару элементтерін формаға топтау
керек, топталу элементтерін қолдана отырып жасауға болады.

Инструменттер панелі (Toolbars)
Инструменттер панелі көп қолданатын командаларға тез және оңай жетуін
қамтамасыз етеді. Кез-келген функцияны орындау үшін тышқанның тетігімен
басу қажет. Ең бірінші рет Visual Basic-те жұмыс істей бастаған кезде
инструменттер панелі стандартты түрде (сурет 1.3.) шығады. Қосымша
инструменттер панелін де шығарып қоюға болады.

(сурет 1.3.) Visual Basic инструменттер панелі
Бұл панел арқылы кез-келген жобамен жұмыс істеп, оны қадағалап және
өзгертуге болады. Мұнда тағы негізгі меню бар, ол арқылы жобаны сақтауға,
ашуға және кез-келген әрекеттерді орындауға болады.

Жоба терезесі
Дисплейдің оң жақ шетінде инструменттер панелінің астында жоба
терезесі орнастырылған (сурет 1.4.). Ол жобаның қандай формалары,
модульдері және класстары туралы ақпаратты тез алуға арналған

(сурет 1.4.) Жоба терезесі

Қасиеттер терезесі
Қасиеттер терезесі жоба терезесінің астында орналасқан. Бұл жерде
белгіленген объектінің қасиеттері көрсетілген. Кез-келген жобада
объектілердің өзіне тәне көлемі және түсі болады.
(сурет 1.5.) Қасиеттер терезесі.

Синтаксис
Visual Basic-тің алфавиті латын әріптері A – дан Z – қа дейін, араб
сандары 0 – ден 9 – ға дейін және арнаулы символдардан: []()* + -% л $ & !
" "?';:,. тұрады.
Программа жоғарыдан төменге қарай орындалады. Программаның бір жолында
тек бір оператор ғана бола алады. Программаның әр жолының аяғында ;, .
символдары қойылмайды.
Математикалық функцияларды Visual Basic тілі былайша аударады
(кесте 1)
Математикалық функция Visual Basic
А + Ь A + b
А-Ь A-b
Ab A*b
A:b Ab Ab AAb
лГа SQR (a)
[a] ABC (a)
Sin x Sin (x)
Cos x Cos (x)
g x Tg(x)
Ctgx 1 tg (x)
0,5 0.5

Интерфейс түрлері. Windows ортасында Visual Basic 6.0 программасында
интерфейс түрлерін енгізуге болады. Бір документті SDI және көптік
документті MDR.
Бір документті – бүл интерфейс түрі. Бүл жерде бір ғана терезеде бір
докуметпен жұмыс істей аламыз. Мысалға алатын болсақ Microsoft WordPad.
Бірнеше документтермен жүмыс істеу үшін бірнеше рет интерфейсті жүктеу
керек. Әрбір формаға өзіне байланысты арнайы интерфейс SDI түрі болуы
қажет. SDI – Интерфейсі.

SDI – түріндегі интерфейсі келесі элементтерден тұрады.:

1. Негізгі мәзір
2. Элементтік басқару мен бірге "панель" қүрылғылары
3. Мәліметтерді басқаратын элементтер орналасады қосымша терезе үшін
4. Мәліметтермен жұмас жасау үшін басқарылатын элементтер
5. "Строка состояние" элементтерінен түрады.

Visual Basic тілінің айнымалының 3 түрі бар:
1) Dim;
2) Private;
3) Public.

Dim - айнымалы және оның мәні процедура орындалғанша сақталады. Private -
айнымалы және оның мәні форма орындалғанша сақталады. Public - айнымалы
және оның мәні программа орындалғанша сақталады.

Мәлімет түрлері

• Сандық Integer, Long, Single, Double, Currency.
• Символдық информация String.
Дата түрі Date.
0...255 дейін сандар Byte.
Логикалық информация Boolean.
Кез-келген тип Variant.
Объектік информация Objec.

Программаны жүктеу. "Run" (Запуск) мәзір командасы қолданбалы басқару
үшін арналған:
(кесте 2)
Командалар Мағынасы
START Проектіні орындау үшін арналған.
Start with Full Compile Толық компиляция мен
қолданбалы шығару.
Break Қолданбалы орындауды тоқтата тұру.
End Қолданбалы орындауды тоқтатады.
Restart Қолданбалыны жүктейді.

Форманы жүктеген кезде START командасын орындаған кезде яғни экран
бетіне арнайы форма шығады.
Форманы орындау кезіндегі негізгі жұмыс қүрылғысы. "Toolbox" - ВИД
мәзірінен шығарылады.
Pointer – Тышқанның жүру жолын көрсетеді
PictureBox – Графикалық терезені формаға енгізеді, элементтерді
топтарға байланыстыруға арналған. Графикалық бейнелерді және де
текстік графикалық элементтерді және анимацияларды енгізуге арналған.
Label – формаға объектілерді орналастырады, жазуларды және
текстік ақпараты құруға арналған.
TextBox – формаға текстік "поля" орнатады. Санды, текстік
ақпаратты орнатады.
Frame – форманың логикалық топтардағы объектілерге тақырыпша мен
CommandButton – программаны енгізу кезінде
формаға арнайы кнопкаларды енгізеді.
Checkbox – формаға флажок орналастырады, шартты программа үшін
немесе жұмысты орындау кезінде иә-жоқ қағидасын ұстанады.
OptionButton – формаға жұмыс режимін орнатады немесе
программаның орындалуын қадағалайды .

ComboBox – формада объект қүрады, "поля" және ашылатын
тізім құрады.

ListBox – берілген тізІм бойынша бір немесе бірнеше мағына
бойынша формада тізім кұрады.

HscrollBar – формада көлденең тізімді орналастырады. Сырғыту
бойыша берілген ортадан табуға арналған.

VscrollBar – формада тігінен тізімді орналастырады. Сырғыту
бойыша берілген ортадан табуға арналған
Timer – формада "таймер" - ді орналастырады.
DriveListBox – формаға құрылғылардың тізімін орналастырады.

DirListBox – папкаларды форма тізімін бойынша шығарады.
FileListBox – формада тайлдардың тізімін шығарады.

Shape – Геометриялық бейнелерді форма бетіне енгізеді.
Line – сызықшаны форма бетіне енгізеді
Image – формада "поля" енгізеді, графикалық бейнелерді көрсету үшін
арналған.
Data - Мәлімет базасьшда басқару элементін құрады және "новигация"
нәтижесін көрсетеді.
Таймер. Тетігі (таймер) Visual Basic тілінде системдік уақатты орнату
үшін мәзірдегі берілген объектіні орнатып қоямыз.
(кесте 3)
Құрамы Мағынасы
Interval (интервал) Интервал объектінің минут\секундын
анықтайды. 0 дан 64 767 дейінгі
аралықтағы мағынаны енгізуге болады.
Enabled (доступно) Таймермен режимдік уақытты орнатады.
Егерде мағынаның құрлымы True
(истина) болатын болса онда таймер
форманы жуктеген сәттен бастап санай
бастайды. Қүрлымға False мағынасын
жүктеген кезде таимер операциясын
тоқтата түрады.

(сурет 1.6.) Мәзір терезесінің редакторы.
Menu Editor мәзір редакторлық терезесінде формаға мәзір жолдарын
редактауға және құруға болады.
Проектінің құрамына кіретін элементтерді көру үшін арналған терезе.
Бұл терезеде тек қана элементтерге ғана жіберіледі сондай - ақ олардың
құрамына кіретін әдіс тәсілдеріне де көруге болады.
Формадағы макеттік терезе Form Layout, View мәзірінен Form Layout
Windows командасын шақырады. Проектіне орындаған кезде форма кішкене
түрінде қандай түрде манитор бетіне шығатыдығын көрсетеді. Форманы тексеру
ушін START командасын Run мәзірінен шығарамыз.Сіз жасап отырған форманы дәл
солай көрсетіледі.
Visual Basic қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің
бірі болып саналады. Q Basic - тің ең күшті мүмкіндіктерін, оның ең негізгі
алгоритмдік құрылымдарын және жаңаша ақпараттық – технологиялық амалды — MS
Office немесе Internet Explorer сияқты ресурстарды бірлесіп пайдалану
идеологиясын бойына жинақтаған, ол кәсіби программист үшін де, жаңадан
үйренушіге де бірдей тартымды.
Visual Basic-тің арқасында, соңғы кезде ойыншық саналған Бейсик тілі
программалау тілдерінің ең қарапайым және ең күштісі болды. Visual Basic
қысқа мерзімде Windows-қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы жасауға
мүмкіндік береді, бұл жағдай кәсіби программистердің оны пайдалануын
жиілетіп, оның позициясын құрастырушылар бәсекесінде күшейте түседі.
Visual Basic программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін
ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows - та жұмыс істеу
дағдылары болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint
сияқты дайын объектілерді экранның қажетті онына жай ғана тасымалдап
отыруға болады.
Visual Basic программалау жүйесі Windows-тың барлық офистік
қолданбаларына енгізілген, бүл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл,
шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.
Объекті – бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:
1объект;
2объектінің қасиеті;
3 объектінің әдісі;
4 оқиға;
5 объектілер класы.

Объект - қасиеттер мен әдістер жиынтығы.
Мысалы, автомобиль объект болады, өйткені түс, модель, жылдамдық
сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдамаавтомобильдің іс-әрекетіне, әдісіне
қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз объектіге тән нәрсе, әдіс дегеніміз –
объектіге тән нәрсе, әдіс дегеніміз – объектінің іс-әрекеті. Яғни, қасиет
дегеніміз – объектінің сипаттамасы, ал әдіс – объект орындай алатын әрекет.
Объекті – бағытталған программалауда объектімен жүмыс істеу үшін
келесі жазу пішімі қолданылады:
Объект. әдіс
Объект. қасиет
Объект. қасиет. әдіс
Оқиға – объекті жағдайының қайсыбір әрекетке жауап ретінде өзгеруі.
Мысалы, пайдаланушының Word мәтіндік процессоріндегі алфавиттік – сандық
перненің басу әрекетіне жауап ретінде символ пайда болады. Объетілер
кластарға біріге алады. Класс – әдістер немесе қасиеттер ортақтығымен
сипатталатын объектілер жиынтығы. Visual Basic-тің бүкіл программалауы
оқиғалардан құралған. Өңдеу дегеніміз – бірінші жолда оқиғаны өңдеушінің
атын көрсеттетін процедура.
Private SUB объект аты - оқиғаны өңдеушінің аты (параметрлері)
операторлар
End SUB
Мысалы, Click оқиғасы маусты шерткенде пайда болады:
Private SUB
command l_Click () print жұмыс аяқталды end
End SUB
Мауспен command 1 атты объектінің үстінен шертсеңіз (Visual Basic -те
бұл батырма) жұмыс аяқталды сөздері басылып шығарылады және end операторы
команданың орындауды аяқтайды. Келесі прцедура Labell атты объектіде Іске
қосу жазуын (Captions қаситеі) орындайды:
Private SUB command 1 Click ()
Labell. Captions = ПУСК
End SUB
Visual Basic - ті жүктеу үшін командалар бірізділігін орындаңыз:
Пуск - программы - Microsoft Visual Basic 6.0 - Visual Basic 6.0
Пайда болған New Project терезесінде Standart EXE - ні таңдап, открыть
батырмасын баску керек.

Visual Basic ортасында қолданба қүруды екі кезеңге бөлуге болады:
1. Экрандық интерфейсті жобалау;
2. Программа мәтінін жазу.
Visual Basic жүктелген соң экранда Visual Basic - тің жинақталған
ортасы пайда блады.
Меню және қүрал - саймандар панельдері Windows - тың басқа
қолданбаларымен бір стильде орындалған. Сондықтан Visual Basic - ке тән
және өте қарапайым қолданбаны жасау үшін қажетті элементтердің ғана қызметі
түсіндіріледі.

Фон және жазу түсін өзгерту үшін View - Color Palette менюін
пайдалануға болады.

(сурет1.7.) Түстер палитрасы

Пішіндер ерекшелейміз де, ол үшін ақ фон, ал тор сызықтар желісі үшін-
қара фон қоямыз. Top сызықтар желілерінің ара қашықтығын беру үшін Tools-
Options - General менюінің пунктін таңдау керек те, Width және Heigth
өрістерінің қажетті мәндерін (мысалы 60 және 60) іске қсу керек.Тор
сызықтар желілері пішіндегі элементтерді тексеруге көмектеседі.
Пішіндер макетінің терезесі сіздің макетіңіздің экранда қандай орын
алатынын көрсетеді және тасымалдау жолымен оның орнын өзгертуге
көмектеседі. Макетті монитордың ортасына қоып көруге болады.
Жоба терезесі Бағыттауыш сияқты жобаңыздың құрамын көрсетеді.
Қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Өте қарапайым
жобада бір пішін болады. Жоба дискіге VBP кеңейтумен жазылады. Пішіндер
конструкторы. Бұл терезеге пішіннің кескіні немесе программаның (кодтың)
терезесі шығарылады. Ауыстырып қосу View меню пунктінің
көмегемен іске аысрылады: View - Object View - Code
Пішін. Шын мәніде бүл да терезе, оған қолданбаларды жасау негізінде
түрлі басқару элементтерін орындауға болады. Элементтер панелі мен
қасиеттер терезесне ерекше назар аудару қажет.
Элементтер панелінде қолданбаның интерфейсі жинақталатын компоненттер
болады. Әр элемент пішінге қарапайым тасымалдау мен немесе маустың екі
шертуімен көшіріледі. Содан соң Paint - те жасағандай, оның өлшемін
өзгертуге және жылжытуға болады.
Қасиеттер терезесі ерекшеленген объектілерді бейнелейді. Әр элемент,
айталық, пішін, батырма, және т.б. объект деп есептеледі және қасиеттері
болады, мысалы, Captions қасиеті - жазу, Height қасиеті - биіктік, тағы
басқа қасиеттер терезесінде ерекшеленген объектінің барша тізімін көріп
шығуға болады.
Қасиеттер тізімі екі бағанаға бөлінген. Сол жақтағысында объектінің
қасиеттері, ал оң жақтағысында қасиеттер мәндері бар. Қасиеттер мәтіндері
жабық орналастырылған, өйткені оларды программист қана таңдап, өзгерте
алады. Маусты шерту арқылы, пішінді тауып, оның Caption (жазу) қасиетін
табу керек. Содан соң маустың меңзерін Form1 қойып, Caption мәнін суреттер
сөзіне өзгертуге болады. Visual Basic программалау ортасы жасалынып жатқан
қосымшаның көзбен шолушы құрастырушысын, кодын жазбай-ақ, қарапайым
графикалық модельдеу құралының көмегімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көптеген графикалық объектілерді жекелеген бөлшектерден жасап шығуға
болады. Бөлшектердегі таңдағанды олардан түрлі объектілер жинау мүмкіндігі
өте маңызды екенін есте ұстау қажет. Графикалық редактор ортасында
бөлшектерден объект құрастыруға болады, бірақ бүл мақсат үшін Visual Basic
өте қолайлы.
Жоба – қолданбаны құрайтын файлдар жиынтығы. Дербес жүмыс істейтін
қолданбаны жасау үшін Make Project As командасын пайдалануға болады. Бұл
жағдайда Ml. exe. Файлы жасалады. Енді бұл файлды Visual Basic-сіз Windows
ортасында іске қоса беруге болады.
Visual Basic айнымалылардың келесі типтерін қолданылады. Integer –
32768 ден 32767 дейінті – бүтін сандар;
Long – 2147483648 – ден 2147483647 дейінгі – бүтін сандары; Single –
заттық сандар;
String – жолдық шамаларды;
Boolean – логикалық шамаларды, екі мәнді: True және False.

1.3 Берілген басқару объектінің құрамы, әдістері және жағдайлары

Visual Basic-тегі Data объектісінің, басқа элементтер сияқты,
стандарттық құрамдары, әдістер және жағдайлары болады. Мәліметтермен жұмыс
істеуге арналған олардың бүтін қатарлар құрамдары, әдістері және жағдайлары
болады. Яғни, оларды төмен жақта қарастырамыз.
Құрамдары: BOFAction

Егер BOF (beginning of file - файлдың басы) құрамдары True жинағында
орнатылған болса, онда BOFAction кұрамдары Data объектісінің әрекеттерін
анықтайды.

Синтаксисі: datal .BOFaction=value.

Value қасиеті екі альтернативтен алынуы мүмкін: MoveFirst или BOF.

Data объектісін құру кезінде BOFAction құрамы MoveFirst құрамы сияқты
орнатылады. BOFAction қүрамын data l объектісімен басқару арқылы келесі
түрлермен орнатуға болады:
data l .BOFaction= vbBOFActionMoveFirst, немесе

data l.BOFaction= vbBOFActionBOF. BOFAction құрамын орнату келесі
кестеде көрсетілген.

(кесте 4)
Орнатылуы Константа Мағынасы
MoveFirst vbBOFActionMoveFirst 0
ibof vbBOFActionBOF 1

Connect

Data объектісінің құрамымен ашылатын, Connect құрылымы мәлімет
базасының түрін анықтайды. Microsoft Access форматында мәлімет базасы
ашылады.

Синтаксис: data 1. connect = string. Connect қүрылымының орнатылуы
келесі кестеде көрсетілген.

(кесте 5)
Мәлімет базасының түрлері Анықтамасы
MS Access n . it 7
dBASE x "dBASE x;"
Paradox x.x "Paradox x.x;"
FoxPro x.x "FoxPro x.x;"
Excel x.O і "Excel x.O;"
Lotus WKx "Lotus WKx;"
Text "Text;"
Btrieve "Btrieve;"
ODBC "ODBC; DATA BASE-default data base;
UlD=user; PWD=password; D SN=datasourcename;
OGINTIMEOUT-seconds"

Connect құрылымын режимдік қолдану барысында келесі әрекеттер арқылы
орындалады:
Data1.connect- "dBASE IV;" немесе
datal.connect- " FoxPro 3.0;". Database

Database құрылымы режимдік қолдану барысында Database объектісіне
жіберу тәсілін қолданады, яғни ол Data объектісімен құрылады.

Синтаксисі: Set databaseobject = datal.Database.

Data объектісі Database объектісін DatabaseName, Exclusive, ReadOnly
және Connect қүрылымдары арқылы құрады. Database құрылымының құрылымдары
және әдістері болғандықтан, оны қосымшаларда қолдануға болады. Мысалы,
Close немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері туралы
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Visual Basic
Visual basic программалау ортасы
Дыбыстық технологиялардың компьютерлік құралдары
Visual Basic программалау тілі - Әдістемелік нұсқау
Пәндер