Отбасы мүшелерінің тұлғалық өсуі
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі мен технологиясы.
1.Отбасын диагностикалау әдістемесі.
2.Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістемесі.
Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде. Бірге тұратын, өзара жақын және жауапты, бюджеттері біртұтас, халықтың физикалық көбею функциясын атқаратын қоғамның алғашқы ұяшығы отбасы.
Отбасы - бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.
Отбасы шағын топ ретінде - бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.
Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.
Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.
Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.
Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.
Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.
1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.
2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.
3. Эгалитарлы отбасы - отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.
Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.
Отбасы туралы мәліметтер бар көздерді талдау арқылы оған тиісті функцияларды кесте түрінде көрсетуге болады.
1 кесте. Түрлі іс-әрекет ортасындағы отбасы функциялары
Отбасылық іс-әрекет сферасы
Қоғамдық функциялар
Индивидуалдық функциялар
Репродуктивтік
Қоғамның биологиялық көбеюі
Удовлетворение потреб - ности в детях
Тәрбиелік
Жас ұрпақтың әлеуметтенуі. Қоғамның мәдени үздіксіздігін қолдау.
Ата-аналық, балалармен қарым-қатынаста қажеттілікті қанағаттандыру
Тұрмыстық-шаруашылық
Қоғам мүшелерінің физикалық денсаулығы, балаларды күтуді қолдау
Отбасының бір мүшесінің басқалардан шаруашылық-тұрмыстық қызмет көру
Экономикалық
Қоғамнң кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне экономикалық қолдау
Отбасының бір мүшесінің басқалардан материалдық көмек алуы (еңбекке жарамсыздық жағдайында не қызмет орнына)
Алғашқы әлеуметтік қадағалау сферасы
Өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында отбасы мүшелерінің мінез-құлқн моральдық регламенттеу, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, аға және жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастағы жауапкершілік
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың моральдық нормаларын бұзғаны үшін құқылық және моральдық санкцияларды қалыптастыру, сақтау
Рухани қарым-қатынас сферасы
Отбасы мүшелерінің тұлғалық өсуі
Отбасы мүшелерінің өзара рухани байытуы
Әлеуметтік-статустық
Әлеуметтік құрылымды өндіру
Әлеуметтік алға жылжудағы қажеттілктерді қанағаттандыру
Демалыс
Деалысты рационалды ұйымдастыру. Демалыс сферасындағы әлеуметтік қадағалау.
Қазіргі демалысты өткізудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыстық қызығушылықтарды өзара байыту
Эмоционалдық
Индивидтердің эмоционалдық тұрақтануы және олардың психотерапиясы
Индивидтердің отбасында психологиялық қорғауға, эмоционалдық қолдауға ие болуы. Жеке бақыт пен махаббаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Жыныстық
Жыныстық қадағалау
Жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру
Осылайша, отбасы - кез-келген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясын орындайтын, жас ұрпақты әлеуметтендіретін ежелгі институттардың бірі.
Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны.
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасыларқажет етеді.
Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:
диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);
қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);
әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);
ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);
прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);
координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).
Әлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..
1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.
Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.
- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;
- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);
- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;
- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.
Отбасын диагностикалау - ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.
Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.
Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.
2. Реабилитация - бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады.
Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді.
Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары (сенім телефоны, супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек).
Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, патронаж. Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.
Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады.Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек.
Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:
1. Дайындық - отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т.б.
2. Кіріспе бөлім - отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.
3. Ақпарат жинақтау және бағалау - отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.
4. Қорытынды - отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.
5. Отбасымен жұмыс жасайтын басқа мамандармен (мектептердің әлеуметтік педагогтары, бала құқығы жөніндегі инспекторлар, білім беру, денсаулық сақтау, ІІБ органдарының мамандары т.б.) байланыс орнату.
6. Есеп - отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау, отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.
Отбасы проблемалары, оның күрделілігі патронаждың түрлі кезеңдерінде минимум-бғдарлама және максимум-бағдарлама деп аталатын бағдарламалар жүзеге асырылады.
Минимум-бағдарламалар отбасындағы өте құнды нәрселерден кенеттен айырылуына байланысты оқиғаларға бағытталған. Мысалы, жақындары, туыстарының денсаулығы, жұмыс, өрт нәтижесінде үйден т.б. айырылу. Мұндай жағдайларда әлеуметтік қызметкердің әрекеті обьективті шектеулерге қарамастан қысқа уақыт ішінде отбасы мүшелерінің қабілеттерінің оптималды қызмет атқаруын қалпына келтіруге бағытталады.
Максимум-бағдарламалар жоғалтқан нәрсенің орнын толтыру қажет кезде ғана емес, өмірлік позицияның бағытын өзгерту, отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын түзету және ауыстыруға қол жеткізу үшін де керек. Әсіресе масштабты өзгерістер түрлі мамандар мен қызметкердің потенциалын біріктіру, ұзақ та ерекше күш салуды талап етеді.
Жоғары айтылған әрекеттерден басқа отбасы және оның мүшелерімен кеңес беру және психотерапиялық жұмыс жүйелі жүргізілуі керек.
Патронажды реабилитация қол жеткізген нәрсені тек бекітудің сәтті формасы ғана емес, сонымен бірге профилактика болып саналады. Реабилитация отбасымен жұмыс істеудің үш деңгейін қарастырады: индивидуалдық (кеңес беру, патронаж), топтық (тренинг, жобалау) және қауымдық (әлеуметтік акциялар, әлеуметтік шығармашылық, бұқаралық мейрамдар).
3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы - оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.
Ағарту бағдарламасының негізінде ата-аналарды тәрбиелеудің қарапайым шеңберінен тыс тұжырымдамалар мен модельдер алынады. Олар ересектерді түрлі адамдармен қатынаста пайда болуы мүмкін проблемаларды шешу, түрлі жағдаяттардағы мінез-құлық түрін таңдауда өз бетімен жұмыс жасауды кеітуге бағыттайды.
Мысалы, Ю.Хямяляйнен бірнеше модельдерді пайдалануды ұсынады.
А.Адлердің моделі ата-аналардың, отбасының басқа да мүшелерінің мінез-құлқын өзара сыйластық, біріктіру, теңдік принциптерін ескеру арқылы мақсатты және саналы түрде өзгертуге негізделген. Міндет ата-аналарды баланың ерекшелігін сыйлау, оның индивидуалдылығын мойындауға оның істерінің мотивтерін анықтауға үйрету.
Б.Скиннердің оқу-теориялық моделі ата-аналарды жағымды және теріс бекіту арқылы жедел қарқынмен қайта оқыту және үйретуге шақырады. Бұл модельге негізделген бағдарламаның мақсаты ата-аналарды өз баласының мінез-құлқын бақылау біліктілігіне, оны талдау және реттеуге үйрету.
Т.Гордонның сезімдік коммуникация моделі ата-аналарды қарым-қатынастағы диалогтыққа бағыттайды және біліктілікті қалыптастыруға ұмтылады. Біріншіден, белсенді тыңдау, екіншіден, екеуі де дұрыс ұстанымын жетекшілік ету және, үшіншіден, балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
М.Джеймс пен Д.Джонгардтың моделі адам түрліше: балаша, ата-анаша, ересекше әрекет ететін фактіні мойындауға, транзактілік талдауға негізделген. Мұны түсіну отбасы мүшелеріне компромисс, келісім көмегі арқылы өз қарым-қатынасын реттеуге үйретеді.
Алдын-алу элементі ретінде ата-аналарды, отбасының барлық мүшелерін ағарту қиындықты жеңу біліктіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынасты реттеу және басқалардың бойында аналогиялық біліктіліктерді жасауға біліктілікке оқытады.
Бұл жағдайда тренингтер отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ананың коммуникативтік компетенттілігін дамытуға бағытталған.
Отбасын әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны бар және оны әлеуметтік қызметкер өз практикалық іс-әрекетінде жүзеге асырады. Бұл тұрғын үйлік және басқа да көмекпен қамтамасыз ету, транспорттық, коммуникалдық қызмет, медициналық, заң және әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қызметі сферасындағы қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.
Осылайша, отбасымен әлеуметтік жұмысқа экономикалық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық астарлар қатысты, және бұл маманнан бұл ғылымдардың негізін білу, олардың технологияларын меңгеруді талап етеді.
Дәріс 5. Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.
1.Әртүрлі типтегі отбасылармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі.
2.Отбасы типологиясына сипаттама.
Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.
Егер мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.
Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.
Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:
ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;
ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;
сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.
Аралық топтарға әлеуметтікқауіп тудыратын отбасылар бар. Егер олар уақытында көмек алмаса олар жағдайы нашар отбасына айналады. Олар обьективті және субьективті себептерге байланысты қиындық жағдайында болады және мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің қолдауын қажет етеді. Оларға толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектері бар, асыранды балалар, өмірге жарамсыз ата-аналар бар, қашқындар отбасылары жатады.
Әлеуметтік қызметкердің мұндай отбасылармен практикалық іс-әрекетінің үрдісі диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік кезеңдерден өтеді.
Диагностикалық кезеңде арнайы кесте бойынша отбасының материалдық мүмкіндіктері және тұрмыс жағдайлары, эмоционалды-психологиялық климат, білімдік, жалпы мәдениеттік деңгейі, бос уақытты өткізу сипаты, міндеттерді және рольдерді бөлу, өзара біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруы зерттеледі, сонымен бірге тұтас отбасының және оның мүшелерінің проблемалары анықталады.
Ұйымдастырушылық кезеңде отбасы мүшелерінің жағдаятты және ресурстарды бағалауға, көмектесуші бағдарламаларды жобалау және адаптациялауға, отбасы-тұрмыстық біріккен еңбекті ұйымдастыруға, қарым-қатынасты дұрыстау, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға тартуға жағдай жасалады.
Коммуникативтік кезеңде қалыптасқан біліктілік пен дағдылар қолдау табады, қолданылатын құралдар кеңейтіледі. Осылайша, мұндай отбасылармен жұмыс өмір іс-әрекетінің дағдыларына оқыту супервизиямен (патронаж) біріктірумен ерекшеленеді.
Дистантты отбасылар да, яғни ата-аналары вахталық әдіспен жұмыс істейтін, ұзақ уақытқа іссапарға шығатын, ересектер не ата-аналары дәстүрлі емес режимде жұмыс жасайтын отбасылар да қолдауды қажет етеді. Оларға өмірлік маңызды құндылықтарға көзқарастардың келіспеушілігі, эмоционалдық алыстау, бос кінәлау, көп уақыт болмағаннан кейін әдеттенудегі күрделілік тән.
Мұнда көбіне кеңес беру өте қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыстағы негізгі мақсаты - отбасына, клиентке өмірлік жағдаятты өзгертуге қол жеткізуге көмектесу, қызметтер потенциалы мен мамандардың әрекеттерін координациялау.
Дәріс 6.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби міндеттері. Әлеуметтік педагогтың этикалық нормалары және құндылықтары
Мәселелі және қиындықтар бар адамдармен жұмыс істеуде жауабы күнделікті мінез -құлық және қарым-қатынас нормаларына келіп тірелмейтін этикалық жоспардағы сұрақтар туындайды. Әлеуметтік педагог кәсіби міндеттерді орындай отырып, сонымен бірге тек өзіне тән көзқарас, әдет, қызмет стилі, қарым - қатынас, темпераментке ие адам болып табылады. Сондықтан көптеген әр маманда туындап отыратын этикалық сұрақтардың жауабы әрқашан жеке түрде шешілді. Міне, сондықтан да әлеуметтік жұмыста маманның адамгершілік және әлеуметтік жетілгендігі маңызды. Әлеуметтік жұмыстың бірегей мамандығы жүз жыл өмір сүргеніне қарамастан, тек 20ғ. 90ж. басында ғана кәсіби қоғамдастық әлеуметтік жұмыстағы бірегей этикалық стандарттарды жасауға кірісті.
1994 жылы шілдеде Коломбо қаласында өткен (Шри - Ланка) әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық Федерациясының Жалпы Жиналысында Әлеуметтік жұмыс этикасы:принциптер және стандарттар атты құжатты қабылдады. Құжат 2 бөлімнен тұрады: Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптерінің Халықаралық декларациясы және Әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық этикалық стандарттары. Бұл құжаттарды Федерация көп жылдар бойы қабылдаған жоқ. Бұл ұйымға кіретін жүздеген елдердің өкілдері діни және саяси көзқарастары бойынша әр алуан. Оларды жіберген мемлекеттер орналасулары, басқару формасы, мәдениет бойынша әртүрлі, әлеуметтік жұмыстың құрылымында өзіндік дәстүрге сай тарихи мұраға ие.
Көптеген қарсыласулардың нәтижесінде бір шешімге келіп, нәтижесінде осы құжаттар пайда болды.
Әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптер туралы Декларацияда келесідей принциптер көрсетілген:
Әр адам өзіне адамгершілік тұрғыдан қарауды талап ететін тұлға.
Әр адам басқалардың құқығына зиян келтірмей өз қажеттілігін қанағаттандыруда еркіндікке құқылы, және қоғамның жағдайын көтеруде өз үлесін қосуға міндетті.
Әрбір қоғам басқару формасына қарамастан өздерінің барлық мүшелеріне игілікпен қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс.
Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік әділдік принципіне сүйенеді.
Әлеуметтік қызметкер жеке адамға,топ,қоғамға және қоғамның дамуында, жеке - қоғамдық келіспеушіліктерді шешуде және алдын алуда көмек көрсету үшін объективті білім жүйесін,біліктілік,дағдыларды қолдануға міндетті.
Әлеуметтік жұмыс дискриминациядан бас тартуға негізделген. Ол жыныс, жас ерекшелік, ұлт, дін, тіл, саяси көзқарас, жыныстық бағдардан тәуелсіз жүзеге асады.
Әлеуметтік қызметкерлер әр адамның, әлеуметтік топтардың құқықтарын сыйлайды, олардың тәуелсіздіктерін, намысын, осы негізде Адам құқығы жөнінде ООН Хартиясына және т. б. осы Хартияның халықаралық конвенциясына сүйенеді.
Әлеуметтік жұмыс клиенттің жетімсіздік принципін қорғауға негізделген, осыған таңдау еркіндігі және кәсіби құпиялылық, клиентке оның құқықтары және оның жеке істері жөнінде құзіретті түсіндіру құқығын талап етуді қосады.
Әлеуметтік қызметкерлер, әрекет етуші заңдылықтарына қайшы келсе де кәсіби құпияны сақтайды.
Әлеуметтік жұмыс клиенттің қатысуы және онымен ынтымақтасу принципіне негізделген. Әлеуметтік қызметкерлер клиенттің қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында туындайды. Әрбір мәселені шешуге тырыса отырып, өз клиенттерімен ынтымақтаса жұмыс жасаулары қажет. Әлеуметтік жұмысшының қызметтерін қолдаушы адамдар өз мәселесін шешуде белсенді қатысулары қажет. Клиенттер әлеуметтік жұмысшылар арқылы осы біріккен әрекеттің мақсаты және салдары жөнінде әрқашан ақпараттандырылып отырылуы тиіс.
Әлеуметтік жұмыс клиенттің өзіндік анықталу принципіне негізделеді. Сәйкесінше, ол қандай да мәжбүрлеу жөнінде хабар ету принципіне негізделген.
Бір қатысушылар тобының мәселесін басқа топтардың мәселесі есебінен шешу қажеттігі туындаған жағдайда мәжбүрлеуді қолдану қарсы топтардың қызығушылығын ескеріп қарау және екі топты да тыңдағаннан кейінгі принципті таңдау негізінде қолданылады. Әлеуметтік жұмысшылар екі қарама - қарсы топтарды білікті өкілдермен қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен бірге әлеуметтік жұмысшылар өз елінің заңдылығы негізінде легальды мәжбүрлеуге қол жеткізулері тиіс.
Әлеуметтік жұмыс терроризм, зорлық т. б. қатаң тәсілдерді қолданушы азаматтарына әсер ететін жеке адам, топ, саяси күш немесе беделді құрылымдарды тура немесе жанама қолдауы мүмкінемес.
Әлеуметтік жұмыстың Халықаралық этикалық стандарттарында 5 топ бөліп көрсетілген: этикалық мінез - құлық стандарттары, клиенттермен өзара қарым - қатынас, агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым - қатынас, әріптестермен өзара қарым - қатынас, мамандыққа деген қатынас.
Этикалық мінез - құлық стандарттары:
1.
Әр адамның мінез-құлқы, және оған көрсетілетін көмектің сипатын түсінуге тырысыңыз.
2.
Кәсіби құндылықтарды дәлелдеңіз, білім және дағдыларды жетілдіріңіз, мамандық беделіне зиян келтіретін әрекеттерді жасамаңыз.
3.
Өзіңіздің жеке және кәсіби мүмкіндіктеріңізді қате бағаламаңыз.
4.
Үнемі туындап отыратын мәселелерді шешуде ғылыми танымның білімін, біліктіліктерін, әдістерін өз орнымен қолданыңыз.
5.
Қоғам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған саясат және әлеуметтік бағдар негізгі бағыттарын жасауда өз кәсіби тәжірибелеріңізді қолданыңыз.
6.
Әлеуметтік қажеттіліктерді, жеке табиғатыңыз және мінезді,топтық,қоғамдық,ұлттық,халы қаралық әлеуметтік мәселелерді анықтаңыз және оларды түсініңіз.
7.
Өзіңіздің барлық құрылымыңызды немесе әрекеттеріңізді жеке адам ретінде анық және есеп бере анықтаңыз, сонымен бірге кәсіби ассоциация, агенттілік немесе ұйымдардың өкілі ретінде.
Клиенттермен өзара қарым-қатынас:
1.
Бірінші орынға өз клиенттеріңізге қатысты міндеттерді қойыңыз, тек басқа адамдардың этикалық негіздерін сыйлау шегінде ғана.
2.
Клиент құқықтарын өзара сенімділік, құпия және құпиялылық, ақпаратты жауапты қолдануға итермелеңіз.
Басқа адамдарға ақпаратты жинақтау және беру тек клиенттің қызығушылығына негізделе кәсіби іс - әрекет саласында жүзеге асады. Ешқандай ақпарат клиенттің келісімінсіз хабарланбайды. Клиент әлеуметтік қызметкердегі бар ақпаратты білуі міндетті.
3.
Клиенттің жеке ұмтылыстарын, инициативасын,жеке ерекшеліктерін бағалаңыз және сыйлаңыз. Агенттілік және клиенттің әлеуметтік ортасы аясында маман клиентке өз әрекеттері үшін жауапты болуына көмектеседі; ол әрқашан әр клиентке көмек көрсетуге дайын. Егер қандай да бір себепке байланысты кәсібилілік қажет деңгейде көрсетілмесе, онда бұл жағдай туралы клиентке ақпарат беріліп, және ол өз қалауы бойынша әрекет етеді.
4.
Клиентке өзіндік жүзеге асу және жеке потенциалдарды мүмкіндіктерінің максималды дамуына жету мақсатында көмек көрсетіңіз, алайда басқа адамдардың құқықтарын тең дәрежеде сақтай отырып. Клиентті өз негізінде қызметпен қамтамасыз ету дегеніміз, клиенттің маманмен байланысты заңды қалау және қорытындыға жетуге бағытталғандығын түсінуі, қолдануы тиіс б.т.
Агенттілікпен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас:
1.
Әлеуметтік саясаты,әдістері және практикасы клиентке құзіретті көмек көрсетуге және кәсіби әлеуметтік жұмысқа қолдау көрстеуге бағытталған агенттілік және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасаңыз.
2.
Агенттілікпен немесе ұйымдардың Жарғылық мақсатына және міндеттеріне толық; әлеуметтік жұмыстың жоғары стандарттарына жету мақсатында әлеуметтік саясат, әдістеме және практикасын жасауда үлесіңізді қосыңыз.
3.
Клиент тағдырына толық жауапкершілікпен қараңыз, сәйкес агенттілік, ұйымдардың каналы бойынша әлеуметтік саясатқа әдістеме, практикаға қажетті өзгерістерді енгізіңіз. Егер бар мүмкіндік текке кетіп, өзгерістер енгізу мүмкін болмаған жағдайда жоғары ұйымдарға немесе қызығушылық танытқан көпшілік қоғамдастыққа жолығыңыз.
4.
Әлеуметтік жұмыстың тиімділігі жөнінде клиентке клиент, агенттілік және ұйымда туындаған мәселені кезеңдік талдау, сонымен бірге жеке қызметті өзіндік талдау формасында кәсіби есеп беріңіз.
5.
Әрекет, процедура, практика бағытында әлеуметтік жұмыстың этикалық прициптері арасында қарсылық орнатпаңыз.
Әріптестермен өзара қарым-қатынас:
1.
Өз әріптестеріңіздің және басқа да мамандардың кәсіби дайындығына және практикалық қызметіне тиісті сыйластықпен қарап,әлеуметтік жұмыста тиімділікке жетуге қандай да ықпал етіңіз.
2.
Әріптестердің және басқа да мамандардың әртүрлі пікірлеріне және практикалық тұрғыларына сыйластықпен қараңыз.
3.
Өзара жетілу және өзіндік дәлелдеу мақсатында мамандық бойынша, басқа мамандардың және ерікті білім,дағды,идеяны алуға, таратуларына мүмкіндік беріңіз.
4.
Клиенттің қызығушылықтарына немесе этика нормаларының бұзылуы болған жағдайда сәйкес органдарға хабар беріңіз.
5.
Әріптестерді әділетсіз шешімдерден қорғаңыз.
Мамандыққа деген қарым-қатынас:
1.
Мамандық құндылықтарын,білім,әдістемелерін сақтаңыз, олардың дамуына және жетілуіне үлесіңізді қосыңыз.
2.
Мамандықты әділетсіз сыннан қорғап, біздің мамандығымыздың қажеттілігіне деген сенімділікті күшейту үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz