Тәжірибе авторы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Мазмұны2

Тәжірибе авторы3

Тәжірибе тақырыбы3

Тәжірибені жинақтау шарттары3

Тәжірибенің өзектілігі3

Тәжірибенің теориялық негіздемесі3-4

Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы4-8

Тәжірибе технологиясы8-11

Іс-тәжірибенің нәтижелілігі11-12

Тәжірибе ауқымы12-13

1. Тәжірибе авторы туралы мәліметтер:

Аты - жөні : Амаркулова Онланкуль Жолдабековна

Туылған күні: 28 қазан 1973 жыл

Білімі: жоғары

Санаты:педагог-зерттеуші

Диплом бойынша мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі,

Білім мекемесі атауы, бітірген жылы: Көкшетау қаласы Абай Мырзахметов атындағы университет 2020 жыл

Жалпы еңбек өтілі: 29 жыл

Телефон нөмірі87713725987

Электрондық почта amarkulova777@mail. ru

2. Тәжірибе тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының « Белсенді оқыту» әдістері арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту

3. Тәжірибені жинақтау шарттары: Бұл іс-тәжірибе «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2019 жылдан бастап 1-4 сыныптарда пәндерді оқыту үшін жазылды. СТО технологиясының «Белсенді оқыту» әдісі пәнаралық байланыс, топтық, жұптық, жеке жұмыс, модельдеу, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Өзім оқытқан сыныптарда «Белсенді оқыту» әдістерін қолданып, оқушылар сабаққа белсене араласып, мақал-мәтел жаттау, өлең оқу, нақыл сөздер қосып өз ойын жеткізуге себебін тигізді.

4. Тәжірибенің өзектілігі: Жалпы білім беретін мектепте сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Белсенді оқыту» әдісі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ортада өз ойын еркін анық айта білуге, сөздік қорын дамытуға негізделеді. Оқу мен жазу арқылы СТО технологиясын үрдісінде тұрақты қолдану. Оқушылардың пікірін еркін қорғай білуге сөйлеу қорын жетілдіруге баулу. Шешендікке баулу, . Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, білім алуға баулып алған білімін, меңгерген дағдыларын жаңа жағдайларға байланысты шығармашылықпен қолдана білуге икемдеу. СТО технологиясында белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың жан-жақты дамығанын, білімге қызығушылығын байқадым. Оған дәлел оқушылардың сабақта ойын еркін айтуы, бір-бірінің ойын толықтыруы, өзін-өзі бағалауы, пікірталасқа түсуі, қалалық, облыстық, республикалық байқауларға

  • Балалар өз ойын ашық айтып пікірталасқа түсе білуі;
  • Алған білімдерін қажет жағдайда өмірде пайдалана білуге;
  • өзін-өзі тәрбиелеу, жаңа көз-қарас қалыптастыру, өзін-өзі жетілдіру.
  • Сөйлеу дағдысын дұрыс қалыптастыру, сөздік қорын молайтуы

5. Тәжірибенің теориялық негіздемесі: Әрбір сабақты шығармашылық ізденіспен технологияларды қолдана отырып жоспарлаймын, қосымша әдебиеттерді, әр түрлі ресурстарды кеңінен әрі тиімді пайдалануға тырысамын. Оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатына қарай сабағымда бағдарламаға қосымша ретінде әр түрлі салаға бейімдеймін. Кіріктірілген сабақтарды жиі өткізіп тұрамын, өйткені бұндай сабақ балаларға ұнайды. Сабаққа деген қызығушылықтары оянады. Өз сабақтарымды СТО-ның стратегияларын жеті модуль бойынша, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың бойында төрт дағдыны қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізе отырып мини көріністер, диологтік қарым -қатынас, аудио жазбаларды, интерактивтік тақтаны ютуб желісін пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр сабағым қайталанбай, оқушының шығармашылық, танымдық белсенділігін арттырамын сөздік қорын молайтуға жұмыс жасаймын.

«Белсенді оқыту» әдісін пайдаланатын уақытта мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар мен мақсат қойып, өзінің іс-әрекетінің рөлі мен іс-қимылын жиі ойластырып, жауап бере отыруы қажет, қойылған мақсат бойынша жұмыс жүргізіп отырамын. Әр сабаққа мақсат дұрыс қоя білу қажет.

«Белсенді оқыту» әдістері жаңа білімді алдыңғы біліммен ұштастырады, жіберілген олқылықтар бізге өзімізді тексеріп, білімімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасымызды өзгертеді. «Белсенді оқыту» әдісі өз тәжірибемнің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, зертеу жүргізіп, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға жағдай жасайды.

Пән аралық байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, жан-жақты білім алуға мүмкіндік туғызады, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың ауқымды саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген ынтаны арттыра алады. Ойын ашық айта білуге машықтандырады.

Оқушылар өзара пікір алмасып, тапсырмаларды талқылауы бір-біріне білім мен дағдыларды үйрете отырып, бір -бірін бағалай отырып, тақырыпты терең түсінуіне жол ашады. Оқушылардың өз білімі туралы ойланып, әрі қарай әрекет етуге шешім қабылдауына мүмкіндік ала отырады, тапсырманы қарапайымнан күрделіге, оқушылардың оқуға деген ынтасын, дұрыс сөйлеуін, сөздік қорын арттырып отырады. Оқыту үдерісінде білім алушының алдына қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін растау ретінде басқа да оқу міндеттері қойылып және тиімді сыныптық пікірталас жаңа қөз-қарас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің әр уақытта кері байланыс жасауы, мақсаттың айқындалуы білім алушыларды алға қарай ұмтылуға, білімін жетілдіруге, табысты нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.

6. Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы:

Ұстаздың негізгі міндеті оқушыларға сапалы білім беру, алған білімін өмірде қолдануға, тақырыпты терең меңгерту, сөз шеберлігін шыңдау, шығармашылықпен білім деңгейін өсіруге ықпал жасау. Әрбір сабақты практикалық жұмыстармен ұштастырып отыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Төрт дағдыны оқушының бойына дамыта отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім сапасын көтеру міндетім деп келемін. Соның нәтижесінде білім сапасы 60-65 % дейін көтеріліп келеді. Атап айтатын болсам, оқушыларым республикалық, қалалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып отырады. Қалалық сайыстардан «Зерде» ғылыми -практикалық конференциядан Молдабеков Рамазан -үшінші орын. Аманжол Айғаным - «Қала Ханшайымы» атанды. Тагаймуратов Нурболыс - «Өнерлі бала» номинациясына ие болды. Республикалық «Сүйкімді жануарлар әлемі» сайысында: Арапова Азиза - екінші орын. Республикалық «Қашықтықтан оқу олимпиада» сайысында оқушыларым дипломдарға ие болды: Хамзаева Ақерке, Серикбаев Әбілмансур, Арапова Азиза, Нурманов Нуркан, Досан Аружан және Молдабеков Рамазан . «Жас математик» қашықтықтан олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Мектепішілік сайыстарға, іс-шараларға белсене қатысып жүлделі орындарды иеленіп отырамыз.

Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдысын оқушыларымның бойына дарыта отырып, осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмын. Білім алушыларға сапалы білім, шығармашылық ізденіс, саналы тәрбие беруге атқарылып жатқан жұмыс өз нәтижесін беріп отыр. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты-білім, дағды іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ, сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістерімен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани байлығы білімге деген күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, барлық мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын, білімге деген қызығушылығын оятып қамтамасыз ету, өмірге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, шығармашылыққа деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандық таңдауға ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз . Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Өмірге жеке тұлға қалыптастыра алады.

Оқытуда пән мұғалімінің назарға алатын басымдықтары:

Оқушылармен жұмыс жүргізгенде мұғалім оларға өз ойын толық жеткізуіне, толық жауабын айтып аяқтауға мүмкіндіктер беруі қажет, оқушының пікірімен санасу қажет, жауабын толық тыңдауы, міне осы кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясының берері мол. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?Сын тұрғысынан ойлау-шындалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс түсінік емес. Жас балалармен де бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыра алған жағдайда өз даму ерекшеліктеріне сәйкес ойлары шыңдалып, белгілі бір нәтижеге жетері сөзсіз. Соған әрекет жасау керек.

Бұл технология негізі үш кезең бойынша қолданылады.

  • қызығушылықты ояту.
  • мағынаны тану.
  • ой -толғаныс.

Осы кезеңдерді тиімді қолдана білсе, берер нәтижесін төмендегі сызбадан көре аламыз.

Мұғалімдерге қойылатын талаптардың негізін шығармашылық белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық болса, екіншіден адамдар арасындағы татулық тәрбиелеу. Мұғалім оқушыларға кеңесші де, хабарлаушы да, тәлімгер де болса, оқушылардың қарым-қатынас мәдениеттілігі де, сөйлеу мәдениеттілігі де дамиды. Тек жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білсек, СТО технологиясының берері көп. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда оқытудың тиімділігін сапасын арттыруда ерекше маңызды. СТО стратегиясы бастауыш сынып оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйретеді.

Ең бастысы жекелей, топпен, жұппен жеке жүргізу сыныптың сабақтағы білім сапасын арттыруды өз үлесін береді. СТО стратегиялары оқушымен ұстазды ізденуге ынталануға жетелейді, қарым -қатынастарын нығайтуға, шығармашылық шабыт белсенділік береді. Болашаққа деген көз- қарасын өзгертеді. СТО-ны үйрету үшін мына шарттарды есте сақтау, білу қажет:

  1. СТО-ны үйрету үшін уақыт шыдамдылық керек.
  2. Ойланып толғануға, ойын ашық айтуға, пікір таласқа түсуге рұқсат беру.
  3. Әр түрлі идеялармен пікір жауаптарды қабылдау.
  4. Жауаптың сынының дәлелді болуын талап ету.

Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» « менің дәлелім» «өйткені» деген жауапқа дағдыландыру. Жауапқа мадақтап, жаманын сынамау. Мұғалім жауапты соңына дейін тыңдау, баланың өз еркінсіз қинап сұрамау. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыруға септігін тигізеді. Оған дәлел әр сабақта қолданылған СТО стратегияларының нәтижесін байқауға болады. Осының нәтижесінде шығарма жазу барысында, суретпен мәтін құрастыру кезінде сөздік қорларының молаюы. «Бес жолды» өлең жолды стратегиясы ақындық қабілеттерін ашуға септігін тигізеді. Топтармен жұмыс жүргізу арқылы ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға ережеге бағынуға тәрбиеледі. «Түртіп алу» стратегиясы арқылы өзіне қажетті жағдайлардан мағлұмат алу «Б. Б. Б» арқылы ойларын ашық айтуға, қағаз бетіне түсіруге үйретеді. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, зерттеуші, өз ойларын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші роль атқарады.

Оқу -өнер. Олай болса, сол өнерге жетік болу-мұғалім міндеті. Әр баланың өнерін ашу мұғалім үшін үлкен еңбек. Бұл мұғалімнен асқан шеберлікті шыдамдылықты қажет етеді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Ал біздің міндетіміз оқушыға оның бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ашуға ықпал жасау керек.

  1. Орталық мұражайға апару.
  2. Әртүрлі кездесулер өткізу.
  3. Әртүрлі тақырыпқа сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма эссе жаздыру.
  4. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, кітап оқыту оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.

5. Сыныптан тыс іс-шаралар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулауға, шәкірт бойындағы ынтасын қабілет көзін ашып, өз бетінше ізденуге қиялын ұштауға, тілін байытуға таза сөйлеуге әсерін тигізеді.

Пән мұғалімінің мақсаты мен міндеті.

Бастауыш мектепте оқытудың негізгі мақсаты, оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым дағдысын бойына дарытып қазіргі заман талабына сай әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, ізденіс, талап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болу. Осы салада өзімнің алдыма мынадай мақсаттарды қоямын:

  • Жұмыс жүйесін жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге ұсынып оқушыны шығармашылыққа, ізденіске баулу.
  • Дарынды, талантты оқушылардың мүмкіндіктерін анықтау ашу
  • Жаңа тақырыпты ізденіс барысында түсіндіру.
  • Тірек тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
  • Сабақтарда тест қолдану.
  • Өзін -өзі бағалауға үйрету.
  • Пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.
  • Жұмыстың әр-түрін қамту.
  • СТО технологиясын сабақтарда қолдану.
  • Отанының адал азаматы болуға, елін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

7. Тәжірибе технологиясы:

Оқушылардың мектепте алатын тәрбиесімен білім жетілдірудің қайнар көзі - оқыту әдісін жетілдіру мәселесі. Мектепте жаңа технологияларды қолдану оқу үрдісіне қажетті әдіс-тәсіл, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелік кешенін қалыптастыруда көздейді.

Өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс, еліне адал қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің, ұстаздың алатын орны ерекше . Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, білім шыңына жетуіне, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын алғашқы өмірге көз-қарасын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген пәнге деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Өзімнің іс-тәжірибемде Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Белсенді оқыту» әдістерін қолдана отырып әрбір сабағымның жүйелі өтіп жетістіктерге қол жеткізуді көздеймін

C:\Users\Erkesh\Desktop\img_phpEJzet6_14.Kurmanbaeva-Z.M_1 (1).jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кабис бағдарламасы
Зығыр
Әлеуметтану және саясаттану
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Маркстің экономикалық теориясы және қазіргі кезең
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Биологияны оқыту әдістемесі түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz