Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерді әзірлеу


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерді әзірлеу.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық - гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығы сақтауға бағыттталған өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында салалық нормативтерді әзірлеуді және бекітуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілетін тәртіппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жұмыс беруші жүзеге асырады.
Өндірістік обьектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалу кезінде қойылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалуға, салуға және қайта жаңғартуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтардыжәне басқа да ұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берілмейді.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғартылатын өндірістік обьектілер, өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, сондай - ақ санитарлық және құрылыс ережелері мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді.
3. Өндірістік обьектілер уәкілетті орган белгіленген тәртіпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мезгіл-мезгіл аттестаттаудан өтуге тиіс.
4. Өндірістік мақсата салынған обьектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы міндетті түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргізеді.
5. Мыналарға:
- мемлекеттік сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткізілмеген, бекітілген үлгіге сәйкес келмейтін өлшеу құралдарын қолдануға;
- санитарлық - эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін тауарларды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауісіздігі еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілер
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары талаптарын бұзушылықтың белгілі болуына қарай, мемлекетік бақылауына нәтижелері бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттік еңбек иснпекторлары мынадай актілер шығарады:
А) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының бұзуылын жою туралы;
еңбек жағдайлары бойынша өндірістік обьектілерге аттестаттау жүргізу туралы;
өндірістік обьектілер мен жабдықтарда, сондай - ақ өндірістік процестерде жарақаттану қаупін және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшін еңбек қорғау жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы;
жекелеген өндірістегі, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен жабдықтарды және тұтастай ұйымдарды қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге, атаоған мерзімде міндетті түрде сотқа талап - арыз өтінішін бере отырып, пайдалануға тиым салу және тоқтата түру туралы. Бұл ретте қызметте тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін немесе соттың шешімі шыққанға дейін қолданылады;
Б) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы.
- Актілердің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
- Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін лауазымды, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
Еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету.
Барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайы жасалады. Еңбектің дұрыс және хауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. кімшілік өндірістік зақымданудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби сырқаттарының тууына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етіп отыруға міндетті. Еңбек коллективтері еңбек жағдайын, оны қорғауды жақсавртудың және санитарлық-сауықтыру шараларының комплексті жоспарларын талқылап, мақұлдайды және осы жоспарлардың орындалуын бақылайды.
Өндірістік үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды салу және пайдалану кезінде еңбек қорғау талаптарын сақтау.
Өндірістік үйлер, ғимараттар, жабдықтар, технологиялық процестер еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы тиіс. Бұған територияны және өндірістік үйлерді тиімді пайдалану, жабдықтарды дұрыс пайдалану және течнологиялық процестерді ұйымдастыру, еңбек етуге зиянды жағдайлардың ықпалынан жұмыс істеушілерді қорғау өндірістік үйлерді және жұмыс орындарын санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес ұстау, санитарлық-тұрмыс үйлерін салу жөніндегі талаптар қосылады. Өндірістік үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар сақталып отыруға тиіс.
Еңбек қорғау талаптарына сай келмейтін жаңа машиналардың және басқа жабдықтардың үлгілерін жаппай шығаруға өндіріске беруге тыйым салу
Машиналардың, станоктардың және басқа өндіріс жабдығының жобалары қауіпсіздік техникасы мен өндіріс санитариясы жөніндегі талаптарға сай келуге тиіс. Егер еңбек қорғау талаптарына сай келмейтін болса, жаңа машинаның, механизмнің және басқа өндіріс жабдықтарының бірде-бір үлгісі жаппай шығаруға өндіріске берілмеуге тиіс.
Еңбек қорғау талаптарына сай келмейтін кәсіпорындарды пайдалануға беруге тыйым салу
Бірде-бір кәсіпорын, цех, участке, өндіріс, егер оларда еңбектің жайы және қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмесе қабылдануға және пайдалануға беруге жатпайды. Өндірістік мақсатқа арналған жаңадан салынған және қайта құрылған обьектілерді мемлекеттік-санитарлық және техникалық инспекциясының және обьектіні пайдалануға беретін кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы кәсіподақ комитетінің рұқсатынсыз іске қосылуға жол берілмейді.
Еңбек қорғау жөніндегі әкімшілік үшін міндетті ережелер
Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың әкімшілігі барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге және бұл орындарда еңбек қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасауға міндетті. Мұндай ережелерді ССР Одағы мен одақтас республикалардың еңбек туралы заң Негіздеріне сәйкес СССР Министрлер Советі мен оның тапсыруы бойынша басқа мемлекеттік органдар ВЦСПС-пен бірлесе отырып немесе оның келісімі бойынша бекітеді. Еңбек қорғау жөніндегі салалық ережелер мен нормаларды белгіленгген тәртіп бойынша министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомостволар, мемлекеттік қадағалау тиісті кәсіподақтарының орталық комитеттерімен бірлесе отырып немесе олардың келісімі бойынша бекітеді. Еңбектің жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысты жүргізу кезінде сақтау қажет болатын талаптар ережелерде болмаған күнде кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның отырып, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін шараларды қолданады.
Қауіпсіздік техникасы және өндіріс санитариясы жөнінде жұмысшылар мен қызметшілерге нұсқау беру
Жұмысшылар мен қызметшілерге қауіпсіздік техникасы, өндіріс санитариясы, өрттен қорғау және еңбек қорғаудың басқа ережелері жөнінде нұсқау беру кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігіне жүктеледі.
Еңбек қорғау жөніндегі жұмысшылармен мен қызметшілер үшін міндетті нұсқаулар
Жұмысшылар мен қызметшілер өндірістік үйлер мен құрылыс алаңдарында жұмысты орындаудың және ондағы тәртіптің ережелерін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларды сақтауға міндетті. Мұндай нұсқауларды кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі жасайды және бекітеді. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер, ведомстволар кәсіподақтарының орталық комитеттерімен, ал қажет болған ретерде тиісті мемлекетік қадағалау органдарымен келісе отырып, негізгі кәсіптердің жұмысшылары үшін еңбек қорғау жөніндегі үлгі нұсқауларды бекіте аладыю Жұмысшылар мен қызметшілер, сондай-ақ машиналармен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген талаптарын орындауға, өздеріне берілетін жеке қорғану заттарын пайдалануға міндетті. Еңбек коллективтері кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларды барлық қызметкерлердің сақтауын бақылайды.
Еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың талаптарының сақталуын бақылау
Еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің сақтауы үшін үнемі бақылау жасап отыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі.
Еңбек қорғау жөніндегі шараларға арналған қаржылар
Еңбек қорғау жөнінідегі шараларды жүргізу үшін белгіленген тәртіп бойыеша қаржылар мен қажетті материалдар бөлінеді. Бұл қаржылар мен материалдарды басқа мақсатқа тыйым салынады. Жоғарыда аталған қаржылар мен материалдарды пайдаланудың тәртібі әкімшілік пен кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның кәсіподақ комитетінің арасында жасалатын еңбекті қорғау жөніндегі коллективтік шарттарда немесе келісімдерде белгіленеді. Еңбек коллективтері еңбек қорғауға арналған қаржылардың пайдалануын бақылайды.
Арнаулы киімдерді және басқа жеке қорғану заттарын беру және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін, сондай-ақ ерекше температура жағдайында атқарылатын немесе ластанатын жхэұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілерге белгіленген норма бойынша тегін арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану заттары беғріледі. Арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және басқа жеке қорғану заттарын сақтау, тазалау, жуу, құрғату, дезинфекциялау, газдан тазарту, дезактивациялау және жөндеу міндеті, сондай-ақ оларды кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігіне жүктеледі.
Сабын және залалсыздандыру заттарын беру
Ластанатын жұмыстрарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілерге белгіленген норма бойынша сабын тегін беріледі. Зиянды әсер ететін заттардың денеге зақым келтіруі мүмкін жұмыстарда белгіленген норма бойынша жуатын және залалсыздандыратын құралдар тегін беріледі. Сабынды, жуатын және залалсыздандыратын заттарды тегін алуға право беретін жұмыстар мен кәсіптердің тізбегін белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның кәсіподақ комитетімен келісе отырып белгілейді.
Сүт және емдеу-профилактика тағамын беру
Еңбек жағдайлары зиян, ды жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілерге белгіленген норма бойынша тегін сүт немесе соған теңестірілген басқа тағам өнімдері беріледі. Еңбек жағдайлары ерекше зиянды жұмыстарда істейтіндерге бнлгіленген нормалар бойынша емдеу-профилактика тағамы тегін беріледі.
Ыстық цехтардың жұмысшылары мен қызметшілерін газданған тұзды сумен қамтамасыз ету
Кәсіпорындардың, ұйымдардың әкімшілігі ыстық цехтардың жұмысшылары мен қызметшілерін газданған тұзды сумен тегін қамтамасыз етуге міндетті. Газданған тұзды сумен қамтамасыз етілетін цехтар мен өндіріс учаскелерін санитарлық қадағалау органдары кәсіпорынның, ұйымның әкімшілігімен келісе отырып белгілейді.
Жұмыс уақытына қосылатын үзілістер
Жылдың суық кезінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үйлерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілерге жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін жүкшілерге, сондай-ақ қызметкерлердің басқа категорияларына заңда көрсетілген реттерде жылыну және тынығу шүін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі. Кәсіпорынның, ұйымның әкімшілігі қызметкерлер жылынатын және тынығатын үйді жабдықтауға міндетті.
Кейбір категориядағы жұмсышылар мен қызметшілерді медициналық байқаудан өткізу
Ауыр жұмыстарда және еңбек жағдайы зиянды немесе хауіпті жұмыстарда, сондай-ақ транспорт жүрісіне байланысты жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілер олардың тапсырылатын жұмысқа жараидылығын анықтау және кәсіби сырқаттардың алдын алу үшін жұмычқа орналасар кезде міндетті түрде алдын және мерзімді медициналық байқаудан өтед. Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарының, су құбыры ғимараттарының, емдеу-профилактика және балалар мекемелерінің, ұйымдардың қызметкерлері халықтың денсаулығын сақтау сатымен жоғарыда аталған медициналық байқаулардан өтіп отырады.
Ауырып қалған жұмысшылар мен қызметшілері алғашқы медициналық жәрдемммен қамтамасыз ету және тасымалдау
Жұмыста жазатайым оқиға болған кезде және кенеттен ауырып қалғанда кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың әкімшілігі жұмысшылар мен қызметшілерді алғашқы медициналық жәрдеммен, мекеменің, ұйымның транспорт құралдарымен немесе олардың есебімен емдеу мекемесіне немесе тұрған жеріне жеткізіп тастауды қамтамасыз етуге міндетті.
Жеңілдеу жұмысқа ауыстыру
Денсаулық жағдайына байланысты жеңілірек жұмыс берілуіне мұқтаж жұмысшылар мен қызметшілердің олардың келісімі бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі медициналық қорытындыға сәйкес жеңілірек жұмысқа уақытша немесе мерзіміне шек қоймай ауыстыруға міндетті.
Жеңілірек жұмысқа ауыстырылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу
Денсаулық жағдайына байланысты төмен ақы төленетін жеңілірек жұмысқа ауыстырылған укезде жұмысшылар мен қызметшілердің бұрынғы орташа табысы ауыстырылған күннен бастап екі апта бойы сақталады. Туберкулезбен немесе кәсіби сырқатпен науқастануына байланысты төмен ақы төленетін басқа жұмысқа уақытша ауыстырылған барлық уақытына, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа, аурулығы жөніндегі имлисток бойынша жәрдем беріледі, бұл жәрдемнің мөлшері жаңа жұмыс бойынша жалақының қосқанда бұрынғы жұмыстағы іс жүзіндегі толық табысынан аспуаға тиіс. Егер әкімшілік аурулығы жөніндегі листокта көрсетілген мерзімнің ішінде басқа жұмыс бермесе, соның салдарынан босқа өткен күндер үшін жәрдем жалпы негіздер бойынша төленеді. Жұмыста жүріп мертігіуіне немесе денсаулығының басқадай зақымдануына байланысты төмен ақы төленетін жұмысқа уақытша ауыстырылған жұмысшылар мен қызметшілерге денсаулығының зақымдануына жауапты кәсіпорын, мекеме, ұйым бұрынғы табысы мен жаңа жұмыстағы табысының арасындағы айырманы төлейді. Мұндай айырма еңбекке қабілеттілігі қалпына келтірілгенге дейін немесе еңбекке қабілеттілігі тұрақты жойылғанын немесе мүгедектігін анықтағанға дейін төленеді. Денсауілық жағдайына байланысты төмен ақы төленетін жеңілірек жұмысқа ауыстырылған кезде төмен ақы төленген бүкіл жұмыс уақытында бұрынғы орташа табысын сақтаудың бойынша жәрдем төлеудің басқа реттері ССР Одағы мен Қазақ ССР-інің заңында көрсетілуі мүмкін.
Мүгедектердің еңбегін қолдану
Заңда көрсетілген реттерде әкімшілік мүгедектерді еңбекке орналастыру ретінде жұмысқа қабылдауға және медициналық ұсыныстарға сәйкес оларға толық емес жұмыс күнін және еңбектің басқа жеңілірек жағдайларын белгілеуге міндетті. Мүгедектерді уақытынан артық жұмысқа, демалыс күндеріндегі және түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың өздерінің келісімі бойынша және егер ондай жұмысқа медициналық ұсыныспен тыйым салынбаған жағдайда ғана жол беріледі.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және есептеу жөніндегі әкімшіліктің міндеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz