Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Туризм және Меймандостық университеті

Жоба

6В01401- “Дене шынықтыру және спорт”

Әмірбек Нұрсәуле, Абдраимов Бақдәулет, Өтебаев Мирас, Нұрмұхаммед Бейбарыс

Тақырыбы:Мектеп оқуышылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру саласында сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны

Түркістан, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық Туризм және Меймандостық университеті

“Қорғауға жіберілді”

“ДШ және БӘД кафедрасының”

Меңгерушісі

“”2021жыл

ЖОБА

Тақырыбы: Мектеп оқуышылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру саласында сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны

6В01401-“Дене шынықтыру және спорт”

Орындаған: Әмірбек. Н Абдраимов. Б

Өтебаев. М Нұрмұхаммед. Б

Ғылыми жетекші,

п. ғ. к., доцент Есіркепов Ж. М.

Түркістан 2021

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТІН НЫҒАЙТУ

2. 1. Дене тәрбиесі құралдары арқылы оқушы жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру

2. 2. Дене тәрбиесі жаттығуларымен жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру

3. МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3. 1. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік

3. 2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оның түрлері мен талаптары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Болашақ көшбасшыларды адамгершілікке тәрбиелеу бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды жағдай болып саналады: олардың отансүйгіштік сезімін, білімі мен біліктілігін, іскерлігі мен дағдысын, жоғары адамгершілік пен адамгершілік құндылықтарын, жаңа дүниетанымын, салауатты әдет-ғұрыптары - жағымды мінез-құлық рухани адамгершілік қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» жолдауы негізінде көп қарастырған. [1] Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. [2] Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының осы Заңы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген және адамдарды қалыптастыруға, дамытуға сондай-ақ кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуға жеткілікті жағдайлар жасау жолдарын нақтылап көрсеткен. Ал «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру мазмұнын ізгілендіру тұжырымдамасында» . . . [3] әр жеке адамның рухани жән күш қуат мүмкіндіктерін ашуы, салауатты өмір салт негіздерінің берік қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін қажетті жағдай жасау міндеті айырықша біз қарастырып отырған мәселенің қоғам талабынан шығып отырғаны біздің тақырыбымыздың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Қазіргі таңда қоғамның ізгілікке, руханиятқа бет бұруы студенттердің оқу-тәрбие жұмысында салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру педогогика мен медицинаның көкейтесті, өзекті мәселесі болып келеді. Салауатты өмір салты өздігінен пайда болмайды, оған тәрбиелеп, жағдай туғызу қажет. Мемлекет тарапынан қолданылып отырған саясатқа сәйкес алдағы уақытта әркімнің жеке басының денсаулығын сақтау олардың жеке бас жауапкершілігіне жүктелетіндігіне көп адамдар көндікпей жүр. Осы айтылған дүиелердің түйініне келер болсақ бұлар оқушы жастардың және студенттердің салауатты өмір сүру мәселесіне тіреледі. Медицина саласы қанша жетілсе де бүкіл адамдарды сырқаттан сақтай алмайды. Адамдар өз денсаулықтарын өздері жасайды, сол үшін күресе білу қажет. Себебі адам дұрыс өмір сүрмесе, зиянды заттарға әуес болса, қозғалысы аз болса, шамадан тыс көп тамақтанса 20 жаста ақ түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. Сол себепті де адам баласы жеткіншек жастан салауатты өмір салтын ұстануы, гигенаға қаттырау мән беруі, барлық дүниелерді ақылға салып, денсаулықты нағыз үйлесімдікте ұстануға жағдай жасауы қажет. Денсаулық-адамның басты байлығы және де еңбекке деген қабілеттілігін білетін, жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін, бірінші және маңызды қажеттілігі. Адамның бақыты мен өзіне деген сенімін оятатын, айналасын танып-білуінің алғышарты болып саналады. Өмір салты жеке адамға және бүкіл қоршаған ортаға өз әсерін тигізеді. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ адамдардың жеке бас ерекшеліктері яғни тамақтануы, киім киісі, ортасымен араласуына тәуелді осы себептердің барлығының жиынтығы- салауатты өмір салты деп айтсақ болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі уақыттағы балалардың адамгершілік қасиеттерін нығайтуда теориялық тұрғыдан негіздеп педогогикалық шарттарды тианақтап ұсыныс тастау.

Зерттеудің нысаны :жалпы білім беретін мектептердегі мектептен тыс және сыныптан тыс жұмысатры.

Зерттеу әдістері :жалпы білім беретін мектептердегі оқу құжаттарын зерттеп, сыныптан мектептен тыс істелінетін тәрбие жұмыстарын талдау, болатын іс-шараларға да алдау жүргізу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында балаларға адами қасиеттерін қалыптастыруға қатысты тәрбиелік мәнінің мүмкіндіктерін анықтау оның нәтижелерін қорытындылау.

Негізгі бөлім

  1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТІН НЫҒАЙТУ2. 1. Дене тәрбиесі құралдары арқылы оқушы жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру

Оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру денсаулығы мықты, денесі жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін орындауға әбден қабілетті ұрпақты дайындауды қажет етеді. Қазақстанның әрбір азаматын бла жасатн дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мәселе болын саналады. Адамадр жұмыс істеуіне, оқуына, кімлермен араласатынына, бос уақыттарында немен айналысатындары, қайлай киінетіні, немен тамақтанатыны және т. б себептерге байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктер жиынтығы- өмір салты деген ұғымға ие болады. Өмір салты адамның өз денсаулығына деген көз қарасын да, ссондай-ақ қоршаған ортадағы өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген көзқарасын айқындайды. Егер өмір салты адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға көмектесетін болса. ондай болса өмір салтын Салауатты өмір салты деп атауымызға болады. Зиянды әдеттердің кең таралуы жекелеген адамдарға ғана емес, сондай-ақ тұтас қоғамға да орасан зор зиян тигізеді. Шамадан тыс сіресе арақ-шарап пен есірткіні теріс пайдалану жеке тұлғаның азғындауына, отбасының ажырауына және де өзгеде жағымсыз зардаптарға әкеледі. Жағымсыз әдеттер, әсіресе балаларға жеткіншектер мен жастарға елеулі зиян тигізеді, себебі олардың ағзалары дұрыс қатаймаған сол себептен зиянды заттардың құрамында болатын улы заттарға ағзалары қарсы тұра алмайды. Жастардың зиянды әдеттерден құтылуына дене тәрбиесі мен спорт үлкен жағымды роль атқарады. Өмірдің спорттық үлгісін, жастардың спорттық жеңістерге мақсатты ұмтылысын насихаттау пайдалы. Білім беру мекемелерінде “Спортты ал серікке, есірткіге елікпе” деген мағынада көп жұмыстар жүргізілгені жөн. Осы мақсатты дене тәрбиесі мен спорттың құндылықтарына жастардың көзқарасын өзгертуге, салауатты өмір салтына деген басым көзқарасты қалыптастыруына, дене шынықтыру-сауықтыру қызыметінің аясын кеңейтуге бағытталған бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыру жолымен жетуге мүмкіндік ашады. Ол үшін:

1. Оқушы жастардың әлеуметтік жағынан қамтылу себептерін зерттеу

2. Психикалық тұрғыдан қатты әсер ететін заттарды қабылдауға бейімдеу оқушылардың дене және психикалық қасиеттерін анықтау.

3. “Қауіптілеу топтағы” жастардың жеке морфофункциядық және дене ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау өлшемдерін дайындау

4. Есірткімен әуестендірудің алдыын алу үшін қозғалыс белсенділігінің оңтайлы режімдерін, дене жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығын қоса дене тәрбиесі мен спорттық қызметтің әдістерін, құралдары мен түрлерін сынақтан өткізіп, негіздеу.

5. Есірткіні қолдануға бейім жеткіншектермен жүргізілетін түзету-сауықтыру жұмыстары бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды дайындау

6. Оқушы жастардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дене психикалық және функционалдық жағдайын үнемі анықтап отыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін шешу қажет.

Оқушы жастарды спортпен айналысуға тартуды, оған себепті-бағалы көзқарасты қалыптастыруды сақтандыру жұмыстарының маңызды кезеңдері деп есептеу қажет. Есірткіден сақтандыруға бағытталған оқу-тәрбие процесіндегі ең маңыздысына төмендегідей әдістемелік тесілдерді пайдала отырып, оқушылардың психикалық-эмоцианалдық жағдайын түзетуді жатқызған жөн: 1. Қиын балалар қорқынышсыз сенімді түрде іс-әрекет жасайтындай педогогикалық жағдайларды жасау. 2. Дене тәрбиесі сабақтары мен спорт түрлеріне мықты қалыптасқан қызығушылық кезеңінде-жеткіншекетрдің әрекетіне бақылау орнату, мақтау, марапаттау, жарыстарға қатысу, қажет болса құқық қорғау органдарының есебінен шығару жөнінде ұсыныс жасау 3. Оқушының сенімсіз болған жағдайында, дербестігі мен еңбек сүйгіштігі мен мақтауды пайдалана отырып, тапсырмаларды орындаудың жеңілдеу гұсқаларын ұсыну. 4. Қызбалау келген оқушыларға эстафета өткізуде норма, сынақ тапсыруда, жаттығуды көрсетуде жетекші рөлдерін ұсыну.

2. 2. Дене тәрбиесі жаттығуларымен жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру

В. К. Бальсевич пен В. А. Запорожныйдың пікірлері бойынша балалар мен жеткіншектер дене тәрбиесінің басты бөлігіне дене жаттығулары жатады, ал оның негізінде мақсатты-бағытты қозғалыстар енеді. [4] Қозғалыс-физиологиялыұ механизмдермен реттелетін және ағзаның морфологиялық және физиологиялық көптеген жүйелерімен қамтамасыз етілетн еттердің ұйымдасқан қызметі. Қозғалыстың мақсаты дене тәрбиесінің кезек күтпейтін ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаттарымен анықталады. Бір нақты жаттығу қажетті бағыт пен берілген көлемде күш жұмсауды дамытады. Дене жаттығуларымен ұзақ айналысу адамның жоғары дене мүмкіндігі жеңгейіне жетуге денсаулықты қалыптастыруға табандылықты, еңбек сүйгіштікті және өзге де маңызды қасиеттер мен мінезге тән еекшеліктерді тәрбиелеуге жәрдемеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының Қазақстандағы қолданыстағыдне тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезекте сауықтыру міндеттерін шешуді көздейді. Қоғамдағы дене тәрбиесінің негізгі мақсаты денсаулықты сақтау әне нығайту. Көптеген еуропалық елдерде дене тәрбиесі мынандай міндеттерді алға қояды. Балалар дене тәрбиесі денсаулықтың жоғары деңгейіне және ағзаны шынықтыруға қол жеткізуге, сондай-ақ дене белсенділігінің жағымды бағыт ұстануын қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін дене шынықтыру құралдарын мақсатты пайдалану және халықты оқыту мен тәрбиелеу практикасы мемлекеттің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайын, Қазақстан аймақтарының климаттық және жағрафиялық ерекшеліктерін, тұрғындардың еңбек қызметінің сипаты мен демографиялық ерекшеліктері, сондай-ақ адам денесін жетілдірудің болашағын есепке алуы керек. Дене тәрбиесі құралдары арқылы Қазақстан Республикасы тұрғындарын сауықтырудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- дененің қабілеттілігінің және мүмкін болатн деңгейін, денсаулықты нығайтуды қамтамасыз ететін, дене тәрбиесімен айналысудың мектеп жасына дейінгі және мектептік негізгі мазмұынын жетілдіру.

- мЕктеп жасына дейінгі балалардың аптасына 10-12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің ғылыми негізделген көлемін орындауы

- мектептегі сабақтардың фундаменталды бөлімінің мазмұнын толықтыратыын дене тәрбиесін ұйымдастырулың мектептен тыс түрлерін жетілдіру және жастар үшін жаттығу бағдарламаларының қазіргі нұсқаларын дайындауа

-оқушы және студент жастардың сабақтан тыс және сыптан тыс жаттығу жүйесін жетілдіру, ісзденісті белсенділіктерін, дербестіктері мен белсенді демалыс құралдарын таңдаудағы ерекшеліктерін ұмытпау, 5 сыныптан бастап ер балалар мен қыз балалар үшін бөлек оқуды енгізу. Студент және оқушы жастардың аптасына 8-10 сағат қозғалыс белсенділігінің көлемін орындау. Осы айтылған бағыттарды дұрыс орындау өзіміз үшінде қоғам үшінде пайдалы.

3. МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3. 1. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік

Сыныптан тыс жұмыстар және дене тәрбие жаттығулары сабағы сыныптан тыс уақытта ұйымдастыру жүйесі болып саналады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, мазмұны және ұйымдатырылуы болашақ ұрпақ дене тәрбиесінің мақсаттары мен жалпы міндеттерін қарастыруға бағытталған. Мектеп жасындағы балалардың жалпы дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде сыныптан тыс жұмыстар оқу процесіне тәуелді жағдайда орындалып, оны айырықша мазмұнмен байытады және сабақты түрлі формада ұйымдастырумен және мақсатты бағытта бірегей тұтастықта болып, одан келесі ерекшеліктермен ажыратыладцы. 1. Сыныптан тыс жұмыстар ерікті бастамалық жағдайда ғана жүргізіледі. Сабақтың іске асырылу мазмұны мен түрі көпшілік оқушылардың қызығушылығымен және мектептің материалдық базасы мүмкіндігі ескеріліп айқындалады, яғни оқушыларға өз еркімен ұнатқан спорт түрінен сабаққа қатысуына жағдай істелінеді. 2. Сыныптан тыс жұмыс мектеп оқушыларының өздерінің кең көлемедегі қоғамдық белсенділік негізінде мектеп дене мәдениті ұжымының құрамында құрылып үнемі мектеп дерекцириясының, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің, басқа да мектеп педогогтарының тарапынан қадағаланып, олардың жұмысты іске асыруына т. б жұмыстарына басшылық жасалады. 3. Сыныптан тыс жұмыстар барысында педогогикалық басшылық ең көп дегенде әдістемелік -нұсқау және ақыл-кеңес, ұсыныс сипатында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін көрсетуіне ықпал жасайды.

-Сыныптан тыс жұмыстардың өте маңызды болып келеді:

-Балалардың қозғалыс белсендік деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады және олардың денсаулықтарын жақсартады:

-мектеп оқушыларының демалысын пайдалы және қызықты өтуіне септігін тигізеді:

-Олардың денелерін нығайтып жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандырады және спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын туындатады, бір жағынан тәрбиелейді:

-Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін жоғарлатады.

Оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін шешуде сыныптан тыс жұмыс мыналарды орындауға бағдар жасайды: 1. Дене жаттығуларымен арнайы түрде шұғылдануға мейілінше көп оқушыларды тартуға мүмкіндік жасайды. 2. Білімін, жаттығуды орындай алу қабілетін және дағдысын, қозғалғыштық, адамгершілік және ерік-жігер сапаларын, яғни дене тәрбиесіне міндетті оқу процесінде білімін кеңейту және жетілдіру, оқушылардың оқу бағдарламасы материалдарын барынша сапалық орындауына және президенттік тест жүйесі талаптарын дұрыс тапсыруына жағдай жасайды.

1. Оқушылардың бос уақыттарын өздерінің жеке денелерін қалыптастыруы және сауықтыруы үшін пайдалы өткізу, өз бетінше орындай алатын дене тәрбиесі жаттығулары мен күнделікті өмірде жасай алуы және күнделікті айналысуын қалыптастырады. 2. Өз жас ерекшеліктеріне қарай, шұғылданатын спорт мамандығынан, яғни сол спорт түрінен спорттық дәреже (классификация) талаптарының деңгейінде жақсы нәтиже көрсетуге көмектеседі. 3. Мектептің қоғамдық дәрежедегі нұсқаушылары мен төрешілерін дайындау бөлімдері.

Дене тәрбиесінен сыныптан сыныптан тыс жұмыстарын екіге бөліп қарастырады

1. Денені шынықтыру, яғни сауықтыру Президент тестін тапсыруға дайындау, секциялардағы ЖДД (жалпы дене дайындығы) туристік жорықтар, жалпы көпшілік жарыстар мен дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру, және де күн тәртібіндегі дене тәрбие жаттығулары. 2. Спорттық бағыттағы жұмысатар- бұл спорт секцияларындағы оқу-жаттығу сабақтары және спорт түрлері бойынша жарыстар. Балалардың спорттық жаттығуларының негізгі ережесі, сонымен бірге спорттық бейімделу, хабардар болу және таңдау «спорттық дайындық» бөлімінде терең қарастырылған.

3. 2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оның түрлері мен талаптары.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді.

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттығулар

2. Мектептегі жаттықтырулар(секциялар)

3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. 4. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс

4. Спорт түрінен өткізілетін жарыстар.

5. Туристік жорықтар, саяхаттар.

5. Денсаулық топтары

7. Спорт мерекелері

Сыныптан тыс жұмыстардың барынша пайдалы әсері мынадай мәселелерге тоқталуда айқындалады: 1. Оқу жұмысының мазмұндық қабылдауына, сонымен қатар ұйымдастыру-әдістемелік жоспарына тікелей қатысты. 2. Кең ауқымдағы мектеп оқушвларын дене тәрбиесіне тарту үшін сабақтың орындалу мүмкіндігі және формасының түрліше болуына мән беру. 3. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстарды мектептің оқу-тәрбие процесіндегі барлық жұмыстардың жүйесіне органикалық түрде кіргізу. 4. Мектептің спорт базасын материалдық-техникалық жағынан жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, сыныптан тыс спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу, спорт секцияларына, командаларға жетекшілік жасау, қамқорлық жасайтын ұйымдармен, ата-аналар қоғамдастығының көмектерін қабылдап іске асыру. 5. Мектеп дирекциясы және педагогтары тарапынан мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметіне нақты жетекшілік жасау.

Сыныптан тыс жұмыстарға педогогикалық басшылық жасау

Басшылық дұрыс жүргізілуі үшін педогогикалық ұжым мүшелері арасында міндетті лұрыс бөлісу, олардың әрекеттерінің бір ауыздан мақұлдануы және сол орынға лайықтылығы дұоыс басқаруға белгілі дәрежеде өз әсерін береді. Директор-мектеп қызметкерлерінің бірегей топтасқан күш бағытын қамтамасыз етіп, жалпы мектептік жоспарда оқушылардың дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары мәселелерін ортаға салады, дене тәрбиесі пәні мұғалімі мен келісе отырып сыныптан тыс дене мәдениеті жұмыстарының барынша кезек күттірмейтін мәселелерін педогогикалық кеңесте, ата-аналар комитеті отырыстарында және арнайы мәжілістерде талқылауға ұсынады, мектеп дене тәрбиесі ұжымының жұмысын бақылап, басшыылқ жасайды. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбастары мектептің тәрбие жүйесінде сыныптан тыс жұмыстарды жоспар құруға және жүзеге асыруда мұғалімдер мен студент, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының қызмет саласын жүйелі түрде ұйымдастырады және кеңес береді, сынып жетекшілерінің, жасөспірімдер арасындағы белсенділерді, ата-аналар комитетінің мүшелерін, демеушілік ұжымдарды тартады.

Дене тәрбие пәні мұғалімі- әдістемелік-нұсқау, түрлі іс-шаралар (семинар сабақтар, көрнекті оқу-жаттығу сабақтарын ашық өткізу арқылы және т. б) және жекелей, ақыл-кеңестер беру арқылы педогогикалық ұжымға дене тәрбиесі жұмыстарының мәселелері бойынша көмектесе алады.

Сынып жетекшісі- өзінің оқушыларымен араласып, қызмет етуіне байланысты әрбір оқушыны дене шынықтыру жаттығуларымен күнделікті шұғылдануына, Президенттік тестін тапсыруды және табысты ұйымдастыруға кмектеседі.

Мектеп жастар ұжымы - бұрынғы комсомол, пионер ұжымдарының жұмыстарын қазіргі уақытта мектептердегі жастар ұйымдары жасайды. Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты Президент тестін тапсыруда, спорттық жарыстарды және спорт мерекелерін ұйымдастыруда дене тәрбие пәні мұғалімімен бірлесе отырып өткізу шараларына ат салысып өз көмектерін көрсете алады.

Мектеп дене мәдениетіне тәрбиелеу ұжымы -бұл оқушылардың қоғамдық спорт ұжымы мектепте және отбасында мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесімен шұғылдануына жағдай жасайды. Мектептегі оқушылардың дене мәдениеті ұжымын басқарулары оқушылардың өз-өздерін басқару жүйесімен жүзеге асырылады. Дұрыс ұйымдастырылған мектеп дене мәдениеті ұжымының қызметі мектепте сыныптан тыс жұмыстардың ауқымын кеңейиуге мүмкіндік туғызып дене жаттығуларымен айналысуға және қоғамдық пайдалы қызметке көптеген оқушыларды тартуға ықпал жасайды. Бұл ұжымның жұмысының мазмұнына мектептегі спорт секцияларын, топтарын, дене мәдениеті үйірмелерін ұйымдастырып, олармен жұмыс жүргізу кіреді; қалааларлық, аудан және жалпы мектеп ішілік спорттық сауықтыру шараларын жоспарлау және өткізуде осы ұжымның міндеттерінің бірі оларға жарыстар, мерекелер, үзілістегі ойындар және т. б шаралар кіреді. Және де

-президент тестін тапсыруды ұйымдастыру және жасөспірімдер спорттық дәрежесін алуға дайындау:

-қоғамдық негіздегі дене мәдениеті ұйымдастырушыларын, жасөспірім спорт нұсқаушыларын және спорт төрешілерін дайындау:

-мектептің құрамы командаларын барлық сыныптан, мектептен тыс дене мәдениеті шараларына толық қатыстыруды естен шығармай қамтамасыз ету:

көшелер мен мөлтек аудан тұрғын үй комитеттерін, балалар мен жасөспірімдердің дене мәдениеті шараларына байланысты демеушілік қолдау көрсету:

-дене мәдениеті мен спорт туралы оқушылардың арасында насихаттау:

-мектеп спорт алаңдарын, спорт залдардың оқу спорттық базасындағы құрал жабдықтарды жсауға көмек көрсету:

Мектеп дене мәдениті мен спорт ұжымына IV-XI сыныптардың арасында аз дегенде 25 оқушы өз ықпалымен кірген жағдайда ғана құрылады және ұжымға мүше болудың маңызды шарттарына тоқталсақ: а) ұжымның мүшелері барлық тиісті міндеттерді түсініп және тианақты орындайды: б) дене жаттығуларын жүйелі түрде сабақпен қатар алып жүруді үйлестіреді: мектептің және сыныптың дене мәдениеті және спорт өміріне белсенді түрде араласады, спорт жарыстарына және спорт-сауықтыру іс-шараларына, Президенттік тестті тапсыруға қолғабыс жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Мектептегі тәрбие жұмысының орталығы
Жасөспірімдерге мінездеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz