Шағын қалалардың әлеуемттік - экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқcтaн Рecпубликacы білiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

Сәрсен Амaнжoлoв aтындaғы

Шығыc Қaзaқcтaн yнивepcитeтi

«Қopғayғa жiбepiлдi»

«___»2022 ж.

«Қазақстан тарихы»

Кaфeдpacының мeңгepyшici м. а.

Аубакирова А. Ж.

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: XXI ғасырдың басындағы ШҚО шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері

5В011400(6В01601) - «Тарих»білім беру бағдарламасы бойынша

Opындaғaн Т4-2 курс

қазақ тобы студенті Мухаметкалиев Р. Б.

Ғылыми жeтeкшi

аға оқытушы, т. ғ. к. Б. Шуршитбай

«___»2022 ж.

Нopмaбaқылayшы: А. К. Булгынбаева

«___» 2022 ж.

Өcкeмeн қ.,

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артта қалу себептері және оларды басқару.
10
Кіріспе: 1. 1
3: Шағын қалалардың әлеуемттік-экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері
10
Кіріспе: 1. 2
3: Шағын қалалардың әлеуметтік-экономкалық даму қажеттілігі және рөлі
19
Кіріспе: 2
3: Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
Кіріспе: 2. 1
3: Риддер қаласының экономикалық-қаржылық әлеуетінің даму жағдайы
Кіріспе: 2. 2
3: Риддер қаласы бойынша инженерлік инфрақұрылымдарының дамуы.
43
Кіріспе: 2. 3
3: Риддер қаласының әлеуметтік дамуы және экологиялық қауіпсіздік жағдайы . . .
51
Кіріспе: 3
3: Риддер қаласының әлеуметтік-экономикалық даму приоритеті және міндетімен мақсаты
Кіріспе: 3. 1
3: 2007-2009 жылдарға аймақтың экономикалық-әлеуметтік даму приоритеті
Кіріспе: 3. 2
3: Риддер қаласының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
Кіріспе: 3. 3
3: Риддер қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік, аймақтық, салалық бағдарламалары және олардың орындалуы
Кіріспе: Қорытынды
3: 57
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 61

Мазмұны

Кiрiспе . . . 3

. . . 6

. . . 6

  1. . . . 10

Кiрiспе

Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту ұғымы тек қана сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы.

Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттықжағрафиялық параметрлердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері, қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары жетерлік.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы негізінде шағын қала халқының тұрақты дамуы тек халық үшін лайықты тұрмыс жағдайларын жасағанда, шағын қалалық жағдайларға бейімделген әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жүйе құрылғанда, антропогендік ықпал мен табиғи жер бедерін жоюға әрекет жасалғанда, мәдени құндылықтар қорғауға алынғанда, табиғи қорларды ауыл шаруашылығының, жергілікті өнеркәсіптердің, туризм мен адам тіршілігінің басқа салаларын қалпына келтіру мақсаттарына сай ұзақ мерзім бойына пайдалану қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін бола алады деген ой жатыр.

Демек бұл жұмыс шағын қалаларды жандандыру, қаладағы әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған.

Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.

Зерттеу объектiсi ретiнде Өскемен қаласы алынған.

Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты :

Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, тәуелсiздiк жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған Өскемен қаласының даму әлеуетi бар және жоқ жақтарын анықтау және осы қаланың болашақтағы даму бағытын жоспарлау болып табылады.

Ол үшін мынадай міндеттерді шешу керек:

  • Өскемен қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаланың барлық халық шаруашылық салалары кешенiн мемлекеттiк реттеу сферасындағы мемлекеттiк саясаттың белгiлi нақты қала негiзiнде жүзеге асырылуына көз жеткiзу;
  • Өскемен қаласының аймақтағы артықшылық бағыттарын анықтау және дамыту;
  • Қала халқының тiршiлiк етуi мен нарықтың қалыптасуы тұрғысынан даму әлуетi басым қалалық әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту мүмкiндiктерiн анықтау.

Жұмыстың теориялық бөлiмiнде зерттеудiң үлгiлеу, талдау тәсiлдерi қолданылған.

Жалпы жұмысты жазу барысында экономикалық-статистикалық, монографиялық, сондай-ақ салыстыру, эксперимент сияқты зерттеудiң эмпирикалық әдiстерi мен құрылымдық талдау тәсiлдерi қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде Қазақстан Республикасының шағын қалаларды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, сондай-ақ, отандық және шетелдік оқулықтар, мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық статистика агенттігінің материалдары, сонымен қатар, зерттеу объектісі болып табылатын қалалық әкімшілік басқармасы мен қаржы және экономикалық жоспарлау бөлімінің мәліметтері және аймақтық бағдарлама бойынша жасалған жылдық есептер, ағымдық баспасөз беттерінде, ғылыми-зерттеу конференцияларында жарияланған мақалалар мен авторлық ғылыми-тәжірибелік жұмыстар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылым логикасы келесі қағидаларға негізделген:

  1. Шағын қалалардың экономикасын, әлеуметтік саланы немесеқоғамдағы әкімшілік өзгерістерді шағын қалалардағы көкейкесті мәселелері тұрғысынан талдау әлдебір өзгерістердің салдары мен ақырғы мақсаттарын неғұрлым толығырақ бағалауды мүмкін етеді.

Осы қағидаға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау берілген, шағын қалалардың жiктелу негiздерi анықталып, оларды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қажеттiлiгi ашып көрсетiлген.

  1. Нарықтық өзгерістер тұсында жиналған әлеуметтік қателіктер елдегікезекті өзгерістердің дамуына кедергі жасап, қоғамның мойнына шексіз жүк болып орналасты. Осы орайда қаладағы басқару жүйесі мен бірінші кезекте мемлекеттік басқарудың тиімділігі жөніндегі мәселе заңды түрде туындады.

Жұмыстың 2-тарауында Өскемен қаласының қалыптасуы мен орналасу ерекшелiктерiне тоқтала отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуына шолу жасалған. Бұл тарауда қаланың соңғы жылдардағы экономикалық өсімі мен әлеуметтік саладағы құрылымдардың қазiргi жағдайы мен даму мүмкiндiктерi қарастырылған. Өскемен қаласының жалпы ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы, ондағы экономикалық үрдістер толығымен сипатталған.

  1. Бүгін қала алдында тұрған мәселелердің шешімі ғана табыла қоймасы анық. Әлеуметтік дамытудың ауқымды бағдарламасымен қатар ғана экономикалық өсу адам тұрмысының сапасын арттыруға үлес қоса алады. Оның үстіне жұмысымыздың 2-тарауында талданған әлеуметтік жағдай тиімді демографиялық саясатты, адам капиталының дамуы және кедейлікті төмендету үшін жағдай жасауды әрі қоғамдық капиталдың дамуы немесе халықтың қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін дамытуды көздеген жөн.

Жұмыстың 3 - бөлiмiнде қаланың болашақтағы даму бағыттары анықталып, әрі қарай дамыту бағыттары мен нақты салалар бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен жобалар қарастырылған.

Шағын қалаларды реформалау жөніндегі мемлекеттік саясат тиімді нәтижелерге жету үшін азаматтардың қатысуы, тартылуы мен өздерін өздері дамытуын қолдау үшін жағдай жасалуы қажет.

Бұл адамдарға өкілеттілікті беруді, олардың бейтарап қызметтері барысында баламалар іздестіруге, шешімдер қабылдау мен оларды жүзеге асыру жауапкершілігін мойнына алуға деген білім алуды, дағдылануды және ептілікке үйренуді көздейді. Мұндай әлеуметтік қатысу механизмдерін енгізу мен кеңінен тарату ауылдық қоғамды, ал онымен бірге әр қала тұрғынын да жаңа сапалық деңгейде дамытады.

  1. ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ АРТТА ҚАЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ

1. 1. ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕМТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒЫНАН АРТТА ҚАЛУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында біздің елде экономикалық өсудің жаңа үлгісіне көшу, әлеуметтік - экономикалық қатынастарды трансформациялау, қоғамдық жүйенің жаңа үлгісінің қалыптасуы, яғни жаңа индустралды мәдениетке көшу қажеттілігі уақыт талабының сәйкестілігімен туындады, бұндай көшу эволюциялық жолмен іске асырылуы қажет еді. Жаңа уақыттың экономикасының басты мінездемесі болып оның гуманизімі табылады яғни, оның бағыты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, халықтың табысының өсуі мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту сондайақ осылардың ешқайсысы орындалмайынша, ешқандай экономика ойдағыдай іске асырылмайтыны даусыз екені айғақталды.

1992 жылдың басынан бастап еліміздің экономикасының байсалдықпен баяу әлем шаруашылық жүйесіне енуі бір жағынан бұрынғы СССР елдерімен экономикалық қарым-қатынастары нақты үзілді, ал екінші жағынан республикамыздың экономикасы ашық және әлемдік нарық алдында қорғансыз болып қалды. Экономикалық реформалар нәтижесінде ұтымсыз, қарапайым нарықтық экономикаға ұқсамайтын, түбегейлі өзгертілген шаруашылық жүйе пайда болды.

Экономикалық реформа тұсында бүкіл республика тұрғындары өз бастарынан бірқатар ауыртпалықтарды өткізсе де, елдің шағын аймақтары ырықтарынан тыс әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, ерекше климаттық-жағрафиялық параметрлердің, сонымен бірге, әкімшілік реформалардың кемшіліктері, қисынсыздықтары мен жетіспеушіліктерінің кесірінен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалары жетерлік.

Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту ұғымы тек қана сол шағын қаланы дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл сол қаланы қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы. Шағын қалаларды жандандыру, қаладағы әлеуметтік әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас үрдісінің құрам бөлігі ретінде қарастырылған. Шағын қалаларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң алдыңғы қатарында тұр.

Үкiметiмiздiң шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, тәуелсiздiк жылдарында экономикалық күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың даму әлеуетi бар және жоқ жақтарын анықтау және осы қалалардың болашақтағы даму бағытын жоспарлау қажет. Ол үшін төмендегілерді шешу керек:

  • шағын қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қаланың барлықхалық шаруашылық салалары кешенiн мемлекеттiк реттеу сферасындағы мемлекеттiк саясаттың белгiлi нақты қала негiзiнде жүзеге асырылуына көз жеткiзу;
  • шағын қаланың аймақтағы артықшылық бағыттарын анықтау жәнедамыту;
  • қала халқының тiршiлiк етуi мен нарықтың қалыптасуы тұрғысынан дамуәлуетi басым қалалық әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды дамыту мүмкiндiктерiн анықтау.

Қазақстанның шағын қалаларында соңғы он жылда экономикалық байланыстардың үзілу салдарынан және мемлекеттік қаржы бөлу көлемінің қысқаруынан қолайсыз экономикалық жағдай туындады. Олардың өмір сүруін қолдау ерекше өткір мәселе болып қалды. Экономиканың нақты секторының қысқаруы жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен өмір сүру дәрежесінің төмендеуі - бүгінгі таңдағы қалалық билік органдарының алдында тұрған мәселелердің толық тізімі ғана емес еді.

Экономиканың нақты жүйесінің қысқару салдары

жұмыс күшінің босатылуы

жұмыссыздар санының көбеюі

өмір сүру деңгейінің төмендеуі

аймақтарда орташа жалақы көлемінің төмендеуі

жұмыс берушілердің өзін-өзі басқаруы

қылмыстың көбеюі

Сурет 1 - Экономиканың нақты жүйесінің қысқару салдары

Мемлекеттің барлық көлемінде теріс әлеуметтік-экономикалық салдарына ие болғандықтан және республиканың барлық қалаларында (облыс орталықтары мен республикалық маңызды қалаларды есептемегенде) қатысты болғандықтан олардың барлығы жылдам көңіл бөлуді талап етті. Мемлекеттегі экономикалық өсудің қарқыны көп жағдайда қалалардың даму процесін басқару қабілеті мен анықталады, оның ішінде жаңа салалардың құрылуын реттеуді.

Бұрынғы КСРО елдерімен экономикалық байланыстың үзілуімен олардың көпшілігі дәстүрлі өткізу нарығын жоғалтты және шаруашылықтың жаңа жағдайына бейімделе алмады. Нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы, кейбір жағдайларда кейбір кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерін тоқтатты. Негізгі тұтынушылар болып сол аймақтың экономикалық субъектілері, республика және ең жақсы жағдайда таяу шет мемлекеттері болды.

Осыған байланысты Қазақстанның шағын қалалары әлемдік шаруашылық байланыстарынан тыс қалды, оларға жаһандану мен мамандандыру процестері әсер етпеді. Ұлттық астана мен ірі қалалар жұмыс күші техникалық және технологиялық білім, іскерлік және қаржылық қызметтер, транспорттық инфрақұрылым мен коммуникация орталықтарына айналды. Бұл толығымен негізделген экономикалық өсу болып табылады. Өйткені өнеркәсіптік экспортерлер мен шетел инвестициялары үшін ұлттық астана елге келудің және қазіргі кездегі қызметтерді алудың ең ыңғайлы орны болып табылады.

Астанада экономикалық субъектілер мемлекеттік және реттеуші органдарға жақын орналасу есебінен қосымша артықшылықтарға ие болды. Индустриализациямен қатар өнеркәсіптің астаналық шағын қалаларға көше бастауы толықтай заңды. Бүгінгі таңда бұл үрдісті тікелей және жанама реттеу әдістері арқылы ынталандыру маңызды болып отыр.

Жоғарғы қалалық билік экономикалық өсуге де немесе оны тежеуге де әсер ете алатындықтан, тиімді экономикалық саясатты әзірлеудің маңызы зор болып отыр, жоғарғы қалалық биліктер өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыруға өкілетті және қабілетті болса, олар өзінің қала халқын жаһандандыру экономикасына қосылуға көмегін тигізеді. Осыдан кейін барып бұл қалалар жаһанданған өндіріс тізбегінің сенімді звенолары мен шетел инвестициялары үшін тартымды органдар бола алады.

Осыдан барып мемлекеттің ауылдың жаппай қалаға көшуіне араласуының маңызын қайта бағалау, ол үшін анықталған күрделі процеске жан-жақты талдау мен мемлекеттік реттеудің тиімді құралдарын әзірлеу қажет. Сондай-ақ оның көлемі мен қолдану аумағын анықтау маңызды, өйткені кәсіпкерлік белсенділікті төмендетуге мүмкіндік бермеу қажет, оған тек қажетті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етіп, нақты бағыт беру керек.

Нарықтық экономикалық басқару жүйесінің жоспарлы экономикалық басқару жүйесінен айырмашылығы оның әкімшілік - бөлу әдісінің басымдылығында. Басқару әдісі принциптерінің құрамына жалпы қабылданған принцип болып басқарудың салалық жүйесі табылады. Шағын қалалардың әлеуметік және экономикалық дамуы салалық шешімдер және материалдық ресурстардың маңыздылығымен (яғни осы шешімдерге қолдану үшін бөлінетін) анықталады.

Қазіргі жағдайда, егер мемлекет болмаса онда манаполиялық жеке меншіктің басым бөлігі ұлттық табысты, ал егер ресурстардың таратылу каналдары бойынша салалық жүйе болмаса, онда аймақтың әлеуметтік- экономикалық даму өрісі, қазіргі басқару жүйесінде қаланың орнын, қалалық көлемде басқару қызыметін, қаланың қаржы - экономикалық базасының механизімінің әдістерін, қалалық көлемде басқаруды қамтамасыз ететін қызметтерін анықтау қиыншылығы туындайды [2] .

Шағын қалалардағы әлеуметтік-экономикалық басқару жағдайлардың қиындай түсуі ол әкімшілік-бөлу жүйесінің қаланы және аймақтарды ауыр жағдайда қалдырғандарынан, әлеуметтік жүйенің дамуы ең төменгі жағдайда болды, аймақтық экономиканың әртүрлі элементтері арасында терең сәйкессіздіктер және іші шаруашылықтардың қала маңындағы, облыстар және жақын аймақтармен байланыстардың дамуы болмады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іс жүзінде тек салалық мәселелерді шешу жиынтығымен ғана шектелді, ол жиынтығында аймақтың әлеуметтік даму мақсатының дәрежесін автоматты қамтамасыз ету жағдайы емес еді, ол тек олардың ресурстарын - еңбек, жер, инфрақұрылымның әртүрлі элементтері, табиғат ресурстарын ғана рационалды пайдалану болды.

Бір жағынан қазіргі жағдайда қалаларды басқару мәселелерінің теориялық әдіс-тәсілдері мүлдем қанағаттанарлықсыз.

Расында да соңғы уақыттарға дейін облыста қалалық мәселелерді зерттеу, қалалық дамудың жеке аспектілерімен, яғни қала құрылысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, басқарушылық және тағы басқа өзгешеліктерімен бөлектенген және шектелген. Облыс және қаланы негізгі және негізгі емес аймақтық басқару топтары ретінде салыстыру дұрыс емес, яғни біріншіден облыс және қалалар өндіріс процесінде әртүрлі функцияларды орындайды, екіншіден жалпы тенденция, барлық ТМД елдеріне тән нәрсе, ол қаланың экономикалық дербестігін кеңейту және дамыту, үшіншіден халықтың басым көпшілігі қалада өмір сүруде, мысалға, Қазақстанда бұл барлық халықтың 56%-ын құрайды [2] .

Сондықтан шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жүйесін басқаруды іске асыру маңыздылығын түсінбеу онсызда өте қиын әлеуметтік- экономикалық жағдайды одан әрі тығырыққа тірейді.

Сондықтанда қазіргі таңда нарықтық экономика заңдарының негізінде басқару функцияларын тарту үшін қажетті материалдық-қаржылық базаны қамтамасыз етуге негізделген шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару мехенизімінің бағдарламасын құрастыру қажет.

Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін оның ішінде мақсатты бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет.

Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылығы жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор.

Сонымен қатар қалаға инвестициялық жобаларды көптеп тарту керек. Мысалға айта кетсек Өскемен қаласының атырабында - қорғасын, мырыш, алтын, жез, мрамор, көмір, бояу, минералдық сулар бар. Осынау қазба байлықтардың түбі елімізге керек болатынына, ел игілігіне жаратылатынына кімде кім сенімді.

Әрине, қазба байлықтардың игерілуі үшін, ең алдымен қаланың өзін көркейту, әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, оның ішкі құрылымын жандандыру қажет.

1. 2. ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМКАЛЫҚ ДАМУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ РӨЛІ

Шағын қалалардағы әлеуметтік-экономикалық басқару жағдайлардың қиындай түсуі ол әкімшілік - бөлу жүйесінің қаланы және аймақтарды ауыр жағдайда қалдырғандарынан, әлеуметтік жүйенің дамуы ең төменгі жағдайда болды, аймақтық экономиканың әртүрлі элементтері арасында терең сәйкессіздіктер және іші шаруашылықтардың қала маңындағы, облыстар және жақын аймақтармен байланыстардың дамуы болмады.

Аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспары іс жүзінде тек салалық мәселелерді шешу жиынтығымен ғана шектелді, ол жиынтығында аймақтың әлеуметтік даму мақсатының дәрежесін автоматты қамтамасыз ету жағдайы емес еді, ол тек олардың ресурстарын - еңбек, жер, инфрақұрылымның әртүрлі элементтері, табиғат ресурстарын ғана рационалды пайдалану болды.

Бір жағынан қазіргі жағдайда қалаларды басқару мәселелерінің теориялық әдіс- тәсілдері мүлдем қанағаттанарлықсыз.

Шынында да келісуге болады яғни соңғы уақыттарға дейін облыста қалалық мәселелерді зеріттеу қалалық дамудың жеке аспектілерінің: қалақұрылысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, басқарушылық және т. б өзгешеліктерімен бөлектенген және шектелген.

Облыс және қаланы негізгі және негізгі емес аймақтық басқару топтары ретінде салыстыру түбірінде дұрыс емес деп танылады, яғни бірінші- ден облыс және қалалар өндіріс процесінде әртүрлі функцияларды орындайды, екінші - ден жалпы тенденция, барлық ТМД елдеріне тән, қаланың экономикалық дербестігін кеңейту және дамыту, үшінші - ден халықтың басым көпшілігі қалада өмір сүруде, мысалға, Қазақстанда бұл барлық халықтың 56 % құрайды, ал Өскемен қаласы бойынша қала халқының саны 2006 жылғы көрсеткіштер бойынша 61, 5 % құрайды (2-сурет) .

Сондықтан қаланың әлеуметтік - экономикалық даму жүйесін басқаруды іске асыру маңыздылығын түсінбеу онсызда өте қиын әлеуметтік - экономикалық жағдайды одан әрі тығырыққа тірейді.

25

,

6

25

,

9

26

,

7

16

,

1

16

,

2

14

,

6

0

5

10

15

20

25

30

2004

2005

2006

Кала халкы
Ауыл халкы

Сурет 2 - Қала және ауыл халқының үлесі

Сондықтанда қазіргі таңда нарықтық экономика заңдарының негізінде және басқару функцияларын тарту үшін қажетті материалды - қаржылық базасын қамтамасыз етуге негізделген шағын қалалардың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқару мехенизімінің бағдарламасын құрастыру қажет.

Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін оның ішінде мақсатты бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.

Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор.

Сонымен қатар қалаға инвестициялық жобаларды көптеп тарту керек. Мысалға айта кетсек Өскемен қаласының атырабында - қорғасын, мырыш, алтын, жез, мрамор, көмір, бояу, минералдық сулар бар. Осынау қазба байлықтардың түбі елімізге керек болатынына, ел игілігіне жаратылатынына кімде кім сенімді.

Әрине, қазба байлықтардың игерілуі үшін, ең алдымен қаланың өзін көркейту, әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, оның ішкі құрылымын жандандыру қажет. Өскен, өркен жайған жерге ғана ел қоныстанады. Яғни 2005 жылы қалаға 2775 адам көшіп келсе, 1303 адам кеткен ал, 2006 жылы 955 адам көшіп келсе, 1964 адам кеткен.

60

955

2775

1303

1964

110

0

1000

2000

3000

2004

2005

2006

Кошіп келгені
Кошіп кеткені

Сурет 3 - Өскемен қаласы бойынша көші-қон сызбасы

Бұл дегеніміз Өскемен қаласының әлеуметтік - экономикалық даму жағдайының әлі де болса көрсетеді. Қаланың 20052010 жылдарға арналған бағдарламасының көп тармақтары сырттан келер инвестицияларға бағындырылған. Торғай өңірінің жері негізінен ауыл шаруашылығына өте қолайлы, себебі кезінде бүкіл Кеңес үкіметін ет, жүн және тері өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

2. 1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық-қаржылық әлеуетінің даму жағдайы

Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

1932 жылы 10 наурызда құрылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқстaндaғы шaғын қaлaлaрдың пaйдa болуы мен дaмуы және әлеуметтік-экономикaлық дaмуының aрттa қaлу себептері және олaрды бaсқaру
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Әлеуметтік психология пәніне түсініктеме
Қазақстан — лагерьлер өлкесі
Қазақстанның экономикалық аймақтары және олардың басылым беттерінде жарық көруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz