Талап етілетін қарыз алулар
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Экономика және аудит жоғары мектебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:ҚР ішкі және сыртқы мемлекеттік борышы
Орындаған:Аманжол.К
БФЭ-11 тобының студенті
Тексерген: Кенжин Ж.Б.
PhD докторы, доцент м.а.
Орал 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Мемлекеттік қарыз негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Мемлекеттік қарыз түсінігі, түрлері және пайда болу себептері ... ... ... ... ... ...5
1.2.Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3.Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары ... ... ... ... ... ... .. ...15
2.Қазақстан Респуликасының мемлекеттік қарыздарын азайтудың жолдары ... ..16
2.1.Мемлекеттік қарыздарды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...20
2.3.Мемлекеттік қарызды реттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Кіріспе
Қазіргі заманда бюджеттік дефицит мәселесі мен мемлекеттік қарыздардың өсе беруіне тап болмайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Бүкіл әлем қарызға өмір сүреді. Келешек ұрпақтар өмірге келмей жатып-ақ, әлеуетті қарызгер болады. Ішкі инвестицияларды көбейту, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайту, әлеуметтік-экономикалық өзгертулер енгізу және сыртқы борыштар бойынша қарыздық міндеттемелерді орындау үшін елдердің көбіне жеке ресурстары жеткіліксіз болып отыр. Біреуі көбіне кредитор болса, екіншісі қарызгер. Бірақ бұл елдердің барлығында дерлік қарыздық экономикалық жүйе қалыптасқан. Сондай -ақ мемлекеттік шаруашылықтардың сырттан қолдау көрсетуге деген сұранысы ақша нарықтарын ырықтандыру және жаһандану өлшемдерінде одан әрі күшейе беретін болады. Ірі мемлекеттік қарыздарды тек жағдайы төмен, дамушы елдер ғана емес, сонымен қатар, АҚШ, Жапония, Канада сияқты дамыған елдер де иемденеді. Мемлекеттік қарыздардың көбеюі бір жағдайларда экономиканың мемлекеттік реттеуін жүргізумен байланысты болса, кей кезде ел экономикасын реттейтін шараларды жүргізудің керектігін білдіреді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты-мемлекеттік қарыз мәселесін жалпы түсінігін анықтау, оны басқару және Қазақстанның қарыздық жағдайын талдау.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін осы міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекеттік қарыз алу құбылысының түсінігін аңықтау.
нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін, олардың экономикалық дамуға ықпалын бағалаудың көпшілік мақұлдаған тәсілдемелерін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу.
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау, түйіткіл мәселелерді аңықтап, елдің дамуына қауіп қатер төндіретін жағдайларды қарастыру.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қарызды басқару- еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығының маңызды факторы. Бұл қарыздық мәселені шешуден Қазақстанның бюджетінің қызмет көрсетуі, оның валюталық резервтерінің жағдайы, яғни ұлттық валютаның тұрақтылығы, пайыздық қойылымының деңгейі, инвестициялық климат, отандық қаржы нарығының барлық сегменттерінің жұмысы аңықталады. Осы көрсетілген себептер бұл мәселенің өзектілігін аңықтайды. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландандыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен(жетіспеуімен) сипатталады. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызады. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.
Халықаралық тәжербие көрсеткендей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрдеқолдану және мемлекеттік сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы ұйымдарымен, шетелдерден несие алудың нәтижесінде орын алуда. Мемлекеттік қарыздың өзі екіге бөлінеді: Ішкі және сыртқы. Ішкі дегеніміз- мемлекеттік құнды қағаздар иегерлеріне, ал сыртқы- өзге мемлекеттердегі халықаралық қаржы ұйымдарына қарыз болуы. Тағы айта кететін болсақ, қарызсыз ел болмайды. Жоғары деңгейде дамыған елдердің өздеріде қарыздан көз ашпайды. Ең бастысы, сол алған қарызды тиімді пайдалана білу керек және ел эконоикасын дамытуға пайдалану керек. Ал, Мемлекеттік қарыз дегеніміз- шығарылып өтелмеген мемлекеттік заемдар сомасы мен есептелген пайыз қойылымы. Өтелмеген мемлекеттік заемдар белгілі бір мерзімге дейін пайызбен қоса қайтарылуы тиіс.
Курстық жұмыстың жалпы обьектісі - Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік қарызы.
Курстық жұмыс кіріспе, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс 4-сурет, 4-кестеден тұрады .
1.Мемлекеттік қарыздың негіздері
1.1Мемлекеттік қарыз түсінігі, түрлері және пайда болу себептері
Мемлекеттік қарыз - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздар бойынша берешегінің жалпы сомасы. Бұл- басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру- экономиканы реттеудің тиімді жолы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де , оны тежеуі де мүнкін.
Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып екіге бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі борыш борыштық құрал түрі бойынша (мемлекеттік бағалы қағаздардың және басқа міндеттемелердің) сыныпталады.
Мемлекеттік сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы борыш кредиторлар бойынша сыныпталады.
Мемлекеттік қарыз мерзіміне қарай 3 бөлінеді.
Қысқа мерзімді
1 жылға дейін
орта мерзімді
1 жылдан 10 жылға дейін
ұзақ мерзімді
10 жылдан аса мерзімге.
1-кесте. Мемлекеттік қарыз мерзіміне қарай бөлінуі.
Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік қарыздар ажыратылады. Күрделі мемлекеттік қарыз- мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады.
Ағымдағы қарыз- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төйле және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
-Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді(бір жылға дейін),ортамерзімді(1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)тболып ажыратылады.
-Орналаластыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады.
-Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады,бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады. Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады.
Мемлекеттік және мемлекет кепіл болатын қарздар туралы Заңға сәйкес мемлекеттік қарыз-бұл Үкімет қарыздар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қарыздарының және жергілікті атқарушы органдардын белгілі бір датаға сәйкес қарыздарының сомасы. Яғни Қазақстанның мемлекеттік қарыздарына мыналар жатады:
Қазақстанның мемлекеттік қарыздары
Белгілі бір датаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қарызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қарыздары
Үкімет қарыздары
1-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары 3ке бөлінеді.
Үкімет қарызы. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Заңына сәйкес, үкімет қарызы- үкімет алған және өтемеген зайымдардың, сонымен қатар заңнамалық актілерімен жатқызылған белгілі бір датаға сәйкес келетін қарыздық міндеттемелер сомасы. Сондай-ақ, Мемлекеттік борыштар мен қарыздар туралы Қазақстан Республикасының Заңында Үкімет қарыздарының лимиті аңықтамасы көрсетілген. Бұл Қазақстан Респудликасының Үкіметінің көрсетілген уақытқа республикалық бюджетте жоспарланған алынатын және өтелмейтін тіркелген үкіметтік зайымдардың сомасынан аспайтын нақты қарызының сомасы. Яғни әр жылға бұл лимит республикалық бюджет Заңмен бекітіледі және мұнда сондай-ақ үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге кететін қаражат мөлшері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қарызы. Мемлекеттік борыштар мен қарыздар туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Заңындағы анықтама ҰБ қарызы- ҚР ҰБ алған және өтемеген мемлекеттік займдар сомасы, сондай-ақ заңнамалық актілермен ҚР ҰБ-ке жатқызылған белгілі бір датаға қарыздық міндеттемелер . Осы Заңда 1992 жылғы ҚР ҰБ сыртқы қарызының лимиті де көрсетілген, бұл - ҚР ҰБ көрсетілген уақытқа жоспарланған, тіркелген алынатын және өтелмейтін сыртқы займдар сомасынан аспайтын нақты сыртқы қарыздар сомасы. ҚР ҰБ сыртқы қарызының лимиті банктің таза алтын валюталық активтерінің 50% деңгейінде бекітіледі, бірақ оған халықаралық қаржылық ұйымдардан алынатын бағдарламалық займдар жатпайды. ҚР ҰБ алтын валюталық активтері қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады және олар төмендегілерден тұрады:
Аффинирленген алтын
ҚР ҰБ-де сақталатын валюталық бағалықтар
Шетел валютасындағы жай және аудармалы вексельдер
Шетелдік өкіметтер мен халықаралық қаржылық ұйымдармен кепілденетін бағалы қағаздар
Икемділігі және сақталымдығы қамтамасыз етілетін басқа да шетелдік валютада деноминирленетін сыртқы активтер.
Жеке айта кететін жайт, ҚР қазіргі таңда келесі халықаралық қаржылық ұйымдардың мүшесі болып табылады:
Халықаралық валюталық қор.
Халықаралық қайта құру және даму банкі.
Халықаралық қаржылық корпорация.
::Халықаралық даму ассоциациясы .
::Көпжақты инвестицияларды кепілдендіретін агентство.
::Халықаралық инвесициялық қарама- қайшылықтарды реттейтін орталық.
::Еуропалық қайта құру және даму банкі .
::Азиялық даму банкі.
::Ислам даму банкі.
ҚР жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттің қарызы. Бюджеттік жүйе туралы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган қарызы- бұл жергілікті атқарушы орган алған және өтемеген , сондай-ақ берілген уақытқа жергілікті көрсетуші орган шешімімен қосылған жергілікті атқарушы органның қарыздық міндеттемелер сомасы. Үкіметтік және ҰБ жағдайы сияқты, мемлекеттік боыш және қарыз туралы Заңда жергілікті атқарушы орган қарызының лимиті аңықталған, бұл - жергілікті бюджетте жоспарланған көрсетілен жылдағы алынатын және өтелмейтін зайымдардан аспайтын жергілікті атқарушы органның нақты қарызы.
1.2. Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары
Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы даму сатысының әртүрлілігі және халықаралық интеграция нәтижесінде мемлекеттің ішкі ресурстары экономикалық өсуге қол жеткізу үшін жеткіліксіз болып отыр. Қазақстан Ресрубликасы секілді дамушы елдерге экономикалық өсімді жеделдету үшін инвестициялар қажет, бірақ оған елдегі ресурстар жеткіліксіз , сол себепті сырттан қарыз алуға мәжбүр. Сыртқы ресурстар жаңа тәуелсіз ел атанған Қазақстан үшін де керек еді . 1992 жылдан бастап еліміз шет елдік инвестиция мен сырттан жәрдем түрінде де қарыз ала бастады. Сыртқы қарыз арқылы елде үлкен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүнкіндігі туды. Модерн мемлекет түсінігінде мемлекет шығындарының ұдайы арта түсетіндігі үйлесімді. Осыған байланысты артқан шығындарды қалай және қандай қаржы көздері арқылы қамтамасыз етеміз деген сұрақтар туындауда . Қаржы теориясы бойынша бұл шығындарды салық және сол тәріздес қаржы көздерінен алу көзделеді . Бірақ та бұл қаржы көздері жеткіліксіз болғанда сырттан ресурстар тартуға яғни қарыздануға мәжбүрлік туындайды. Дамушы елдерде құрылымдық мәселелерге байланысты ішкі қарыз көздері жоқтың қасы.
Көрсеткіштер
2018-жыл
2019-жыл
2020-жыл
Тапшылық (пайыздық төлемдері шегеріп
тастаған)
50
50
50
Жыл басындағы жай-күйі бойынша
шоғырланымдық борыш
174
250
337
Жыл басындағы
шоғырланымдық борыш бойынша пайыздар
26
37
51
Талап етілетін қарыз алулар
76
87
101
2-кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік берешек параметірлерінің шоғырланымы.
2018-2019-2020 жылдар арасында Қазақстанда тапшылық 50%-дан асқан жоқ.
Жыл басындағы жай-күйі бойынша шоғырланымдық борыш 2018 жылдан 2019 жыл арасыда 69% өсті . 2019- 2020 жылдар арасында 74%-ға өсті.
Жыл басындағы шоғырланымдық борыш бойынша пайыздар 2018 -2019 жылдар арасында 70%-ға өскен. 2019-2020 жылдар арасында 72%-ға өсті.
Талап етілетін қарыз алулар 2018-2019 жылдар арасында 87%-ға өсті. 2019-2020 жылдар арасында 86%-ға өсті.
Қарыз алудың шамадан тыс көлемдері кезінде мемлекет борышқорлық торға түсіп қалу қауіпінде, яғни ол тек бұрынғылар бойынша пайыздарды төлеу үшін жаңа қарыз алулардың көлемін өне бойы көбейтіп отыру жағдатына мәжбүр болады. Борыштың өзгерту динамикасы пайызды төлеуге дейін ІЖӨ-нің 5 %-ын құраған бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қажет қарыз алулардың өсуі мысалдарда көрсетілуі мүнкін(2-кесте)
1000 ақшалай өлшемге тең ІЖӨ-ні және жылдықтың 15%-дық мөлдернемесін қабылдай отырып, мынандай нәтижиелер аламыз. Сандар көрсетіп тұрғандай, тіпті егер 6-жыл тапшылық өзі жойылатын болса да, мемлекет- қарыз алушыға бәрібір әншейін алдыңғы 5 жылда қордаланған борыш бойынша пайыздарды төлеу үшін 5%-дан сәл төмен мөлшерде қарыз алуға тура келеді.
Ел мынадай себептерге байланысты қарыз алады: бюджет жетіспеушілігін жабу үшін, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін, импорт тауарлар алуға, реформа жүргізуге немесе үлкен жобаларды жүзеге асыруға. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік қаржы алудың үшінші көзі болып табылады. Сыртқы қарыздың пайызы инвестициядан төмен болған жағдайда ғана пайдалы. Бұлай болмаған жағдайда ішкі ресурстар тек қана шет мемлекеттердің яғни қарыз берушілердің байлығын арттырады. Мемлекеттік қарыз механизімі елдегі ақша массасын және экономикалық белменділікті реттейтін механизм және еліміздің макроэкономикалық саясаты болып табылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаттары республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландандыру және төлем балансын қолдау болып табылады. Классикалық саяси экономика мектебінің сыртқы қарыз туралы көзқарасына тоқталсақ. Адам Смиттің пікірінше, сыртқы қарыздың көбеюі нәтижесінде салық артады, бұл өз кезегінде жинақты азайтады, салық көбеюі капиталдың қашуына себеп болады, ал бұл өз кезегінде өндіріс факторлары арасындағы тепе-теңдікті бұзады және мемлекеттің банкрот болуына әкеліп соғуы мүнкін. Және осы мектептің жарқын өкілі Рикардоның пікірінше, сыртқы қарыздар капиталдың азаюына , ал ол келешек ұрпақтың аз капиталға мұра болуына әкеліп соғады. Сырттан алған қарыз салық өсуін келешек ұрпаққа қалдыру деп есептейді.
2-сурет. Қазақстан Республикасының 2018-2021 жылдар арасындағы сыртқы қарыздар көлемі. (млрд АҚШ доллары)
2-суретте Қазақстан Республикасының 2018-2021 жылдар арасындағы мемлекеттік сыртқы қарзыдары көрсетілген.
2018 жылғы сыртқы қарыз 164,4 млрд АҚШ долларын құрады.
2019 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 158,3 млрд долларды құрап, бір жыл ішінде 6 млрд долларға азайған (өткен жылы 164,5 млрд доллар болған).
Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд долларды құрады.
жылы Қазақстан сыртқы қарызы 164,4 млрд АҚШ долларын құрады.
1.3. Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары ҚР-ның Конституциясында негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалдарыннан, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Мемлекеттік емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мемлекеттік қарыз алу және борыш сұрақтарының нормалдарын қамтитын нормативтік құқықтық актілер :
-Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджеттік кодексі.
-Қазақстан Республикасының Үкіметінің 26.02.2009 жылғы №220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі.
Мемлекеттік органдардың қарыз алуы мен борышты басқару саласындағы өкілеттігі Қазақстан Республикасының Парламенті өзіне Қазақстан Респбликасының Концтитуциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері жүктелген республикалық бюджетті бекіту жөніндегі өкілеттікті жүзеге асырады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілдігі туралы жалпы ережелер бойынша:
199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Респуюикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңнына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерді кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салады.
202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушыоргандардың мемлекеттік орышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері.
Қазақстан Ресубликасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған ұызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қвзмет көрсету жөнінд міндеттемелер атқарады.
Қазақстан Республикасның Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының моноторингін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз брушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздарын азайтудың жолдары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздарын басқару.
Мемлекеттік борышты басқару - мелекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі, мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алудықамтамасызету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік борышты басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылқтардан және төлем балансының проблемаларынан аман алу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі реттіндегі мемлекеттік борыш моноторингі жүргізіледі.
Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы үдерісі:
Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепідендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепәлгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда оған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұстанудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді аңықтай отырып жыл сайынғы бағалауды кіріктіреді. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл саыйнғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлауды жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірілген борыштың , мемлекет кепілгерлігі бойынша барыштың көлемдері мен құрылымдары бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимиттін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдендірген және мемлкет кепіргерлігін беру лимиттерін айқындауын.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылна арналған республикалық бюджетте бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын.
Борыш кұрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, сонын ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борышты, мемлкеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлкет кепілдендірген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар дайындап, іске асыруын.
Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен рыноктарды әртараптандыру, әр түрлі туынды қаржылық құралдарды қолдану әдістерін пайдаланып, оларды аңықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктер иен кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңи тұлғалардың борышын басқаруда уақытылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды кіріктіреді.
Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Үкімет айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың шектелімдері берілген. Бұл шектелімдер тиісінші республикалық бюджетте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады,бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік қаражаттар көлемәмен шектеледі.
Обылыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттының көлемімен шектеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді , ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар есібінен Ұлттық Банк арқылы Үкімет белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышынын лимиттін Үкімет белгілейді. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөшерден аспауға тиіс.
Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті-тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі-үкіметтің кредитор алдыңда Қазақстан Республикасының қарыз алушы-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.
Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаражаттар есебінен Үкімет анықтаған тәртіппен жүзеге асырады.
Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынандай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кеммімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.
Қайта қаржыландырумемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарыноларды ұзарту немесе қысқарту мен байланысты өзгерту болып табылады.
Облигацияларды кеміміелі арасалмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тым тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржылық қиыншылықтар кезінде қолданылыды.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы мідеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады.
Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларынсалмайынша, экспорт пен импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюталық ресурстарды тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыздық қаражаттардың қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді; негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының , экспорт пен импорттың арасалмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыру мүнкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz