Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
MIRAS Университеті
Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау секторы
6В06102 - Ақпараттық технологиялар және программалау мамандығы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Мәліметтер базасына арналған SQL сұраныстарын әзірлеу

Орындаған: Бекбулатов Заир Хасанович
Курсы: 3 Тобы: 157-92
Ғылыми жетекші: магистр, оқытушы Омар Н

Шымкент 2021
Мазмұны

І .КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
2.1 Мәліметтер базасының негізгі түсініктері
2.2 Мәліметтер базасының кестесін құру
2.3 Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
2.4 Мәліметтер типі
2.5 Мәліметтер базасының объектілері
3. SQL СҰРАНЫСТАР ТІЛІ.
3.1. SQL тілінің тарихы
3.2 Тілдің мүмкіндіктері, жетістіктері жəне функциялары
3.3. Мәліметтер қорын жобалау.

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты компьютер жүйелерінде ақпаратты мол көлемінде тез әрі оңай, адамның көп уақытын алмай-ақ құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар компьютер техникаларының ерекшелігі осы мол көлемдегі ақпараттарды сақтау және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географикалық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттерін жинақтап пайдалануды тез іске асырады. Бұндай мүмкіндіктер - мәліметтер базасының көмегімен жасалынады. Мәліметтер базасын өзімізге таңымал MS Access бағдарламасымен іске асыра отырып, оны қолдануды бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізуді білімгерлерді өз бетімен ақпараттардың қорларын дайындауға және оны тиімді пайдалануға жетелейді, мектептерде, колледждерде MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерін оқыту әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді
MS Access бфғдарламасы туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену
MS Access бағдарламасында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, практикалық жұмыстарды даярлау
SQL тілі - компьютердің деректер қорында сақталатын ақпараттарды таңдауға жəне өңдеуге арналған құрал. SQL (Structured Query Language) - құрылымдалған сұраныстар тілінің аббревиатурасы. SQL аббревиатурасы əдетте сиквел деп оқылады, бірақ эскюэль альтернативті түрде айтылуы да қолданылады. SQL - қолданушының ДҚ өзара қатынасын ұйымдатыру үшін қолданылатын программалау тілі. Деректер қоры (ДҚ) - ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған логикалы байланысқан деректердің жиынтығы мен оның сипатталуы. SQL реляциялық деп аталатын бір анықталған типтегі деректер қорымен ғана жұмыс жасайды. Есептеу жүйесінде маңызды ақпараттарды сақтайтын деректер қоры болады. Егер қолданушы деректер қорынан ақпараттарды алғысы келсе, онда ол ДҚБЖ - нен SQL көмегімен сұраныс жасайды.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, əрі тарау жеке екі-үш бөлімдерден, қорытынды жəне пайдаланылған əдебиеттер тізімнен тұрады. Бірінші тарау теория жүзінде мəліметтер келтірілсе, ал екінші тарау теория жүзінде алған білімді практикалық жұмыстармен жалғастыру болып келеді.
Қорытынды курстық жұмысты дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды əрекеттер, жұмыстың жалпы нəтижелері, оны қолданудың ерекшеліктерімен тиімділігі баяндалған.

МƏЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. Мəліметтер базасына түсінік беру
Мəліметтер базасы (орыс т. База данных: ағылш. database) Мəліметтерді пайдаланушы көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мəліметтер базасын былайша түсіндіруге болады
- нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тəуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойыншы баспада жаряланған жəне жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы жəне соңғы сипаттамалары тұрады;
- жүйелі түрде ұйымдастырылған жəне пайдалануға ұсынылған мəліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бұл мəліметтер компьютер көмегімен оңай табылады жəне өңделеді;
- мəліметтердің реттелген жиынтығы;
- мəліметтердің өзара байланысты жиынтығы.
Оны ұйымдастырудың ережесі мəліметтерді сипаттаудың, сақтаудың жəне амалды əрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мəліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мəліметтер базасы - орталықтандырылған мəліметтер базасы жəне үлестірілген мəліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мəліметтер базасы есептеуіш жүйенің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндікболады!. Мəліметтер базасынан пайдаланудың мұндай тəсілі дербес компьтердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мəліметтер базасы есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу үлестірілген базасынан басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мəліметтергеқатынас құру тəсілі бойынша мəліметтер базасы жергілікті қатынас құру мəліметтер базасы жəне қашықтан (желілік) қатынас құру мəліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Мəліметтер базасынан пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынулы рөліндегі пəн салаларының немесе мəліметтер көзінің мамандары жатады. Мəліметтер базасының қазіргі заманғы технологиясында міліметтер базасынан жасау, оны толықтыру жəне мəліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мəліметтер базасынан басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Мəліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мəліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мəліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мəліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпаратта сақталатындығын айта аламыз.
Мәліметтер базасы (МБ)- белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал тәсілдерін ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал,
Автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсіндіріледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысал ретінде телефон анықтамалығын, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б айтуға болады. Электронды МБ -сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау ,сондай ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. Мысалы , сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты -- жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты - жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект - деп мағлұматтарды мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.
Атрибут -- объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу.Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады .
Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтердің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт -объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайтаналатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен , екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады .
Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені , оны құрамын толықтыру , құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация).
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылға беру немесе байланыс арналары бойынша беру .
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
1. Кестеге бір немесе жазбаны қосу;
2. Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
3. Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
4. Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ - ның тағы бір функциясы - мәліметтерді басқару . мәліметтерді басқару ретінде , әдетте , мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау;
Мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қорғау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша ажыратылады :
Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ - ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е.Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ - ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы ,кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі ) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі . мұндай МБ - ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ -- да мұндай байланыстар ағаш - сызық жол (графа) түрінлде бейнеленуі мүмкін , мұңда биік шар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана
болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана , бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды. Аты айтылған кемшілік желілік МБ - дан алып тасталды , онда (тым болмағанда, теориялық жағынан ) " бәрімен барлық жағынан " байланыс болуы ықтимал еді . іс - тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі .
Кейбір МББЖ туралы мәліметтер келесі кестеде келтірілген.
МБ жіктеу
МББЖ атауы МБ типі
MS Access Реляциялық
Clipper Реляциялық
DBase Реляциялық
FoxBase+ Желілік
FoxPro Желілік
IMSVS Иерархиялық
Oracle Реляциялық
Paradox Реляциялық

MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта MS Access Мәліметтер базасын басқарудың үстемдік программалық жүйелері арасында ең танымалыларының бірі . көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар :
1.Әмбебаптағы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары , өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған , негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
2. Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен , сон дай - ақ ole технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп - кірігіуі (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы ;
3. Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Мәліметтер базасы объектілері. Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. бұлар Таблицалар , Сұрау салулар, Есептер , Парақтар , Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы - мәліметтер базасының файл атауы .
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар :
Ашу , Конструктор , Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.
Егер Таблица қосымшасы таңдалса , бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын ерекшелеп , Ашу кнопкасын басу керек.
Жаңа кестедегі МБ -- ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп, Конструктор кнопкасын басу керек.
Кестелер -- мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.
Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады.
Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өзгертуге, жаңа кестелер жасауға , басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға , кестелердегі қарапайым есептеулерді және тағы басқа жасауға болады.
Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады.
Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтері (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушылар және т.б. ) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін қайталанатындай етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.
Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де
болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай - ақ жасайды. Формалардың көмегімен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құралдарын қолдануға болады :
Есептер - мәліметтердің ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access -- тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
:: Оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
:: Қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша );
:: Графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы , диаграмма).
Парақтар - бұлар Access 2000 - да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.
Физикалық жағынан бұл Web - парақта орналастырылған және клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен -- өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web - параққа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады.
Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.
Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды
автоматтандыруға да арналған.
Макростар -- макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалымен белгілеудің мәні бар.
Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар). Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.
Деректер базасы-деректерді модельдеу құралдарының ережелеріне сәйкес басқарылатын деректер схемасына сәйкес сақталатын мәліметтер жиынтығы.
Көптеген басқа анықтамалар бар, олар белгілі бір авторлардың мәліметтер базасы (мәліметтер базасы) нені білдіретіні туралы субъективті пікірін көрсетеді, бірақ жалпыға бірдей танылған бірыңғай тұжырымдама жоқ. Ең жиі қолданылатын белгілер::
ДБ есептеу жүйесінде сақталады және өңделеді.
Осылайша, кез келген компьютерден тыс ақпарат қоймалары (мұрағаттар, кітапханалар, картотекалар және т.б.) деректер базасы болып табылмайды.
ДБ-дағы деректер оларды есептеу жүйесінде тиімді іздеу және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында логикалық құрылымдалған (жүйеленген).
Құрылымдау құрамдас бөліктерді (элементтерді), олардың арасындағы байланыстарды, сондай-ақ элементтер мен байланыстарды теруді білдіреді, онда белгілі бір семантикалық және рұқсат етілген операциялар элемент (байланыс) түрімен байланысты болады.
Деректер базасында мәліметтер базасының логикалық құрылымын ресми түрде сипаттайтын метадеректер бар (кейбір метамодельге сәйкес).
Дерекқорларды басқару жүйесі (ДҚБЖ) -- дерекқорларды жасау мен пайдалануды басқаруды қамтамасыз ететін жалпы немесе арнайы мақсаттағы бағдарламалық және лингвистикалық құралдардың жиынтығы.

Кестелер арасындағы байланыстарды құру.Мәліметтер базасын басқару жүйесінің негізгі артықшылықтары жекелеген кестелермен жұмыста емес, өзара байланысты кестелердің топтарымен атқарылады. МББЖ кестелері арасындағы байланыстарды құру үшін Работа с базами данных деп аталатын арнай терезесі бар. Мәліметтер схемасы батырмасын шертсе байланыстыру әрекеті пайда болады.
Егер бұрын кестелер арасында мұндай байланыстар берілген болса,схемаға жаңа кестенің мәліметтерін енгізу үшін мәліметтер схемасында тышқанның оң кнопкасын шертіп, контекстік мәзірде Кесте қосу тармағын таңдау керек.
Мәліметтер схемасына байланыстырылуы керек барлық кестелерді енгізе отырып, кестелер өрісі арасындағы байланыстарды құруға кірісуге болады.
Өрістер арасындағы байланыс өріс атауын бір кестеден басқасына өзіне тиісті байланысты өріске апарып қою артқылы орнатылады.Кестелер арасында пайда болған байланыс әр түрлі кесте өрістерін біріктіретін сызықтар түріндегі мәліметтер схемасы терезесінде бейнеленеді. Мұндайда кестелердің бірі басты,ал басқасы байланысты болып саналады. Басты- өзінің негізгі өрісіне байланысты қатысатын кесте(бұл өрістің атауы мәліметтер схемасында жартылай қарайтылған шрифтпен бейнеленеді.) Байланыстың екі негізгі белгіленген мақсаты бар. Бірінші- мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету, ал екіншісі-базаға қызмет ету міндеттерін автоматтандыру. Елестетіп көрелік, әрбір клиент бірегей деп саналатын Клиент кестесінде біреу бір клиентке арналған жазуды жояды делік, бірақ мұны тапсырыстар кестесінде жасайды.Тапсырыстар кестесіне сай аты,адресі жоқ біреу тек абстрактылы код жасап, тапсырыс берген болып шығады. Код бойынша мұның кім болғанын білу мүмкін емес - мәліметтердің тұтастығына нұқсан келеді. Мұндай жағдайда база иесі үш тәсілді қолданады: мәліметтердің тұтастығын қорғау үшін мүлдем ештеңе істемеу керек не болмаса, рұқсат беру,бірақ сонымен бірге байланысты кестелерді де өңдеу керек. Мұны қолдан істеу қиын,сондықтан автоматтандыру құралдары да керек.Кестелер арасындағы байланыс мыналарға мүмкіндік береді:
-егер бұл өріс пен басқа кестелерлің қайсыбір өрістері байланысты болса, не болмаса басты кестенің негізгі өрісіндегі мәліметтерді жою немесе өзгерту мүмкіндігін болдырмау;
-не болмаса жойылу кезінде(немесе өзгерісте) басты кестенің негізгі өрісінің мәліметтері автоматты түрде( және өте мұқият) байланысты кестелердің тиісті мәліметтері жойылады немесе өзгертіледі. Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы терезесінде екі кестенің өрістірерін біріктірентін сызықты ерекшелеп, тышқанның оң жақ кнопкасында шертіп және байланыстың контекстік мәзірін ашу керек, сонан соң онда Байланысты өзгерту тармағын таңдау-Байланысты өзгерту диалогтық терезесі ашылады.
Мәліметтердің тұтастығы.Егер екі кесте арасында(автоматты түрде немесе қолдан) байланыс орнатылса, екі кестенің мәліметтерін біріктіруге болады.Кейде осы жеткілікті (мысалы,қарапайым телефон анықтамалығын енгізгенде), алайда маңызды мәліметтер базасын құрғанда әртүрлі кестелерге кіргізілетін, байланысқан мәліметтерді бақылаудың қосымша құралдары жөнінде ойлауға тура келеді. Мәселен,тапсырыстар кестесін құрғанда жоқ клиенттер немесе өнімдер туралы мәліметтерді бұл кестеге кездейсоқ енгізуге жол беруге болмайды, өнімге және т.б тапсырыс беретін клиенттер туралы жазбадардан сөздіктерді жоюға болмайды. Байланысқан екі кестелер арасындағы мәліметтердің сәйкес үйлесімін қамтамасыз ететін механизм былай аталады:Мәліметтердің тұтастығын қолдау мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін, екі кесте арасындағы байланысты орнатқанда, тұтастық шарттарын қамтамасыз ету жалаушасын белсенді ету керек. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету жалаушасын енгізу бір кестеден жазбаларды жою жағдайларынан қорғануға мүмкіндік береді,олармен байланысқан басқа кестелердің мәлімметтері байланыссыз қалады.Егер пайдаланушы тұтастықты қолдау механизмін іске қосса, бір уақытта байланыс түрін де көрсетуі тиіс.Бірде бірге(1:1)- бір кестедегі өрістің бір мәніне басқа өрістегі тек бір ғана мән сәйкес келеді; Бір көбіне(1:со) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқадағы бірнеше мәндері сәйкес болады.Мәліметтер тұтастығы мынаны білдіреді:
-бағыныңқы кестенің байланысқан өрісіне басты кестенің байланысқан өрісінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасын басқару жүйесі, құрылымы
Microsoft Access программасы
Мәліметтер базасы
Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу
Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі жайлы
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Деректер базасы
SQL-дің жүйелік құрылым және мәліметтер базасында қолданылуы
Мәліметтер базасына арналған SQL сұраныстарын әзірлеу
Пәндер