Дарынды балалар мақаласы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК

Баяндама

Тақырыбы: Дарынды балалар және қабілеттілік олардың диагностикасы

Орындаған: Айтжан Ә. А

Топ: Ак-31

Тексерген: Ергазина Б. Қ.

2021 жыл, Қостанай қ.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды

Кіріспе

Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема

болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен

әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар. Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де

проблема бар. Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды.

Негізгі бөлім

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ - бұл ізденіс, үміт кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыт сайын, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады. Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау. Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден -әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады. Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді. Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші - тарихқа және біреулер - қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны Нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т. б. ) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген) . Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Тарих ғылымының принциптері
Шығармашылық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың құзіреттілік дағдыларын дамытудың маңызы
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Қазақстан – Менің Отаным
Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары
Қазіргі әдеби басылымдардың ерекшелік сипаты
Астана -- Қазақстан Республикасының елордасы туралы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz