Қант қызылшасының маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

«Қант қызылшасын өсірудің биологиялық негіздері және өсіру технологиясы жетілдіру».

Мазмұны
:
Мазмұны: Нормативтік сілтемелер
:
:
Мазмұны: Анықтамалар
:
:
Мазмұны: Белгілеулер мен қысқартулар
:
:
Мазмұны: Кіріспе
:
: 1
Мазмұны: Негізгі бөлім
:
: 1. 1
Мазмұны: Қант қызылшасының маңыздылығы
:
: 1. 2
Мазмұны: Жамбыл облысында аудандастырылған қант қызылшасы сорттарының сипаттамасы
:
: 1. 3
Мазмұны: Қант қызылшасына минералды тыңайтқыштарды қолдану
:
: 2
Мазмұны: Зерттеу әдістері
:
: 3
Мазмұны: Зерттеу нәтижесі
:
: 3. 1
Мазмұны: Қант қызылшасы өсімдігінің өсіп даму ерекшелігі
:
: 3. 2
Мазмұны: Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің технологиясы
:
: 3. 3
Мазмұны: Жамбыл облысы жағдайында қант қызылшасын қоректендіру жағдайы
:
: 3. 4
Мазмұны: Қант қызылшасының зиянкестері
:
: 3. 5
Мазмұны: Арамшөптермен күрес
:
: 3. 6
Мазмұны: Жамбыл облысы жағдайында қант қызылшасын суару ерекшеліктері
:
:
Мазмұны: Қорытынды
:
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

Нормативтік сілтемелер

Бұл ғылыми жобада келесі стандарттаға сілтемелер қолданылған:

МемСТ 2. 105-95. Конструкторлық құжаттардың бірегей жұйесі. Мәтіндік құжаттарға ортақ талаптар.

МемСТ 2. 11-98. Конструкторлық құжаттардың бірегей жұйесі. Норма бақылау.

МемСТ 7. 32- 2001. Ғылыми - зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеудің құрылымы мен ережелері.

МемСТ 7. 1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері.

МемСТ Р 52325-2005. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары. Сорттық және егістік сапасы.

МемСТ 12042-80. 1000 тұқымның массасын анықтау әдістемесі.

Анықтамалар

Дақылды суару- ауыл шаруашылық дақылдарының су режимін жақсартуға бағытталған биологиялық мұқтаждықты қандыратын шаралар кешені.

Топырақ- өсімдіктер үшін қажетті қорекпен қамтамасыз ететін, өсімдік тамырын ұстап тұратын жер бетінің құнарлы қабаты.

Өнімділік- дақылдың белгілі бір өсу аймағында өлшем көлемімен алынған өнім.

Фотосинтез-өсімдіктің кинетикалық энергияны потенциал энергияға күн сәулесі арқылы тұзу құбылысы.

Тыңайту-ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін көтеруде қажетті болған органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу.

Минералды тыңайтқыштар-өсімдікке қажетті минерал элементтері барорганикалық емес заттар.

Транспирациялық коэффициент- дақылдан бір грам өнім құрауға кеткен қажетті судың жалпы мөлшері.

Транспирация- физиологиялық процес өсімдік бойындағы судың булануы.

Жүйекпен суару- дәстүрлі әдіс топырақ жоталарын жүйек алып суару.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР АШМ АӨК МИК - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті

ҚР БҒМ БҒБК - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Қаз ҰАУ - Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ТМД-тәуeлсіз мeмлeкeттep дoстығы

ГТК-гидpoтepмиялық кoэфициeнт

ӨИҚ - өсімдіктерді интегралды қорғау

ЭЗШ- экономикалық зияндылық шегі

ЭЭЗШ - экологиялық - экономикалық зияндылық шегі

С - гpaдус цeльсия

мм - милимeтp

см - сaнтимeтp

дана/м2 - шаршы метрге дана

г/м2 - бір шаршы метрде грамм

м2 - шаршы метр

ә. е. з. - әрекет етуші зат

л/га - гектарға жұмыс сұйықтығының шығын мөлшері

с. т. - суда еритін түйіршіктер

э. к. - эмульсия концентраты

м. с. к. с. - майлы-сулы концентрат суспензиялы

қ. ұ. - құрғақ ұнтақ

ц/га - центнер/гектар

с. д. т. - суда еритін дисперциялық түйіршіктер

ЕТАА - Ең төменгі айтарлықтай айырмашылық

ЕТСС - Ең төменгі су сиымдылық

ТЫС - Төменгі ылғал сиымдылық

ШҚ - шаруа қожалығы

ЖШС -жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Кіріспе

Қант қызылшасы жоғары өнімді мәдени өсімдік. Қант қызылшасын өсіру Жабыл облысы үшін экономикалық маңызы зор. Бірақ Жамбыл облысында қант қызылшасының өнімділігі осы дақылдың биологиялық мүмкіндігіне сәйкес келмейді. Еуропа мемлекеттеріндегі қант қызылшасы мен қанттың шығымдылығы топырақ-климат жағдайларға, дақылдардың денгейіне және қолданылатын технологияларға байланысты жоғары денгейде, Еуропа елдері Австрия, Бельгия, Дания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Голландия сияқтя елдер 8-12 т/га қант алса әр гектардан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Ресей, Украина бар жоғы әр гектардан 1-3 тонна қант өндіреді.

Қант қызылшасы еліміздің негізінен үш аймағында өсіріледі (70 пайызы Жамбыл облысында) .

Елімізде қант қызылшасы өсіріліп жатқан аудандардың шамамен 90 пайзы және қайта өңдеу қуаттылығының 100 пайызы оңтүстікте шоғырланған.

Бұл аймақта қызылша шікізатының өндірістік құны аз, ал қызылша өндірісінің рентабельділігі басқа аймақтарға жоғары. Сонымен, соңғы жылдары қант қызылшасы өнідірісінің және оны қант зауыттарының жинау көлемінің айтарлықтай өсуі байқалады.

Қазіргі кезде елімізде мамандандырылған қант өндіретін дақыл түрі тек осы қант қызылшасы болып табылады. Бүгінгі күні әлем бойынша қант өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді сондық танда әлем бойынша қант қызылшасын өсіру 9 млн гектарға жетті. Ең көп өндіретін және егістік көлеміде көп мемлекеттерге Германия, Италя, Польша, Франция, Ресей және Украина мемлекеттері құрайды. Негізігі әлем елдеріне де қант қызылшасы будандарын жеткізіп беріп отырған мемлекеттерде осылары. [5]

Қант қызылшасының өсірудің сапасы және одан әрі өңдеу, қанттың максималды алынуы және ең аз материалдық шығындар мәселесі ерекше зерттеуді талап етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қант қызылшасын өндірудің өзектілігі қант зауыттары шикізат жеткізушілерден негізінен шетелдік селекцияның сорттары және будандары алынады, жалпы әр жылы еліміздің шаруаларына қант қызылшасын өндіру үшін 20 млн. доолар қарашат қызылша будандарын сатып алуға жұмсалады.

2019 жылы Қазақстан Республикасы аумағындағы пайдалануға рұқсат етілген сорттар мен будандардың мемлекеттік тізілімінде 98 атау тіркелген, олардың 95 шетелдік селекцияға ал 3 отандық. Сонымен қатар, шетелдік селекциялық гибридтер Қазақстанның белгілі бір топырақ- климаттық жағдайларына бейімделудің әртүрлі денгейіне ие, бұл әрдайым жоғары өнімділік пен қанттылықпен, көбінесе аурудың зақымдануының жоғары пайызымен және қант зауытында өңдеудің технологиялық процестеріне әр түрлі денгейде сәйкес болады.

Қант қызылшасы техникалық дақыл, қарқынды түрдегі дақыл ретінде, қосымша қоректендіру жағдайларына өте қажет болады. Оның тамыржемісіне және пәлегіне 60 дан астам элементтер кіреді, олардың негізгілері-азот, фосфор, калий, кальций, натрий, күкірт, көптеген микроэлементтер. Ғалымдардың анықтауы бойынша қант қызылшасы қалыпты өсуі мен дамуы үшін 85 ке дейін әртүрлі элементтер қажет болады екен.

Қант қызылшасы тамыз айынан бастапқарқынды қант жинау кезеңінен бастап қоректік заттардың -80 пайыздан астамын тұтынады.

Органикалық және минаралды тыңайтқыштарды қолдануы бойынша басқа дақылдар арасында бірінші орында түрады. Сондықтан, бүгінгі таңда сортты немесе буданды ұтымды таңдау, макро және микроэлеметтерді енгізу арқылы минаралды азықтандыру қант қызылшасын өсірудің қарқынды технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, бұл оның өнімділігін арттырумен бірге өңдеу талаптарына жауап беретін жоғары технологиялық қасиеттері бар шикізатты алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты. Қант қызылшасын өсірудің биологиялық негіздері және өсіру технологиясы жетілдіру

Зерттеудің қойылған мақсаты келесі негізгі міндттерді шешу арқылы қол жеткізіледі.

-тыңайтқыштардың қант қызылшасы тамыр жемістілерінің өнімділігі мен техникалық пісуіне әсерін зерттеу;

-тыңайтқыштардың қант қызылшасының тенологиялық көрсеткіштерінің кешеніне әсерін анықтау;

Ғылыми жаңалығы. Алғаш рет Жабыл облысы жағдайында кешенді тыңайтқыштарының, сорттық ерекшеліктерінің өнімділігіне, техникалық пісуіне, технологиялық қасиеттерінің кешеніне және қант қызылшасы тамыр жемістілерінің өсу және өнімділігі анықталды. Зертелетін факторлардың технологиялық сапа мен дайын өнімнің шығымдылығына әсер етуінің белгіленген денгейінде қант қызылшасының тамыр жемістерін өсіру мен өңдеудің тиімділігіне баға берілді.

Практикалық маңыздылығы. Тыңайтқыштарды қолдану ертерек мерзімде техникалық пісуге қол жеткізу, бұл егін жинау жұмыстарын ертерек бастауға, тамыр жемістілердің өнімділігін- 2 пайызға арттыру, вегетация кезінде тамыр жемісті дақылдарының фитопатологиялық жай күйін жақсартуға әкеледі. Өнімді түрдегі будандарды өсіру қант қызылшасы тамыр жемісті өсімдіктердің өнімділігін қант түрімен салыстырғанда -27, 0 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

1 Негізгі бөлім

  1. Қант қызылшасының маңыздылығы.

Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикалық ақпараты бойынша 2020 жылы қант қызылшасының егістік алқабы 19161, 8 га болды; соның ішінде Жамбыл облысы бойынша -9548, 2 га, Алматы облысы бойынша - 9213, 6 га, Солтүстік Қазақстан бойынша- 400, 0 га. 2021 жылы егіс көлемін 30 гектарға көбейтуді жоспары бар. Бірақ соңғы жылдары көрші мемлекеттен келетін судың мөлшерінің кемуі Жамбыл облысы бойынша қант қызылшасы егістік көлемі азайып кетті.

Қант өнімі негізінен техникалық дақылдар балқуарайдан, қант қамысынан өндіріледі. Бізідің елімізде негізінен қант қызылшасынан өндіріледі. [1]

Қант өндіру және қант өнімдерін тұтыну бойыншада әртүрлі денгейде. Қазақстанда жылына әр адам 18, 1 кг қант өнімдерін тұтынатын болса бұл көрсеткіш Ресейде- 33, 0, Беларуста- 37, 2 кг ға тең. [2]

Қант дақылынан алынған өнімдер тек тұтыну мақсатындағана емес, одан химия өндірісінде, фармацептіка өндірісінде, сондай ақ биотехнологиялық өнімдер алудада пайдаланады. [3]

Қант қызылшасы өнімдерін техникалық пайдаланудан да басқа ауыл шаруашылығы малдарына өте құнды азық береді. Қант қызылшасы пәлегінен дайындалған көкбалаусасы малдарды азықтандыруда өте қажетті болып табылады.

Қант қызылшасы өсімдігі тамыр жемісінен алынған өнімді өңдеу арқылы 13-15 ц қант өнімі, 80-90 ц сығынды өнімі, 4, 0 ц сірне алынады сондай ақ жаңқа сығындысында 15 пайыз құрғақ зат болады екен. [4, 5, 6]

П. К. Ажигоевтың пайымдауынша қант қызылшасы дақылын ауыспалы егістік жүйесіне енгізуде топырақ құнарлылығын арттыруда мүмкіндік жасайтындығын анықтаған. [7]

Г. З. Бияшевтың зерттеулері бойынша анықталғандай қант қызылшасы өсімдігі қоршаған ортаны жақсылауда экологиялық жақтан өте пайдалы өсімдік екендігін анықтады оның пайымдауынша қант қызылшасы өсімдігі атмосфераға оттегіні көп бөліп шығарып көмір қышқыл газын сіңіру денгейі жоғары болады екен. [8, 9] .

Қант қызылшасы тамыр жемісті өсімдік оның тамыры тереңге кетеді, дақылды өңдеуде қатар арасын культивациялау және басқада техникамен жасалынатын жұмыстардың артық болыуы ол жерлерде арам шөптерден таза болады және топырақтың механикалық қабаты борпылдақ ауа өткізгіш жеңіл болады сондықтанда қант қызылшасы өсімдігін ауыл шаруашылығында ауыспалы егін жүйесіне қосуға болады екендігін айтқан.

Қант қызылшасын өсіруде агрономиялық ғызыми негізделген ұсыныстар бойынша егу: сапалы будан тұқымдарды таңдау, егіс алды топырақты өңдеу уақтында органикалық және минерал тыңайтқыштарды енгізу сондай ақ микротыңайтқыштардыда қолдану, тамышылатып суару әдістерін пайдалану, уақтында арам шөптерге және дақылда кездесетін аурулар мен зиянкестерге интегралды күрес шараларын ұйымдастыру, уақтында өнімді жинау және арнайы орындарға тасымалдау жұмыстарын жасау өнімнен жоғары өнім алуға және топырақ құнарлылығын арттыруға да болады. Жамбыл олблсы осы салада қант қызылшасын өндіруде өте қолайлы табиғи жағдайға ие.

Бұрынғы одақ кезінде Жамбыл облысының барлық аудандарында қант қызылшасы өсірілген. Сол кездердегі мәлімет бойынша Жамбыл облысы әр жылы 45-48 мың гектар жерге қант қызылшасын өнідірген одақ денгейінде алдынғы орында болған. Сонғы кездері елімізде жерлерді жеке меншіктерге беру қант қызылшасы өсірудің егін алқаптары қысқарып кетті.

Қазіргі кезде Жамбыл облысы бар жоғы 4, 5 мың гектар жерге қант қызылшасын егіп өсіреді. Су тапшылығы өнімнің құнының жоғары болуы шаруалар үшін тиімсіз болып атыр.

Қант қызылшасына вегетация кезінде қажетті мөлшердегі сумен қамтамасыз ету проблемаларыда жоқ емес. Сондай ақ қант қызылшасы дақылын өсіруде отандық сорттар мен будандар жеткіліксіз барлық егіс материалдары көрші шет ел мемлекеттерінен астып алынады.

Отандық қант қызылшасын өндіруде қатар арасын істеу беруде култиватор, егу селекция өнімді жинаушы машина механизмдердің барлығы да шет мемлекеттен келеді. Сондай ақ аурумен зиянкестерге қолданылатын химиялық препараттарда шет мемлекеттен келеді.

Арамшөптерге қарсы күрес жасайтын гербициттер де отандық өндірушілер өндірмейді олар да шет мемлекеттен келеді. Сонғы жылдары қант қызылшасын өндіруші шарауаларға зауыттар уақтында сатып алған шикізат өнімнің қаражатын төлеп бере алмай отыр. Бұл мәселелерде қант өсіруші фермерлердің жұмысты ұйымдастыруда қол байлап отыр.

Елімізде қант қызылшасын өсіру республиканың оңтүстік-шығысы соның ішінде өзіміздің Жамбыл облысы және Алматы облысының суармалы жерлерінде өндіріледі.

Соңғы жылдары қант қызылшасын өндіруге қызығушылық артып жатыр бұған себебі қант қызылшасын өсіруші шаруаларға мемлекет тарапынан субсидиялардың берілуі себеп болмақта. Осыған орай қант қызылшасының өнімділгі бір гектарына 800-1000 тоннаға жетіп отыр.

Бұл дегеніміз қант қызылшасын өсіруде жаңа инновациялық технологиялардың қолданлуы және өнімді будандар мен сорттарды табиғи климат жағдайларына бейімделіп өсіру сорттық агротехниканы өндіріске енгізуден болып отыр.

Қант қызылшасы өсімдігінің биологиялық өнім беру потенциалы жоғары еуропа мемлекеттерінде бір гектардан 900 т өнім жинауған болса біздің жағдайымызда да сонша өнім алуымызға болады.

Көрші Қырғыз мемлекетінің шаруалары әр гектар қант қызылша егістігінен 1000-1500 тонна өнім алғандар да бар.

  1. Жамбыл облысында аудандастырылған қант қызылшасы сорттарының сипаттамасы

Қант қызылшасы екі жылдық техникалық дақыл болып саналады. Ботаникалық сипаттамсасы бойынша алабота тұқымдасы қызылша туыстығының түр тармағына кіреді. [10]

Қант қызылшасының жапырақты және тамыр жемісті екі түрі бар соның ішінде тек тамыр жемісті түрі қант өндірісінде қолданылады. Ал, тамыржемісті қызылшаның өзіде үш түршесі бар екен: қанттық қант өндіретін, малазықтық мал шаруашылығында қолданылатын және асханалық әр түрлі тағамдық заттарға қосатын немесе дәрілік мақсатта пайдаланылатын. [11]

Қант қызылшасы онтогенездік даму кезінде екінші жылы жемісті тұқым береді яғни генеративтік мүше, ал бірінші жылы қорлық зат яғни тамыр жеміс байлайды. [12]

Температураға қойылатын талаптар. Қант қызылшасы вегетация кезінде көктем мен күздің төмен температурасына және аязға салыстырмалы түрде төзімді дақыл.

Қант қызылшасының тұқымдары 2-5 градус температурада өніп шығуы мүмкін, ал өміршең көшеттер 6-7 градус тепературада пайда болады. [13, 14, 15] .

Бұл температурада тұқымдар баяу өніп, көшеттер 18-20 күннен кейін пайда болады. Температураның жоғарылауымен көшеттердің өсу қарқыны жылдамдайды. Қант қызылшасының көшеттері көктемгі аязға 4-5 градусқа дейін төзімді келеді. [16] .

Қант қызылшасы тұқымының өнуіне қажетті температура мөлшері ауаның температурасы 25-30 градус болғанда.

Жарыққа қойылатын талаптар. Қант қызылшасы жарыққа күшті талап қоятын ұзақ күнді өсімдіктер тобына жатады. Күн сәулесінің ұзақтығымен қарқындылығы өсімдіктердің өсуіне және дамуына, сонда ақ қанттың жиналуына үлкен әсер еттеді.

Жарықтану қарқыны жоғары болса көмірсулар синтезі процесі қарқынды жүреді. Жарықтың болмауы, керісінше, қызылшаның өнімділігі мен қант құрамын күрт төмендетеді. [17, 18] .

Қант жинау кезінде қызылша жарыққа жоғары талап қояды. Бұлтты және күн мезгілдерінің қысқа өзгеруі тамыр жемістілердің өсуіне кедергі келтірмейді.

Қант қызылшасының қант мөлшері өсімдіктердің ылғалмен жеткілікті қамтамсыз етілген жағдайда вегетацияның екінші жартысындағы яғни тамыз және қыркүйек айларындағы жарық күндердің санына байланысты.

Ылғалға талабы. Қант қызылшасы тұқым өніп шыққаннан көшет кезінен бастап ылғалға мұқтаждығы біліне бастайды сонымен бірге ол құрғақшылыққа өте жоғары төзімділікпен сипатталады. [19] .

Қант қызылшасы ылғалды аз пайдаланатын дақылдарға жатады, бірақ егіннің құрғақ органикалық массасының көп мөлшерінің пайда болуына байланысты 1 га егістен судың жалпы шығыны айтарлықтай мөлшерге жетеді.

Қант қызылшасының транспирациялық коэффициенті азық құрамына, жарық, жылу жағдайларына және басқа факторларға, сондай ақ даму фазасына байланысты 240-400 болады.

Қант қызылшасы ылғалды аз пайдаланатын дақылдарға жатады, бірақ егіннің құрғақ органикалық массасының көп мөлшерінің пайда болуына байланысты 1 га егістен судың жалпы шығыны айтарлықтай мөлшерде болады.

Қант қызылшасынан 400-500 кг/га өнім алынған кезде тамыр жемістің әр центнерін және жапырақтардың тиісті мөлшерін өсіру үшін қант қызылшасы шамамен 80 ц су жұмсайды, ал гектарды есептегенде көрсетілген дақылдағы су шығына 32000-4000 м . кубты құрайды.

Қант қызылшасы судың көп мөлшерін өсу кезеңінде (шілде-тамыз айларында) жұмсайды. Оның өсуі мен жоғары өнімді қалыптастыру үшін ең жақсы жағдайлар топырақтың ылғалдылығы 65-75 пайыздан төмен болмауы керек.

Басқа ауылшаруашылық дақылдарымен салыстырғанда жауын-шашын жеткіліксіз болған жылдары қызылша өнімділгінің салыстырмалы түрде төмендеуі, өсудің алғашқы кезеңдерінде қарқынды дамып келе жатқан және жер асты суларын 2 метр немесе одан да көп тереңдіктен пайдалануға мүмкін беретін қуатты және терең ентін тамыр жүйесінің болыуымен сипатталады.

Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіру тәжірибесі дақылдың максималды өнімділігі мүмкіндігін анықтайтын метеорологиялық факторлардың келесі сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді; - көктемнің алғашқы кездерінде мамыр айында вегетацияның бірінші айы ретінде ылғалды болмауы мүмкін; - тамыз айында топырақ құрғақ болмауы ылғал жеткілікті болуы керек; - ал қыркүйек айында қатты жаңбыр өнімнің сапасы үшін қауіпті болады, әсіресе қанттың жоғары мөлшері үшін жылу қажет болады.

Қант қызылшасы құрамындағы қант мөлшері аудандастырылған сорттың қуатына, өсіру агротехникасына, топырақтың құнарлылығына, табиғи климат жағдайына байланысты болады.

Вегетация соңында пісіп жеткен тамыр жемістің құрамында 75 пайыз су және 25 пайыз құрғақ заттар болады екен. Егер дұрыс агротехникалық іс шаралар уақтында жасалып тұрса онда қант қызылшасы құрамындағы қанттың мөлшеріде 2, 2 пайызға артады екен.

Қант қызылшасы айқас тозаңданатын гүл шоғынан тұрады жемісі жаңғақ көп тұқымды.

Қант қызылшасы бірінші жылы вегетативтік ағзаларды қалыптастырады яғни жапырақтарын және тамыр жемістерін. Екінші жылы арнайы қоймаларда сақталған тамыр жемістер егіліп одан сабақ өсіп шығады және гүл шоқтары пайда болып тұқымы қалыптасады. Кез келген дақылдың биологиясын біліп сол дақылдан қандай агротехникалық шараларда қолданғанда жоғары өнім алуға болатындығын алдын ала болжауға болады. Әріне дақыл биологиясы қоршаған орта жағдайына тәуелді және бірнеше факторлардың әсіреімен сипатталады. Соның ішінде антропогендік биотикалық факторлар шегінде.

Қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін қоршаған орта жағдайларының талабын білуіміз керек. Соның ішінде температура топырақтың ылғалдылығы, жарық топырақ құнарлығы және топырақ аэрациясы.

Қант қызылшасының топырақ құнарлылығына талабы. Кез келген ауылшаруашылық дақылдары топырақтан қажетті суда еріген органикалық және минерал элеметтерді алып отырады. Өсімдіктің даму онтогенезі кезінде қажетті қоректік элементтерді диференциалыды тұтынады, алғашқы өну кезінде өсімдікке қажетті азық бұл азот элементі уақтында бұл элемен жетіспесі өскіннің өсуі бәсеңдейді, ақуыз синтезі нащарлайды, өсімдіктің дамуы кешуілдейді.

Сондықтанда қант қызылшасының өсіп дамуы үшін және одан жоғары өнім алу үшін көміртегі, оттегі, сутегі, фосфор, калий, натрий тағы басқада өсімдік үшін қажетті элементтер топырақ құрамында болу керек. Сондайақ топырақ құрамында микроэлементтер жетіспесе өнімнің сапасы нашарлайды, тамыр жеміс құрамына қант элементтерінің топтануы төмендейді, егер марганец элементі жетіспесе өсімдіктің зат алмасу процесі бұзылады, белок синтезі нашарлайды. Кез-келген минералды элементтердің өсімдік үшін маңызы зор және олар әр қилы функциаларды атқарады соның ішінде ақуыз синтезі, органикалық заттардың тамыр жеміс құрамына топтануы, өсімдік пісуінің тездету үшін және фотосинтез процесін белсендірету үшін қажет болады.

Кейбір элементтер мысалы калий элементі өсімдіктердегі қарпайым заттарды күрделі қосылыс қантқа айландырады және оның сапасын жоғарылатады.

Кальций элементі ассимиляция процесіне қатысады қанттан крахмалдан жасұнақ құруға себтігін тигізеді.

Егер өсімдікте темір элементі жетспесе онда жапырақта хлороз ауруна шалдықтырып өсімдіктің фотосинтез процесін бұзады өсімдікті өлуге дейін алып келеді.

Қант қызылшасы вегетацияның алғашқы кезінде азот элементтеріне қажеттілігі артады, ал екінші кезеңде калий элементіне деген қажеттілігі артады себебі тамыр жеміс құрамына қант мөлшерін қоректік зат ретінде топтай бастайды.

Қант қызылшасының топыраққа деген талабы жоғары. Қант қызылшасы тамыр жеміс байлайды сондықтан топырақ құрамы саздақ жеңіл қыйыршық тасы бар топырақта жақсы өсіп, жақсы өнім береді. Ауыр жер асты сулары жақсы тұзданған құмды топырақ қант қызылшасы үшін жарамсыз келеді. [20, 21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды себуге дайындау және себу
Диффузиялық шырынды тазарту
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Қант және қант өндірісі жайында
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Қызылшаның тамыр жүйесі
Қызылшақант өндірісінде қалдықтарды қолдану
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz