Мұғалім портфолиосы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Электрондық портфолионың теориялық негіздемесі
1.1. Электронды портфолионың теориялық негіздемесі
1.2. Электрондық портфолионың түрлері
1.3. Электронды портфолио құрудың негізгі принциптері
1.4. Электрондық портфолионың білім саласындағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттері тізімі

Кіріспе
Бүгінгі қоғамда білім саласын ақпараттандыру ерекше іргелі мәнге ие. Қазіргі мектепке қойылатын талаптар баршаға мәлім, бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық оқу құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану; мектепті басқарудағы жаңа тұрғылар.
Информатика - бұл ақпараттық үдерістің табиғи жүйелерде орындалатын заңдылығы жөнінде және ақпараттық процестерді автоматтандырудағы қолданылатын әдістер мен құрылымдар туралы ғылым. Информатика - қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, студенттердің интеллектуалды қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының дамуына, ақпараттық технологияның осы ғылымдағы базалық қамтылуына, студенттердің білім алу кезеңі мен күнделікті және болашақта қажет пәндердің бірі.
Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал - компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу - бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.
Информатика пәнін жоғарғы оқу орындарында жүргізуде ең негізгі объектісі болып ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар табылады. Теориялық бөлімде ақпараттық технологияның мазмұнын ашу жағдайы қаралады, ақпараттық процесс, ақпараттық модель, басқарудың ақпараттық негіздері ұғымдарына тапсырмалар орындау жағдайлары қарастырылады. Ал тәжірибелік бөлімде, студенттердің ақпараттық технологиялық білімін басқа да пәндерде қолдану тиімділігі көрсетіледі.
Информатика пәніннің негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.
Информатика пәнін жүргізуді ұйымдастыру барысында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған дұрыс, бір жағынан бекітілген заңға сәйкес компьютермен жұмыс жүргізілсе, ал екінші жағынан ең жоғарғы педагогикалық нәтижеге ие болу. Информатиканы оқыту барысында білімгерлерді ұжымдық, фронтальды, топтық, қос және жеке түрлерге бөліп алуға болады. Оқу барысында оқытылған материалдың меңгерілгендігі жөнінде кірістік, ағымдық, өзін-өзі тексеру және нәтижелік бақылаулардан байқауға да болады.
Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуы өте қарқынмен жылдам жүріп келеді, себебі интернет технология адамның күнделікті өмірінде үлкен орын алып келеді. Осы себепті интернет арқылы ізденіс электронды портфолио түсінігіне көп көңіл бөледі. Электронды портфолио жөнінде көптеген түрлі анықтамаларды сайттардан алуға да болады. Осы сайттардың барлығын жинақтай келе төмендегідей тұжырым жасаймыз.
Портфолио дегеніміз - оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.

Портфолионың мақсаты:
- білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсету.

Портфолионың түрлері:
1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном...)
2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)
3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)
4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)
5. Қызметтік портфолио
6. Студент және оқушы портфолиосы
7. Электрондық портфолио
Электронды портфолио дегеніміз - оқытушының немесе студенттің өзінің орындап жатқан жұмыстары жөнінде барлық мәліметтің магниттік дискіде файл түрінде берілуі.
Электронды портфолионың құрылымына:
- студенттің портфолионы жинақтауда өзінің заңдылықтарына сәйкестігі;
- портфолионың түсінігі мен оның пайдалану ауқымы қарастырылады;
- студенттердің ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеру жөніндегі дайындығының деңгейі қаралады;
- электронды портфолионың эволюциялық даму идеясының қолданылуы;
Электронды порфолионы жинақтауда қажетті құжаттар:
Құжаттар портфолиосы - жеке білімдік деңгейдің сертификатталған портфелі. Осы компонентке тиісті талап - құжаттың сенімділігі. Сертификаттар, мақтау қағаздары, дипломдар ережеге сай толтырылады, яғни жауапты адамның қолы және мекеменің мөрі жинақталады. Осы құжаттардың барлығын компьютерде теріліп, белгілі бір файлға жинақталып жазылады.
Жұмыстар портфолиосы - студенттің шығармашылық, ізденістік, жобалық
жұмыстарының жинақталуы, сонымен қатар білім алу мен шығармашылық кезеңдеріндегі бағыттары, ғылыми конференциялар мен конкурстардағы, жеке курстардан білім алғандығы жөніндегі мәліметтер қамтылады. Электронды портфолионың бұл түрі қағаздық портфолионың түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қағаз жүзіндегі кез-келген құжатты жеңіл түрде электронды түрге ауыстыруға болады.
Егер портфолио жұмыстары мәтіннен тұратын болса, оны сканерлеу арқылы компьютерге енгізу оңай жүргізіледі. Егер жұмыста кескіндер мен суреттер болса сканерлеуге болады, немесе сандық камераға түсіріп алуға да болады.
Университеттің басқа да құжаттары (қолеңбек жұмыстары, жобалар, шығармашылық жұмыстар) өзіне тиісті көрсеткіштерімен жазылады. Оларды электронды түрге аудару өте оңай.
Шығармашылық жұмыстың көрсеткішінің электронды құжатын интернет сайтына енгізу жеңіл жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстардың оқылуы, бағалануы, теңестірілуі оңай болуы үшін көрсеткіштің біркескінді құрылымы көрсетілуі тиіс. Бұл талап ақпараттық жүйені құру технологиясының негізі болып табылады.
Пікірлер портфолиосы - студенттің жеткен жетістіктері, оқудағы және оқудан тыс кезеңдердегі жеткен жетістіктері, резюме, сонымен қатар студентке оқытушының, ата-анасының және жұмыс берушінің пікірлері жинақталады.
Құжаттарды аудару техникасын қарастыра келе, пікірлер портфолиосының құрылымында ешқандай өзгешелікті кездестірмейміз. Тек қандай пікірлерге қол қойылуы тиіс немесе қол қойылмауы тиіс жағдайы қарастырылады. Егер портфолиода арнайы құжат қолы болса, онда осы құжаттың сенімділігі жоғарыда қарастырылған портфолио құжаттарының элементі болып табылады.

Мұғалім портфолиосы
Портфолио-мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсібиқызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Портфолио-мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.
Портфолио-мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Қазіргі кезде ондай инновациялар көптеп кездеседі. Соның бірі - портфолио әдісі. Дегенмен, оқушылардың және мұғалімдердің портфолиосы туралы зерттеулер аз.
Мектеп тәжірибесінде соңғы жылда-ры портфолио сөзін жиі естуге болады. Тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қатысты болып табылатындықтан, портфо-лио оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды дамып келеді. Бірақ барлық ұстаздар портфо-лионың мақсаты мен міндеттері, түрлері, құрылымы, оны қолдану реті туралы мағлұматтардан хабардар емес. Сондықтан да, біз төменде портфолио туралы біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Ал, біз осы мағыналарды сараптай отырып, портфолио ұғымына ортақ бір анықтама беруге тырыстық. Яғни, портфо-лио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құ-жаттармен безендірілген, оның жетістік-терінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфо-лиосы туралы сөз қозғайық.
Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты - әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жету-лері.
Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалім-нің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сон-дықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
Екінші, әдістемелік мағынасы, мұ-ғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола ала-тын кестелер мен диаграммаларды, графи-каларды, сонымен қатар, ғылыми-әдісте-мелік және тәжірибелі-эксперименттік жұ-мыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
Ал, практикалық мағынасы, педагог-тың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтаныш-пен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
Осындай маңызды мағыналары бар портфолионың бірнеше типтері бар. Олар:
1. Құжаттар портфолиосы.
2. Еңбек, жұмыс портфолиосы.
3. Пікірлер портфолиосы.
4. Кешенді портфолио.
Құжаттар портфолиосына педагог-тың кәсіби әрекетінің маманы екенін дәлелдейтін дипломы, біліктілігін арттыру курстарында, семинарларда болғандығын растайтын куәліктері, оқу-тәрбие ісі бойынша қандай да бір жеткен жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары кіреді.
Педагогтың оқу-тәрбие ісіне, иннова-цияны мектепке енгізуге байланысты жаса-ған жобалары, қандай да бір педагогикалық мәселе бойынша өңдеген рефераттары мен зерттеу жұмыстары, видеожазбалары, элек-тронды құжаттары еңбек, жұмыс портфо-лиосын құрайды.
Ал, пікірлер портфолиосына педагог-тың атына бағытталып жазылған ұсыныс хаттар мен мінездемелер жинағы кіреді.
Ең соңғы кешенді портфолио құры-лысы өзінің аты айтып тұрғандай ком-плекстен тұрады. Бірі, үш бөлімді де қамтыған жинақ, яғни, оған еңбек, жұмыс портфолиосы, құжаттар портфолиосы және пікірлер портфолиосы кіреді. Бұл басқала-рымен салыстырғанда бірталай кешенді, көлемді болып келеді. Енді бірі, екі бөлімнен құралған кешенді портфолио, яғни, олар:
- еңбек, жұмыс портфолиосы + құжаттар портфолиосы.
- құжаттар портфолиосы + пікірлер портфолиосы.
- еңбек, жұмыс портфолиосы + пікір-лер портфолиосы.
Осы жіктелуге қарай педагог өзіне ыңғайлысын таңдап алып, портфолио толтырады. Портфолио жүргізудің реттел-ген ережесі бар. Кез-келген мұғалім соны ескеруі керек.
Портфолионы жүргізудегі ережелер:
1. Портфолиоға кіретін материалдар құр біреудің тәжірибесінің көшірмесі бол-май, керісінше сол педагогтың барлық сала бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстарын танытуы керек.
2. Ондағы жұмыс нәтижелері арқылы мұғалімнің құзыреттілігінің деңгейін баға-лау мүмкіндігі болуы қажет.
3. Портфолио арқылы мектеп әкім-шілігі мұғалімнің педагогикалық шебер-лігінің, жетістіктерінің өзгеру динами-касын бағалай алуы керек.
Әрине оқу-тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Портфолио және оны даярлау жолдары
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ
Оқу партфолиосы оқушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа формасы
Мектепке дейінгі бала портфолиосы
Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Ойлау ұғымына түсініктеме
Білім беруді дамытудағы портфолио технологиясы
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Оқытудың белсенді әдістері жайында
Пәндер