Математика күнделікті өмірде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым
МИНИСТРЛІГІ
шымкент қаласы
№78 жалпы білім беретін орта мектеп
ҒЫЛЫМИ ЖОБа
Тақырыбы: Математика күнделікті өмірде

Орындаған :Ермахамбет Нұрбақ
Сыныбы: 2 Ә сыныбы
Жетекшісі: Шыңғысбаева Базаркүл Мұхатжанқызы
Секция: Математика

2020-2021 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Математиканың шығу тарихы
2.2. Математиканың адам өміріндегі рөлі
2.3. Математиканың медицинадағы қажеттілігі
ІІІ.Тәжірибе бөлім
3.1. Математика ас үйде
3.2. Математика тігін саласында
3.3. Математика құрылыс саласында
3.4. Математика дүкенде
3.5. Математика құранда
ІҮ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару қажет және математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланамыз. Шынында да математика өздігінен математикалық құндылықтарды туғызбайды, ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның құнды пікірлері мен әдістерін ұқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді .Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес.

Аннотация
Связь математики с жизнью очевидна. Чтобы тренировать мозг, человеку нужно изучать математику, решать задачи и использовать все законы математики при изучении других наук. Ведь математика сама по себе не порождает математических ценностей, не лечит болезни, не вскрывает богатства недр земли, не водит машины. Но при бережном применении его ценностных суждений и методов удается сохранить материальные ценности, предотвратить болезни, определить величину сокровищ в недрах земли, рассчитать экономическую эффективность его использования. Для общества математика также имеет особую роль, так как без применения математических методов, различных направлений не может быть научного прогресса.

Annotation
The connection of mathematics with life is obvious. To train the brain, a person needs to study mathematics, solve problems and use all the laws of mathematics when studying other sciences. After all, mathematics itself does not generate mathematical values, does not cure diseases, does not reveal the riches of the bowels of the earth, does not drive cars. But with careful application of its value judgments and methods, it is possible to preserve material values, prevent diseases, determine the value of treasures in the bowels of the earth, calculate the economic efficiency of its use .Mathematics also has a special role for society, since there can be no scientific progress without the use of mathematical methods of various directions.

Шымкент қаласы
№78жалпы орта мектебінің
2Ә сынып оқушысы
Ермахамбет Нұрбақтың
Математика күнделікті өмірде тақырыбында
жазылған жұмысына

Пікір

2 Ә-сынып оқушысы Ермахамбет Нұрбақтың ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы Математика күнделікті өмірде .
Зерттеу жұмысы өзінің жас ерекшелігіне сай таңдап алынған.
Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсаты - оқушы жобада өз шамасына қарай математиканың өмірдегі байланысын, үйлесімділігін көрсете біліп, оны дәлелдей алған. Өз мүмкіндігіне қарай зерттеу, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды жұмыстарын жасағаны көрініп тұр. Жобаны жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді, ғылыми деректерді басшылыққа алып, зерттеп жазған.
Алдағы уақытта бұл жұмысының нәтижесін өмірде қолдану, кез - келген адамға, оқушыға және сабақтарда қосымша материал ретінде пайдалануға көптеген көмегі болады.

Жоба жетекшісі : Б.М. Шыңғысбаева

I. Кіріспе

Мен, Ермахамбет Нұрбақ, жасым 7-де, №78 жалпы орта білім беретін мектебінің 2 Ә сыныбында оқимын. Менің ғылыми зерттеу тақырыбым Математика күнделікті өмірде деп аталады.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім, менің мектебімде математика пәніне өте көп көңіл бөлінеді.
Мен мектепте математика сабағын сүйіп оқимын. Ол менің сүйікті пәнім. Бірақ кейбір сыныптастарыма математика пәні ұнамайды. Мүмкін олар математика пәнінің қажет екенін түсінбейтін шығар. Мен сыныптастарыма бұл ғылымды жақсы көріп, пәнге қызығушылығын оятсам деймін.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - математиканың адам өмірінің қай жерінде кездесетінін зерттеу және оның қажеттілігін дәлелдеу.
Міндеттері:
* Өмір мен математиканың байланысын қарастыру;
* Математикасыз өмір сүру мүмкін емес екенін дәлелдеу;
* Мектепте математиканы оқуға байланысты мәселелерді зерттеу.
Зерттеу жұмысының орындалу әдістері: ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, күнделікті өмірде математикалық есептерді шығару жайлы деректерді іздестіру, оқып, жан-жақты танысу, жинақтау, дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының болжамы:
Әр адамға математика ғылымы жайлы білім қажет, өйткені бұл білім болмаған кезде қазіргі өмір сүру мүмкін емес.
Зерттеу жаңалығы: Математиканы оқып - үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез - келген проблеманы шеше білу, басқа салалар бойынша математиканың алар орны ерекше екендігін ұғыну. Математиканың тұрмыста және түрлі салаларда аса қажеттілігін дәлелдеу. Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін Математика өмірде атты ғылыми жобаны бастап отырмыз.
Зерттеу нысаны: математика.

II.Негізгі бөлім
2.1. Математиканың шығу тарихы
Математика сөзі гректің матейн сөзінен шыққан, ол -- үйрену, білу деген мағынаны білдіреді.[6]
Математика сөзінің пайда болуының тағы бір түсіндірмесі грекше матема (mathema) сөзімен байланысты, бұл егін дегенді білдіреді. Ежелгі гректерге математика жер учаскелерін белгілеу, дала жұмыстарының мерзімдерін анықтау, астрономиялық бақылаулар мен есептеулер негізінде, егістік материалдардың қажетті мөлшерін дайындау және жиналған дақылдарды есептеу үшін математематиканы айтарлықтай қажет етті. Математиканы тәуелсіз ғылым ретінде түсіну Ежелгі Грецияда алғаш рет пайда болды. Мысырлықтар математиканы денелердің салмағын, егістік алқаптарын және астық қоймаларының көлемін, салық мөлшерін және белгілі бір құрылыстарды салу үшін қажет тастар санын есептеу үшін қолданды. [5]
Математиканың бастапқы мағлұматтары барлық халықтарда болған. Ол күнтізбе жасау, құрылыс, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу математикалық білім-дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері қалыптаса бастады.
Математика біздің дәуірімізге дейін қолданылған. Ежелгі Вавилонда математикалық есептеулердің көмегімен су құбырлары салынып, үйлерге су берілді. Ежелгі Египетте математикалық есептеулер бойынша пирамидалар салынды.
Көне Мысыр математикасы
Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия - грекше сөз, гео -- жер, метро -- өлшеу деген мағына береді).
Араб математикасы
Орта ғасырдағы Орта Шығыс, Солтүстік Африка және Испания сынды мұсылман мемлекеттеріндегі араб жазуы арқылы жазылған математикалық шығармаларды айтады. Араб математикасының дамуына арабтар ғана емес, парсылар, т.б. үлес қосты. Бұл шығармалар қолжазба түрінде осы күнге жеткен, олар әлемнің әр түкпіріндегі кітапханаларда сақтаулы тұр.
Орта ғасырлар математикасы
Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс (Қытай, Үнді). Онан кейін, ол Вавилон мен Египет, Грекияға ауысады. Грекия математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады.
Математика ғылымдарының пайда болуы сөзсіз экономиканың қажеттіліктерімен байланысты болды. Мысалы, отбасын асырау үшін қанша жер дәнін себу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында экономикалық білім беру
Мектеп математика курсында практикалық мазмұнды есептерді шығару жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Сандардың пайыздық қатынасын табу
Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Математиканың ерекшелігі - оның қолданылымының әмбебаптығы
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету
Эйлерлік графтың кейбір есептерінің теориясы
Пәндер