Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей КЕАҚ университеті
Гуманитарлық-экономика факультеті
Музыкалық білім беру кафедрасы
Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі.
Орындаған:Есенов Арман
Тобы:МО-001
Тексерген Каранова. М.Х
Студенттің аты жөні: Есенов Арман
Оқыту бағдарламасы: Хор педагогикасы
Курс :2
Топ:МО-001
Жоба тақырыбы: Дирижерлық өнер орындаушылықты өнердің бір түрі.
Жобаның мақсаты :
- Дирижерлық өнер орындау шеберлігін студенттерге түсіндіру.
- Дирижерлық өнер көрсету кезіндегі іс қимылдармен бөлісу және үйрету.
-Дирижерлік өнер дамуына үлес қосқан дирижерлар және дирижерлік өнер шығу тарихымен бөлісу.
Жоба жұмысының жоспары:
Кіріспе
1.Дирижерлық өнер.Дирижердің орындау шеберлігі.
2. Дирижерлық өнер көрсету кезіндегі іс қимылдар.
3. Қазақтың тұңғыш дирижері.
4. Қазақстанда хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар.
Қорытындысы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дирижер - музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды.
Музыканттарды шабыттандырып, қол қимылдарына негізделген белгілі бір тәртіп пен жүйеде басқарады. Ол орындаушылардың ансамбльдік үйлесімі мен орындаушылық шеберлігін қамтамасыз етіп, шығармаға өзінің көркемдік түсінігі беруге тырысады. 18 ғасырда вокалдық немесе аспаптық капелланың, сондай-ақ, операның, кейін әскери үрмелі аспаптар оркестрінің дирижерлері капельмейстер деп аталды. 19 ғасырда симфониялық оркестрлердің дирижерлері арагідік осылай атала бастады. Хор басқарушысы хор дирижері немесе хормейстер, ал христиандардың шіркеу хорының дирижері регент деп аталады. Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнердің туып, қалыптасу тарихы Қазақ ұлт аспаптары оркестрін құрып (1934), алғашқы дирижері болған А.Жұбанов есімімен байланысты. Сондай-ақ дирижерлер - Л.М.Шаргородский, Ш.Қажығалиев, Е.Г. Брусиловский, С.Шабельский, Р.Кацман, А.Мырзабековтерді атауға болады.
Дирижердің кейде таяқшасымен, кейде қолымен-ақ музыканттарды басқарып тұрғанын көрген шығарсыз. Қолмен басқаруға болса, оған таяқша не үшін керек дерсіз. Расымен біреуінің таяқша ұстап, енді біреуінің таяқшасыз қимылдайтыны несі екен?
Музыканы тыңдаса да, кәсіби әуеннен алыс адамдар дирижердің қимылдарына мән бере бермейді. Ал кейбір эстрада мен джазда жүргендер дирижер мамандығын керек қылмайды. Рок музыканттары дирижерсіз-ақ күн көреміз дейді. Дегенмен, барлық жанрдың өз дирижері бар.
Өзімізді бір сәтке оркестрдың құрамында отырғандай сезінейік. Мәселен, дәл дирижердің алдында отырған қобызшысыз. Композиция басталды. Артыңызда барабан, жаныңызда домбыра, дәл құлақ түбінен сылдырмақ сылдырлады. Өзіңізді тыңдамақ түгілі, мына шуда композиция сәтті шығып жатыр ма, жоқ па, оны бағамдайтын шамаңыз жоқ. Осындай кезде дирижердің көмегі ауадай қажет болады.
"Дирижер" сөзі французшадан аударғанда "басқару, бағыт беру" деген мағынаны береді. Дирижердің бірнеше міндеті бар. Негізгі міндеті - екпін үстеп, мөлшерін нұсқау. Бұл оның оң қолындағы таяқшаның көмегімен жүзеге асады. Кейде екі қолмен де орындай береді. Ал сол қолының қимылымен кімнің қай кезде, қандай қарқында ойнайтынын көрсетеді. Орта ғасырларда сарай дирижерлері аса үлкен құрметке ие болған.
Басында артымен тұруды мәдениетсіздік деп есептеген дирижерлер көрерменге бетін беріп тұрған. Бұл дәстүрді бірінші рет Рихард Вагнер бұзды. Ол өзінің замандастары Мендельсон, Лист, Берлиоздармен бірге қазіргі түсініктегі дирижер келбетін қалыптастырды.
Әйгілі жас дирижер Алан Бөрібаев
Бүгінде дирижерлердің көбі сахнаға таяқшасыз шығатын болып жүр. Таяқша шын мәнінде дирижердің символы іспеттес. Тарихтан белгілі бұрынғы кезде патшалар қолына таяқ ұстап жүрген. Бұл биліктің, үстемдіктің белгісі саналған. Дирижер қолындағы таяқша да солай.
Эстраданың әншілері болсын, басқа жанрдың әншілері болсын, дирижерді қажет етпейді десеңіз, қателесесіз. Олардың да дирижерлері бар. Ол - әуенді көркемдеп қана қоймай, музыканы өзіне ілестіретін түрлі музыкалық аспаптар дауысы.
Дирижердің қимылы сырт көзге оңай көрінгенімен, шын мәнінде дирижер болу үшін іштен дирижер болып туу керек. Дирижерлердің қажырлы еңбегі мен төккен терінің арқасында ғана көрермен әсем әуеннен нәр алып, нағыз музыканың құдіретін сезінбек. Ал біз сөз еткен таяқшаның бұл тұрғыда қосар үлесі зор.
1.Дирижерлық өнер.Дирижердің орындау шеберлігі
Дирижерлық өнер барлық өнердің ішіндегі ең аз зерттелгені. Дирижер өзінің көркем ойларын басқа музыканттардың көмегімен іске асыратын орындаушы. Мұнда оның қызметі әрбір топтың орындау тәртібі әртүрлі және де жеке шығармашылықтары ерекше болуына байланысты күрделене түсуі мүмкін. Дирижердың алдында әрдайым күрделі тапсырма тұрады - ол орындаушылық шеберліктің көптүрлілігін, шеберлігімен өзіне және ұжымның творчестволық қабілеттілігін бір бағытқа бағыттау. Хорды немесе оркестрді басқару орындаушыларға әртүрлі тәсілдер және әсерлі әдістер қолдану қажеттігін талап ететін бүтіндей шығармашылық негізге құрылады. Мұнда алдын-ала дайындалған тәсілдің болуы мүмкін емес. Әрбір музыкалық топқа, ал кейде жеке орындаушыға ерекше ықпал ететін бап қажет. Бір топқа жүргізген әдіс екінші топқа жарамайды, бүгінгі дайындық кезіндегі қажет нәрсе ертең тиімсіз, бір шығармамен жұмыс кезіндегі тәсіл екінші бір шығармамен жұмысқа жарамайды, ол тек қана сол кезінде ғана мүмкін нәрсе. Тіпті де әрбір дайындық жұмыстары өзінше түрлі тәсілдер қолдануды талап етеді. Дирижердың концерттегі қызметінің дайындықтағыдан ерекшелігі болады. Дирижер өзінің орындаушылық болжамдарын ұжымға қандай тәсілдермен бере алады? Ең алдымен, дайындық жұмысының алдындағы сөз, аспапта немесе жеке дауыста орындап көрсетуі және өзінің жеке дирижерлауы болып табылады. Олар біріккен жағдайда бірін-бірі толықтырып, дирижерға шығарманың динамикасына, екпініне, дыбыс шығару тәсілін толық түсіндіріп, жеткізуіне көмегін тигізеді. Басқарушының дайындық кезіндегі белгілі бір топпен сөйлесу формасының үлкен маңызы бар. Сөз арқылы басқарушы музыкалық шығарманың бейнелеу мінезін, идеясын, құрылымдық ерекшеліктерін және мазмұнын түсіндіре алады. Оның түсіндіруі ұжым мүшелерінің ойнауы немесе шығарманы орындау процесі кезінде керекті техникалық тәсілдерді өздері табуға көмегін тигізетіндей жағдайда құрылуы мүмкін. Музыкада барлығын сөзбенен жеткізу мүмкін емес; сондай жағдайда оны басқаша жасау тіпті оңай, мысалы, бір музыкалық үзіндіні айтып немесе аспапта ойнап беру. Сондықтан да біз мұны жетекшінің нұсқауларына, оның жеке орындаушылық көрсетулеріне маңызды болғанымен, олар ойнау немесе орындау процесінің алдында қолданатын болғандықтан, басқарушының хормен, оркестрмен қарым-қатынасының көмекші, қосымша тәсілдері ғана болып қалады. Дирижерлық басқару орындаушылық мәнеріне ерекше мануальды шеберліктің көмегімен іске асырылады. Дирижерлық шеберлікті жақсы меңгерген басқарушы ғана концерттерде , алғыр орындаушылыққа жете алады. Кейде басқарушы шығарманы дайындық кезіндегідей емес, ол сол кезінде қалай орындағысы келгендей басқаруы мүмкін. Мұндай орындаулар тындаушыларға үлкен әсерін тигізеді. Әрбір музыкалық шығарманы орындау кезінде тыңдаушылардың көңілін өнердің шеберлік жақтары көбірек тартады. Олардың қимылдары бойынша да өнерді бағалайды. Басқарушының қол қимылдары тындаушының көңілін аударады. Бұл екі түрлі себеппен болады: біріншіден, басқарушы орындау процесінің барлық сырын көруге тырысады; екіншіден, орындаушы қол қимылдарымен көрсету арқылы. әрине, олардың қозғалыстарының мәнерлілігі де тыңдаушыларға өз әсерін тигізеді. Дирижерлық өнер әртүрлі тәсілдерді қолдануды талап етеді. Олардың қатарына - музыканың мазмұнын қол қимылдарымен көрсету қабілеттілігімен, мәнерлі басқара білу тәсілімен орындаушыларға әсер етіп, шығарманың музыкалық тауарын көрсететіндей қабілеттілікті дирижерлық талант деп атауымызға болады. Орындау шеберліктеріне шексіз бақылауды қажет ететін үлкен ұжыммен жұмыс жасай отырып, басқарушының өзінің айрықша музыкалық есту қабілеті және ырғақты есту түйсігінің сезімталдығы болуы керек: оның бүкіл организмі - қолдары, дене тұлғасы, бет-әлпеті, көздері - ырғақты беріп тұрады. Түрлі ырғақтық ауытқуларды қол қимылымен көрсету барысындағы ырғақты оның мәнерлі әдісін сезіну басқарушы үшін өте маңызды нәрсе. Одан да маңыздырағы - шығарманың ырғақтық құрылымын сезінуі (архитектоникалық ырғақ - көркемөнер ісінде бөлшектердің өзара қиысып, бір бүтін болып құралуы). Бұл қол қимылдарының бейнеленуінің қолайлылығы. Басқарушы шығарманың музыкалық драматургиясын түсінуі қажет. Дирижер шығарманың эмоционалдық құрылымын меңгере отырып, оны қол қимылымен бейнелеп көрсетуін анық таба білуі керек. Басқарушы музыкаға терең енуі үшін оны теориялық тарихи, эстетикалық жағынан көлемді біліммен меңгеруі тиіс. әрине, басқарушы жаңа шығарманың қойылымын іске асыру үшін жетекші ретінде ұйымдастыра білу қасиеттерін және оқытушының мүмкіншіліктерін толық меңгеруі тиіс. Сонымен. Басқарушыдан көптүрлі тәсілдер талап етіледі: орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, өзіне хорды немесе оркестрду бағындыра алатын ептілігі шеберлігі, іскерлігі және еркі болуы керек. Дирижерлау пәнін оқып-үйрену ән сабағы мұғалімдерін дайындау барысындағы өте күрделі процесс. Бұл мектеп бағдарламасы үшін өте қажет. өйткені, мектепте ән сабағы мұғалімі әрбір класты ән айту өнеріне, хор топтарын ұйымдастыруға даярлайды. Басқарушы хордың үндестілігімен басқарып, өзінің көркем ойларын хорда қатысып отырғандарға бере алады. Білімгерлер төрт жыл оқитын дирижерлау пәніне жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Сол уақыт ішінде олар дирижерлау сабағының түрліше мәнжайын шебер меңгерулері керек. Бұл оқулық консерваторияларға арналған оқулықтардан айырмашылығы бар, өйткені мұнда біз білімгерлердің және педагогикалық оқу ұжымдарының оқушыларының дирижерлық - хор дайындықтарының ерекшеліктерін ескердік. Музыка бөлімдерін бітірген жас маман жалпы білім беретін мектептерге ән сабағынан ғана беріп қоймай, ол онда сыпынтан тыс жұмыстарды (хор топтарын, ансамбльдер, оркестр ұйымдастырады), мектеп ұжымына мерекелік концерттер өткізуге көмектеседі, және де дирижерлау сабағын өтеді, хор топтарын басқарады. Сондықтан да ол дирижерлау мамандығын меңгеріп қоймай, сонымен қатар оның әдістемелерін, оқу процесінің мазмұнын да игеруі керек. Бірінші жылы дирижерлау дирижерлық аппаратты және оның мүмкіндіктерін меңгереді, дирижерлаудың екі функциясы туралы түсінік алады; әсерлі-мағыналы мазмұнын анықтауды және орындау барысындағы басқара білуді; дирижердың негізгі бағыттарымен танысады, дирижерлау барысында бет-әлпеттің, алатын орнын, дирижерлық қимылдың негізгі принциптерін түсіндіреді. Оқытудың бірінші жылында дирижерлық аппаратты басқарудың техникасын меңгеруге дайындық жүргізіледі. Бұл кезде тактідегі өлшемдерді санап қолдың қимылдарымен игеру жүреді, дирижерлық қол сілтеудің элементтері оқытылады - бөлшектер (сермеу, қолды түсіру, нүкте, серпу); басқарушының көпшілік информациясын қамтамасыз ететін дирижерлық қимылдың ерекшеліктері (жылдамдық, қимылдың көлемі, ұзақтық, күш, бейне, бағыт, форма); дыбысталудың нақтылы көрсету қимылындағы толық мағыналығына жататын ең негізгі компоненттері (ырғақ, шапшаңдық, характер, дыбысты алып жүру, өлшем динамика, дыбысталудың басталуы және аяқталуы); дирижерлық орындалудың үш элементтері (дайындалу, демалу, бастау); дыбысталудың аяқтау барысын көрсету (дыбысталудың аяқталуын көрсететін дайындық қимылдар); қолдың қимылдарымен өлшемнің негізгі заңдылықтарын бере білу; штрихтар легато және нон легато; өлшемдердегі ырғақты суреттемелерді бере білу принциптері 34; 44; 24 жәй темпте, фразалар бойынша демалуды көрсету; екі қолдың бастапқы қызмет атқаруына шек қою; ұзақ ұсталатын бөлшектерді көрсете білу; қысқа айтылатын жүрдек нюанстардың орындалуы; мектеп репертуарындағы өнерді үйрету және хор партитурасымен жұмыс істеу тәсілдері мен этаптары. Оқытудың екінші жылында алған білімі мен дағдыларын дамыту барысында дирижерлық білім тереңдетіліп оқытылады. Күрделі өлшемдер 68, 64 алты бөлшекті және екі бөлшекті схема бойынша үйретіледі, жәй және күрделі дирижерлық схемалардың өлшеммен үйрету әдістері анықталады (алты-сегіз, он және он екі бөлшекті) өлшемдерді топ-топқа бөлу арқылы оқытылады. Дыбысталудың көркемдік жақтарымен және екі қолдың қимылымен маркато, стаккато, жәй, тез ырғақтарға өту тәсілдерімен жұмыс жасалады. Түрлі динамикалық пианиссимо-дан фортиссимо-ға және де басқа хор партияларындағы ырғақтарды көрсету тәсілдері қаралады. Оқытудың екінші жылының мазмұнына мектеп әндерін қолдың қимылымен көрсету енеді: мысалы, бір қолменен фортепианода әннің әуенін тарта отырып, даусымен қоса орындайды. Бұл жылы біріншіге қарағанда күрделірек шығарма алынады. Оқытудың үшінші жылында музыкалық-көркемдік жағынан да, көлемі жағынан да, фактурасы бойынша да әртүрлі, орындалуы да күрделірек шығарма беріледі, мысалы, кантатадан, ораториядан, балалар операларынан хор үзінділері. Күрделі ырғақтар, өлшемдер (бірге, бес, -жеті, -тоғыз, - он бір схемалары) ферматаменен, динамикалық белгілермен, фразалармен, нюанспен және орындаудың тағы да басқа кезеңдерімен жұмыс жасалады. Үшінші курста жалпы білім беретін мектепте дирижерлық практикаға даярлық жүргізіледі. Мектеп практикасына дайындық кезінде әндерді үйрету процестерін толығымен меңгеру керек (дайындық кезіндегі екі қолдың қимылы, вокалдық партияның әртүрлі тональдіктерге ауыстырылып жазылуы, дайындық жұмысының әдістері, хорды сезім күшіне беріле басқару). Оқытудың төртінш жылында ірі формадағы шығармалар оқытылады: кантата, ораториялар, опреалық сценалар, музыкалық көркемдік жағынан күрделі жанрдағы шығармалар. Олардың бағдарламасына полифониялық шығармалар енгізіледі. Дирижерлаудың техникасы оқытушының көмегінсіз шығарманың көркемдік жақтарын түрлендіріп көрсететіндей дәрежеге жетуі тиіс. Жұмыс жасау кезіндегі ең негізгі тірек - білімгерлердің шығармашылық инициативасы, өзін-өзі басқаруы болуы, хор шығармаларын орындау және үйрету барысында олардың музыкалық-бейнелеуі түрінде ойлау қабілеттерінің, эмоциясының артуы керек-ақ
Дирижерлау өзінің мазмұнын масштабты түрде тереңірек көрсете алатын орындаушылықтың маңызды бөлімдерінің бірі. Басқа мамандыққа қарағанда, дирижер мамандығы ең күрделі және жауапкершілікті талап етеді. әрбір музыкант-солист өзінің жауапкершілігін аспапта және орындаушылық өнері арқылы көрсете алады. Топпенен орындауды әркім өзара жауапкершілікті сезінулері керек. Дирижердың алдында хор немесе оркестр отырады. Сондықтан да ол орындайтын топты жеке ойлай алатын музыканттардан құралған көпүнді және көпдауысты аспап ретінде сезіну керек. Дирижердың шеберлігі оның музыкалық шығарманы творчестволық түсіндіруінде, шығарманың көркемдік ойларын ол орындаушыларға қол қимылдары арқылы, дайындық кездеріндегі түсіндіру сөздері және мәнерлі бетәлпеті арқылы жеткізеді. Белгілі ұстаз, хор өркениетін дамытуда өз үлесін қосқан талантты энтузиаст К.А.Ольховтың айтуынша Дирижерлай, музыка тілін өзіндік бетәлпеттің және қол қимылдарының тіліне аудару, топ орындаушылығын басқару мақсатымен дыбыстық бейнелерді көрермендер назарына аудару (22, 15 с.). Дирижерлық мамандықтың күрделілігі оның жартылай функциональдылығында деп білеміз. Дирижер әрбір музыкалық шығармаға өзінше трактовка жасайды, оның нақтылы дыбысталу варианттарын таңдайды, орындау сапасын қадағалап отырады. Дирижер - бұл әрі актер, әрі орындалу процесінің режиссері, сонымен қатар ол орындаушы топтың тәрбиешісі. Белгілі француз дирижеры Ш.Мюнш былай деп жазады:: Сіздің ойларыңыз, дүниені қабылдауыңыз сізбенен бірге музыканттар да оркестрде немесе хорда орындау барысында өзінің толғанысын, ойнауға құлшынысын жеткізе алмаған бейне бір күштен шығуы керек. Сіз оларды өзіңіздің еркіңізбен ауыстыруыңыз керек .
2. Дирижерлық өнер көрсету кезіндегі іс қимылдар
Дирижерлық өнерге оқыту мәселесінде әртүрлі ой-пікірлер бар. Кейбір дирижерлар дирижерлық техниканы дамытуға айрықша мән берудің қажеті жоқ, техника дирижердың практикалық оқыту барысында өзінен-өзі дағдыланады дегенді айтады. Мұндай нұсқау бойынша оқытуды тікелей музыкалық шығарманы дирижерлаудан бастау керек дейді. Алайда, мұндай көзқарас түбірінде қате. Оқытудың алғашқы кезеңіңде техникалық дағдыларды меңгеруге үлкен көңіл бөліну қажет; бұл процесі қалай болса солай қарап, өз бетінше бастауға болмайды. Біріншіден, көптеген жаңа үйреніп жүрген дирижерлар, аздап дағдысы барлар, тактілеудің жеңіл тәсілдерін біліп келеді; олардың өз беттерінше үйренгендері әлі де жетілмеген, сондықтан да ол әрі қарай келешек оқытудың базасы бола алмайды. Екіншіден, олардың қол қимылдарының дайындықтары жеткіліксіз болғандықтан, дирижерлаудың техникасын әрі қарай әбден жетілдіруі мүмкін емес. Педагогикалық әдістің басқа бір жағы мынада: оқушы ұзақ уақыт қол қимылдарын меңгереді және дирижерлық техниканың тәсілдерін музыкадан бөлек үйренеді. Бірінші дирижерлық кимыл меңгерілгеннен кейін шығарма таңдау дирижерлық техниканың тәсілдерін жүйелі түрде игеру мақсатында алынады. Ал қол қимылдарын жөндеуге арналған жаттығулар дирижерлау сабығымен қатар жүріп отырады. Қолды қою. Қолдың қойылуына дирижерлық техниканың барлық тәсілдерінің негізі болып саналатын қолдың типтік қимылы алынады. Қолдың қойылуы ұтымды, пайдалы қимылдардың формаларын жасауында болып табылады және адамның ішкі бұлшық етінің еркіне негізделеді. Аппарат деп дирижердың оркестрді немесе хорды басқаратын оның қолдарын айтамыз. Алайда, дирижер үшін бет-әлпет, дене тұлғасының орнығуы, басы, тіпті аяқтарының дұрыс қойылуы өте маңызды. Адамның барлық тұлғасы екі қолдың қимылына көмектеседі, мәнерлі дирижерлауға өз әсерін тигізеді. Жалпыға белгілі, адамның сыртқы түрі, түр-тұлғасы, оның жан дүниесінің қандай екендігін, сезімталдығын айғақтайды. Дирижердың сыртқы түрі еркіндікті, энергияны, табандылықты, белсенділікті көрсетуі тиіс. Осыдан барып дене тұлғасының қойылуына байланысты талаптар туады. Дирижер еңкіш, бүкірейіп қалмай иықтарын кең, денесін тік, жинақы ұстау керек. Дирижерлау кезінде оның дене тұлғасы салыстырмалы қимылсыздықты ұстауы (сақтауы) қажет. Жан-жағына теңселу, еңкею, жиі айналулар жағымсыз әсер қалдырады. Солай бола тұрса да, әсерлі, жігерлі қол сермеу дер кезінде қозғалыссыздықты сақтау заңдылықтан тыс болып қалады. Қозғалсыздық бөгеліп, тоқталып қалушылыққа әкеліп соқпайтын жағын қарастыру керек. Дене тұлғасының басқарушыға кедергі жасамай, қайта дирижерлардың әрекеттерінің мәнерлілігін күшейтетін де қимылдары болады. Дирижерлар іс жүзінде қолдың қозғалысына көптен энергия беру үшін, иіннің бұрылуын көрсету барысында дене тұлғасының артқа шығуын көп қолданады. Бастың алатын орны. Дирижердың беті оркестрге немесе хорға жалпы алғанда орындаушыларға қарау керек. Дирижерлау кезіндегі бет-әлпеті айқындылығының өте үлкен маңызы бар. Дирижердың мәнерлі қимылының бірде-бірі және көзқарасы қол сермеуінің маңыздылығына сай келмесе, ол еш әсерсіз болады.
Дирижердың мимикасы орындалып жатқан шығарманың мазмұнына сай келмеуі мүмкін емес. Дирижердың бет-әлпеті абыржығандық, сасып қалғандық кейіп көрсетпеу керек. Жасанды немесе жаттанды бет-әлпеттің болғаны да керексіз. Табиғи, мәнерлі бет-әлпет (мимика) дирижердың жігерлігіне, қайраттылығына, музыка еліктеуіне, шығарманың мазмұнына терең ене білуіне, музыкалық бейнелерді сезінуіне және түсінуіне байланысты болады. Дирижер басын артық қозғай беруге немесе керісінше - дене тұлғасына байлап тастауға болмайды. Басты алға ию немесе артқа ауытқыту да белгілі жағдайда көрсету мәнерлілігінің талабымен анықталады. Әдетте, бастың алға қарай иілуі, қайғының, мұнның, терең ойға батудың көңіл-күйі туралы куәлайды, ал бастың сәл артқа жіберілуі - қуанышты, шаттанған сезімдерді, арманшылдықты білдіреді. Басты әртістікпен шалқайту немесе мейірлене бір қырына басын салбырату - ішкі бос, ешнәрсе жоқтықтың куәсі және жаман мәнердің белгісі. Дирижердың аяқтары сәл алшақтау тұруы керек, бірақ тым алшақ және тығыз жақындастыруға болмайды, өйткені кенет өткір қимылдар жасағанда тұла бойы, тұрқы орнықтылықты жоғалтады. Аяқтың табиғи өзінің тұратын жері екі табандай алшақтыққа қойылуы керек. Бір аяғы кейде сәл алға қойылады. Егер де дирижерға орындаушылық кезінде сол жағына қарау керек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz