Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру

Орындаған: Элеусизова Алина
Тобы: 402
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім
Біліктілігі: 0111083 Шетел тілі мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Сәрсекова Г.К.

2021-2022

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... .
1.2 Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Оқушыларға экономикалық білім беру курсын оқыту мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ...
Оқушыларға экономикалық білім беру арқылы экономикалық әдіс-тәсілдері ... ... ... .

ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Адамзат дауының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой - пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс - әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің иақсатын жеке адамды жан - жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен практикалық еңбектің тікелей байланысы, дененің және ақыл - ой дамуының біртұтастығы деп түсінуге болады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне байланысты. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; б) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан - жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл - ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады.
Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу - тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге тренинг семинар ұйымдастырылып, экономика пәнінің мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдірді.
Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады. Осылардың көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі өзгертіліп, нарықтық қатынасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.
Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде балаларды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді.
АҚШ - та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері, педагогтері мен өкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауаптылықпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолданудың зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп, олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі керек.
Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалық сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдаланылады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі.
Чехия, Венгрияда, Болгарияда, Германияда балалар еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарыменбірге мемлекеттен жалға алған жеке қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикағаден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балаларжеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән береді. Басты нәрсе - адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп есептеледі.
Германияның жоғары оқу орындарында Экономикалық педагогика деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.
Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият бізге өскелең ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі. Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:
1. Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірден-бір буын емес.
2. Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім мәселелерін шешу.
3. Экономикалық материалды оқу пәндері бойынша оқу құралдарына енгізу.
4. Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
5. Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың: экономистердің, бизнесмендердің, журналистердің, социологтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Пәндер